Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sill_zhest_dakt_tili_toly_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372.22 Кб
Скачать

Жоспар:

  1. «Уақыт, сағат, күнпарақ» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

  2. «Айлардың атауы» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

  3. «Апта күндері» тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

  4. «Табиғат, жыл мезгілдері » тақырыбы бойынша ым-ишарамен айтуды түсіндіру .

  5. Дактиль және жест тілінде айтуға үйрету.

1.Уақыт, сағат –оң қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей саусақтарды тере жаққа басады.

Кеше –қолды «үлкен саусаққа »ұқсатып, суреттегідей, жаққа басады.

Жыл- қолды «үлкен саусаққа »ұқсатып, суреттегідей,(саусақты бетке тигізбейді)орнын өзгерпей бетті айнала жылжытады.

Күндіз, жарық,жап–жарық–екі қолды бір мезгілде кенет жоғары көтеріп суреттегідей «е»әрпінен «5»санына көшіреді.

Күн –саусақтарды «5»санына ұқсатып екі қолды бір мезгілде төмен түсіріп «е»әрпіне көшіреді.

Екі жыл бұрын– қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей иекке тигізеді де қолдың орнын өзгертпей, иектен сәл алыстатып құлаққа қарай қимыл жасайды.

Екі ай– қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей иекке басады да қолдың орнын өзгерпей, маңдайға көшіреді.

Сағат екі – қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей кеуденің алдында жылжиды да шеңберді байлап алғашқы қалпына қайта оралтады.

Екі минут– қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей орнын өзгертпей, төмен және солға қозғайды.

Өткен жыл– қолды «үлкен саусаққа»ұқсатып суреттегідей иекке басады да иектен беттің оң жағына алыстатып артқа қарай жылжытады.Қолдың қалпын өзгертпейді.

Бір жылдан кейін– Қол «үлкен саусаққа»ұқсатып суреттегідей шеңберді бейнелеп қалпына қайта оралады.

Екі жылдан кейін–қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей жарты шеңберді бейнелейді.

Ертең– қол «үлкен саусаққа»ұқсатып суреттегідей қалпын өзгертпей жақ үстімен алға жылжытады.

Ай –үлкен саусақты маңдайға тигізіп қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей иекке түсіреді.

Минут –қолды «м»әрпіне ұқсатып суреттегідей шұғыл және тез оң жаққа жылжытады.

Қас қағыс сәт– «о»әрпі пішінін қолмен бірден және аз ғана төмен түсіріп тоқтап , сосын қайта өз қалпына келтіру керек.

Кез, сәт– 1 «уақыт ымы».

2.Сұқ саусақтарды бір мезгілде тез қимылмен жылжытады.

Апта, жұма –қалпын және қоспасын өзгертпей суреттегідей қолды сол жаққа төмен жылжытады.

Түн– екі қолды төмен түсіріп суреттегідей қолдың қоспасын «а» әрпіне көшіреді.

Алдыңғы күні, алдыңгүні– үлкен саусақты жаққа тигізеді.Қолдың қоспасын «2»санына ұқсатып суреттегідей үлкен саусақты айнала құлаққа қарай бұрады.

Бүрсігүні, арғы күні– қолды «2»санына ұқсатып суреттегідей қолдың қалпын өзгертпей алға қароай жылжиды.

Бүгін– бір мезгілде екі қолды «ф»әрпіне ұқсатып суреттегідей қалпын өзгертпей, төмен түсіреді.

Секунд – қолдың қоспасын шапшаң суреттегідей сол жаққа жылжытып тоқтатады да қол орнын өзгертпейді.

Тәулік– екі қолды «өқ»әрпіне ұқсатып суреттегідей оң қол сол қолды айналып алғашқы қалпына оралады.

Тәулік – оң қолды «в»әрпіне ұқсатып суреттегідей ақырын сол қолдың қоспасына түсіреді.

Таң, азан– қолдың құалпын өзгертпей суреттегідей алақанды жақтың үстімен жоғары көтереді.

Сағат – қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей

Болады– қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей алға қарай жылжытады.

Болды– қолдың оң саусағын (алақан «5»санына ұқсатылған)суреттегідей кеудеге тигізеді.

Мәңгі – қол «н»әрпіне ұқсатып суреттегідей төмендегідей төмендеп «в»әрпіне көшеді.

Әрқашан– қолдың қоспасы «1»санына салынған күйде шеңберді суреттегіндей бейнелейді.

Әрқашан– екі қол «1»санына ұқсатылып салынған күйде бір біріне қарама қарсы суреттегідей шеңберді бейнелейді.

Әрқашан –қолды «5»санына ұқсатып суреттегідей ортаңғы саусақты жаққа бірнеше рет тигізеді.

Баяғыда, бұрын– қолдың қоспасын иықтан суреттегідей сәл ақ асырады.

Айы, күні– оң қолдың саусақтарын беттің жанында «ж» әрпіне ұқсатып суреттегідей ашылған оң қолдың алақанына түсіріп басады.

Айы,күні–қол күнделікті санға сәйкесұқсатып салынады(«1», «2» т.б.«5» санына дейін). Қол қалпын өзгертпей, бірнеше рет сәл-ақ көтеріліп төмендейді.

Екі рет– оң қолды сол қолдың алақанына тигізіп тез жоғары көтереді.Қолдың қалпы өзгермейді.

Екі рет– қолдың қалпын өзгертпей суреттегідей оң қолды сол қолдың алақанына басып шұғыл жоғары көтереді.

Дейін – оң қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың алдақанына тигізеді.

Дейін – оң қолдың алақанын сол қолдың алақанына тигізеді де суреттегідей қалпын өзгертпей оң қолды өзіне қарай жылжытады.

Көнелік, ескілік– қолды жайып иыққа апару, 2рет қайталау керек.

Бар– оң қолды сол қолдың алақанына суреттегідей қырымен түсіреді.

Анда –санда– екі қолдың қоспасын «1»санына ұқсатып суреттегідей кезектеп төмен және жоғары жылжытады.

Күнпарақ– оң қолдың саусақтары сол қолдың алақанына сырып, қолды «ж»әрпіне көшіреді де суреттегідей жоғары өзіне жылжытады.

Жақында, жуырды, таяуда– қолды бірнеше рет иыққа түсіреді, бірақ тигізбей суреттегідей иыққа жылжытады. Қимыл жеңіл және тез.

Жақында, жуырды, таяуда–оң қолды суреттегідей иыққа тигізіп «жоқ»ымын бейнелейді.

Бірде, бір жолы, бір күні–оң қолды «сұқ саусаққа»ұқсатып суреттегідей сол қолдыңалақанына түсіріп тез жоғары көтереді.

Кешігу, кешігіп қалу– оң қолды сол қолдың қырына жоғары көтереді де суреттегідей қалпын өзгертпей оң қолды алға және төмен түсіреді.

Қайта, тағы– оң қол суреттегідей қалпын өзгертпей, сол қолдың алақанымен сырғиды.

Қайта,тағы– оң қолдың қоспасын «2»санына ұқсатып суреттегідей сол қолдың алақанына түсіреді де де сәл–ақ алақанды сырып жоғары көтереді.

Қайта, тағы– оң қолды «5»санына ұқсата салып кеудеге басады.Қолды,шұғыл, оңға қарай жылжытады да суреттегідей алақанды жоғары жаққа бұрып саусақтарды «а»әрпіне көшіреді.

Кейін, сосын– оң қолды «в»әрпіне ұқсатып суреттегідей сол қолдың бойымен жоғарыдан төмен түсіреді.

Кейін– алақанды қоспасынан суреттегідей артқа қарай жылжытады.

Кейін– алақанды бірнеше рет қоспасынан артқа қарай жылжытып қайтадан алғашқы қалпына қайтарады.

Үнемі, жиі– екі қол бір біріне қарама–қарсы орналасып суреттегідей кезектеп шеңберді бейнелейді.

Үнемі– екі қимылдан тұрады. Қолды «үлкен саусаққа»ұқсатып суреттегідей жаққа тигізеді де екі қолды «в»әрпіне көшіріп бір мезгілде қатарынан сол жаққа 2–3 рет тоқтатып жылжытады.

Келесі, ендігі– сол қол кеуденің алдында қимылсыз орналасқан , оң қол сол қолдың үстін айнала алдына түседі.

Дәл,тура, айнытпай– екі қолдың саусағын бір мезгілде бір біріне бағыттайды.

Дәл,тура, айнытпай– қолды «о»әрпіне ұқсатып суреттегідей басқа тигізеді де, қолды жоғары көтеріп тоқтатады.

Дәл,тура, айнытпай–екі қолды суреттегідей бір мезгілдей тез екі жаққа ажыратады да қайтадан алғашқы қалпына қайтарады.

Сан– қолдың орнын өзгертпей , үш саусақты «ч»әрпіне бірнеше рет ұқсатып салады.

Азғана, сәл–ақ–үлкен саусақпен сұқ саусақтың ұшын қосады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]