- •1.Мәнерлеп оқу туралы түсінік.
- •2. Мәнерлеп оқытудың тарихы туралы қысқаша шолу.
- •3.Мәнерлеп оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
- •4.Мәнерлеп оқу пәнінің тіл дамыту пәнімен байланысы.
- •5.Мектепке дейінгі тәрбиедегі мәнерлеп оқудың ерекшелігі.
- •6.Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері
- •7Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
- •8. Демалудың түрлері. Мәнерлеп оқу кезінде дұрыс демалудың ережесі.
- •9Сөйлеу техникасы туралы. Мәнерлеп оқудағы сөйлеу техникасының маңыздылығы.
- •10Екпін. Орфоэпиялық қателер және оларды жою жолдары. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағын анықтау.
- •12.Әртүрлі дауыс ырғағы арқылы көркем шығарманы мәнерлеп оқу.
- •13.Сөйлеу қарқыны мен ырғағы. Сөйлеу қарқыны – мәнерлеп оқу құралы.
- •14Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу. Өлеңдерді оқу және талдау.
- •16.Драмалық шығармаларды оқу.Көркем шығарманы м.Ж.Д.Б драмалаудың ерекшеліктері
- •17. Мәнерлеп оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістері.
- •18.Мысал өлеңді оқу. Жанрлы ерекшелігіне тоқталу. Мысалдың тілі.
- •19. Көркем сөз өнерінің мәні.
- •20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
- •Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
- •Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
- •21Ой екпіні,кідіріс,сөйлеу қарқыны,дауыс биіктігі,күші.
- •22Көркем сөз оқушының өзін ұстауы,тұрысы.
- •23.Сөйлеу техникасы және оның мәнерлеп оқудағы маңызы
- •24.Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
- •25.Балалардың жас ерекшклігіне байланысты көркем шығармаларды іріктеу принциптері.
- •26.Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
- •27Дикция. Педагогтың дикциясына қойылатын талаптар. Дикцияны жетілдірудегі орындалатын жаттығулар.
- •28.Кідіріс. Оның мәнерлеп оқудағы мәні. Кідірістің түрлері.
- •29Дауыс. Оқудағы дауыстың маңызы..
- •30.Дикция (үн реңі).
- •31. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың үндесуі.
- •32. Логикалық екпін. Шығармалардан үзінді оқу барысында логикалық екпінді анықтау.
- •33. Мәнерлеп оқу өнердің негізгі түрі.
- •34. Дауыс күші. Сөйлеу аппараттары арқылы дауыс күшін анықтау.
- •35,Тіл дыбыстарының мәнерлеп оқудағы ерекшелігі
- •36 Әдеби сөйлеудің ережелері.
- •37.Мәнерлеп оқу пәнінің маңыздылығы
- •38.Балаларды тәрбиелеудегі көркем әдебиеттің маңызы
- •39 Сөйлеу техникасындағы элемментердің жалпы сипатамасы.
20. Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
Кез-келген шығарманы оқу барысында негізгі дауыс сарыны шығарманың мазмұнына сай болуы қажет. Ал негізгі дауыс сарыны дегеніміз – көркем шығарманың ауызша естілу әуені. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне байланысты болады. Яғни оқылған шығарма өлең түрінде жазылған ба немесе қара сөз түрінде жазылған ба деген мәселеге байланысты. Шығарманың түріне байланысты негізгі дауыс қарқынын құбылтып, өзгертіп балаларға жеткізуге тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің бірнеше тәсілдерін пайдалануы қажет. Әдеби шығармалар ауызекі оқу барысында, негізгі дауыс сарыны, мақамы шығарманың түрі мен мазмұнына лайықты шығады. Мысалы, оқылатын әдеби шығармалар:күлдіргі әңгіме, лирикалық өлең, сатиралық мысал және басқа түрлері де болып келуі ықтимал. Сондықтан әдеби тексті оқитын не әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына орай түзеліп не қоңыржай, не салтанатты көтеріңкі, не сатиралық ащы мысқыл, не сайқымазақ күлдіргі, не мұңды болып келе береді.
Негізгі дауыс сарыны дегеніміз көркем шығарманың ауызша естілу әуезі. Мұны орындаушы көркем туындының кейбір суреттемелерін, оқиғасын, қаһармандарын тыңдаушыға үн мәнерімен сипаттап жеткізудің фоны ретінде пайдаланады. Негізгі дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұны мен түріне қарай түзіледі. Әдеби материалдың тақырыбына, идеялық мазмұнына, стиліне орай негізгі оқылу мақамы айқындалады. Айталық, ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы ғасырлар бойы қиын-қыстау қиыншылықты, кескілескен қан майдан-«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» жеңіп, бүгінге жеткен қазақтың өміршеңдігін, қайсарлығын, ерлігін паш етеді де, қазірде азаматтықтың асқар беліне көтерілген елдігін суреттейді.
Интонация(лат.інтоно)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні. Интонация - ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Түрлері Әйел интонациясы - тілдік бірлікті дыбыстау кезінде жоғары әуенді дауыс сипаттамаларының едәуір контраст тербелісі.
Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы.
Интонация сұлбасы (фр.Contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.Б. Кіреді.
Интонация - маңызды тіл құралы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әр түрлі мағына береді. Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашылықтарын береді; сөйлеушілердің көңілкүйін, олардың әңгіменің тақырыбына, бір-біріне деген көзқарастарын білдіреді.
Интонация арқылы негізгі қатынастық мағыналар: байлам, сұрақ, таңдану, ынталану білдіріледі. Интонация ауызша сөзді жазба сөзден ерекшелендіреді, оны байытып, әсерлендіріп, оған қайталанбас дербес сипат береді.
Ауызша тілде интонация:
-фразаның соңын;
-оның аяқталғанын, не аяқталмағанын;
-сөйлемнің қай түрге жататындығын (хабарлы, сұраулы, лепті) білдіреді.
Жазба тілде интонацияны оқушы тыныс белгілері арқылы біледі. Интонацияның ауызша тілді жазба тілден ерекшелендіретіндігі туралы тіл ғалымы А.Б. Шагіиро былай дейді. «-ауызша тілде біз көп кідіріс жасаймыз, тонын көтеріп, не төмендетеміз, сөз екпінін баяулатып, не жылдамдатамыз, т.б. Олар еш уаңытта жазба тілде белгіленбейді және белгіленуі де мүмкін емес, себебі ол үшін қаншама көп әр түрлі белгілер керек болар еді, шамамен алғанда музыкалың мәтіндерге ңажет белгілерден көп болмаса, аз емес».
