- •Ағымдық емтихан сұрақтары
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2.С.И. Долгов және п.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі
- •3.Н.И. Савинов әдісі топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.
- •4.П.И.Андрианов ұсынған, тұрған суда топырақтың суға төзімділігін анықтау
- •5.Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •6.Топырақтың құрылымы мен құрылымдылығы
- •9.Топырақтың қасиетгерін, режимдерін және құнарлылығын құрудағы құрылымның маңызы
- •12.Топырақтың құрылымын қайта құру шаралары
- •13.Дефляциялы процестердегі құрылымның рөлі
- •14.Топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау әдістері
- •15.Топырақ тығыздығы және оны анықтау
- •16. Топырақ тығыздығы және сипатталатын көрсеткіштігі
- •17. Топырақ тығыздығының өсімдіктің өсіп дамуына манызы
- •18.Өте борпылдақ және тығыз топырақтың дұрыс және теріс қасиеттері
- •19.Топырақтың оңтайлы және тепе-тендікті тығыздығы
- •20.Топырақтың көлемдік салмағы неге байланысты өзгереді және оны анықтау
- •21.Жалпы қуыстылық деген не және оны анықтау
- •22.Топырақтың тығыздығын реттеу агрономиялық шаралар
- •23.Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •28. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысының өсімдіктің тіршілігіне тиетін пайдасы
- •29.Топырақтың жалпы, капиллярлы және капиллярсыз қуыстылығы анықтау
- •33.Максималды гигроскопиялық
- •36.Топырақ ылғалының маңызы ,оның түрлері
- •40.Топырақ ылғалдылығының қозғалғыштығы мен өсімдіктерге жетімдігі неге байланысты.
- •41. Су балансы . Топырақтың су ұстау қабілеті
- •42. Топырақтың су өткізгіштігі және су көтеру қабілеті
- •Орындау реті:
- •49. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •50.Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Үлкен бақажапырақ /Plantago major/.
- •50.1.Баданалы және түйнекті арамшөптер. Домалақ бас жуа /Allium rotundum/.
- •51.Жатаған арамшөптер. Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/.
- •Жатаған арамшөптер
- •52.Кіндік тамырлы арамшоптер. Ащы жусан /Artemisia absinthium/.
- •53.Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер. Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/.
- •54.Атпатамырлы арамшөптер. Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense
- •55.Копжылдық арамшөптер. Көпжылдық арамшөптердің кандай өзгешіліктері болады
- •56.Екі жылдық арамшептер. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.
- •57.Күздік арамшөптер. Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus)
- •58.Кыстайтын арамшөптер. Егістік ярутка (Tlaspi arvense)
- •59.Кеш пісетін арамшөптер. Жасыл итқонақ (Setaria virides).
- •60.Жаздық ерте арамшөптер. Қара сүлы. (Аvena fatua)
- •61.Ауыл шаруашылық жерлердін ластануын есептеу және картаға салу әдістері.
- •64.Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •65.Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •66.Алдын ала күресу шаралары.
- •67.Аз жылдық арамшөптермен күресу
- •68.Көп жылдық арамшөптермен күрес
- •69.Арамшептерді егістіктерде жою
- •70.Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •71.Кең тараған гербицидтердің сипаттамасы
- •72Арамшөптермен биологаялық күресу шаралары
- •73.Арамшөптердің зияндылығы
- •74. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- •78. Күздік және кыстайтын арамшөптердің айырмашылықтары
- •III. Биологиялық шаралар
- •81.Гербицидтерді жіктеу негізі.
- •90. А.В. Николаев әдісі бойынша топырақтың Максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау
- •91. Топырақтың далалық ылғал сиымдылық шегін су құйылған алаң тәсілімен анықтау .
- •92. Топырақтыңқұрылым түзу ылғалын анықтау
- •93. Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
- •94. Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті көбею мүшелерін анықтау
- •98. Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері
- •Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •107. Жырту тереңдігін өлшеу және отамалы дақылардың қатараралық өндеулері
- •108. Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •109 Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері
- •111 Топырақтың жылу режимі
- •115 Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •122.Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •123.Топырақты күзде және көктемде өндеу
92. Топырақтыңқұрылым түзу ылғалын анықтау
Топырақтың ылғалдылығы деп топырақтағы ылғалдылықтың пайыздық құрамының абсолютті құрғақ топырақтың салмағына немесе көлем бірлігіне қатынасын айтады. ЬІғалдылықты акықтаудың барлык әдіетері екі топқа бөлінеді.
Бірінші әдіс бойынша танаптан топырақ үлгісін алып зертханада әр түрлі әдістермсн ылғалдылықты анықтайды.
Екіншісі жанамалы, табиғи жағдайда нақтылы топырақта қойылған әр түрлі аспаптар арқылы анықтайды. Оған жататын: радиометриялы, электрометриялы, тензиометриялы, фоторефлекто-метриялық және басқа әдістер.
Ылғалдылықты анықтаудың негізгі әдісі болып термостатты-салмақты әдіс саналады. Бұл әдіс бойынша әдейі бұрғымен анық терендік аралығында (көбінесе 10 см сайын) топырақ үлгісін алады.
Топырақ ылғалдылығы пайызбен мүлде құрғақ топырақтың салмағынан, максималды гигроскопиялық анықтау формуласы бойынша анықтайды.
93. Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
Топырақ пен суды сіңіру әр түрлі күштер арқылы өтеді: сорбциялық, осмостық, менискалық және гравитациялық, суды сіңіру қабілеті оның сору күші немесе соратын қысымы деп аталады, Ол су бағанасының сантиметрімен немесе атмосферамен есептеледі. Қазіргі уақытта көбінесе РF көрсеткішін қолданады - су бағанасы биіктігінің логарифмі. Мысалы, су бағанасының қысымы 1033 см (1 атмосфера), РF 3-ке тең болады. РF жоғары болған сайын топырақ суды мықты ұстайды.
Топырақтың сору күші оның құрамындағы судың көлеміне және топырақ ерітіндісінің концентрациясына байланысты болады. Топырақтың ылғалдылығы жоғары болып, оның тұзы аз болған сайын, оның сору күші де аз болады. Ол топырақ құрғаған сайын көтеріледі. Сумен толық қаныққан топырақтың сору күші нөлге тең. Құрғақ топырақта ол 104 атмосфераға дейін көтеріледі.
Топырақтың соратын қысымы оның механикалы және құрылымды құрамына, температураға, тез еритін тұздардың болуына, капиллярлы қуыстардың көлеміне байланысты болады.
94. Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті көбею мүшелерін анықтау
Көптеген арамшөптердің тұқымдары оңай шашылады, солардың біразы топыраққа түседі. Топырақтың жыртылатын қабатыңда көпжылдық арамшөптердің вегетативтік көбею мүшелері де орналасады.
Сондықтан, алдын ала егістердің ластануын білу үшін арнайы Шевелев, Калентьев ж. т. б. бұрғыларының көмегімен топырақ үлгілерін алып, топырақтағы арамшөптер тұқымдарының қорын және олардың вегетативтік көбею мүшелерін анықтайды.
Зерттелетің танаптың ең ұзын диагоналі бойы күзгі өңдеуден кейін немесе кектемде арамшөптердің тұқымдары әлі өнбей тұрған кезде жыртылатын топырақтың әр қабатынан топырақ үлгілері алынады. Участкенің алқабы 50 га дейінгі жерінен 10 үлгі, 50-100 га-дан 20, 150 га-дан жоғары болса 25-30 үлгі алу керек. Содан соң салмағы 2 кг орташа үлгі жасап, оны алдын ала дайындалған этикеткасы немесе нөмірі жазылған целлофан пакетке салады. Пакеттердің нөмірін немесе этикеткадағы жазуын белгілі бір жүйе бойынша жасайды. Мысалы, 2/1(0-10), бірінші сан танаптың нөмірі, алымы-скважинаның нөмірі, болімінде-үлгі алған тереңдігі. Алынған үлгілерді зертханаға апарып ауалы-құрғақ күйге дейін кептіреді. Содан кейін негізгі үлгіден арамшөп тұқымдарын бөлек айыру үшін 1 кг-нан аспайтын үлгілерін алып, диаметрі 0,25 мм, қабырғасының биіктігі 5-7 см елекке салады. Топырақ үлгісін салған електі оң қолмен ұстап, көлемін 3/4 дейін сумен толтырылған үлкен бір ыдысқа, електің қабырғасын ортасына дейін суға батырып ұстайды. Сол қолмен електі қатты баспай топырақ түйішіктерін езеді, 0,25 мм-ден ұсақ тұнба бөлшектерін тез шайып тастау үшін електі бірнеше рет судан алып шығып, қайтадан суға батырып отыру керек. Електегі құм қалдығын басқа ыдысқа шайып тастайды немесе краннан ағып жатқан суы електің астынан мөлдір болып ағылғанша шаю керек.
Сумен шайылған үлгіні фарфор кесеге салады. Топырақтың минералды бөлігінен арамшөптердің тұқымдарын айыру үшін, тығыздығы 1,5 г/см3 -ден жоғары ауыр сұйықтығымен бөліп шығарады. Ол үшін әр түрлі аспаптарды колданады. Олардың ішінде ең қарапайымы штативке бекітілген ауызы кең түтік /немесе түбі кесілген шөлмек/ (5 сурет).Түтіктің немесе шөлмектің аузына қысқышымен бірге резеңке трубканы кигізеді. Шөлмектің ортасына дейін ауыр сұйықты құяды (1 литр суға 530 г поташ немесе 70%-дық хлорлы мырыш ерітіндісін, ас тұзының қою ерітіндісін — 1 л суға 265 г салады). Шөлмектің астына стақанды орнатады. Фарфор кеседегі үлгіні ауыр ерітінді құйылғаншөлмекке салады. Арамшөптердің тұқымдарын қалқып ерітіндінің бетіне шығару үшін қоспаны шыны таяқшамен араластырып отырады. Тұқымдар ерітіндінің бетіне шыққан соң, резеңке трубкадағы қысқышты ашып стаканға шөлмектің астындағы құмды ағызып жібереді.
Құм салған стаканға ерітіндіні құйып шыны таяқшамен бірнеше рет араластырады. Қалқып шыққан барлық тұқымдарды қайтадан шөлмекке салады. Бұл жұмысты стаканның ішінде қалған барлық тұқымдарын шөлмекке ауыстырғанша жасайды. Бұдан кейін шөлмектегі тұқымдарды қағаз сүзбесін салған түтікке құйып, сумен бірнеше рет шаяды. Тұқымдарды қағаз сүзгісімен бірге фарфор немесе алюминий кесеге салып кептіргішке қояды. Іріктейтің тақтайшаға алдын-ала ақ қағазды төсеп, үстіне кептірілген қоспаны төгеді. Содан соң лупаны қолданып арамшөптердің тұқымдарын түрлеріне карай топтарға бөліп санайды да, салмағын өлшейді. Арамшөптердің тұқымдарын анықтаған кезде тұқымдардың суреттерін немесе коллекцияларын қолданады.
96. Ауыспалы егістердің нобайларын құрастыру принциптері Ауыспалы егістерді құрастырған кезде әрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек. Ауыспалы егістердін төсімін құрғанда мына қағидаларды ұстану қажет:
1.Ауданның үлкен бөлігін негізгі дақылдарға бөлу керек.
Құнды дақылдарды, сондай-ақ топырақ құнарлығына, арамшөптердін жоқтылығына және тіршілік факторларына, басқа да жағдайларға талабы жоғары дақылдарды ең жақсы дақылдан кейін орналастыру керек. Олар өз кезегімен келесі дақыл үшін жақсы алғы дақыл болғаны жөн.
Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек.
Топырақты өте тереңге күшті құрғататын дақылдардың (күнбағыс, қант қызылшасы, судан шөбі қайталана егілуіне, көп жылдық шөптерден кейін қүнбағыстың орналасуына жол бермеу керек.
Дәнді бұршақ дакылдарын қайталап өсіру тиімсіз, өйткені олардан кейін бірінші жылы топырақта жиналған азотты, осы элементке қажеттілігі жоғары дақылдар оны пайдалана алмайды.
6. Сүрі жерге отамалы және дәнді бұршақ дақылдарын орналастыруға болмайды. Бұл жағдайда олардың құнды алғы егіс артықшылығын басқа дақылдар пайдаланбайды.
7. Нашар алғы егістен кейін танаптарды сүрі жерге қалдыру керек.
8. Суландырылатын және жауын-шашын жеткілікті жерлерде көп жылдық шөптерді бірінші жылы күздік немесе жаздық астық дақылдарының немесе бір жылдық шөптердің жамылғыларының астында өсірген тиіші.
9. Астық (арпа, сұлы, жұмсақ бидай) және жармалық мәдени дақылдадың қайталама егістері болуы мүмкін.
10. Ең жақсы алғы егістердің соңғы әсерін барынша толығымен кажет; мысалы, сүрі жерден кейін жаздық қайталама егістерін егуге болады.
11.Арамшөптерді азайтатын дақылдарды арамшөгптерге сезімтал дақылдармен кезектестіріл орналастырады.
12.Зиянкестері мен аурулары ұқсас және арнаулы арамшөптері бар дақылдардың қайталама егісіне жол беруге болмайды.
13.Далалық және құрғақ далалық аймақтарда эрозия қауіптілігін төмендету үшін мамандырылған ауыспалы егістерде отамалы дақылдарды қайталап егу тиімді емес.
14. Ауыспалы егісте күзде-қыста және жазда болатын жауың-шашынды тиімді пайдалана алатын дақылдардын кезектесуің үйлестіру керек.
15.Өсу-даму кезеңдерінің ұзақтығы әр түрлі дақылдарды кезектестіру керек.
Егіншілік тәжірибесінде қолданылатын ауыспалы егістердің көп түрлілігі оларды жіктеуді қажет етеді. Нақты бір шаруашылықта әр түрлі ауыспалы егістерді тиімді үйлестіруі ауыспалы егіс жүйесін құрайды. Әдебиеттерде әр түрлі ауыспалы егістердің жіктеулері болғанымен, олардың барлығының негізіңде үш белгі бар: өнімнің негізгі түрі (далалық, мал азықтық, арнайы), биологиясы және өсіру агротехникасы бойынша өзгеше дақылдардың топтарының ара катынасы (дәнді отамалы, дәнді-шөпті, сидералды, жеміс алмасу, топырақ қорғайтын т.б.) және танаптардың саны.
97. Алғы егістерге қысқаша сипаттамасы
Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен орналасу орнына және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.
Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсірілген дақылды немесе сүрі жерді атайды. Ауыспалы егісте әрбір дақыл немесе сүрі жер соңғы дақылға алғы егіс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжірибеде ауыспалы егістерге түзетулерді енгізу, дақылдармен сүрі жердін, кезектесуін өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрі жердің жағдайы жақсы болған кезде (арамшөптері жоқ, топырақтың физикалық қасиеттері оңтайлы болуы және т. б.). Осындай жағдайда бұл танапта дақылдарды сеуіп, ал сүрі жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттері нашар ауыспалы егістердің танаптарын бөліп шығару қажет. Дақылдардың және сүрі жердің алмасуына түзетулерді енгізген кезде олардың ауыспалы егістегі орналасу принциптерін бұзбау керек. Дақылдардың және сүрі жердің кезектестіру принциптерін бұзбай, олардың ауысу жүйелігіне түзетулерді енгізуге мүмкіншілік беретін ауыспалы егістің қасиетіне ие болу оның икемділігі деп аталады.
Айналым мерзімдері ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егістердің икемділігі жоғары болады.
Дақылдардың кезектестіру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде ерекше орынды қоректік заттарды тиімді пайдалану және топырақтағы қарашірік балансын реттеу алып отыр.
