Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

81.Гербицидтерді жіктеу негізі.

Гербицидтершөпжойғыштар(лат. herba — шөп және caedo — өлтіремін) – арамшөптерді жою үшін қолданылатын хим. қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін Гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды Гербицидтер Біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар менкөлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады. Гербицидтерөсімдіктерге әсері және қолдану әдісіне байланысты тікелей жойғыш және жүйелік болып бөлінеді. Тікелей жойғыш Гербицидтер– өсімдік тіндерін тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды. Жүйелік Гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, бұл Гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Тікелей жойғыш және жүйелік Гербицидтердің ерітінділерін, эмульсияларын өсімдіктің сабағына бүркеді. Гербицидтер ретінде органик. және анорганик. заттар қолданылады, кейде бірнеше Гербицидтерді араластырып қолдану арамшөптердің әр түрлерін жою үшін тиімді. Қазір гербицидтік қасиеттері бар 1000-нан аса қосылыстар белгілі. Гербицидтерді ерітінділер, ерігіш ұнтақ, паста, жұққыш ұнтақ, концентратты эмульсия түрінде дайындайды. Гербицидтер – орташа улы заттар, дененің ашық жерлеріне, ауызға, көзге, мұрынға тимеу үшін қолғап, көзілдірік, т.б. пайдалану керек.

82. Жер үстімен бүркелеген кезде жұмыс ерітіндісінің шығыны қалай есептеледі?

Бүкіл тозаңдатқыштардан 1 секунд ішінде бүркелетін жұмыс ерітіндісін келесідей есептейді:

Рс=НШС/10000

Рс - 1 секунд ішінде жұмсалатын жұмыс ерітіндісі, л/с;

с - ұшақтың (тік ұшақтың) ұшу жылдамдығы, м/с.

1 гектар ауданға өнделетін гербицидтердің жұмыс ерітінділерінің келесі жұмсалатын көлемдері анықталған

83. Астық дақылдарының егістерінде дәнді арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтер

Дианат -Дәнді дақыл алқаптарында біржылдық және көпжылдық жалпақ жапырақты арамшөптерге қарсы қолдануға арналған, сондай-ақ бактық қоспада сүрі жерлерде және егінді егу алдында қолдануға арналған таңдамалы жүйелі гербицид. Күшті синергетикалық нәтижесіне байланысты сульфонилмочевинамен, 2,4-Д және глифосатпен бірге бактық қоспаларда қолданғанда экономикалық және биологиялық тиімділіктің үлгісі болып табылады. 

Ларен про-Дәнді егіс айналымдарында дәнді-масақты дақыл алқаптарында қос жарнақты арамшөптер кешенімен, соның ішінде сары қалуенмен және қалуенмен күресуге арналған сапалы, үнемді гербицид. Аз мөлшерде пайдаланғанның өзінде қос жарнақты арамшөптердің көпшілігін жаншып тастайды. Өңделінетін дақылға өте жоғары сәйкесімді болып келеді. Егіс шырмауығына және Сивер жусанына қарсы 2,4 Д-мен бактық қоспада қолданғанда жоғары нәтиже береді, граминицидтермен бактық қоспада жақсы үйлеседі

Гранстар-Дәнді дақылдарға арналған жоғары талғамды гербицид, егілген өсімдіктің екі жапырақ кезеңінен бастап шектеусіз қолдана беруге болады. Препарат антидоттарды қажет етпейді, дақылды бүкіл даму кезеңі бойына, тіпті сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларында да, әлсіретпейді. Әлемдегі дәнді-масақты дақылдарға арналған гербицидтердің ішіндегі алдыңғы қатарлысы болып табылады. Қос жарнақты арамшөптердің өңделетін дақылдарына сәйкестік деңгейі өте жоғары.

Эллай лайт-Дәнді дақыл алқаптарында қос жарнақты арамшөптердің көптеген түрлерін бақылауға арналған, әсер ету мерзімі ұзақ, екі компонентті үнемді гербицид. Егіс айналымының кейінгі дақылдарына шектеулер жоқ. Өңделінетін дақылға өте үйлесімді болып келеді. Препараттың биологиялық белсенділігі топырақтың, ауа-райының жағдайына және дақылдың даму фазасына онша тәуелді емес. 

84.Арамшөптердің аралас ластану типі болған кезде қандай гербицидтер және оларды қолдану әдісі.

Пума супер комби - эмульсия концентраты. Жаздық және күздік бидайдың, қарабидайдың егістерінде, аралас ластануға қарсы қолданылады (қара сұлы, тары тәріздес, сіпсебас, мысыққұйрық, қалуендер, гүлтөжі, ақ алабота, танапты шырмауық, түйнекті чина, қырыққабатшлар, көк гүлкекіре, сеппе көкнәр, сиыр жоңышқа. Дақылдың бүкіл даму кезеңдерінде 1,2-1,8 л/га мөлшермен еңгізіледі. Бүркелеуді арамшөптердін түптенудің басынан аяғына дейін жүргізеді.

85.Жаппай әсер ететін гербицидтерді қашан және қандай танаптарда қолданады

Өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін қолданылады. Жаппай әсер ететін гербицидтерге бейорганикалык қосылыстардың көбі, сонымен қатар кейбір органикалык препараттар: симазин, атразин, далопон, натрий трихлор - ацетаты, ДНОК, реглон, рауңдап, ураған жатады. Раундап (глифосат) — жаппай әсер ететін жүйелі, әмбебап гербицид. Егіс жинағаннан кейін аңыз қалдықтарын бүркіп, сүрі жерлерде арамшөптердің барлық түрлеріне қарсы қолданылады. Препараттың енгізу мөлшері 3-4 л/га, ерітіндінің жұмсалу нормасы 100-200 л/га. Гербицид өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктерін сонымен қатар көп жылдық арамшөптердің тамыр жүйесі құртады. Ураган — жаппай әсер ететін су ерітіндісі. Сүрі жерлерде қарқыңды өсетін қоңырбас тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерге қарсы ұсынылады, еңгізу мөлшері 2,0-6,0 л/га.

86.Арамшөптермен биологиялық күресу шаралары неге негізделеді?

Биологиялық күрес дегеніміз арамшөптердің табиғи жауларын, яғни насекомдарды, фитофагтарды, ауру таратқыш жәндіктерді,нематодаларды, саңырауқұлақтарды, вирустарды, бактерияларды оларға қарсы пайдалану. Мысалы, күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шыбыны қолданылады. Ол сұңғыланың 82-90 пайызын жояды.

87.Арамшөптермен күресу шаралары жүйесінің қажеттілігі қандай?

Арамшөптермен күресу шаралары алдын ала және жоятындар деп екіге бөлінеді.

Алдын ала күресу шаралары егістердің арамшөптермен ластануына және ауылшаруашылық жерлерде тұқымдардың еніп таралуына мүмкіндік бермеуге бағытталған. Оларға жататындар:

1. Егістік жадығатгарын арамшөптердің тұқымдарынан тазарту.

2.Машиналар мен ыдыстарды арамшөптердің тұқымдарынан тазалау, егін жинайтын техниканы герметизациялау.

3.Жол іргелерінде, суармалы каналдарда, бос жерлерде, танапты қорғайтын алқаптарда, электр желілерінің маңайындағы жерлерде арамшөптердің тұқымдары пісіп жетілмеген кезде құрту.

4. Көңді дұрыс сақтау және пайдалану. Көнді және басқа органикалық тыңайтқьштармен бірге арамшөптердің тұқымдарын танаптарға еңгізуге мүмкіндік бермейтін талап, бұл оларды толық шіріген күйінде танаптарға енгізу. Әсіресе, арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін ыстық тәсілмен сақтаған кезде өте тез жоғалтады.

5. Малдарға астық жемін және өсімдіктердің қалдықтарын бұқтырылған және ұсатылған түрде беру.

  1. Суармалы суларды арамшөптердің тұқымдарынан тазалау.

  2. Егінді дер кезінде және жоғарғы сапамен жинау.

  3. Арамшөптерге қарсы карантинді қолдану.

88. Целиндірде топырақты сумен қанықтыру тәсілі бойынша оның жыртылған қабатыының құрлысын анықтау

Суға төзімділікті анықтау үшін барлық фракциялардан орташа сынама құралады құрғақ електен алынған мөлшерде, олардың пайыздық шамасының жартысына тең - барлығы 50 г, мысалы, егер диаметрі 3-5 мм агрегаттар шамасы топырақта 22 % болса, оны орташа сынамаға 11 г мөлшерде алады; көлемі 2-3 мм фракцияның шамасы 15% - 7,5 г. т. с. с.Орташа сынаманы абайлап, көлемі 2/3 сумен толтырылған литрлік цилиндрге төгеді, агрегаггардағы және олардың арасындағы ауа топырақтан түгел шығу үшін оны 10 минөтқа қалдырады. Жоғары шеті тығыз кіретін шүмегі жоқ цилиндрмен жұмыс істеген ыңғайлы.

Суда елегенде астыңғы елек бітеліп қалмау үшін, болса да електен өтіп кететін 0,25 мм < фракцияны орташа сынамаға қоспаған дұрыс. Бұл жағдайда шөкімі 50 граммнан аз болады, бірақ келесі есептерде суға төзімді агрегаттардың шамасын, анализге алынған (50) пайызбен санағанда, жалпы шөкімімен аналады

Топырақты цилиндрге салып ауаны ығыстыруын жылдамдату үшін 1-2 минөттен оны шынымен немесе тығынмен жабу керек, абайлап көлденең еңкейтіл барып кайтадан тігінен қояды. Бұл процедураны екі рет жасайды. Содан кейін цилиндрге төбесіне дейін су құйып, үстінен қолмен қысым тұрып, жаңа полиэтиленді пленкамен немесе шынымен жабады, астын үстіне аударады, агрегаттар астына түскенше, осы күйде бірнеше секунд ұстап тұрады, содан кейін топырақ цилиндрдің астына түскенше, цилиндрді бірінші жағдайға келтіреді. Топырақты 10 рет толық аударғаннан кейін цилиндрден алдын-ала сумен толтырылған ваннадагы електер тізбегіне аударады.

Електер тізбегі, қақпақ пен табандықсыз тесіктер диаметрі 0,25; 1; 2; 3; 5 мм, бес електен құрылады. Ваннадағы су мөлшері жоғарғы електің қабырғасынан 5-6 см жоғары болу керек.

Төңкерілген цилиндрді жоғарғы електің үстінен суға малады. Су астында, цилиндрді судан алмай тұрып және електің астын тигізбей, пленканы немесе шыныны алып тастайды, ақырын дөңгелетіп отырып топырақты електің үстінде шаяды. Елекке түскен топырақты суда елейді; ол үшін оны судан алмай тұрып (жоғарғы електегі топырақ түйіршіктерін су бетінен шығармай ақырын електер тізбегін 5-6 см-ге көтереді, одан кейін 3-4 см-ге тез түсіреді, топырақ түйіртпектері електің үстіне түскенше 2-3 секунд күтеді. Содан кейін елек тізбегін тағы да ақырын көтеріп тез астыка түсіреді. Бұны 10 рет қайталағаннан кейін 2 мм- ден ірі диаметрлі електі тізбекті судан шығармай алады, қалған елекгерді тағы 5 рет сілкігеннен кейін судан шығарады. Елекгің үстінде қалған агрегаттарды ағынды сумен үлкен фарфорлы кеселерге шайып түсіреді. Тұнғаннан кейін артық суды төгіп тастайды, топырақты агрегаттарды алдын-ала салмағы өлшеніп нөмір қойылған алюминийлі шыны ыдыстарға аударады. Түнған соң алюминийлі стақандағы суды төгеді, топырақ пен чашкелерді су моншасына суы булануы үшін, немесе 104° С жылылықта өзгермейтін салмаққа дейін құрғату үшін құрғататын шкафқа қояды.

Құрғатқаннан кейін суға төзімді агрегаттардың әр фракциясын таразыға тартып олардың пайыздық мөлшерін санайды. Суда елеу үшін алынған топырақтың орташа сынауының салмағы 50 грамм болғандықтан, есептегенде әр фракцияның салмағын екіге көбейтіп, сәйкесті фракцияның пайызын санайды. 0,25 мм-ден майда фракцияны 100-ден 0,25 мм-ден ірі агрегаттардың пайыздық шамасының қосымын алумен есептейді.