Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

36 Әдеби сөйлеудің ережелері.

Әдеби сөйлеудіңдің мәнін айқындап, өзіндік белгілерін саралап, ғылыми тұжырым жасау үшін әдеби сөйлеудің өзін, оның өзіндік ерекшеліктері қандай екенін дұрыс анықтап алу қажет. Яғни әдеби сөйлеу деп нені түсінеміз?

Әдеби сөйлеу деп – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидаларын айтады; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әдеби сөйлеумен қатар,сөйлеу әдебіде бар. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.

Әдеби сөйлеу деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, сол шеңберде ғана қарап, әдеби тілді жазба тілмен тану, екінші жағынан, әдеби тіл тарихын халықтың қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени тарихынан бөліп алып қарау.

Тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті балаларға үлгі, өйткені балалар тәрбиешімен тікелей араласу кезінде сөздің дыбыстық мәдениетін, байланысты сөйлеуді тәрбиешіге еліктеу арқылы үйренеді. Сондықтан тәрбиешінің әдеби сөйлеу мәдениеті жоғары, балалар дұрыс үлгі алатындай дәрежеде болуы керек. Ол талап тәрбиешіге  көркем әдебиетті балаларға мәнерлеп оқу және оны әңгімелеп беруде де сақталады. Тәрбиеші көркем шығарманы оқығанда, әңгімелегенде әдеби тілдің нормасына сай мәнерлеп оқыса, жақсы интонациямен дұрыс айтса, балалар оған қызығады, оны ұзақ есте сақтайды, керісінше, тәрбиеші көркем шығарманы көңілсіз, не өте тез, не өте баяу, ешбір сезімсіз оқыса, оған балалар қызықпайды, жалығады да тыңдамайды, есінде де сақтамайды. Тәрбиеші сөзіне, сөйлеу мәнеріне сын көзімен қарауға тиіс, сөзінде кемшілік байқаса, оны түзетуге бар күшін салуы керек.

Тілдің әдеби болуы үшін төмендегідей талаптары мен ережелері бар:

1)  Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;

2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;

3)  Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек."Тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі";

4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі.

Әдеби тілдің жүйелілік, нормалық, сымбаттылық қасиеттері, өмір сүру формалары мен стильдік сипаты, қоғамдық қызметі оның мәнінен, басты қасиетінен туындап, нақтылы қалыптасу жолы мен кезеңдері арқылы әдеби тілдің даму процесі айқындалады.

37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы

Мәнерлеп оқу дегенімізқарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.Яғни,бала санасына көркем әсер қалдыру үшін,осы пәннің маңыздылығы зор. Бұл пәннің маңыздылығы -болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып,мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төсілдіру,үйрету,жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын – дұрыс дем алу , дикция(үн сазы) т.б. дауыс сапасын дамыту жолын көрсету. Мәнерлеп оқу пәнінде студенттерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі, және бөбектерге арналған кітаптарды ,әдеби шығармаларды таңдау , сұрыптау , пайдалану баса айтылады .

Балаларға шығарма оқу бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі , оның ерекшелігі , әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық әңгіме құруы , оның методикасы, әңгімені нақышына келтіріп орындау, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға,суретке қарап әңгіме құрау,көркем шығарманы әңгімелеу, кейіпкерлерді сипаттау, олардың үнін дауыспен келтіру деген сияқты көптеген әдіс – тәсілдерді үйретеді.

Мәнерлеп оқу пәні арқылы балалардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, балалардың өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетеді.