Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

20.Топырақтың көлемдік салмағы неге байланысты өзгереді және оны анықтау

Егіншілікте топырақтың физикалық жағдайын анықтайтын басты көрсеткіш, оның көлемдік массасы немесе тығыздығы болып саналады. Топырақтың көлемдік массасы деп, табиғи жағдайда құрылымы бұзылмаған абсолютті құрғақ бір текше метр топырақтың граммен алынған салмағын айтады.Далалық жағдайда әртүрлі топырақтардың көлемдік массалары бір-бірімен өзгеше бір текше сантиметрде 0,8-ден 1,6 грамм арасында болады.Алайда оның қолайлы көрсеткіші жыртылатын жер қабаты үшін бір текше сантиметрде - 0,8 грамнан ( қарашірігі аз, түйіршіксіз, механикалық құрамы орта, жеңіл топырақтарда) 1,4 грамға дейінгі ( қарашірігі аз, түйіршіксіз, механикалық құрамы орта, жеңіл топырақтарда) аралықта болады.Топырақ көлемінің массасын анықтау методикасы басқа да физикалық қасиеттермен салыстырғанда онша күрделі емес. Сондықтан да бұл көрсеткіш топырақтың тығыздығы мен бостығының дәрежесін бағалау үшін кеңінен қолданылады.Алайда, көлемдік масса – бір мағыналы көрсеткіш емес, ол тек топырақтың орналасуын ( бөлшектер мен кесектердің өзара орналасуы) ғана емес, сол сияқты оның қатты кезеңіне де байланысты. Көлемдік масса топырақ қуысының – жалпы қуыс көлемі мен оның жіктелуінің санды және сапалы жағын көрсетеді.Алайда олардың өсімдіктің өнімділігі үшін шешуші маңызы бар.

21.Жалпы қуыстылық деген не және оны анықтау

Топырақтың жыртылатын қабатының құрылымы ең маңызды бөлігі екені белгілі. Ал оның негізгі көрсеткіші капиллярлы және капиллярсыз топырақтағы кеуек қуыстылықтардың арақтынасы болып табылады. Капиллярлық қуыстар топырақ түйіршіктердің (агрегатының) ішінде капиллярсыз қуыстықтар топырақ түйіршіктерінің аралықтарында орналасқан. Топырақтары кеуек қуыстардың жалпы саны мен капиллярлы және кипиллярсыз кеуектілінің арақатасы өңделген топырақ құрылымының көрсеткіші болып саналады.

Капиллярсыз топырақ кеуектілігінің саны топырақтың ылғал өткізгіштігін, газ алмасуын (аэрациясын) және диффузиялы конвенция арқылы ылғалдың жойылуын анықтаса, капиллярлы топырақ кеуектілігің саны оның ылғал сыйымдылығым көрсетеді. Жерді өңдеудегі басты мақсаттың бірі – топырақтың жыртылатың қабатының құрылымын реттеп жөнге келтіру. Ылғалы жеткілікті, мол және артық аймақтарда, топырақты аэрациямен қамтамасыз ету оның су мен ауа режиміне ең қолайлы жағдай туғызады.

22.Топырақтың тығыздығын реттеу агрономиялық шаралар

Топырақ тығыздығы деп табиғи жағдайдағы 1 см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасын айтады. Су және ауа режимдері топырақ тығыздығына байланысты.Топырақтың жыртылған қабатының тығыздығы 0,6 – ден 1,5 г/см³ аралығында өзгереді, оған себеп болатын топырақтың қасиеті мен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы. Құмдақ топырақтың бұл көрсеткіші 1,82 г/см³ болса, нығыз қара топырықты жердің көрсеткіші -1 г/см³. Топырақты өндеген кезде оған органиқалық тыңайтқыштар енгізілсе, оның тығыздығы кемиді. Топырақ қасиетеріне, өсімдіктің өсіп жетілуіне тығыздық жан- жақты әсер етеді. Су тәртібіне, ауа айналымына және биологиялық белсенділігіне топырақтың аса тығыз болуы тым қолайсыз. Өйткені, топырақ неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым өсімдіктерге жайсыз тиеді. Топырақ тығыздығы 0,1 г/см³ артса, өсімдік пайдаланбайтын ылғал мөлшері 10 процент кобейеді. Егер топырақ тығыздығы 1,45 г/см³ асатын болса, онда қолайла газ алмасу жағдайы бұзылады. Топырақ тығыздығы шамадан тыс болса, себілген тұқымының далалық шығымы төмендейді, өсімдік тамырларының топырақ қабатында терең бойлауы мен оның жан-жақа жайылу көлемі кемиді. Тығыздық 1,4 - 1,55 г/см³ шамасына жеткен кезде –ақ тамыр жиелерінің өсуі тежеле бастайды, ал 1,6 г/см³ асатын болса, онда мүлдем өспейді. Осының бәрі дақылдардын биологиалық өнімділігін және өнімін төмендетеді.

Өте тығыз, біртұтас топырақ. Мұндай топырақ сортаң және карбонатты жерлерде кездеседі. Ауа мен суды өткізбейді, механикалық құрамы ауыр әрі өзі құрғақ болады. Агрономиялық тұрғыдан бұл топырақ жыртуға жарамайды.

Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан төмен орналасқан. Сортаңдау және механикалық құрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мұндай топырақты ауылшаруашылығына пайдалануға болады.

Бос жылжымалы топырақ құмдақ және құмды жерлерде болады. Ауыл шаруашылығына пайдалану үшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды қажет етеді.