Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мәнерлеп оқу.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
122.91 Кб
Скачать

24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.

Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.[1][2]

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен с-йлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Қоғамдық өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-телевизия хабарлары т. б.) пайда болып, әлеуметтік мәнінің артуы орфоэпиялық нормалардың орнығып, ұлттық сипатқа ие болуын жеделдете түсті. Алайда қатаң дыбыстарды "сындырып", "ұяңдатып" айту нормасы [қолғойды]—[қолқойды] емес, [кәсібодақ]—[кәсіподақ] емес, соңғы жылдарда әсіресе радиотелехабарларда әріп қуалай сөзді қалай жазылса, солай оқу дағдысымен байланысты бұзылып, "қатқылдата" дыбыстау жиі ұшырай бастады. Бұл жай орфоэпия тұрғысынан қазақ сөзінің әуезділігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс, нормадан.

25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.

Балабақшаларда тәрбиелеу және білім беру жұмыстарының негізгі түрі – ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті. Ол жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген балалар тобында тәрбиешінің басшылығымен өткізіледі. Тәрбиеші бағдарламалық материалға талдай жасай отырып, тіл дамыту жұмыстарын, ҰОІӘ түрлерін (ойын- ҰОІӘ, сурет, ойыншық көрсетіп әңгімелесу, шығарма оқу, сөздің дыбысталуын дұрыс айтуға үйрету, т.б) белгілейді. Оған қажетті материалдар әзірлейді.

Бағдарламада бұл жастағы балаларға әңгімелеуге, оқып беруге халық ауыз әдебиеті, балалар жазушыларының шығармалары, туысқан халықтар әдебиеті ұсынылады.

2-3 жастағы балаларға ертегілерді аузекі әңгімелеп, 2-3 рет қайталайды. Соңынан ертегі мазмұнын еске түсіру үшін жаттығу жүргізіледі. Ертегі оқудан бұрын дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Мысалы: «Лақтар мен қасқырлар» ертегісі оқылса, лақтар сияқты секіру, маңырау (қайтті? қандай? не істеді?), т.б. қимыл-қозғалыс жасау. Ертегі сюжетіне арналған суреттерді фланелеграфта орын ауыстырып көрсету, балаларға түзеттіріп, дұрыс орналастыру.

Сәбилердің бірінші тобында бір ҰОІӘ – де ойната оқылатын әр түрлі тақпақ оқып, тыңдауға болады.

Екінші сәбилер тобы: Бұл топқа оқу жоспарына сәйкес күніне 2 ҰОІӘ – нен аптасына 10 ҰОІӘ өтіледі. Оның ішінде тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет оқу жұмыстарына аптасына 1-3 сағат беріледі. Аталған ҰОІӘ – нің түрлері бір-бірімен сабақтаса жүргізіледі. Өйткені тіл дамыту, сөз қорын молайту, әдебиет пен айналадағы өмір шындығына негізделеді.

Оқу жылы бойында балалар жеке басына қажетті бұйымдар (киім-кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ) жөнінде толық мағлұмат алып, оларды сөзбен дұрыс айтуға тиісті. Сондай-ақ балаға бұрыннан танымал заттардың айрықша белгілері, ұқсас жақтары жайындаа атап айту, көрсету, түсіндіру қажет. Бала өзі білетін түрлі заттарды көлемі жағынан (үлкен-кіші, биік-аласа, ұзын-қысқа, жалпақ-жіңішке) салыстыра айтуға, кейбір қасиеттерін бір-бірінен ажырата білуге тиісті. Күнде кездесетін, өздері қарым-қатынас жасайтын кейбір табиғи заттардың сапалық өзгешілігі жөнінде ұғымдарын қалыптастырады. Мысалы: Құм құрғақ, сусып тез төгіледі. Құрылыс тек дымқыл құмнан жасалады. Су суық және жылы болады. Жеңіл заттар суда қалқып, жүзіп жүреді. Түрлі заттарды суға салып, көрсете отырып сұрау. Тәрбиеші сәбилерге таңертең, күндіз, кеш, түн, мұнда, онда, жоғары, төмен, алыс, жақын, алға - артқа, оңға-солға сөздерін; заттың көлемін (кішкене, орташа, үлкен, санын – артық - кем, тепе – тең, қанша, сонша, бірден, біреуден т.б. түсіндіріп, балалардың білім дағдыларын біртіндеп кеңейтеді.

Ораңғы балалар тобы: Бұл топтағы ҰОІӘ-нің мақсат –мазмұны біршама күрделенеді. Әр ҰОІӘ-те балалар дербес орындайтын жаттығу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Олардың ойлау, қабылдау, таным әрекеттерін дамыта отырып, мектептегі оқу ісіне дайындау көзделеді. Әрбір ҰОІӘ –те қолданылатын әдістемелік, көрнекі және техникалық құралдар, логикалық жаттығу жұмыстары, балалардың өздігінен орындайтын жұмыстарыеа қажетті материалдар, әдеби шығармалар, суреттер дайындайды. Көрнекі құралдар бағдарламада көрсетіліп тіл дамыту ҰОІӘ-не сәйкес жұпталады. Тағы бір ерекшелігі- олар өзінің сөйлеу тіліндегі мүкістікті байқамайды, сөйлеу органдарын дұрыс пайдалану керектігін ескекрмейді, артикуляциялық аппараттары дыбыстау жағынан әлі толық жетілмегендіктен, кейбір дыбыстарды қате айтады. Сондықтан оларды сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға жаттықтыру жұмысы – тіл дамыту ісінің негізгі бір бөлігі болып табылады.

Әңгімелеп беруге үйрету: Бұл балалар үшін ҰОІӘ –нің ең күрделі түрі. Сондықтан ортаңғы тобында өтілетін әңгімелесу ҰОІӘ – нде көрнекілік әдісі басты рөл атқарады. Адамгершілік, қарапайымдылық дағдыларын жетілдіру шешуші рөл атқарады. Бақылау жұмыстарында ҰОІӘ мазмұнына лайықты көркем шығарма оқу, бала ұғымына орай жеңіл жұмбақтар шештіру, өлең мазмұнын бақылаған объектімен салыстыра айтқызу (өлеңде не туралы айтылған, балалар көбелекті не істейді?, т.б.) қажет. Мұндайда мысалы, Т.Молдағалиевтің: «Қызыл – жасыл көбелек» деген өлеңінен үзінді оқылады:

Ұстасамда өзіңді

Қинамаймын ұрмаймын.

Шығармаймын көзіңді,

Қанатыңды жұлмаймын.

Баланың көбелекке деген аяушылығын, қамқорлығын білдіретін өлең шумақтарын ҰОІӘ мазмұнына дөп келетіндей оқып түсіндіру, өлеңдегі баланың іс-әрекетін балалардан сұрап, олардың көзқарасын айтқызу.

Көркем әдебиет оқу: Ересек балалар тобында оқуға, әңгімелеуге, жаттап айтуға, мәнерлеп оқуға арналған шығармалар бағдарламада оқу тоқсандарына бөлініп, бас – басына талдап көрсетіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеудің пәрмен – құралы көркем әдебиет. Сол себепті ересек балалар тобында көркем шығарма оқуға баса назар аударылып, шығарма оқуға қойылатын талаптар бағдарламада атап көрсетіліп, айқындала берілген. Ол міндеттер мыналар: шығарманың көркемдік мазмұнын сезініп, айрықша көңіл күймен қабылдай білуге, оқиғаның баяндалу ерекшелігін түсініп, түйсіне білуге үйрету: a) салтанатты, қуанышты сезіммен орындалатын, байсалды баяу үнмен оқылатын, әзіл сықақ түріндегі шығармалар Адам әрекетіне тән міңез-құлық сипаттары бейнеленетін фантастикалық ертегілердің басталуы мен аяқталуы, өлеңмен және қайталама сөз тіркестерімен беріліп, өлең араласатын ( «Бес ешкі», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» т.б. ) ерекше мақтаныш сезіммен орындалатын шығармалар.

Көркем әдебиет шығармаларын оқу процесінде қолданылатын негізгі әдістер: бұрын оқылған кітап, жеке шығарма жөнінде сұрап әңгімелесу. Әңгімелеп айтқызу. Балалардың таңдауы бойынша оқу, балалармен әңгімелесу барысында олардан қандай ертегі, әңгіме білетіндерін сұрап, не себепті? Деген сұрақтар қою арқылы анықтау. Ол ертегі, әңгімеде Кім? Не? Жайында баяндалатынын әңгімедегі кейіпкелердің іс – әрекеті, қауіп төндіретін жағдайлар, не күлкілі – сықақ тудыратын жерін есіне түсіріп, айтып беруін талап етіп, өздігіне ой қорытындысын жасауға үйрету.

Табиғатпен таныстырғанда І.Жансүгіровтың « Жазғытұры», Абайдың «Жазда» (үзінділерін оқу), Т. Молдағалиевтің « Көл», М.Жұмабаевтың «Жайлауда», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Мақтаншақ қоян», Қ. Сапарбаевтың « Туған жердің ыстығы – ай», жан –жануарлар дүниесіне, туған өлкеге, сүйіспенщілікке, адамгершілік жылы сезісге баулу ісіне негіз болады.

Тақпақ жаттауда қолданылатын ұтымды әдістер: жаққа бөліп оқыту, драматизациялау, кейіптендіру, т.б., сөзге баяу балалармен жиірек сөйлесу.

Көркем әдебиет шығармаларын мәнерлеп оқуға үйрету жұмысында сұрақ-жауап (диалог) түрінде жазылған «Түйе – түйе – түйелер», «Қара өрік пен сары өрік», «Көйлекті маған кім берді» т.б. шығармалармен мақал-мәтелдер, өлең-тақпақ оқып беріп, жатқа айтуға үйрету өте тиімді болады.