Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

12.Топырақтың құрылымын қайта құру шаралары

Табиғатта топырақтың құралуы күрделі жағдайда жүреді. Сондықтан торырақтың құралуын, оның даму кезеңдерін шартты нұсқа (модель) түрінде қарап пайымдауға болады. Топырақтың құралу процесінде келесідей басты буындар бар деп есептелінеді:1.Тау жыныстарының минералдарының, кейіннен топырақ минералдарының өзгерістерге ұшырауы; 2.Топырақта органикалық заттардың шоғырлануы және олардың өзгерістерге ұшырауы; 3.Топырақтағы минералды және органикалық заттардың әрекеттесіп күрделі органикалық – минералды қосылыстар түзуі; 4.Топырақтың үстіңгі қабатында біршама қоректік заттар мөлшерінің шоғырланып жиналуы; 5.Топырақ құралуы кезінде пайда болған заттардың ылғалдың әсерімен оның тік бойында және үстіңгі бетінде жылжуы.Аталып өткен топырақ құралу процесінің негізгі буындарының жүру қарқыны топырақтың пайда болуы, дамуы кезінде әр түрлі болып келеді.

13.Дефляциялы процестердегі құрылымның рөлі

Жел эрозиясы (дефляция) дегеніміз топырақтың жел әсерінен бұзылып,ыдырап,шаң болып ұшып,бүлінуі.Топырақтың жел эрозиясына шалдығуының басты себебі-мерзімді түрде қайталанып отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты желдің жиі соғуы.Сонымен бірге жер бедерінің жазық,тегіс болып,орманды алқаптардың сирек кездесуі жел әсерінің топыраққа ықпалын арттыра түседі.Әсіресе гранулометриялық құрамы жеңіл(құм,құмдақ,жеңіл саздақ)қарашіріндісі аз,біріккіштігі шамалы,үстіңгі қабатында карбонаты бпһар топырақтар жел эрозиясына тез шалдығады.Топырақтың жел эрозиясы екі түрге бөлінеді.Олар:1)шаңды боран (қара дауыл )2)күнделікті(жергілікті )

Шаңды боран желдің шапшаңдығы 10-20 м/сек дәрежеге жеткенде байқалып үлкен ауданды қамтиды.Зияны көп болады.Жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтар желдің шапшаңдығы 6м/сек болсада эрозияға ұшырайды.Павлодар облысында 1962 жылы жел эрозиясы 628,6 мың, ал1963 жылы- 1млн,68мың гектар алқапты қамтыды.Күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды.Топырақ бетінде майда бөлшектерден құралған сырғыма шаңды боран байқалады.Шаңның ауаға көтерілуі адам бойының биіктігінен аспайды.Осы эрозияға әсіресе қыраттар,жел өтіндегі беткейлер жиі шалдығады.Ұшқан шаң,топырақ бөлшектері көктепкеле жатқан әлсіз өсімдіктерге залалын тигізеді(жапырақтарды тесіп,шеттерін жұлып,немесе түгелімен қиып түсіреді).Осы эрозияға шалдыққан топырақта құм бөлшектер молайып,майда пайдалы бөлшектер кемиді.Топырақ біртіндеп,жылдан жылға өз құнарын төмендете береді.

14.Топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау әдістері

Топырақтың экологиялық жағдайын бағалап, зерттеп оны эрозияға ұшырауын картаға түсіру үшін оның жел және су эрозиясына шалдығу дәрежесін анықтайды.Қазақстанның белгілі топырақтанушы ғалымдары Р.Жанпейсов (1977), М.Е.Белгібаев (1982) топырақтың жел эрозиясына шалдығу дәрежесін көрсететін диагностикалық белгілерді анықтап құрастырды және ол ТМД мемлекеттерінде мақұлданып, қолданылып келеді.Топырақтың қарашірінділі қабаты А қабаты ¼ дейін (<=25) бүлінсе бұл топырақ жел эрозиясына сәл шалдыққан.Егер осы қабаттың ¼ нен ½ дейіні (25-50%)бұзылған болса бұл топырақ жел эрозиясына орташа дәрежеде шалдыққан.Ал А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелдей жойылса бұл топырақтың жел эрозиясына ұшырау дәрежесі жоғары,ал топырақтың жойылуы оның В қабатында да байқалса, онда бұл топырақ жел эрозиясына өте жоғары шалдыққан болып есептеледі.Жел эрозиясына сәл шалдыққан егістік алқапта өсімдіктердің 20%-на дейн жойылған,орташа шалдыққан алқапта өсімктердің 20-50%-ы,ал жоғары дәрежеде шалдыққан алқапта өсімдіктердің 50%-нан астамы жойылған болып келеді.Топырақтың су эрозиясына шалдығу дәрежесі В.В.Докучаев атындағы Ресейдің топырақтану институты қалыптастырған (1977)классификация бойынша су әсерінен сәл шайылған,орташа және жоғары дәрежеде шайылған болып бөлінеді.Нағыз,кәдімгі және оңтүстік қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтардың өңделу қабаты 20-см-ден кем емес,ал қарашірінді қабатының қуаты 50см-ге дейін болып келгенде олардың су эрозиясына шалдығу дәрежесі келесідей белгілермен анықталады.Сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі (А+Вı)қабаттың алғашқы мөлшерінен 30%-на дейінгі мөлшері шайылып жойылған,өңдеуге Вı қабатының біраз бөлігі іліккен.Өңделіп, жыртылмаған тың жердің қара және қара-қоңыр топырақтарының су эрозиясына шалдығу дәрежесінің диагностикалық белгілері келесідей;-сумен сәл шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан азы шайылып бұзылған; -сумен орташа дәрежеде шайылған топырақта қарашірінділі А қабатының жартысынан көбі немесе ол түгелімен шайылып,жойылған;-сумен жоғары дәрежеде шайылған топырақта Вı қабатының бір бөлігі немесе осы қабат түгелімен сумен шайылып жойылған болып келеді.