Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

111 Топырақтың жылу режимі

Жылу — өсімдік тіршілігіне қажетті бес фактордыц бірі. Өсім-діктердің жер үстіндегі бөлігі мен тамырлары үшін температураны анықтауды қажет етеді. Температура темендегенде тамырлар жүйесі, ал артқанда өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі жаксы дамиды. Тамырлардьщ белсенділігі және тіршілік әрекеті топырақтың тем-пературасына байланысты. П. С. Коссовичтің дерегі бойынша, 6— 8° температурада өсірілген сұлынын тамыр массасы, өсімдіктін, жалпы массасыньщ 21 процентіндей, ал оны 12—17° өсіргенде, оның тамыр массасы — 14 процентіндей болады. Тамырлар мен микроорганизмдердің бірқалыпты өсуі мен қызметі топырақтың 10—40° температурасында өтуі мүмкін. Дәннің өне бастауы мен көктің пайда болуы тым төменгі температурада жүреді.

Көптеген ауыл шаруашылық аудандарында дән түсетін тереңдіктегі топырақтың белгілі бір температураға дейін кызуын тұқым себуге колайлы мерзімді көрсететін уақыт ретінде пайдаланады.

115 Егіншіліктің аймақтық жүйелері

Егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті).

Егіншіліктің қарапайым жүйесі тек топырақтың табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты.

Егіншіліктің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе XVIII ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі, жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылады. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар беріледі, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылады. Бұл жүйеде сүрі жер болмайды, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізіледі. Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақтың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түседі.

Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қызғылт-қоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400 мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-сурі жерлі егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 2/3 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және онтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивті егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза сүрі жер болмайды. Жердің құнарлылығы көп жылдың және бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдардың орнын алмастыру, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады

116.Әр түрлі топырақ типтеріндегі ылғал қорын есептеу

117.Жаздық ерте арамшөптердің өкілдерімен және олардың тұқымдарымен танысу,суреттерін салу.

Көктемде ерте кектейді және ерте пісетін жаздық дақылдардың онімін жинағанға дейін немесе солармен бір мезгілде пісіп жетіледі. Күзде пайда болған өскіндері қыста үсіп қалады. Осы биологиялық топтың зияндысы қара сүлы. Қара сұлы, Шырмауық таран, Татар қарақұмығы, Жабайы шомырт, Танаптық қыша,Жабайы кенепшөп.

119.Ауыспалы егістердің төсімін құрастыру әдістемесі

Ауыспалы егісті нығайтудың екі кезеңін ажыратады: енгізу және игеру. Енгізген кезде шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайларын ескеріп егістіктің және сүрі жердің ұтымды алаңының құрылымын анықтайды. Егістік алаңының құрылымы деп жыртылатын жер алаңында пайызбен берілген дақылдардың меншікті көлемін атайды. Ол ауыспалы егістердің негізі болып табылады. Егіншілік тәжіребесінде егістік алаңының құрылымын әр түрлі өнімдерге сұранысы мен нарықтық коньюктурасына, сонымен қатар шаруашылықтық мүмкіңдіктеріне /техниканың және еңбек қорларының болуы, тұқым материалымен қамтамасыз етілуі және т.б./ байланысты анықталады.

Дақылдың немесе сұрыптың өсіру тиімділігін бағалаған кезде келесі көрсеткіштерді қолданады:

-дақылдың негізгі және жанама өнімділігін;

-өнімнің сапасын: тағамдық, мал азықтық және техникалық құндылығын.

-дақылды өсіру үшін 1 гектарға немесе 1 тонна өнімге жұмсалған еңбек және қаражат шығындарын, 1 гектардан алынған таза пайда және рентабельдік.

120.Ауыспалы егіске ауысу жоспарын және ротациялық кестені жасау әдістемесі.

Ауыспалы егісті игеру үшін ауысу жоспарын жасау қажет болады. Ол екі бөліктен тұрады: біріншісінде соңғы жылдардағы болған алғы дақылдар есепке алынады, екіншісінде ауыспалы егісті игеру кезеңіндегі дақылдар мен сүрі жердің кезектесу ретін көрсетеді. Жоспарды жасауға пайдаланатын негізгі құжат-танап тарихының кітабы, одан соңғы бірнеше жылдарда дақылдардың орналасқаны және танаптардың арамшөп пен ластануы жөніндегі деректер алынады.

Ауыспалы егістің жоспары жасалғанда төменгі ұстанымдарды ескеру қажет:

  1. Жыл сайын қажетті өсімдік шаруашылық өнімдерін алуды қамтамасыз ету.

  2. Мүмкіндігінше игеру мерзімін 3-4 жылдан асырмау керек. Әдетте көп уақытты пайдалану мерзімі әр түрлі көп жылдық шөптері бар және дақылдар мен сүрі жер жолақтап орналастырылған топырақ қорғайтын ауыспалы егістерді игеру үшін қажет етеді.

  3. Ескі ауыспалы егісті дақылдары мен сүрі жерін жаңа жасалғанға келтіріп ауыстыру.

  4. Бір танаптағы шұбартанаптықтан бірте-бірте шығу, яғни биологиясы мен өсіру технологиясы бойынша тым айырмашылықтары бар дақылдарды бір танапта өсірмеу.

Ауысу жоспарын жасағанда мына кезекті ұстанады:

  1. Дақылдар ауыспалы егістің барлық танаптарында орналастырылады. Ауыспалы егістің бір танабын, басқаларына көңіл бөлмей, толық игеруге болмайды.

  2. Жаңа жерлер аумағын белгілеп, оларды игерудің бірінші жылына енгізеді.

  3. Ауысу жоспарының кестесіне бұрынғы жылдары себілген дақылдар туралы мәліметгерді жазады. Мұндай дақылдарға себілген жылын есептемей, 3-5 жылы бойы пайдаланылатын көп жылдық шөптер, сондай-ақ, игерудің бірінші жылы жиналатын күздік астық дақылдары жатады.

  4. Негізгі дақылдарды ең жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырады; егер ондай алғы дақылдар жетпесе, онда бірінші жылы оларды басқа болған барлық жақсы алғы дақылдан кейін орналастыруға болады.

  5. Басқа дақылдарды ауыспалы егісте кезектесу ұстанымдарына сәйкес орналастырады.

  6. Өте күшті, әсіресе көп жылдық арамшөптермен ластанған танаптарды сүрі жерге қалдырады.

  7. Көпжылдық шөптер ауыспалы егісте болса, оларға танап таңдайды.

121.Ауыспалы егістерді бағалау

Ауыспалы егістерді салыстырмалы түрде бағалайтын негізгі көрсеткіш бұл ауыспалы егіс өлшемінен алынатын өнімнің шығымы. Астық ауыспалы егістерді көбінесе дақылдардың өнімділігі және егілген тұқымдарды есептемей, аумақтың ауыспалы егіс өлшемінен астық шығымы арқылы бағалайды. Сонымен қатар, негізгі және жанама өнім арқылы баға беруге де болады. Бұл кезде әр бір дақылдың жанама өнімі анықталады

Мал азықтық және әр түрлі өнім беретін бірнеше дақылдары бар ауыспалы егістердің жалпы өнімнің шығымын салыстыру қиын болғандықтан, оларды мал азықтық өлшем немесе мал азықтық протеиннің шығымы арқылы бағалаған дұрыс болады. Өнімді мал азықтық өлшемге аудару қиын болған жағдайда (мысалы техникалық дақылдарды өсіретін ауыспалы егіс), ауыспалы егіс өлшемінен жалпы өнімнің құны бойынша нақты түсінік алуға болады.

Ауыспалы егістерді салыстырмалы түрде бағалағанда ар түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығына әсерін, олардың топырақ қорғау маңызын ескерген жөн. Одан басқа бірнеше экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады: қаражат және еңбек шығындарын, өнімнің өзіндік құнын, таза пайданы және Рентабельділікті.