Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады. Адам дауыс күшін өз еркінше өзғерте алады. Музыкада - дауыс төмен (жуан), жоғары (жіңішке) және "қойылған", "қалыпқа түскен" (арнайы маманданған кәсіпқой әншінің дауысы, сахна сөзі), сондай-ақ "қалыпқа түспеген" (арнаулы білім алмаған әуесқой әншінің дауысы, тұрмыстағы әдеткі сөйлеу, тілдесу) болып бөлінеді. 

«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеліс қозғалысының қарқындылық кеңдігі.

Сөйлеу аппараты.

Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері; өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, (кішкене тіл) тіс, ерін, иек т.б.

Дауыс.

Сөз сөйлеуге дауыс қатысады.Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі.Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті,эмоциясы,еркі бағыттап отырады.Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байлынысты.Адам сөйлеуге ыңғайланғанда,ең алдымен ауа жұтады,одан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады.Дауыс шымылдығының керіліп,жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады,бірақ ол солғын шығады. Әркімнің өз даусы(дауыс нақышы)болады.Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады.Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны-(сарыны)-обертондар да болады.Ол сөйлеушінің тамақ ,мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ.Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ,үні таза шығады.

Дауыста оның биіктігі (дыбыстау ырғағы)ұзақтығы ұшқырлығы екінші сөзбен айтқанда,дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі,басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.

Егер айналадағылардыңсөзі мен өз сөзіңізді тыңдап бақыласаңыз,дауыс дыбыстың әр түрлі биіктігі мен жылысатынын байқайсыз.Өстіп негізгі дауыс тоны (сарыны) бір көтеріліп,бір бәсеңдеп ауытқиды да,орташа қалыпқа (регистрге) түседі,тағы осылайша қайталанады…Бірақ бұл қалай болса солай емес,белгілі заңдылықпен жылыса отырып,сөйлеу мелодикасын (әуенін) түзеді.

Дауыстың жоғары,орташа,төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді.Көркем сөз орындаушы,нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып,өз даусының мүмкіншілігін байқап,диапазонын анықтап,ширақ шығуын жаттықтыруы керек.

Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн,сонда ғана оның жұмсақ,жылы лебі немесе керісінше,қатал,салқын үні нақышталады.

35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі

Тіл дыбыстары -сөздер мен грамматикалық тәсілдердің өмір сүруінің формасы болып табылады.Тіл дыбыстары адамның уақыт пен кеңістікте өмір сүріп, белгілі бір заңдылықтар бойынша дамитын табиғи тілінің ойды білдірудегі атқаратын қызмет жиынтығы. Олар, адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қарым – қатынасты (сөйлеу, есту, жазу, оқу) реттейтін ең маңызды байланыс құралы болып табылады. Тіл дыбыстары, өз қызметін белгілі бір ережелер негізінде дыбыстар тіркесінен тұратын сөздер мен сөйлемдер арқылы жүзеге асырады. 

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін сөйлеу мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. 

Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, балаларға мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін,тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру,сөйлеу техникасын жақсы біліп, игеру міндеті қойылады.Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде,дыбыстардың шығу,жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді.Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ,сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жоғары оқу орнына арналған оқулықтан қарап балаларға лайықты етіп түсіндірген жөн..Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі бала өз тәрбиешісіне еліктейді. Балалардың алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Дыбыстың анық, ашық таза айтылуы буындардың анық, ашық айтылуына, буындардан тұратын сөздердің анық айтылуына, сөздер мен сез тіркестерінен тұратын сейлемдердің анық, таза естілуіне жағдай жасайды. Сол арқылы тұтас текстің мән-мағынасын тұсініп оқуына жетелейді. Тіл дыбыстарының артикуляциясын меңгеруді баланың сөйлеу тілі шыққаннан бастап, ата-анасы, балалар бақшасының тәрбиешілері үйретеді. Мектеп жасындағы баланың тіліндегі кемшілікті мұғалім тәрбиелейді.

Бала тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін кішкентай кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы қалыптасады.Мәнерлеп оқу пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түседі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар, оқушы қауымның өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, тіл дыбыстарының анық шығуы мәнерлеп оқу пәнінің шартты белгілері тиімділігін жоғары дәрежеде көрсетті.