Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бос уақыт атенова кейс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.27 Кб
Скачать

5. Кейс. (12 б)

Еңбек әрекетінің әр түрлерін байланыстыратын ортақ қызмет көрсету – бұл дербес тұрғанда заттық нысанға ие болмайтын өндірістегі экономикалық салауаттылық. Бұдан туатын қорытынды – қызмет көрсету нарығы өзге нарық түрлеріне қарағанда мүлдем өзгеше. Мұндай ерекшеліктің екі түрлі себебі бар: біріншіден қызмет көрсету іс-әрекет жүзеге асырылмай тұрғанда ешқандай ұғымдық мәнге ие бола алмайды, мұндай өнім қызмет көрсету үрдісінің үстінде пайда болады; екіншіден қызмет көрсету туралы ұғым көптеген жағдайда тұтынушы толық бағалай алмайтын арнаулы білім мен шеберлікті қажет етеді. Сан алуандығына қарамастан қызмет көрсету түрлерінің барлығы ортақ төрт түрлі арнаулы ерекшеліктерден тұрады. Бұл негізінен қонақжайлылық индустриясы қызметінде көрінетін қонақ үй қызметіне тән. Жалпы және қонақ үй қызметі негізінен тауардан мейлінше ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктің мәнін түсіну қызмет сапасының объективті көрсеткіштерін табуда аса маңызды рөлге ие, сонымен қатар қызметті өрістету жүйесін тиімді түрде қалыптастыру үшін қажет.

Қонақ үй қызметінің ерекшелігі қонақтарға қызмет көрсету технологиясы мен ерекшеліктерін айқындайды. Қонақ үй қызметіндегі технологиялық үрдіс төмендегідей міндеттерді көздейді:

  • қонақ үйге кірген кездегі қонақтың қарсы алынуы;

  • қонақты тіркеу, құжаттарын рәсімдеу және орналастыру;

  • нөмірдегі қызмет көрсету;

  • тамақтандыру қызметін ұсыну;

  • мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, спорттық, сауықтыру және фитнес-қызметтерін көрсету;

  • кіруді рәсімдеу және кету кезіндегі шығарып салу.

Барлық аталған элементтер қонаққа ешқандай материалдық немесе шынайы сезілетіндей, байқалатындай нәтиже бермейді, алайда осы аталғандар ғана қанағаттану сезімін тудыра алады, болмаса орынсыз жұмсалған ақша мен уақыттың өкініші сезімін қалдырады.

Бұл жердегі қызмет көрсетудің орны мен рөліне талдау жасаңыз?

Қызмет көрсету нарығы өзге нарық түрлеріне қарағанда ерекше, атап көрсетіңіз?

Қонақ үй қызметінің ерекшелігі?Қонаққа көрінбейтін, сезілетін қызметтердің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз?

Лектор Атенова А.М.

Ф.8.06-12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА және ҚАРЖЫ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС» КАФЕДРАСЫ

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ____

«Туризмдегі бос уақытты ұйымдастыру индустриясы» пәні

1. Интелектуалдық танымдық бағдарламаларды ұйымдастыру әдісі. (6 б)

2. Ойындық жарыстарды өткізудің формалары мен әдістемесі. (6 б)

3. Ойынның әлеуметтік тәрбиелік маңызы.(8 б)

4. Ойын-сауық бағдарламаларында шығармашылық қиялдың болуы.(8 б)

5. Кейс. (12 б)

Қонақ үй қызметіндегі маңызды ерекшелік – ондағы сақтау және жинақтау әрекеттерінің болмауында. Сондай-ақ тапсырыс және қонақ қабылдаудағы нөмірлік қордың табиғи қалпын өсіру мүмкіндігін көрсете алмайды, себебі қонақ орналастырылған нөмірлер мен орындар объективті түрде орынды жоғалтуға алып келеді. Е.А.Джанджугазова қонақ үй қызметі дегенді «қонақ пен қонақ үй қызметкерінің ұйымдастырылған өзара әрекеті, ол қонаққа үздіксіз қызмет көрсету барысында туындайды» деп түсінеді. Орналастыру құралдары қызметі ҚР СТ 1141-2002 ҚР МЖСТ сәйкес – «бұл туристерді орналастырудағы және арнаулы қонақ үй қызметін (емдеу-сауықтыру, санаториялық, спорттық, туристік және т.б.) көрсетудегі орындаушының іс-әрекеті-деп көрсетілген. Сіздің пікіріңіз?

Сұрақ?

  1. Қонақ үй қызметіндегі маңызды ерекшелікке толықтай сипаттама беріңіз?

  2. Нөмірдегі қызмет көрсетілу ерекшелігі?

  3. Қонақ үйдегі бос уақытты ұйымдастыру ерекшелігіне сипаттама беріңіз?

Лектор Атенова А.М.

Ф.8.06-12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА және ҚАРЖЫ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС» КАФЕДРАСЫ

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ____

«Туризмдегі бос уақытты ұйымдастыру индустриясы» пәні

1. Ойын-сауық бағдарламаларын жүргізушісінің кәсіби және жеке біліктілігі.

(6 б)

2. Музыкалы кештерді жүргізу әдісі.(6 б)

3.Сауықтыру бағыттарының негізгі зерттеуі.(8 б)

4. Ұйымдар бойынша класификациясы.(8 б)