Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

15.Топырақ тығыздығы және оны анықтау

Топырақ тығыздығы негізгі физикалық қасиеттерге жатады Ол топырақ бөлшектерінің өзара орналасуын сипаттайды Онымен механикалық өңдеудің жағдайы және сулы ауалы, топырақтың микробиологиялық және қоректік режимдер нақтылы байланысты.

Тығыз топырақ ағып келген ылғалды нашар немесе мүлде сіңірмейді. Сонымен қатар жерлерде су эрозиясының пайда болуына әкеліп соғатын беткі ағын пайда болады. Өте тығыз топырақ өңдегенде көп тартқышты күштерді талап етеді Өсімдіктер тамыр жүйесін құру үшін механикалық қарсылыққа жетуге көп күш шығару керек. Шамадан тыс тығыздалған топырақтарда өсімдіктер үшін жетпейтін ылғал мөлшері азаяды атмосфера мен топырақ арасындағы ауа алмасу процестер жанарлайды.

Артық борпылдақ топырақтың су өткізгіштігі жоғары болғандықтан, құрғақ климатты жағдайда конвекциялы-диффузды жолмен ылғалды қарқынды жоғалтады. Ондай топырақтарға тұқым сепкенде, әсіресе ұсақ тұқымды дақылда тереңдікке біркелкі орналаспайды, топырақ бөлшектерімек байланысты жоғалтады, сонымен қатар өнуі тоқтайды, өскіндер: сирек болады. Борпылдақ топырақ отырғанда егістердін астындағы өсімдіктердің тамыр жүйелері деформацияға ұшырайды, түптену түйіні ашылып қалады. Артық борпылдак топырақ қарашіріктің қарқынды минерализацияға ұшырауына әсер етеді. Сондықтан топырақ тығыздатылғаның көлемі көбінесе оның қалай өңделгендегі туралы айтады.

Топырақ тығыздығын бағалау үшін үш көрсеткіш қолданылады: көлемдік салмақ, салмақтық көлем және қуытышық.

Топырақтың көлемдік салмағы —күйіндегі мүлдем топырақтың бірліктік көлемінің салмағы.

Топырақтың салмақтық көлемі - өзгермеген түрі топырақтың жалпы көлемі мен оның салмағын салыстырмасымен анықталады. Бұл көрсеткіш көлемдік салмаққа теріс көрсеткіш болады.

Қуыстылық - топырақтың қатты фазалы бөлшектеі арасындағы қосымша аралық көлемі.

Топырақтың тығыздығы көбінесе көлемдік салмақта сипатталады, оны анықтау үшін қолданылатын қажетті әдістер; аспаптар өте қарапайым. Ол топырақ агрегаттарының көлемі олардың өзара орналасуына, механикалық құрамына, қарай мөлшеріне, ылғалдылық күйіне т.б. байланысты болады. құрылымданған топырақтар құрылымсыз топырақта қарағанда ылғи борпылдақ немесе көлемдік салмағы болады. Жеңіл топырақтардың тығыздығы көбін механикалық құрамы ауыр топырақтарға қарағанда жол болады, өйткені сонғылары ылғи құрылымдылау бола топырақта органикалық заттар көп болған сайын оның көлем салмағы да төмендеу болады.

Минералды топырақтар; жыртылатын қабатында ол 1,0-1,4г/см3, батпақтыларда — 0,5г/см3 болады.

16. Топырақ тығыздығы және сипатталатын көрсеткіштігі

Топырақ тығыздығы деп табиғи жағдайдағы 1см³ құрғақ топырақтың грамм есебімен алынған массасын айтады.Су және ауа режимдері топырақ тығыздығына байланысты.Топырақтың жыртылған қабатының тығыздығы 0,5-тен 1,5г/см³ аралығында өзгереді,оған себеп болатын топырақтың қасиеті мен ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы.Құмдақ топырақтың бұл көрсеткіші 1,82 г/см³ болса,нағыз қара топырақты жердің көрсеткіші – 1г/см³.Топырақты өңдеген кезде оған органикалық тыңайтқыштар енгізілсе,оның тығыздығы кемиді.Топырақ қасиеттеріне,өсімдіктің өсіп жетілуіне тығыздық жан-жақты әсер етеді.Су тәртібіне,ауа айналымына және биологиялық белсенділігіне топырақтың аса тығыз болуы тым қолайсыз.Өйткені, топырақ неғұрлым құрғақ болса,соғұрлым өсімдіктерге жайсыз тиеді.Топырақ тығыздығы 0,1г/см³ артса,өсімдік пайдаланбайтын ылғал мөлшері 10 процент көбейеді.Егер топырақ тығыздығы 1,45 г/см³ асатын болса,онда қолайлы газ алмасу жағдайы бұзылады.Топырақ тығыздығы шамадан тыс болса,себілген тұқымының далалық шығымы төмендейді,өсімдік тамырларының топырақ қабатында терең бойлауы мен оның жан-жаққа жайылу көлемі кемиді.Тығыздық 1,4-1,55 г/см³ шамасына жеткен кезде –ақ тамыр жүйелерінің өсуі тежеле бастайды,ал 1,6 г/см³ асатын болса, онда мүлдем өспейді.Осының бәрі дақылдардың биологиялық өнімділігін және өнімін төмендетеді.Шамадан тыс қопсытылған топырақ құрылысы да өсімдікке қолайсыз келеді.Топырақ қабатының ең қолайлы тығыздығы –белгілі бір өсімдіктерге есептегенде 1-1,3 г/см³ болып саналады.Қолайлы тығыздық топырақтың әр қабаты үшін оның 4-5 см дейінгі қыртысының тығыздығы мейлінше кем болғаны орынды.Отамалы дақылдар ( картоп,жүгері т.б) үшін топырақтың орташа тығыздығы,дәнді дақылдарға қарағанда әдетте 0,1-0,2 г/см³ төмен болады.Көпжылдық шөптер,тары,зығыр дақылдары тығыздығы жоғары топырақты қажет етеді.