- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін - сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Сөйлеген сөз не оқылатын текстегі сөйлемдер ешбір толассыз шұбыртылып айтыла бермейді, олардың арасында белгілі бір үзіліс толас болады.
Кідіріс деп сөз түйдегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелер беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқыңанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес. Ол – әдеби текстің мән-мағанасын ашып беру тәсілі болып табылады. Мерзім мөлшері шамасына қарай кідіріс әрқалай келеді.
1. Қысқа кідірістер сөйлемдегі сөз тактілерін бөліп тұрады.
2. Ал орташа кідірісті – логикалық кідіріс дейді.ол сөйлемнің аяқталғанын білдіреді, айтылған сөзге сымбаттылық әр кіргізеді, бір ойды аяқтап екінші ойға көшу немесе бүтін текстің бір бөлімнен келесі бөліміне көшу жайлы емеурін білдіреді.
3. психолоогиялық кідіріс – сөйлеушінің толғаныс-тебіреністерімен байоанысты келеді. Бұл – көркем сөз орындаушының хабарлап тұрған жайтқа деген өз көзқарасына, сөз төркініне , сөз астарына байланысты болады. Мұндай кідірістер текстің басында, ортасында, аяғында келе беруі ықтимал. Өйткені ол текстің психологиялық мазмұнына байланысты болмақ.
Сөйлеу қарқыны да сөздің нақышты шығуының әсерлі тәсілінің бірі. Дауыс қарқынының түрлі реңктерін пайдалану сөзге ерекшк бір өріс, ойнақылық, нақыш береді. Егер сөз бір қалыпты солғын үнмен қарқынсыз сқйленсе, ол өңі қашып сүреңсіз шықпақ. Мәнерлегіш тәсілдердің басқалары сияқты сөйлеу қарқына да шығарма мазмұнына байланысты шықпақ. Ол орындаушының айтқысы келген оймен тығыз байланысты болады. Қысқа текстің өзінде де дауыс қарқыны өзгеріп отырады, бірақ олар бір-бірінен жігі бөлінбей үйлесіп, бірегей болып естілмек. Шығарманығ мазмұнына қарай сөйлеу қарқынының әр түрлі реңтерде пйдалану дауысқа ерекше дыбысталу, үн, нақыш береді. Бәрақ текстің мазмұнына байланыссыз қарқынды түрлендіре беру сөздің табилығын бұзады. Сондай-ақ ешбір реңсіз бірсыдырғы өарқын сөзді жансыз етежі де тыңдаушыларын жалықтырып жібереді.
Дауыс күші
Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күші оның қатты шығуы емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтылығы, тазалығы, оны игере біліц, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қаттыдан ақырынға , керісінше ақырыннан қатты сөйлеуге көше білу. Жалпы дауыстап оқу, әңгіме айту орташа қоңыржай дауыспен орындалады. Текістің мазмұнына байланысты дауысты берде көтеріп, бірде төмендетіп отырады. Сөйлеу темпі тәріздес, дауыс күші де интонацияның бір элементі. Дауыс күші көркем сөз орындаушыға кейіпкерлер образын жанды етіп көрсетуге, олардың іс-әрекетін , мінез-құлқын сипаттауға көмектеседі.
