- •Ағымдық емтихан сұрақтары
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2.С.И. Долгов және п.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі
- •3.Н.И. Савинов әдісі топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.
- •4.П.И.Андрианов ұсынған, тұрған суда топырақтың суға төзімділігін анықтау
- •5.Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •6.Топырақтың құрылымы мен құрылымдылығы
- •9.Топырақтың қасиетгерін, режимдерін және құнарлылығын құрудағы құрылымның маңызы
- •12.Топырақтың құрылымын қайта құру шаралары
- •13.Дефляциялы процестердегі құрылымның рөлі
- •14.Топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау әдістері
- •15.Топырақ тығыздығы және оны анықтау
- •16. Топырақ тығыздығы және сипатталатын көрсеткіштігі
- •17. Топырақ тығыздығының өсімдіктің өсіп дамуына манызы
- •18.Өте борпылдақ және тығыз топырақтың дұрыс және теріс қасиеттері
- •19.Топырақтың оңтайлы және тепе-тендікті тығыздығы
- •20.Топырақтың көлемдік салмағы неге байланысты өзгереді және оны анықтау
- •21.Жалпы қуыстылық деген не және оны анықтау
- •22.Топырақтың тығыздығын реттеу агрономиялық шаралар
- •23.Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •28. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысының өсімдіктің тіршілігіне тиетін пайдасы
- •29.Топырақтың жалпы, капиллярлы және капиллярсыз қуыстылығы анықтау
- •33.Максималды гигроскопиялық
- •36.Топырақ ылғалының маңызы ,оның түрлері
- •40.Топырақ ылғалдылығының қозғалғыштығы мен өсімдіктерге жетімдігі неге байланысты.
- •41. Су балансы . Топырақтың су ұстау қабілеті
- •42. Топырақтың су өткізгіштігі және су көтеру қабілеті
- •Орындау реті:
- •49. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •50.Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Үлкен бақажапырақ /Plantago major/.
- •50.1.Баданалы және түйнекті арамшөптер. Домалақ бас жуа /Allium rotundum/.
- •51.Жатаған арамшөптер. Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/.
- •Жатаған арамшөптер
- •52.Кіндік тамырлы арамшоптер. Ащы жусан /Artemisia absinthium/.
- •53.Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер. Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/.
- •54.Атпатамырлы арамшөптер. Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense
- •55.Копжылдық арамшөптер. Көпжылдық арамшөптердің кандай өзгешіліктері болады
- •56.Екі жылдық арамшептер. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.
- •57.Күздік арамшөптер. Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus)
- •58.Кыстайтын арамшөптер. Егістік ярутка (Tlaspi arvense)
- •59.Кеш пісетін арамшөптер. Жасыл итқонақ (Setaria virides).
- •60.Жаздық ерте арамшөптер. Қара сүлы. (Аvena fatua)
- •61.Ауыл шаруашылық жерлердін ластануын есептеу және картаға салу әдістері.
- •64.Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •65.Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •66.Алдын ала күресу шаралары.
- •67.Аз жылдық арамшөптермен күресу
- •68.Көп жылдық арамшөптермен күрес
- •69.Арамшептерді егістіктерде жою
- •70.Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •71.Кең тараған гербицидтердің сипаттамасы
- •72Арамшөптермен биологаялық күресу шаралары
- •73.Арамшөптердің зияндылығы
- •74. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- •78. Күздік және кыстайтын арамшөптердің айырмашылықтары
- •III. Биологиялық шаралар
- •81.Гербицидтерді жіктеу негізі.
- •90. А.В. Николаев әдісі бойынша топырақтың Максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау
- •91. Топырақтың далалық ылғал сиымдылық шегін су құйылған алаң тәсілімен анықтау .
- •92. Топырақтыңқұрылым түзу ылғалын анықтау
- •93. Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
- •94. Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті көбею мүшелерін анықтау
- •98. Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері
- •Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •107. Жырту тереңдігін өлшеу және отамалы дақылардың қатараралық өндеулері
- •108. Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •109 Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері
- •111 Топырақтың жылу режимі
- •115 Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •122.Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •123.Топырақты күзде және көктемде өндеу
73.Арамшөптердің зияндылығы
Егістік жерлерде өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін қсімдіктерді – арамшөптер деп атайды. Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері күшті дамыған. Мысалы, қарасұлыныкі-2м,егістік қалуендікі-3,5-5,5м тереңдікке дейін өседі. Сондықтан олар топырақтың терең қабатынан ылғалды,қоректік заттарды жақсы пайдаланады. Арамшөптер сонымен бірге, қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарға қарағанда топырақтан әлдеқайда көп әкетеді. Арамшөптер қоректік заттарды ғана емес,соныменбірге танапқа себілген минералдық тыңайтқыштардың 30-50% пайдаланады.Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін күрес те жүреді. Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп,фотосинтез процесін баяулатады,осының салдарынан өсімдіктің көмірқышқыл газын сіңіруі нашарлайды және органикалық заттардың түзілуі төмендейді. Яғни алынатын өнім азаяды. Кейбір арамшөптердің жемістері,тұқымдары улы болып,адамдарды және малдарды уландырады,ал олардың жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді.
74. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақ та,оларды толық жоя алмаймыз,оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен.
Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі – зор тұқым өнімділігі.Мысалы,ақ алабұтаның бiр өсімдігі 100 мыңға дейiн тұқым берсe,гүлтәжi-500 мыңға дейiн,сарыбас қурай 730 мыңға дейiн тұқым шаша алады.Көптеген арамшөптер тұқымдарының сол аймаққа таралуға мүмкiндiк туғызатын бөліктерi болады.Мысалы,күрделiгүлдiлер тұқымдастарына жататын арамшөптерде (қалуендер,бақ-бақ,қойжелек) ұшпа ұрықтары, кәдiмгi кәрiқыздың, ошағанның iлгешектерiн айтуға болады. Желдiң әсерiмен тамырынан үзiлiп, танаптарда дөңгелеп бара жатқан қаңбақ та тұқымдарын шашып бара жатады. Қара сұлының бұралған иiндi қылтанағы ылғалдан жазылады,ал кепкенде бұралып дәндердiң орын алмастыруына себепкер болады.
Армшөптердің өте бір ерекшелігі – тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауында. Сол себепті егін себу алдында, тіпті культивациямен өңдеу кезінде де, тiптi сүрi танапты өңдеу кезiнде де толық жоюға мүмкiндiк бермейдi. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабығының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі. Мысалы, алабота тұқымы жарықта,итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді. Арамшөптердің тұқымдары өз өнгіштігін топырақта ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Тағы бір ерекшелігі – олардың тұқымдары топырақтың 0-5см тереңдігінен жақсы көктеп шыға алады. Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өсіп-өнуге жақсы икемделгенін көрсетеді.
75.Қандай белгілері бойынша арамшөптерді жіктейді?
Біздің республикамызда 300-гежуық түрі бар.Бұлардың ішінде 120 түрлі паразиттік арамшөп,оның ішінде 36 түрлі арам сояуды,80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады.Сонымен қатар,220түрлі жартылай паразитті арамшөптер өседі.Арамшөптер осындай көп болғандықтан оларды жіктеу қажет.
Жіктеу негізіне мыналар алынған:
1.Өсімдіктердің қоректену әдісі
2.Өмір сүру ұзақтығы
3.Көбею тәсілі
Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптер үш топқа бөлінеді.
1.Паразиттік арамшөптер
2.Жартылай паразиті арамшөптер
3.паразитті емес немесе жасыл арамшөптер
Паразиттік емес арамшөптер вегетациялық ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:
1.Аз жылдық арамшөптер
2.көп жылдық арамшөптер.
76. Қоректену типі бойынша арамшөптердің топтары
Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптер үш топқа бөлінеді.
1.Паразиттік арамшөптер
2.Жартылай паразиті арамшөптер
3.паразитті емес немесе жасыл арамшөптер
Паразиттік емес арамшөптер вегетациялық ұзақтығына қарай екі топқа бөлінеді:
1.Аз жылдық арамшөптер
2.көп жылдық арамшөптер.
Аз жылдық арамшөптер дегеніміз – екі жылдан артық өмір сүрмейтін,соның ішінде бір-ақ рет тұқым беретін өсімдіктер.Олар тұқым арқылы көбейеді.
Аз жылдық арамшөптер вегетациялық ұзақтығына байланысты бес топқа бөлінеді:
1.Эфемерлер
2.Жаздық арамшөптер
3.Қыстап қалатын арамшөптер
4.Күздік арамшөптер
5.Екі жылдық арамшөптер.
Көп жылдық арам шөптер дегеніміз – бірнеше жыл өсіп,соның ішінде бірнеше рет дән түйіп,ұрпақ беретін өсімдіктер.Олардың тұқымынан да,вегетативтік мүшелері арқылы да көбейеді.
Көп жылдық арам шөптерді тамыр жүйесіне қарай мына топтарға бөлуге болады:кіндік тамырлы,шашақ тамырлы,бадана және түйнек тамырлы,өрмелегіш тамырлы,тамыр сабақты,атпа тамырлы.
77.Тоғышар арамшөптердің тоғышар емес арамшөптерден айырмашылықтары
Жартылай тоғышар арамшөптердің хлорофилi және дамыған жапырақтары болады. Олардың көпшiлiгi иесi болатын өсімдіктi таба алмаған жағдайда тамырларын жайып, автотрофты қоректенуге көшедi. Бiрақта, үлкен сылдырмақ туралы басқаша да мәлiметтер бар (Сорные растения СССР, 1935, том IV). Егер өсіп шыққаннан кейiн алты аптада иесi болатын өсімдік таппаса олар өлетiн көрінеді. Жартылай тоғышар арамшөптер тамырлық (үлкен сылдырмақ, кеш қандауыр) және сабақтық (ақжидек) болып бөлiнедi. Кейiнгiлерi иесi болатын өсімдіксiз өмір сүре алмайды.
Тоғышар арамшөптер өздiгiнен қоректену қабiлетiн жоғалтқан, сондықтан өзіне керектi заттардың бәрiн иесi болып табылатын өсімдіктерден алады. Олардың тамырлары, хлорофилi жоқ жапырақтары да түбегейлi өзгерiске ұшыраған . Олар тамырлық тоғышарлар (сұңғыланың түрлерi) және сабақтық тоғышар (арамсояудың түрлерi) болып бөлiнедi.
