Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sill_zhest_dakt_tili_toly_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
372.22 Кб
Скачать

Дәріс №1. Көне заманда ерте орта ғасыр және қайта өрлеу дәуірінде естімейтіндердің қоғамдағы орны, есту кемістігін түсіну. ХVII – XVIII ғғ. Естімейтіндерді жекелей оқытудың таралуы.

Жоспары:

1.Алғашқы қоғамдағы рухани өмірдің синкретикалық сипаты.

2. Аристотельдің пікірлері, философиялық көзқарастар.

3. Англияда естімейтіндерді оқыту.

4. Джон Бульвер және оның естімейтіндердің дактильді және жест тілінің көмегімен қарым-қатынас процесін бақылау.

5. Францияда естімейтіндерді оқыту.

1.Көне заманнан біздің заманымыздың XV ғасырына дейін психикалық іс-әрекеттің ғылыми түсінігі болмаған. Бұл әрекетті ми қызметімен байланыстырмаған. Бұл уақытта ми әлі ақылдың локализделетін орны ретінде есептелмеген.Сол кезде психиканың түрлі бұзылулары құпия қара күштердің әсерімен түсіндірілген.

Психикалыө ауруларды түсіндіру VI ғасырға көне грек-рим медицинасының қалыптасу кезеңінде басталды. Болжамдар бойынша Пифагор алғаш болып «ақыл бас миында орналасады» деген ой айтқан.Көне ұлы дәрігер Гиппократ бұл теорияны жалғастырды. Геррофил Александриядан «миды жүйке жүйесінің негізгі мүшесі» деп алғаш рет айтқан. XIV-XV ғғ. көне грек-римдердің жан аурулары туралы түсініктері қайта жаңғыра бастады.

Галлилей және Бруно Базеле қаласындағы шіркеу, түрмеге барып, жан аурулары бар адамдарға бақылау өткізе бастады.Осы жылдары дәрігерлер жан ауруы бар адамдарға, ақыл-ой кемдерге оларға арналған үйде бақылауға мүмкіндік пайда болды. XV ғ.бастап оларға емдік мекемелер де ашыла бастады.

2. Арнайы педагогикадағы мәселелерді зерттеуде философияның бөлімдерін онтологиялық, философиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, тарихи – философиялық т.б. негізгі дүниетанымдық аспектілермен ерекшеленеді. Нақты сырқаттың шығуы мен емі туралы Платон жазған. Платон концепциясы негізінде тәрбиелеу – баланың қабілетіне, мүмкіндігіне байланысты жүзеге асырылады. Осы философиялық диагностикамен жүргізілген. Аристотельдің этикалық зерттеулерінде топастық, ызақорлық т.б. бұзылулар, ауытқуларды қарастырады. Салауатты өмір сүру үшін Аристотель өмір сүріп жатқан аумаққа, тамақтануға, ауа райына, негеге тұру жасына көңіл бөлуді ұсынды. Естімейтін жіне көрмейтін балаларды оқытуды Э.В.Ильенкова және Ф.Т. Михайлова еңбектерінде зерттелген.

3.Есті кемістігі бар балаларды оқыту сұрағын қарау кезеңінде философ және Англия оқымыстыларының ойлауын білдіру құралы жесттік сөйлеуге көңіл болды. Ол естімейтіндердің жестикуляциясының негізгі қарым-қатынас құралы ретінде жеке заңдылықтары да бар деді. Ф.Бэкон болашақта оқымыстылар «жесттік теорияны» құрайды деп өз ойын айтқан. XVII ғ. Англияның оқымыстысы Дж.Бульвер естімейтіндерің ақыл-ойының дамуы туралы кітап жазды.1648 жылы ол «Филокофус және естімейтіндердің досы» атты кітап шығарады. Онда автор есту кемістігі бар балалардың «көзбен есту» және т.б. сөйлеуді еріннің жыбырлатып айтуы арқылы түсіну қабілетіне жоғары баға берді. Бұл құбылысты оқымыстылар көп зерттеді. Д.Бульвер есту кемістігі бар тұлғалардың жазу арқылы сөйлеуіне көп көңіл бөлді, сол тұрғыда зерттеу жүргізді. Алайда Д.Бульвердің естімейтіндердің қабілеті ақыл-ой дамуын практикалық ойлауда тексермеді. Нәтижесін.Бульвер есту кемістігі бар балалардың ауызша сөйлеуге оөыту керек деп айтты.

4. Есту кемістігі бар тұлғаларды оқыту әдісінің жолында Д.Валместің достарына және таныстарына хат жазғанынан білуге болады.

Валес мынадай тапсырмаларды орындауға тырысты:

А) Есту кемістігі бар тұлғалар өзара қарым-қатынасқа түсіп сөйлескенде грамматикаға сүйену керек;

Б) Естімейтін адам оқыған болса, ол міндетті түрде оқығанды ерін арқылы шығаруды үйрету және оны түсәну керек;

В) Естімейтін адамды жазу арқылы жеңіл ойын айтуға үйрету керек деп білді.

5. XVIII ғасырда Францияда тағыда бір есту кемістігі бар тұлғаларды оқытатын мұғалімнің аты қалды. Ол – Р.Эрно. Сурдопедагогика тарихына бұл мұғалімнің маңыздылығы оның естімейтін балалардағы қалдық естуіне зейінін аударғанмен анықталады.

Сөздердің мағынасын түсінуде Р.Эрно табиғи және ишаралық сөйлеуді қолданды.

Дәріс №2.Естімейтіндерге арналған алғашқы училище және институттар және оларды оқытудың мимикалық және ауызша жүйесінің қалыптасуы. Батыс Еуропа және АҚШ елінде сурдопедагогиканың дамуы.

Жоспары:

1. Ш.М. Эпенің филантропикалық қызметі

2. Мимикалық әдіс және оның сурдопедагогиканың дамуындағы маңызы.

3. Германияда сурдопедагогикалық ойдың дамуы Ф.М. Гильдің шынайы әдісі.

4. Англиядағы сурдопедагогикалық ойдың дамуы, Томмас Арнольдың қызметі және оның сөздіктілге оқыту әдістемесі

5. Кереңдерге арналған институттарды ұйымдастыру және АҚШ - та сурдопедагогикалық ойдың дамуы.

1. Кезеңдерді оқыту үшін арнайы құрылған институттың бірінші ұйымдастырушысы Ш.М. Эпе (1712-1789) болды. Шарль Михель Эпе 1712

Қыздармен жүргізген табысты қызметі Ш.М. Эпені училище ашуға және шағын топтағы естім балалармен жұмыс жүргізуге итермелейді. Ш.М. Эпе өзінің үйінде жетісіне екі рет кереңдерді тегін оқытады. Ол кедейлердің де өмір сүруін қамтамасыз етіп отырды.Ш.М. Эпе институтында адамдардың саны 75 - ке жетті. Ш.М. Эпенің филантропикалық әрекеті Францияда қоғамдық ілтипат және мойындаулармен, ал болашақта басқа да қалаларды жаулап алуда.Щ.М. Эпе тек қана филантроп емес, сонымен қатар мұғалім, талантты судропедагог болды.Ш.М. Эпе керең балаларды окытуға байланысты қиындықтарды жеңіп шығып, теориялық тәжірибелермен айналысты. Ол екі жұмыс жазды. Оның бірінші еңбегі «Обучение глухонемых посредством методических знаков» (1776), ал екіншісі — «истинный способ обучения глухонемых, потвержденный опытом» (1784) деп аталады.1789 жылы Ш.М. Эпе институты ұлттық мекеме ретінде танылды.Осы жылы 23 желтоқсанда Ш.М. Эпе қайтыс болады. Өмірінің соңында Ш.М. Эпені сурдопедагогиканың атақты Француз қайраткері екенін мойындайды.

2. XVIIIғасырдың екінші жартысында Францияда, Германияда, Англияда, Данияда кереңдерге арналған институттар пайда болды. Осылардың ішінен жоғары атаққа ие болған француз институттарында «мимикалық әдіс» жүйесі құрылды.Кереңдерді оқытудың ұжымдық түрінің пайда болуы тек қана керек балалармен айналысатын мұғалімдердің мамандығына бекітіліп беріледі.Кереңдерге арналған француз институттары логикалық ізденіс болып табылады, француздық материалистер ағартушылар XVIIIғасырда өз кезегінде феодалдық тәртіпке, дінге қарсы күрес жүргізді. Осы күресте француздық ағартушылар жаңа уақыттың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді.XVIIIғасырда кереңдерге арналған институттың құрылуына, оларға деген қоғамдық қарым - қатынастардың өзгеруіне көп үлес қосқан атақты француздық материалист Дени Дидро.1749 жылы Дени Дидро өзінің әйгілі «Письмо о слепых в назидание • зрячим», 2 жылдан кейін 1751 жылы - «Письмо глухим и немым» жұмысын жазады.XVIII ғасырдың екінші жартысында кереңдерді оқыту практикасының көбеюі француздық материалистердің педагогикалық идеяларына, сонымен қатар Я.А. Коменскийдің, Ж.Ж. Руссоның, Д. Локктың идеясына сүйенеді.

3.Германияны прогресшіл сурдопедагогтарының бірі Ф.М. Гилль (1805-1874) болды, мұғалімдік семинарияны бітіргеннен кейін Ф.М. Гилль жоғарғы оқу орнында ғылыми және музыкалық өнер аймағында білімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Бірақ оған таңдаған пәндермен көп айналысу керек емес болды. Ағарту министрлігі оны шақырып алып Берлиндегі естімейтің училищесіне мұғалімдік іскерлікке дайындау үшін жіберді.Ф.М. Гилль училищедегі оқудың схоластикалық сипатына таң қалды. Ф.М. Гилль Берлин университетінің тәртіптеріне қарсы шығады. Ф.М. Гилль Вайзенфельстегі кереңдер мектебіне бекітіледі. Бұл мектепте ол 40 жылдан астам кереңдер мұғалімі болып жұмыс істеп, осында өзінің педагогикалық еңбектерін жасады.1838 жылы оның «Кереңдерді оқыту жөніндегі басшылық», 1839 ж «Кереңдерді ауызша сөйлеуге оқыту, ерінге қарап оқыту, жазу және оқыту », 1840 ж «Кереңдерді тілге үйрету басшылығы», ал 1841 жылы «Кереңдерге арналған сурет альбомы» атты еңбектері жарық көрді.Ф.М. Гилль «Кереңдерді ауызша сөйлеуде, еріннен оқуда, жазуда және оқуды басқару» деген кітабында өзінің дидактикалық құрылымдарын және оларды сөйлеуге үйретудегі қатынасын білдірген. Бұл кітаптың кіріспесінде ол: «Керең балаларды калыптағы балалардай оқыту керек» - деген.Ф.М. Гилль керең балаларды сөйлеуге үйретуін мына дидактикалық жағдайларға сүйеніп жүргізген:

1. керең бала мектепке дайындықсыз келеді

2. керең баланы оқытуда тек жазба тілін дамытуға ұмтылу керек

3. жесті қолдануды шектеу қажет, яғни сабақ кезінде оны қолданбау керек

4. сөздік қатынас балады өмрілік қызмет аткару қажет және оның қатынас құралы екенің түсіндірулері керек.Иоганн Фаттер (1842-1916). XIX ғасырдағы Германияның белгілі педагогы. Ф.М. Гилльдің жүйесін жалғасытырушы, Гилльдің принциптерінің негізінде керең балаларды оқыту әдістемелерін жасаған.Иоганн Фаттер бірінші кезеңінде басты назарды дыбыс артикуляциясын меңгеруге аударады.Екінші кезеңінде керең балалар грамматикаға оқытылады.Үшінші кезеңде естім балалар дыбыс айтуды және грамматикалық формаларды меңгеру жалғасытырылады. Фаттер сөйлеу тілін дамыту мен оқытуда жаңа әдіс — тәсілдерді ойлап шығарған.Ол балаларды оқытуда жестік тілді қолданбаған. Ол керең баланы оқытуға кедергі болады деген. Баланы дыбыс артикуляциясына оқытқаннан кейін, түсініктерді «коюға» көшкен. Яғни, сөздің мағыналарын ашып көрсеткен. Ол сөйлемнің синтаксисіне көп көңіл бөлген.

4.Англиядағы кезеңдерді оқыта бастау 1874 аяғына таман, 2 шіркеу қызметкерлерінің инициативасы бойынша бірінші керең балаларды оқытқаннан басталды. 1-ші институт - училищесін Эдинбург қаласында 1810 ж Томас Брайвуд ашты. Ары қарай Англия теориясында басқа да кереңдерді оқыту - тырбиелеу мекемелері пайда болды. XIXғасырдың аяғына дейін Англиядағы керең балаларды окыту ісі жекелей жыне қоғамдық инициатива болды.1893 жылы кереңдерді міндетті оқыту туралы заңында, кереңдерді ағылшын институттарында оқыту, жазбаша, саусақтық алфавит және жест арқылы жүргізілді. Барлық институттарда және мектептерде ауызша оқыту кеңейтілді. Қол алфавиті тек қанағаттанарлықсыз ауызша сөйлеуді меңгеретін балалар мекемелерінде ғана қалды.XIX ғасырдағы Англияның сурдопедагогикасының әйгілі өкілі - Томас Арнольд (1816-1897). Ол көптеген еңбектердің авторы. Ол 1872 жылы «Керең мылқау балаларды тәрбиелеу. Француз және неміс оқыту жүйесіне шолу» атты еңбек жазса, ол 1881 жылы «кереңдерді ауызша тілге, ерінге, оқуға және тілге үйрету әдісі» атты кітабы жарық көрді. Англияның керең балаларын оқытатын мұғалімдерге Томас Арнольдтың «Кереңдерді оқыту мұғалімдерді басқару» атты 1888 ж шыққан кітабы ұнаған еді.

5. XVIII ғасырдың соңында Америкада Вильям Тороптонның керең балаларды оқыту мәселелері жайлы мақаласы шығады. Онда ол керең балаларға арнап мектеп ашуға шақырады. Мақаланың авторы мамандығы бойынша архитектор суретші еді. Ол сонымен бірге филонтропиялық қызметпен айналысатын. В.Тороптон Америка сурдопедагогикалық шығармаларының алғашқы авторларының бірі. Ең алғашқы институт немесе мектеп 1817 жылы Харфут қаласында ашылды. Ол естімей қалған алиса Консвелл әкесінің түрткі болуымен ашылды. Бұл қызды ауызша тілге Томас Голладе (1781-1851) оқытады. Оқытуда жеткен жетістіктерге риза болған.

3.Көне Русте естімейтіндерге қарым-қатынас. XV-XIXғ. Iжартысындағы Ресейдегі сурдопедагогиканың тарихы.

Жоспары:

1.Кем, кемістерді қамқорлыққа алу туралы 996 жылы шыққан В.Мономахтың бұйрығы.

2.1649 жылы қорғау қызметіне жарамдығын мойындау, кереңдердің заңды құқықтарының шектеулігі туралы.

3.Естімейтіндерге арналған Мәскеулік училищенің ашылуы

4.XIX Ф.А.Рау, Н.А.Рау қызметтері

Көне замандағы сурдопедагының жағдайы Батыстағыдай археологияның, мәдениеттің тарихының, лингвистиканың негізінде құрылып жасалынған.

Сурдопедагогика жалпы педагогикаға қарағанда кейіннен пайда болды.Оқыту тәжірибесі мен естімейтін балаларды тәрбиелеу жалпы педагигиканың білімінің негізінде дамыды.

Естімейтін балаларды тәрбиелеу еңбек әрекетінде іске асып отырды.Өсе келе олар үлкендердің әрекетінен туындап, еліктеп, кейіннен бұл әрекетке үлкендермен бірдей араласып отырған.Сол кездің өзінде, яғни тілдің төмен деңгейі басым болған кезде олар бір-бірімен көбінесе ым-ишарамен қарым-қатынасқа түскен.Бұның өзі естімейтіндердің қалыптағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуін жеңілдетеді.Еңбек пен қоғамдық қызметтің күрделенуінен естімейтіндер мен қалыптағылардың арасындағы қатынас қиындай берді.

Бірақта көне заманда естімейтіндерге деген қатынас бірдей болған емес. Әрбір қалыптағы дамудан физикалық және психикалық ауытқуы, қоршаған ортадағы адамдарда үрей, қорқыныш туғызып отырды.Олар бұл ауытқулардың себебін білмегендіктен, оны «жоғарыдан келген жаза» яғни «құдайдың ісі» деп қабылдаған.Бұлай талқылау надан адамдардың арасында қорқыныш тудырып, ауру адамдарға деген жеккөрушілік сезімі қалыптасты.Ол бірнеше ғасыр бойы жалғасын тауып жатты.Діннің беки түсуіне байланысты монастыр қызметкерлері бұл балаларға ерекше үйлерді құра бастады.Бұндай алғашқы үй Киев – Печерлік лаврде ашылды.Бұл үйдің атағы кейіннен тарағанын, біз көне жазбалардан көре аламыз.

Кейіннен мұндай үйлер бірқатар қалаларда ашылды.(Тверь, Москва, Новгород, Ростов, Сполянский және т.б). Бірақ бұл жерде айта кететін жайт, бұл үйлерде балаларды, оларды оқыту мен дамытуда қамқорлық көрсеткен жоқ.Сонымен Россияның көне сурдопедагиканың тарихына жататын дәлелдемелер мен фактілерді қарастыра келе, біз сурдопедагогиканың тууының жалпы тенденциясы Батыс Европаның даму тарихы секілді болғанын айыра аламыз.Олар адал қоғамының тарихының бастапқы кезеңдерінде әлеуметтік-экономиканың жағдайымен анықтаған.

Сурдопедагиканың ғылыми негізін жасау мен естімейтіндерге арналған арнайы мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін жалпылау жұмысында Москва, Ленинградтың ғылыми практикалық институттарын, Москва пен Новосибирс қаласындағы дефектология лабороториясы және педагогикалық институттардың дефектология факультеттері маңызды роль атқарды.

1931 жылы П.П Почапина мен Ф.А.Раудың басшылығымен «Естімейтін мылқау балалар мен жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу және зерттеу тәсілдері» атты жинағы басылып шықты. Бұл жинақта естілмейтін балаларды зерттеу мен тексеру тәсілдері толығымен сипатталған.Бұл жинақ арнайы мектеп мұғалімдері үшін әдістемелік нұсқау ретінде ұсынылып, естілмейтін балаларды оқыту тәжірибесін жетілдіре түсті.Сол жылы тағы бір украин психологы Я.К.Цвейфельдің «Естімейтін баланы тәрбиелеу және тәртіп ерекшеліктері» атты еңбегі жарық көрді.(М.,1931)30 жылдардағы педагигикалық жұмыстардың ішінен Н.М.Логовскийдің «Сурдопедагогика негіздері» (1931) еңбегін атап өткен жөн.Бұл кітап студент-дефектологтар үшін оқу қуралы рөлін атқарып, таза ауызша әдіс жүйесіне бағытталған.

Сурдопедагигика теориясын байытқан және естімейтін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге жаңа компенсаторлы келуді наситтаған жұмыстардың ішінде Р.М.Боскистің «Естімейтін мылқау баланың сөйлеу тілін дамыту» еңбегі ерекше орынға ие. (1939). Онда оқыту мен дамытудың Л.С.Выгодский ұсынған идеялары көбейтілді.Кеңес сурдопедагогика мен сурдопсихология теориясының дамуында Р.М.Боскистің жестік тілді зерттеуге арналған жұмыстарды үлкен маңызға ие.

30 жылдары Р.М.Боскистің жесттік тілді зерттеу жұмыстары-сөйлеудің бұл түріне қызығушылығын тудырып, көрнекті сурдопедагогтардың қолдауына ие болды.30 – шы жылдары Мәскеу ғылыми-практикалық институтының психология лабороториясында Л.В Занков пен И.М.Солевьеваның жетекшілігімен Ж.И.Шиф тілдің психологиялық мәселелерімен айналысқан.Бірақ оның бұл саладағы жұмыстары басқа бағытқа ие болды.Ж.И.Шиф естімейтіндерді оқыту үрдісіндегі ойлаудың дамуына сөздік тілдің әсерін зерттеген.Сурдопедагогика дамуының осы кезеңінде Ф.А.Рау мен Н.М.Логовский және А.Т.Басованың «Естімейтіндерді оқыту әдістемесі» еңбегінің екі шығарылымын жатқызады.Бірінші шығарылымында (1934) естімейтіндерді оқыту әдістемесі мен педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, ауызша тілді қалыптастыру мен түзету, логикалық тілге оқыту әдістемесінің мәселелерә қарастырылған.Екінші шығарылымы (1936) есту жұмысында бірқатар пәндік әдістемелерді (география, арифметика) қолдану тәжірибесін жалпылау мәселесіне арналған.1935 жылы естімейтіндердің Ленинград облыстық институтының ғылыми- зерттеу жұмысының нәтижелері көрініс тапқан. «Естімейтіндер мектебінде есту мен тілді дамыту мәселесі» тақырыбында бірқатар мақалалар жинағы басылымынан шықты.Аталған мақалалар жинағында авторлар естімейтіндердің есту мүмкіншілігін қолдану тәсілдеріне ерекше назар аударған.

Дәріс №4. Кеңестік кезеңдегі сурдопедагогиканың даму жоспары.

Жоспары:

1.30 жылдардағы нашар еститін кейін керең болған балаға арналған диорференциялды арнайы мектептердің дамуы.

2.50-60 жылдардағы нашар еститіндердің мектептердің құрылуы және ұйымдастырылуы.

1.Соғыстан кейінгі бірінші бес жылдың жоспарында тек мектеп ғимараттарын қалпына келтіру ғана емес , сонымен қатар жаңа мектептердің құрылысын бастау жіне кеңейту қарастырылды.Мектептердің жалпы саны және оқушылардың саны мемлекет бойынша тез өсті. 40-соңында жалпы міндетті жеті жылдық оқытуға ауысу жүзеге асырылды. Онда политехникалық оқытуға үлкен рөл берілді. Оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды терең өзгерістер болды. 50-жылдардың соңында мектепте білім берудің мазмұны өзгертуі жылдарын іздестіру басталды.Соғыс жылдарында естімейтіндерге арналған екі есе қысқартылды. Егер 1941 жылы мектепте31428 оқушысы бар 271 мектеп болса, 1945 жылдың 1 қыркүйегінде тек 11700 оқушы естімейтіндерді жалпы міндетті оқыту міндетін шешу үшін арнайы мектептерді қалпына келтіруде және осы мектептерде оқыту , тәрбиелеу әрекеттерін қалпына келтіруде үлкен комплекстік жұмыстарды орындау қажет болды.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін демобилизделген маман – дефектологтар , ғалым сурдопедагогтар өз іс-әрекеттеріне үлкен қарқындылықпен кірісті.

2.1950 жылдан 1960 жылға дейінгі уақыттарда еститін балаларға арналған мектептерде сапалы өзгерістер болды. Олардың жүйесінде тағы да бір бөлім – 10 және 12 жылдық оқыту мектебі пайда болды. Естімейтін балалар орта мектеп толық емес көлемде білім алуға мүмкіндіктері болды. 50 жылдары естімеушілікпен күресу бойынша және естімейтіндерге қажет көрсетуді жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асты. Бұл шаралар профилактиканың және құлақ ауруларын уақытында емдеудің көмегімен естімеушілікті шешуге ғалым - сурдопедагогтар және мұғалімдердің ұжымдық қатысу формасы пайда болды.

Дәріс №5. Есту кемістігі бар балаларға білім беруде ХХ ғасырдың соңындағы қазіргі уақыттағы ғылыми көзқарас.

Жоспары:

1.Естімейтіндер және қазіргі қоғам.

2.Биологиялық медициналық концепция аймағындағы ғылыми әдістемелік ізденістердің негізгі бағыттары.

3.Кереңдерді оқытудың билингвистикалық жүйесі.

1.ІІ –ші дүние жүзілік соғыстан кейін оталарингология зерттеулері, электроакустика жіне электроника жағынан техникалық прогресстің дамуына байланысты. ХХ ғ. Ортасында кереңдер мен сөйлеу кемістіктерінің классификациясы анықтала бастады. Кереңдерге диференцирленген түрде келе бастады. «Керең» термині енді , мақты және мағыналық жағынан дұрыс қолданыла бастады. Мысалы Белгияда естуі нашар балаларды 3 топта дифференцирлеген.

  • Мылқаулар - 90 децибилге дейін естімейтіндер

  • Жартылай естімейтіндер – 60 тан 90 децибилге дейін естімейтіндер

  • Нашар еститіндер – 30 дан 60 децибилге дейін нашар еститіндер.

Данияда балаларды нашар еститіндр және естімейтіндер деп классификациялайды.Бұл екі топтағы балалар екі түрлі мектепте оқытылады. Нашар еститін балалар жалпы мектепте, қосымша педагогикалық көмек алып отырады.

Англияда керең балалар деп мүлдем естімейтіндерді жатқызады. Ал нашар еститіндерге сақталған сөйлеу тілі бар балаларды жатқызады. Ирландия мен Шотландияда естімейтін балаларды децибилмен анықтайды.

Керең балалар 5-тен 7 жастан мектепке алынады, мектеп аяқталуы 7 –ден 11 жасқа дейін созылады.

Батыс Европада керең балаларда болатын өзгерістерді жеткізіп отырады. Мысалы, Данияда 16 жасқа дейін керең балалрдың жағдайы туралы дәрігерлер , мектеп басшылығы Орталық советке жеткізіп отырады.

Данияда керең және нашар еститін балаларды ата-аналар мемлекеті және кереңдер мектебінің мұғалімдері дайындаған бағдарлама бойынша оқытады. Арнайы мұғалімдер отбасында тәрбиеленетін баланы аптасына бір рет келіп тексеріп кетеді. Ата –аналар мектептен сурдопедагогикалық консультация алып кетеді. Және министрлік дайындаған арнайы кітап шараларын иемденеді. Ата-аналарға оқыту және тәрбиелеу мақсатында конференциялар ұйымдастырылады.

2. Соңғы кездері кереңдер мектебі спорт үйірмелеріне көп көңіл бөледі. Белгияда жыл сайын футбол, баскетболдан, волейболдан, тенистан және т.б. спорт ойындарынан жарыс өтіледі. Керең балалар оларға ұйымдастырылған Олимпиядалық ойындарға қатысады. Бұл балаларда мамандық оқуы 3 жылдан 6 жылға дейін созылады. Керең балалар кейде дұрыс дамудағы балалармен оқытылады. Мұндай жағдай мысалы, Партугалияда болады. Көптеген мемлекеттерде , мысалы Швецарияда , мамандық оқуы әр түрлі топтарда жүргізіледі. Өздерінің оқуларын бітірген соң олардың білімдерін тексереді.

Батыс Европада мамандық дайындайтын арнайы кереңдер мектебі бар.

Батыс Европаның он екі мемлекетіндедефектологияға арналған кітаптар шығарылады.

Сонымен қатар кереңдерге арналған журналдар шығарылады.

Кейбір жағдайларға келетін болсақ , физикалық жетіспеушілігі бар адамдарға көмек көрстіледі. Мысалы : Партугалияда кереңдер мектебі оқушыларға жалпы тегін.

Батыс Европаның әрбір мектебінде қайырымдылық қорлары бар.

Халықаралық конгресстің негізгі мақсаты кереңдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін ұсыну.

Сурдопедагогиканың дамуына 1925 жылы өткен Лондон конгресс өз әсерін тигізеді. Бұл конгресстің негізгі сұрағы кереңдердің әлеуметтік ортадағы орны.

1925 жылдан кейін сурдопедагогтардың халықаралық кездесуі өтілмеді. Бірақ 1950 жылдары Гронингене қаласындағы (Голландия) 22 мемлекеттен сурдопедагогтар мен зерттеушілер шақырылды. Көптеген Батыс Европа және американың баяндамаларында керең балаларды оқыту мен тәрбиелеу толығымен мемлекетке қарамай , қайырымдылық қорларының арқасында өмір сүріп келеді.

1950 жылдары техника жетістіктері мен оталорингология ғылымының дамуына байланысты БҰҰ –да Дүниежүзілік кереңдер федерациясы (ДЖКФ) құрылды . Оның құрамына кереңдердің қоғамда әлеуметтік теңдік жағдайын қамтамасыз ету , 1975 жылы ДЖКФ 56 ұлттық ұйымдарды өзіне қосты.

Әрбір төрт жыл сайын ДЖКФ конгресс өткізіп отырады. 1977 жылға дейін мұндай конгресс 7 рет өткізілді: Римде (1951), Загребте(1955), Висбаденге (1959), Стокгольмда(1963) ,Варшавада(1967), Парижде(1971), Вашингтонда (1976).

Бұл конгресстерде медико-аудиологиялық , психолого-педагогикалық , әлеуметтік және мәдени мәселелер қаралады.

ХХ ғасыр ортасында ерте жастағы керең балалардың отбасының оқытуымен тәрбиеленуәне көп көңіл бөлінді. Ерекше көғілді керең балаларды тексеретін құралдарға бөлді. 50 жылдары Батыс Европа елдерінде жалпы білім беру процесі аузша жүйемен өткізілді.

Батыс Европа мен АҚШ-та осы жылдары дүниежүзілік сурдопедагогикалық конгресс өткізілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]