- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
Дикция дегеніміз әр сөзді дрыс айту. Дикция екінші сәбилер тобынан басталады.
Тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі – балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші – педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.
Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалылығына, кей дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландырады; тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.
Дыбыстардың сөйлеудегі артикуляциясын қазақ тілі сабағында фонетиканы өткенде жетілдіреді. Фонетиканы жақсы білу дикцияны түзеуге берілген жаттығуға көмектеседі.
Дұрыс дыбыстауға жүргізілетін жаттығулар алғашында мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі де, кейін оқушылар өздері әбден дағдыланып, сөйлеуде жіберілетін қатені де тауып түзейтіндей жағдайға жеткенде, өз беттерінше шұғылданады.
28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
Сөйлеген сөз не оқылатын мәтіндегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс, толас болады. Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасау жай ғана кідіріс емес. Ол- әдеби мәтіннің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді. Кідіріс ұзақ, орташа, қысқа болып бөлінеді. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөздерді бөліп тұрады. Ал орташа толасты – логикалық кідіріс дейді. Ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, екінші сөзбен айтқанда, бір ойды аяқтап, екінші ойға көшу, немесе бүтін мәтіннің бір бөлімінен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді. Кейде жазба тілде мәтіннің мұндай бөліктерін абзацтан бастайды. Алайда сөз түйіні үзілістің ұзақтығында ғана емес, мазмұнына байланысты болады. Кейде ұзақ толас психологиялық кідіріске айналып кетеді де, көркем сөйлеудің мәнерлі тәсілі ретінде сөз мағынасын күшейтеді. Станиславский: «психологиялық кідіріс – ойды үнсіз емеурінмен тап басып дәл жеткізу тәсілі. Үнсіз толас жасаудың өзінде салмақты мән жатыр, өйткені ол сөзді көзқарастың түрлі өзгерісімен, пішіннің құбылуымен; сондай-ақ қарым-қатынас жасауды өзінен-өзі не әдейі қолданылатын болар-болмас қимыл әрекеттерімен толықтырады», - дегнді.
Сөйтіп, логикалық кідірісті мәтіннің мағыналық түйінін меңзеуге, ойды ұштауға қолдансақ, психологиялық кідірісті тыңдаушылардың көңіл күйіне әсер ету үшін пайдаланымыз.
Психологялық кідіріс сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байланысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне,сөз астарына байланысты болады. Сөйтеп бұл жайт оның творчествалық жұмысын сипаттайды. Мұндай кідірістер мәтіннің басында, ортасында, соңында келе беруі ықтимал. Ол тыныс белгілерімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін.Өйткені ол мәтіннің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Мәтінді оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.
