- •Ағымдық емтихан сұрақтары
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2.С.И. Долгов және п.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі
- •3.Н.И. Савинов әдісі топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.
- •4.П.И.Андрианов ұсынған, тұрған суда топырақтың суға төзімділігін анықтау
- •5.Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •6.Топырақтың құрылымы мен құрылымдылығы
- •9.Топырақтың қасиетгерін, режимдерін және құнарлылығын құрудағы құрылымның маңызы
- •12.Топырақтың құрылымын қайта құру шаралары
- •13.Дефляциялы процестердегі құрылымның рөлі
- •14.Топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау әдістері
- •15.Топырақ тығыздығы және оны анықтау
- •16. Топырақ тығыздығы және сипатталатын көрсеткіштігі
- •17. Топырақ тығыздығының өсімдіктің өсіп дамуына манызы
- •18.Өте борпылдақ және тығыз топырақтың дұрыс және теріс қасиеттері
- •19.Топырақтың оңтайлы және тепе-тендікті тығыздығы
- •20.Топырақтың көлемдік салмағы неге байланысты өзгереді және оны анықтау
- •21.Жалпы қуыстылық деген не және оны анықтау
- •22.Топырақтың тығыздығын реттеу агрономиялық шаралар
- •23.Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •28. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысының өсімдіктің тіршілігіне тиетін пайдасы
- •29.Топырақтың жалпы, капиллярлы және капиллярсыз қуыстылығы анықтау
- •33.Максималды гигроскопиялық
- •36.Топырақ ылғалының маңызы ,оның түрлері
- •40.Топырақ ылғалдылығының қозғалғыштығы мен өсімдіктерге жетімдігі неге байланысты.
- •41. Су балансы . Топырақтың су ұстау қабілеті
- •42. Топырақтың су өткізгіштігі және су көтеру қабілеті
- •Орындау реті:
- •49. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •50.Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Үлкен бақажапырақ /Plantago major/.
- •50.1.Баданалы және түйнекті арамшөптер. Домалақ бас жуа /Allium rotundum/.
- •51.Жатаған арамшөптер. Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/.
- •Жатаған арамшөптер
- •52.Кіндік тамырлы арамшоптер. Ащы жусан /Artemisia absinthium/.
- •53.Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер. Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/.
- •54.Атпатамырлы арамшөптер. Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense
- •55.Копжылдық арамшөптер. Көпжылдық арамшөптердің кандай өзгешіліктері болады
- •56.Екі жылдық арамшептер. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.
- •57.Күздік арамшөптер. Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus)
- •58.Кыстайтын арамшөптер. Егістік ярутка (Tlaspi arvense)
- •59.Кеш пісетін арамшөптер. Жасыл итқонақ (Setaria virides).
- •60.Жаздық ерте арамшөптер. Қара сүлы. (Аvena fatua)
- •61.Ауыл шаруашылық жерлердін ластануын есептеу және картаға салу әдістері.
- •64.Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •65.Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •66.Алдын ала күресу шаралары.
- •67.Аз жылдық арамшөптермен күресу
- •68.Көп жылдық арамшөптермен күрес
- •69.Арамшептерді егістіктерде жою
- •70.Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •71.Кең тараған гербицидтердің сипаттамасы
- •72Арамшөптермен биологаялық күресу шаралары
- •73.Арамшөптердің зияндылығы
- •74. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- •78. Күздік және кыстайтын арамшөптердің айырмашылықтары
- •III. Биологиялық шаралар
- •81.Гербицидтерді жіктеу негізі.
- •90. А.В. Николаев әдісі бойынша топырақтың Максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау
- •91. Топырақтың далалық ылғал сиымдылық шегін су құйылған алаң тәсілімен анықтау .
- •92. Топырақтыңқұрылым түзу ылғалын анықтау
- •93. Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
- •94. Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті көбею мүшелерін анықтау
- •98. Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері
- •Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •107. Жырту тереңдігін өлшеу және отамалы дақылардың қатараралық өндеулері
- •108. Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •109 Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері
- •111 Топырақтың жылу режимі
- •115 Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •122.Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •123.Топырақты күзде және көктемде өндеу
78. Күздік және кыстайтын арамшөптердің айырмашылықтары
Қыстайтындар. Бұл топтағылардың биологиялық ерекшелiктерi, олар көктем мен күздiң жағдайына байланысты, жаздық дақылдар немесе күздiк дақылдар сияқты өсіп-дами алады. Егер арамшөптер көктемде көктеп шықса, олар жаздық дақылдар сияқты дамып, күзде тұқым бередi. Күзде көктеген арамшөптер қыстап шығып, келесi жылы өз тiршiлiгiн әрi қарай жалғастырады, былайша айтқанда күздiк дақылдар сияқты өсіп-дамиды. Бұл топқа егiстiк ярутка, кәдiмгi жұмыршақ, сарыбас қурай, иiссiз түймедақ т. б. Жатады
Күздiктер. Бұл топтағы арамшөптер көздерінің даму айналымын толық аяқтау үшiн күзгi-қысқы суықтың әсерiн қажет етедi. Тұқымының бiрiншi жылы көктемде, жазда немесе күзде көктегенiне қарамай қысқа дейiн тек тамыр маңайындағы жапырақтардың тобын құрады, ал астық тұқымдастар тек түптенедi де, қысқа түседi. Келесi жылы сабақтанып, гүлдейдi және тұқым бередi. Негiзiнен олар күздiк дақылдардың егiстiктерiн ластайды. Бұл топтағылар көп емес. Солтүстiк Қазақстанда жаздық дәндi дақылдардың егiстiктерiнде кездеспейдi. өкiлдерi: қара бидай арпабасы, далалық арпабас, кәдiмгi сiпсебас.
79. Егістердің арамшөптермен ластануына қарсы бағытталған шаралар
Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:
Ұйымдастыру шаралары
1. Танаптардың ластануын анықтау.
2. Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.
3. Танаптардың ластануының картасын жасау.
4. Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.
Алдын алу шаралары
1. Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.
2. Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.
3. Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.
4. Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.
5. Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.
Жою шаралары
I. Агротехникалық шаралар
1. Сүрi танаптарды өңдеу.
2. Күзгi топырақ өңдеу.
3. Топырақты көктемгі өңдеу.
4. Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.
5. Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.
6. Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
II. Химиялық шаралар
1. Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.
2. Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
4. Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
III. Биологиялық шаралар
1. Фитофаг жәндiктердi пайдалану.
2. Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану
1. Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.
2. Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар
1. Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
2. Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.
Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.
80. Агротехникалық күресу принциптері
Азжылдық арамшөптердің топырақтағы тұқымдарын жоюдың екінші тәсілі -оларды топырақтың терең қабатына сіңіру. Бұл тәсіл арамшөптердің биологиялық ерекшелігіне негізделген, өйткені көптеген арамшөп тұқымдары жердің беткі қабатынан жақсы көктеп шығады, сондықтан оларды сүдігер жырту арқылы тереңге сіңіру керек.
Арамшөптермен алдын ала күрес, олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік мүшелерін жою шаралары жүзеге асырылғанның өзінде көктем шығысымен танаптарда арамшөптер пайда бола бастайды. Ендігі міндет соларды жою. Бұл көктемдегі егіс алдындағы топырақты өңдеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Әсіресе, егін себудің дәл алдында жүргізілген топырақ өңдеу жүйесі көктеп шықан арамшөптерді жоюда ең тиімді агротехникалық шара.
Егін сепкенге дейін көктеп шықпаған арамшөптер топырақты вегетация кезінде ластайды, сондықтан егін сепкеннен кейін танапты тырмалау, әсіресе отамалы дақылдардың қатараралығын культивациялау ерекше орын алады.
