- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
Мәнерлеп оқудың негізгі мазмұны, ерекшелігі мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.Соның ішінде ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы – ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.
Әңгімелесушілердің назарын өздеріне аударудағы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың талпынысы өзінің тілін мәнерлі, бейнелі етудегі әрекеттерінен байқалады. Бұл жаста балалар тілдің дауыс ырғағының құралдарымен қолданумен ғана емес, сонымен қатар, тілге тән эпитет, теңеу, метафора секілді мәнерлілік құралдарын меңгеруге қабілетті болады. Балалардың тілінде елеулі дербес ерекшеліктер білінеді.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілін дамытудағы басты бағыттар:
- байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығы (диалог және монолог);
- тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін дамыту;
- сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.
6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
Мәнерлеп сөйлеудің келесі тәсілдерінің бірі-кідіріс (пауза). Сөйлеген сөз немесе оқылатын мәтіндегі сөйлемдер толассыз, шұбатылып айтыла бермейді. Олардың арасында белгілі бір үзіліс болады. Сонда сөйлемдегі сөз тіркестері немесе сөз түйдектері немесе сөйлемдер арасындағы толасты кідіріс деп атайды.
Кідіріс 3 түрге бөлінеді:
1. Бір сөйлем ішіндегі сөз тіркестерін бөліп тұратын кідірісті қысқа кідіріс деп атайды.
2. Белгілі бір ойдың аяқталғанын білдіретін кідіріс орташа кідіріс немесе логикалық кідіріс деп аталады.
3. Тыңдаушының назарын аудару үшін жасалатын кідіріс ұзақ кідіріс немесе психологиялық кідіріс деп аталады.
Мәнерлеп сөйлеуде жиі қолданылатын тәсілдердің бірі-сөйлеу қарқыны (темп). Сөйлеу қарқыны дегеніміз- шығарма мазмұнына байланысты шығарманың айтайын деген ойын тыңдаушыға жеткізу үшін және әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін байқату үшін дауысты түрліше құбылта білу. Көбінесе балабақшада оқылатын шығармалар орташа қарқынмен оқылады. Мәнерлеп сөйлеуде дауыс күші де басты роль атқарады.
Дауыс күші дегеніміз - дауыстың ашықтығы, айқындығы және дауысты игере білу яғни ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге, қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге немесе орташа қарқынмен сөйлей білуге ауыса білу. Дауыс күші көркем сөз оқушыға кейіпкердің іс-әректін, мінез-құлқын толық сипаттап беруге көмектеседі. Көркем шығарманы мәнеріне келтіріп оқып беруде немесе баяндауда қолданылатын тәсілдерінің бірі - сөйлеу әуені немесе мелодикасы. Дауыс ырғағының не көтеріліп бәсеңдеуін, не бәсеңдеп барып көтерілуін сөйлеу әуені дейді. Сөйлеу әуенін дұрыс сақтау үшін сөйлемдегі тыныс белгілерге ерекше көңіл бөлу керек.
Мәнерлеп сөйлеуде ерекше көңіл бөлінетін тәсілдердің бірі – сөйлеу нақышы (тембр). Дауыстың эмоциялық бояуын сөйлеу нақышы дейді. Сөйлеу нақышы айтылу мақсатына қарай қапалы, үрейлі, қуанышты, көңілді, өкінішті, таңдану, жайдары т.б. тұрғыда болуы мүмкін. Оқылатын көркем шығарманың мазмұнына қарай тәрбиеші дауыс нақышын айқындап балаларға жеткізе білу қажет. Кейде оқылатын немесе баяндалатын шығармадағы кейіпкерлердің ерекшелігі тәрбиешінің бет-әлпетінің құбылысына байланысты да түсіндіріледі. Осындай бет-әлпеттің құбылысы мимика деп аталады.
