Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoi_2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.81 Mб
Скачать

Сурет 2 - Қабықшалы абсорбер

Тағы да бір беттік аппараттың ұйымдасқан қабыршақты ағын түрі – құбырлы абсорбер. Құрылымы бойынша тік қаптама құбырлы жылу алмастырғышқа ұқсас. Абсорбент жоғары құбыр торына беріліп, құбырларға таралады да, олардың ішкі бетімен жұқа қабықша күйінде төмен қарай ағады газ құбырлармен төменнен жоғары қарай қабықша бағытына қарсы өтеді. Құбырлар арасындағы кеңістік бойынша суытатын су немесе басқа сұйық өтеді.

Барботажды абсорберлер. Бұл абсорберлер тік колонналы ішіне бір-бірінен белгілі қашықтықта орналасқан көлденең бөгеттер – табақшалардан құралған болады. Табақшалар жәрдемімен фазалардың бағытты қозғалысы нәтижесінде сұйық пен газ көп рет жанасады.

Сұйықтың табақшадан табақшаға құйылу түріне байланысты: құйылу құрылғысы бар және құйылу құрылғысы жоқ болып бөлінеді.

Құйылу құрылғысы бар табақшалы колонналарда сұйық бір табақшадан екінші табақшаға құйылу құбыр немесе арнаулы құрылғы арқылы құйылады.

Құйылу құрылғысы жоқ табақшалардың құйылатын құрылғысы болмағандықтан құрылымы қарапайым. Бұл тесіктен газ да, сұйық та өтеді. Сұйықтың тесіктен құлап ағуына байланысты мұндай табақшаларды құлап ағатын деп атайды.

Абсорбердің мұндай түрлеріне фазалар шашыратып берілген сұйықтың

өте майда тамшылар бетінде жанасады. Бұл абсорберлер негізінен тік колонналы болады. Сұйық жоғарыдан шашыратылады да, ал төменнен жоғары қарай газ беріледі. Мұндай абсорберлер көбінесе жақсы еритін газдар үшін қолданылады.

Сұйықтарды шашырату үшін механикалық, пневматикалық және ортадан тепкіш шашыратқыштар қолданылады.

Артықша қысымы 2 – 200 атм. механикалық шашыратқыштар арқылы өте майда тамшылар алуға болады. Бірақ олар тез бітеліп қалады, сондықтан суспензия, ластанған және тұтқыр сұйықтарға жарамайды.

Пневматикалық шашыратқыштар артықша қысым 5 атм. дейін сығылған ауа немесе бу әсерімен жұмыс істейді.

Ортадан тепкіш шашыратқыштар өте үлкен жылдамдықта айналатын (минутына 4000 – 20000 рет) турбина немесе тегеріштен құралған болады. Тегеріштер суспензия және ластанған сұйықтарды шашыратуға қолданылады. Артықшылығы: құрылымы қарапайым; гидравликалық кедергісі төмен; тазалау және жөндеу оңай; ластанған газдармен жұмыс істеуі оңай. Кемшіліктері: тиімділігі төмен, сұйықты шашырату үшін едәуір энергия шығындалады; газбен сұйықтың ілесіп кетуіне байланысты газдың жылдамдығы шектелген; сұйық мөлшері көп.

Химиялық өндірісте абсорбция процесінің схемалары мынандай түрлерге бөлеміз: компонент қозғалысының бағыты бойынша бір бағытты және екі бағытты; әрекет сатысы бойынша бір сатылы қайта айналымды және көп сатылы қайта айналымды.

Бір бағытты тәсімде газ ағыны мен абсорбент компоненттерінің өзара қозғалысы бір-біріне паралель (6 – сурет). Заттардан бөлінген жоғарғы концентрациялы газ сол заттың төмен концентрациялы сұйықпен әрекет жасаса, ал төмен концентрациялы газ аппараттан шыққан жоғарғы концентрациялы сұйықпен өзара әрекеттеседі. Бұл мына суретте көрсетілген:

а) ағын қозғалысының тәсімі; б) жұмыс сызығы мен тепе-теңдік сызығының келісімді орналасуы; G′г, G′с – газ және сұйық фазасының мольдік үлесі; Үб,Үс – газ фазасындағы сіңірілетін компоненттің мольдік үлестері; Хб, Хс – сұйық фазадағы сол компоненттің бастапқы және соңғы мольдік үлестері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]