Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.

Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.

Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.

Логикалық екпінді дұрыс түсіру кез келген сөзді, не тіпті көп сөзді, айрықшалап айтуды білдірмейді. Оны дұрыс істеу үшін тек қажетті сөздерге екпін түсіріп, айрықшалап айту керек. Егер екпін керек емес сөздерге түсетін болса, тыңдаушылар сенің не айтқаныңды түсінбей, ойлары басқа жаққа ауып кетуі мүмкін. Материал жақсы болғанымен де, егер логикалық екпін дұрыс түсірілмесе, тыңдаушыларды іс-әрекетке талпындыру қиын болады.

Логикалық екпінді әр түрлі тәсілмен түсіруге болады және олар көбінесе қабаттаса қолданылады: мысалы, дауысты күшейтуге, ерекше сезіммен айтуға, баяу және айқынырақ сөйлеуге, назар аударылатын сөздердің алдында немесе кейін (не айтқанға дейін де, кейін де) кідіріс жасауға және ым-ишаратпен білдіруге болады. Кейбір тілдерде сөздерді дауыс сарынын жоғарылату не төмендету арқылы айрықшалауға болады. Бұл тәсілдердің қайсысы тиімді болатыны сөйлейтін сөзіңнің мазмұны мен қандай жағдайда айтылатынына байланысты.

Қай сөзді айрықшалап көрсету керектігін шешерде, келесі жайттарды ескер:

1) Сөйлемде қай сөздерге екпін түсіру керектігін анықтау үшін сөйлемді ғана емес, мәнмәтінді де қарау керек.

2) Жаңа ой басталған жерге екпін түсіруге болады. Бұл, мысалы, негізгі бөлімдердің бірі немесе ойдың жаңа бағытта дамитынын көрсететін сөздер болуы мүмкін. Сонымен қатар логикалық екпінмен бір ойдың аяқталғанын да көрсетуге болады.

3) Логикалық екпінді қолдану арқылы баяндамашы талқылап жатқан сұраққа өзінің қалай қарайтынын көрсетуіне болады.

4) Логикалық екпінді баяндаманың негізгі ойларына көңіл бұру үшін де қолдануға болады.

Осындай жолдармен логикалық екпінді дұрыс түсіру үшін, баяндамашы немесе дауыстап оқушы өз материалын жете түсініп, оны тыңдаушыларына жеткізуге деген шын ықыласы болу керек. Езраның заманында нұсқаулар қалай берілгені туралы Нехемия 8:8-де былай деп жазылған: “Кітаптан Құдайдың заңдарын анықтап оқыды, әрі мағынасын түсіндіріп отырды, сондықтан халық оқылған нәрселерді түсінді”. Бұл жерден Құдайдың заңын оқып, оны түсіндіргендер халықтың айтылғандардың мәнін ұғып, өмірде қолданғандары маңызды екенін түсінгенін анық көруге болады.

Логикалық екпінді дұрыс түсіре білуге көмектесетін тағы бір нәрсе — тыңдаушыларыңа жеткізгің келген негізгі ойларды нақты білуің керек. 

33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.

Мәнерлеп оқу — мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімінекпініндауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық есітілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оку қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.

Мәнерлеп оқу дегеніміз — қарапайым сөйлеу тіліне жақын, еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс құбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз. Өйткені, адамдар бір-бірімен сөйлескенде әр түрлі оқиғалар, хабарлар, көріп-білгендері туралы әңгімелейді және сол әңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тыңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.

Қоғамдық сананың айрықша саласы-өнер. Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы-бояу, әншінің құралы-үн, бишінің құралы-қимыл болса, әдебиетішінің құралы-тіл. Демек, әдебиет-сөз өнері. Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді.

Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады,сүйіндіреді,таңдантады,күйіндіреді,жылатады,күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.

Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.

Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы – ауыз әдебиетінің орны ерекше.

Оқушылардың тілін мәнерлеп оқуға  жаттықтыру үшін жүргізілетін жұмыстар:

–  Шығарманы дыбыс  таспасына жазып тыңдауды ұйымдастыру;

–   Оқушыларға  сұрақ-жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу;

–   Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру;

Мәнерлеп    оқуды   дұрыс    жүргізу   үшін оқу кезінде койылатын    дауыс  ырғағының  кідірістерін (паузаларын) игеру. Олар: а) логикалық кідірістер; ә) психологиялық кідірістер; б) грамм(атикалық кідірістер болып бөлінеді.

Мектеп оқушыларының оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасына дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір-бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады. Мұғалімін үлгі тұтқан  шәкірт, оған еліктейтінін мектеп тәжірибесі жиі дәлелдеп келеді.

Оқушы тіл дыбыстарын дұрыс меңгеру үшін жас кезінен өлең айтып, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар шешіп, ертегілер айтып өссе, дыбыстау мүшелері жетіліп, тіл дыбыстарын дұрыс айту дағдысы  қалыптасады.

Мәнерлеп оқу пәні арқылы  оқушылардың  сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, кітаппен жұмыс істеуге, оқуға деген құмарлығы арта түсетіні белгілі. Мәнерлеп оқу барысында жүргізілетін жаттығулар,  оқушы қауымның  өз ойын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе алуына, мәнерлеп оқу пәнінің  шартты  белгілері тиімділігін жоғары  дәрежеде көрсетті.