Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

17. Топырақ тығыздығының өсімдіктің өсіп дамуына манызы

Топырақтың тығыздылығы дегеніміз-табиғи құрылымы бұзылмаған құрғақ топырақтың бір текше көлемінің салмағы.Оны г/см³-мен өлшейді.Өсімдіктердің өніп –өсуіне қолайлы топырақ тығыздылығы 1,0-1,2 г/см³.Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырағының қарашірінді қабатының тығыздылығы 1,0-1,1 г/см³ болып келеді.Ал карашірінді аз, механикалық құрамы құмдақ нағыз қара-қоңыр топырақтың үстіңгі қабатының тығыздылығы 1,30-1,35 г/см³ болады.Топырақтың қатты бөлігінің тығыздылығы -4°С температурада топырақтың қатты бөлігінің бір текше көлемінің салмағының осындай көлемдегі судың салмағына қатынасы.Яғни, топырақтың тек қатты бөлігінің көлемдік салмағы.Көптеген топырақтардың қатты бөлігінің тығыздылығы 2,4-2,65 г/см³ болып келеді.Оның мөлшері топырақ құрамында органикалық қосылыстар, қарашірінді мол болса кеми түседі, ал ол аз болса ұлғая түседі.

18.Өте борпылдақ және тығыз топырақтың дұрыс және теріс қасиеттері

Жыртылатын әсіресе,егін себетін қабаттың тығыздылығы шамадан тыс борпылдақ болып келсе, оны катоктау арқылы реттеуге тура келеді. Мұнда тәжірибе мен практика арқылы реттеуге тура келеді. Мұнда тәжірибе мен практика көрсеткеніндей сортаң емес қара топырақ пен қара қоңыр топырақтарда егін себілгеннен кейін, немесе себу алдында тұқымдардың топырақ ылғалымен түйісуін жақсарту үшін катоктарды қолдану үлкен тиімді. Балшықталынатын сортаңдау және қара топырақтарда, қуаңдалалылық және құрылымсыз шымды-күлгін топырақтарда себілетін тұқымдарға нығыздалынған орын дайындау және шүмекке тіреу жасау мақсатында катоктауды себу алдында жүргізген тиімді.Біраз жағдайда қолайлы тығыздылық пен топырақ құрамына жету үшін табиғат күші мен уақыт факторын пайдаланады.Мысалы қара топырақты емес аймақтағы екпе парда топырақтың тығыздығы мен құрамының қолайлы жағдайына жету үшін, табиғи жауын-шашынның және жер астындағы судың өз күшімен жылжуының ықпалынан топырақтың отырыс беруін пайдаланып, терең жыртуды күздік бидайды сепкенге дейін 20-25 күн бұрын жасайды.Осындай мақсатпен күзгі, қысқы, көктемгі уақыттардағы жауын-шашындарды, қар суын және топырақтағы судың өз күшімен жылжуын пайдалана отырып, тұқым себу алдында топырақ тығыздылығы мен оның құрамын қолайлы жағдайға жеткізу мақсатында көптеген ауыл шаруашылық аймақтарда жазғы дақылдардың егісіне негізгі терең өңдеуді көктемде емес, күзде жүргізеді.

19.Топырақтың оңтайлы және тепе-тендікті тығыздығы

Механикалық, химиялық құрамдары, қарашіріктері, құрылымы бойынша ұқсас топырақтар үшін, ауа райының әр түрлі жағдайында, тығыздылықтың қолайлы мөлшері әр түрлі болады: дәнді дақылдар үшін, ылғалы мол жағдайда бір текше сантиметрде 1,0-1,2 грамға, ал құрғақшылық жағдайында 1,2-1,3 г тығыздықта болады. Ылғалды және құрғақшылық жылдары топырақтың бір түрінің өзінің қолайлы тығыздылығы жоғарыдағы көрсетілген жағдайға ұқсас әр түрлі болып келеді.

Кез-келген жағдайда, қолайлы тығыздылық, әр қабаттары (тереңдігі) үшін әр түрлі.Ылғалдың топырақ бетінен буланып ұшып кетпеуінен қорғайтын және себілген тұқым қатарын жабатын, 4-5 см дейінгі үстіңгі жабынды (мульча) қабатының тығыздығы ең аз болуға тиісті. Тығыздығы ең көбі себу қабаты болады. Өйткені ол көптеген дақылдардың тұқымы үшін тегіс, нығыздылған алаң, сеялканың шүмегін тіреу, жыртылған жердің астыңғы қабатынан ылғалдың диффузиялық жолмен, бу күйінде ылғалдың ұшып кетпеуіне кедергі жасайтын шымылдық болып табылады. Жыртылған жердің астындағы қабаттың тығыздығы жыртылған жердің қабатынан жоғары болады.Мәселен, зерттеуші В.Ф.Трушин былай деп атап көрсетті, дәнді дақылдар үшін ең қолайлысы – себу қабатының орта тығыздығы бір текше сантиметрде 1,05 г болса, одан төмен 12 см тереңдікке дейін -0,05-1,20 г және 12- см- ден төмен тереңдікте - 1,24 г болып табылады.Ал отамалы дақылдар – картоп, жүгері және т.б топырақтың қолайлы орта тығыздығы, дәнді дақылдарға қарағанда әдетте 0,1 0,2 г/см³ төмен.Көпжылдық шөптер, тары,зығыр дақылдары тығыздығы жоғары, жақсы отыратын топырақты қажет етеді.