Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.

       Мәнерлеп оқу дегеніміз – көркемсөз өнерінің бір тармағы. Көркем сөз оқу өнері мен  мәнерлеп оқудың ұқсастығы екеуінің де шығарманың тақырыбына, айтайын деген ойына көңіл бөліп, автордың көзқарасын тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе білу. Яғни  шығарманың толық мазмұнын ұғындыру.    Бұлардың айырмашылығы:  көркем  сөз  оқу  өнерінің мақсаты - сахнада көркем сөз оқитын артист даярлау болса, мәнерлеп оқудың  мақсаты-жас бїлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру құралы болып қызмет атқару.

       Жалпы көркем сөз оқу 3  бағытта  дамып  келеді:

1.  Халық  ауыз  әдебиеті   арқылы;

2.  Жазушылардың,  ақындардың  өз  шығармаларын  көпшілікке

оқып  беру  арқылы; 

3.  Көркем шығарманы өнер адамдарының орындауы арқылы.

Мәнерлеп оқу - әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі.

Мақсаты: оқушылардың көркем шығарманы эмоциялық- эстетикалық жағынан әсерін сезіндіру, жан беру,сөз бояуларын нақышына келтіріп, сезе білу.Бұл өлеңде де ,әр сөзіне мән беру,ұға оқу, ақын сезімін түсіну, сөздерді дұрыс қолдана білу, оның қуатын, сұлулығын сезіне білуге жетелейді. Мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың тіл ұстарту қабілетін арттырып, әдеби тілде дұрыс сөйлеуге машықтандыру, шешендік өнерге баулу. Сөз сөйлеу құдіретіне ие болу-адамның жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрінен де жоғары екендігін танытатын қабілеттерінің бірі. Сөз адамдар арасындағы қатынас құралы. Осы орайда мәнерлеп оқу пәнінің балаларға тигізер пайдасы өте зор. Өз ойын жүйелі, анық, нақты жеткізе білуге үйретеді.

Міндеттері. Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар ментеорияларды талдай білуге дағдыландыру.

4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.

Қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан тұрады:

1.Сауат ашу және тіл дамыту:

2. Оқу және тіл дамыту:

3. Фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.

Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады.Яғни мәнерлеп оқу тіл дамытусыз жүрмейді.Ал «тіл» немесе «тіл дамыту» — ол лигвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.

Мектепке дейінгі балалардың мәнерлеп оқуын дамыту мәселесі жаңа бағдарлама бойынша белгіленген. Алайда әлі оқи,жаза білмейтін балалрға жалпы тілге қойылатын талаптарды меңгерту, жаңа сөз үйрету, сөйлеу тәсілдеріне жаттықтыру, қоғам өмірінен, табиғат тіршілігінен тыс емес, осылармен тығыз бірлікте, сабақтаса жүргізіледі. Олай болса,тәрбишілер тіл дамыту сабағын жоспарлағанда баланың өмірден алған әсерін, естіп, білгенін ұдайы ескеруге тиісті.Сабақтар экскурсия, бақылау жұмыстарымен үйлестіріледі.

Болашақ тәрбиеші мұғалімдерге мәнерлеп оқу мен тіл дамыту пәнің байланыстыра отыра оқытып,қалай жақсы нәтижеге жетуге болады?

1.Балаларды(дыбысты) фонематикалық естуі мен қабылдауын қалыптастыру;

2.балалардың ой-өрісін кеңейту үшін сөздердің мағыналарын салыстыру ;

3.бір сөздің әр түрлі мағынада айтылуын түсіндіру;

4.балалар тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу;

5.сөздің грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;

6.балалардың сөздік қорын арнайы сөздіктер арқылы молайту жолдарын меңгерту және арнайы жаттығулар барысында істелетін жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруға үйрету. 7.Жаңа сөз үйрету, сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесінде грамматикалық қателіктерді түзеп, грамматикалық мағыналарын түсіндіру.

8.Мектепке дейінгі балаларды таза, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздегі дыбыстарды толық, анық айту, сөз интонацияның жекеленген элементтерін (дауыстың күштілігі, тоны жоғарылығы, қарқыны, ырғағы, тембрін) қалыптастыру.

Сондықтан мәнерлеп оқу мен тіл дамыту пәнін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығынада байланыстыра отырып оқытудың маңызы зор.