Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

69.Арамшептерді егістіктерде жою

Арамшөптермен егiн сепкеннен кейiнгi күрестiң басты агротехникалық шараларына егiстi көгі шыққанға дейiн және көгі шыққаннан кейiнгi тырмалау, отамалы дақылдардың қатараралығын өңдеу жатады. Тырмалаудың тиiмдiлiгi топырақтың беткi қабатындағы арамшөптердің жас өркендерiн (ақ жiпше кезеңi) жоюға негiзделген.          Отамалы дақылдардың (жүгерi, картоп) егiстiктерiн көктегенге дейiн және көктегеннен кейiн тырмалау тиiмдi және кең қолданылады. Дәндi дақылдардың егiсiн тырмалау сақтықты талап етедi.Мұнда СЗС-2,1 тұқым сепкiшiнен кейiнгi жердiң бетiндегi аңыз қалдықтарының, арамшөптер өркенiнiң болатынын, қажеттi гидроцилиндрлi тырмалардың, үлкен алқаптардың болуын ескеру  керек.

70.Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.

Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар – гербицицдтердің көмегімен жойылады. Осы күні арам шөптерге қарсы қолданылатынгербицидтердің түрі өте көп.

Гербицидтер арам шөптерге тигізетін әсері бойынша жаппай және талғамды әсерлі болып екі топқа бөлінеді.

Жаппай әсерлі гербицидтер барлық өсімдіктерді жояды. Сондықтан олар егістіктен тыс жеолердегі –жолдың жиегіндегі, каналдардың жағасындағы және басқа учаскелердегі арам шөптерді құрту үшін қолданылады. Бұған натрийдің үш хлорацетаты, тордон 22К, далапон және басқалары жатады.

Талғамды әсерлі гербицидтер тек арам шөптерді ғана жойып , мәдени өсімдіктерге зиян келтірмейді.бұған 2,4-Д, 2М-4Х, 2,4-ДМ, 2М-4ХМ,2М-4ХП,атразин, симазин, пирамин,т.б.

71.Кең тараған гербицидтердің сипаттамасы

Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күрестi гербицидсiз табысты жүргiзу iс жүзiнде мүмкiн емес. Өндiрiсте талғап әсер ететiн, жер бетiне шашылатын немесе топыраққа сiңiрiлетiн гербицидтер (2,4-Д, триаллат, трефлан, прометрин, эрадикан т.б.) кең тараған. Бұлар өсімдіктің жүйкесі арқылы қоректік заттармен бірге және зат алмасу өнімдерімен бірге жылжи отырып жалпы улану тудырады. Сабақтың түрі, жапырағы өзгереді, біртіндеп өсу тоқталады.

Гербицид 2,4-Д амин тұзының судағы ерiтiндiсi түрінде, симазин,прометрин,атразин суланған ұнтақты суспензия түрінде,2,4-Д бутил эфирi, триаллат, трефлан, эптан эмульсиялар түрінде кейде триаллат,2,4-Д бутил эфирi түйiршiктер түрінде,гербицид гранстар құрғақ суспензия түрiнде қолданылады. Атразин, сесрон, карбин 2,4-Д гербицидтері өсімдіктіңжапырақтары мен тамырлары арқылы жылжып,оның бүкіл бойына тез тарайды да,тіршілік ету процесін күрт бұзады. Мұның әсерінен өсімдіктің жапырағы мен сабағы 2-3 аптадан кейін қурап түседі не өсуін тоқтатады.

Карбин,солан,бетанал,реглон гербицидтері тек өсіп-өніп келе жатқан арамшөптер үшін қолданады. Өсімдіктерге жапырағы және басқа жер үсті мүшелері арқылы енеді. Симазин, дифеналид, тиллам, триаллат, пропазин, трефлан, арезин гербицидтері арамшөптердің көктері пайда болғанға дейін қолданылады. Тамылары арқылы енеді.

72Арамшөптермен биологаялық күресу шаралары

Қоршаған ортаны әр түрлі препараттармен ластамай табиғатты қорғау үшін қолданылады.

Мәдени өсімдіктердің ерекшелігі мен арам шөптердің түрлеріне байланысты биологиялық әдістің әр түрлі әдісі қолданылады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар;

Насекомдар мен жұмыр құрттарды қолдану. Мысалы, қызыл кекіреге қарсы кекіре жұмыр құртын, арамсояуға-бізтұмсықты, қалуенге-жапырақ кеміруші қоңыздың личинкасын қолданады. Күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шіркейін қолдану-оның тұқымының өнімін 70 процентке дейін кемітеді. Жусан жапырақты ойран шөпке қарсы ойран шөп көбелегін қолданады.

Арам шөптердің вегетативтік және генеративтік органдарын зақымдау мақсатымен фитопатогендік микроорганизмдерді қолданады. Мысалы, альтернария саңырауқұлағының споралары дала арамсояуының сабағына түссе тез өсіп, көбейіп аталған паразиттік арам шөпті екі аптаның ішінде жойып жібереді. Қызыл кекіреге қарсы кекіре тот ауруын пайдаланады.

Қорыта айтқанда, арам шөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу- болашағы зор шаралардың бірі.