- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
30.Дикция (үн реңі).
Дикция (латынша) – айтылу, айту деген мағына.
Дикция- мақам яғни сөйлегенде, өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы.
Дикция сөз сөйлеудің, айтудың анықтығы, тазалығы. Әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп, дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады. Тағы да бір ескеретін мәселе, айтылған сөздің мағынасына мән беру. Айтылатын ойдың нақты, анық болуы үшін орфоэпиялық сауаттылық пен сөз байлығы, логикалық ойлау кеңістігінің жан-жақтылығы, философиясы болу керек.
Талаптар:
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді,кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып,өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады,яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап,бір қалыпты қозғалуы мен поэициясы жағдайында ұстау.Бұл жаттығулар еріннің қимылына,жақтың жылдам ашылуына,тілдің жылжымалығына,кей дыбыстарды (р,ш,с ) дұрыс айтуға дағдыландырады,тез сөйлегенде,созып сөйлегенде т.б.кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмегін тигізеді. Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де,кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып,сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде,өз беттерінше шұғылданады.
Мәнерлеп оқудағы дикцияны қалыптастыру – айтудың (дикция) ашықтығы мен тазалығы. Мұғалім оқушылардың дикциясын қалыптастыруда бірден–бір жол шығармаларды, өлеңдерді мәнерлеп оқыту үшін ережелерін үйретеді. Мұғалім балаға нені қалай үйретсе, солай қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің өз сөзі анық, ашық айтылуы тиіс. Оның сөйлеу тілінде, сөзінде, дыбыстарында мүкіс болмауы керек, себебі шәкірт өз ұстазына еліктейді. Шәкірттер алдында сөйлеген әрбір сөзіне жауапкершілікпен қарап, асықпай сөйлеуге, әрбір тіл дыбыстарын анық, таза айтуға қалыптасуы міндетті. Егер әрбір тіл дыбыстарының артикуляциясын (жасалуын) дұрыс меңгеріп дыбыстаса, әрбір тіл дыбысы анық айтылады.
«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.Дикция дегеніміз-дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) жетілуі. Әсіресе бір типті дауысты дыбысардың (а, ө, ұ, и, у, ы, е, о) анық айтылуына көп көңіл бөлген дұрыс, бұл бір типті дауысты дыбыстардың бірыңғай құрылуы дауыстардың жақсы шығу жағына, себепкер болады. Шығарма желісінде дауыссыз дыбытардың (қ, к, ш, г, д, ) жеңіл, анық болуына көңіл аудару керек.
31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
Дыбыстардың құрамы
Қазақ тілінің белгілі дыбыстық құрамы бар. Қазақ тіліндегі 28 дыбыс дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді. Оның ішінде дауыстысы – 9 дыбыс-фонема; дауыссызы – 19 дыбыс-фонема. Тілдегі дыбыстардың мұндай екі топқа бөлінуі олардың жасалуына үн (тон) мен салдырдың қатысына байланысты.
Үн өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
Дауысты дыбыстар— дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у, ұ, ы. т.б.
Жіңішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, ү, і. т.б.
Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде. "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады: - дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы; - дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу шығады; - дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады; - дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады; - дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады; - дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды және дауыссыздармен тіркесе алады.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: а, ә, о, ө, е, ұ, ү, ы,і. Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у).
Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі(Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)Ассимиляция – латын тілінен «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. (латинский термин, который означает «уподобление»).
1. Толық ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатады. (Полная ассимиляция – один звук полностью уподобляет себе другой звук). Мысалы: жазса, сүзсе сөздерінде -с- дыбысы –з- дыбысын өзіне толық ұқсатып, айтуда жасса, сүссе болады (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең)
2.Жартылай ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне ұқсатпай, бір жақты, жартылай ғана ұқсатады, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбыстың, қатаң дыбыс болса, қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. (Неполная ассимиляция – один звук уподобляет себе другой звук неполностью.То есть, звонкая согласная требует присоединения звонкого согласного, а глухая согласная –глухого). Мысалы: жаз+да, тас+қа, ас+тық, оқулық+та, қазақ+тар т.б.
Бұл құбылыс сөз тіркестерінде де, біріккен сөздерде де байқалады. (Это явление наблюдается и в словосочетаниях, и в слитных словах). Мысалы: ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтылуда ақ пала, ағ ешкі ; біріккен сөздер - шекара –(шегара), Сәтбаев – (Сәтпаев) болып айтылады, бірақ жазылмайды.
