Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

98. Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері

Осы аймақтың негізгі саласы бұл жаздық бидайдың тауарлы астығын өндіру болып табылады. Егістік аудандардың құрамында 60-70% дәнді дақылдар. Жаздық бидайдың ең жақсы алғы егісі таза немесе ықтырмалы сүрі жер. Оның егістерін сонымен қатар жүгеріні сүрлемге немесе жем шөпке, бір жылдық және көп жылдық шөптерден, дәнді бұршақ дақылдардан кейін орналастырады. Осы аймақта ең тиімдісі бұл қысқа айналымды сүрі жер дәнді, сүрі жер дәнді, отамалы және сүрі жер -шөпті-дәнді ауыспалы егістер. Көп жылдық шөптер (шықпа танап) негізгі дақылмен бірге себілмей (жамылғысыз) өсіріледі.

Ротация айналымының ұзақтығы және ауыспалы егістегі жердің меншікті келемі жауын-шашының мөлшеріне байланысты болады.

99. Топырақ қорғайтын ауыспалы егістер

Өсімдіктердің қалдықтары аз болуына байланысты, жеңіл топырақтардың құнарлығы төмен болатын ауыспалы егістерде, жазықтілгіштермен өңдеуге қарамастан жел эрозиясының, ал егіс беткейлерде су эрозиясының қауіптілігі байқалады. Сондықтан осындай танаптарда арнайы сүрі жерді және дақылдарды жол-жолмен орналыстырып, арнайы топырақ қорғайтын ауыспалы егістер игеріледі

100. Мал азықтық ауыспалы егістер.

Мал азықтық ауыспалы егістер дақылдардың түріне, орналасу орнына және пайдалану мақсатына байланысты ферма маңындағы және жайылым-пішен шабатындарға бөлінеді. Мал шаруашылық қора-қопсыларының маңындағы мал азықтық ауыспалы егістерде сүрлемдік және мал азықтық дақылдар, біржылдық шөптердің егістері орналасады, ал жайлым-пішен шабатын ауыспалы егістерде көбінесе көп жылдық шөптер басым болады.

Жел эрозиясына күшті ұшырайтын топырақта алты танапты жайылым-пішен шабатын ауыспалы егістер қолданылады.

1. 2/3 бөлігі сүрі жер (алқаптың ені 30 м)+1/3 белігі көп жылдық шөптер (алқаптың ені 10 м)

  1. 2/3 бөлігі бір жылдық шөптер + 1/3 бөлігі көп жылдық шөптер (шөп шабылғаннан кейін жартылай пар түрінде ендеу.

  2. Үшінші жылдан бастап көпжылдық шөптер өсіріледі /3-6 жылдары/.

Көпжылдық шөптердің егістерін 6 танапқа бөледі. Бірінші жылы басыңқы желге көлденең бір танапты ені 30 және 10 м алқаптарға бөледі. Кең алқаптарды сүрі жер түрінде өндейді, ал жіңішке алқаптарда шөп жамылғысын бұрынғы күйінде сақтайды. Келесі жылы сүрі жер алқаптарына біржылдық шөптер егіледі, ал буферлік алқаптарда (10 м) шөп шабылған соң жартылай сүрі жер түрінде өндейді. Күзде бір жылдық шөптердің өнімін жинағаннан соң танап өндеусіз көпжылдық шөптермен егіледі (еркек шөп).

101. Республиканың онүстігінде суармалы егіншіліктегі ауыспалы егістер

Бұл ауыспалы егістердің ерекшелгі бұл ауыл шаруашылық дақылдардың саны шектеулі және күрішті танаптарда үстінен су көлкіп өсіру болып табылады. Топырақта аэробты жағдайды жасау үшін ауыспалы егіске отамалы дақылдарды қосудың маңызы өте зор. Топырақтың физикалық қасиеттерін жақсы деңгейде сақтау және күрішті қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін күрішті ауыспалы егістерге көп жылдық шөптерді қосу арқылы жеткізіледі, бұл көбінесе беде және жоңышқа.

Тегістеу жұмыстарын жургізу үшін танапты екпе сүрі жер ретінде қалдырады (агромелиоративтік танап), оның жартысын күзде күріштің өнімін жинаған соң бір жылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың қоспасымен сеуіп тастайды (ас бұршақ және сиыр жоңышқа), ал танаптың екінші жартысында көктемнен бастап жаздың ортасына дейін тегістеу жұмыстарын жүргізіп, топырақты жартылай сүрі жер түрінде өндейді. Бұршақ дақылдарының өнімдерін жинаған соң танаптың бұл бөлігін тегістейді, ал жартылай сүрі жер болған екінші бөлігінде бұршақ дақылдарды сеуіп, олардың өнімін жинаған соң бүкіл танап бұршақ тұқымдас шөптердің қоспасымен себіледі. Шөптерді екі рет шабады: күзде және көктемде. Екінші рет шапқаннан кейің танапта күріш себіледі.

102. Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін құру.

Бұл бөлімнің жұмысын аяқтағанда студенттер алдында құрған ауыспалы егістер үшін топырақты өндеу жүйесін құрады. Жазуды келесі түрге келтіреді.

6-түр

Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесі

Ауыспалы егіс дақылы

Ластанудың түр құрамы мен балы

Өңдеу түрі

Өңдеу кезеңі

Машина мен құралдар түрі

Өңдеу тереңдегі

Өңдеу қажеттілігі