Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

64.Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі

Арамшөптердің салмағы туралы қосымша мәліметтер алу үшін өлшенген саңдық әдісті қолданып алуға болады. Бұл бақылау әдісі арқылы арамшөптер саны мен қатар арамшөптердің жер үстіндегі мүшелерінің салмағы, аудан бірлігіне граммен көрсетіліп, анықталады. А

Арамшөптердің салмағы үш көрсеткішпен сипатталады тірі өсімдіктердің салмағы, олардың мүлдей құрғақ, салмағы мен ауалы күйдегі өсімдіктердің салмағы.

Сыныма алқыптарды тандау тәртібі арамшөптерді санау әдісімен бірдей. Барлық арамшөптерді кәсектің ішінен жұлып алып, тамыр мойнана дейін кесіп тастайды. Арамшөптерді түрлері бойынша сабақтарын санап, салмағын дымқыл, ауалы-құрғақ және мүлде құрғақ күйінде өлшейді.

Арамшөптердің әсерінен дән өнімділігінің азаюы, егістердегі арамшөптердің өзіндік салмағымен сәйкес келетіні дәлелденген және жалпы фитоценоздың биологиялық салмағымен сәйкес келетін дәлелденген және жалпы фитоценоздың биологиялық салмағынан пайызбен көрсетілген.

Арамшөптердің жер үсті бөлігінің салмағының агрофитоценоздағы жалпы жер үстіндегі салмаққа қатынасы пайызбен көрсетіліп, оны Н.З.Милащенко арамшөптер бөлігі деп немесе олардың зияндылығы деп атаған. Бұл жағдайда келесі шкала қолданылады:

Ластану дәрежесі Арамшөптердің үлесі, %

өте аз 10 га дейін

орташа 11-20

күшті 21-30

өте күшті 30-дан астам

65.Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі

Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау үшін бақылау жүргізген мәліметтерін қолданады.

Әрбір танаптың ластану дәрежесін балмен, ал типін шартты белгі немесе реңі арқылы көрсетеді.

Арамшөптердің бірнеше биологиялық топтары болған кезде басым топтың белгілері бойынша танапты боянды немесе сызады.

Әрбір танаптың ластану картасын келесі тәртіппен жасайды. Әр бір танаптың контурының тәсімінің оң жақ бұрышында диаметрі 2- 3 см дөңгелекті сызып оны бірнеше секторға бөледі

Олардың саны танапта анықтаған арамшөптер топтарынын санына сәйкес болып, ал әрбір сектордың көлемі осы арамшөптердің ластану дәрежесіне тең болу керек. Содан соң секторға ластану балын санмен көрсетіп, бояу немесе белгілер арқылы ластану типін көрсетеді. Дөңгелектің ортасында орта балды және 1 м2 арамшөптердің санын жазып, сызықтын астында дақылдың аты және зерттеу жүргізген жылы көрсетіледі Танаптың жалпы ластану балы, жеке бір түрдің ең жоғары болған бағалауынан төмен болмауы керек. Танап суретінің ішіндегі алымында танаптың нөмірі, ал бөлімінде танап ауданынын гектары жазылады.

66.Алдын ала күресу шаралары.

Тұқымдарды тазалау.  Арнайы мәшинелерде елеуiштер мен триерлердi пайдаланып, арамшөптер мен мәдени дақылдар тұқымдарын бөлудiң барлық мүмкiндiктерi негiзiнде жүргiзiледi. Тұқымдар себу стандарттарының I-III класс талаптарына дейiн жеткiзiледi. Мұнда I-II класс деңгейiне дейiн көтеруге талаптанған дұрыс, себебi олардың әр килосында арамшөптердің саны аз болады.Егiндi өз мерзiмiнде жинау. Егер егiндi жинау жұмыстары мезгiлiнде, кешiктiрiлмей жүргiзiлсе, арамшөптер тұқымының негiзгi бөлігі комбайн шанағына немесе сүрлемдiк дақылдармен бiрге көк балаусаға түседi. Дәндi дақылдарды бөлектеп орғанда, тiкелей жинағанға қарағандағыдан арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады. Астықты танаптардан қырманға тасығанда олардың шығынын болғызбау үшiн арнайы жамылғымен жабу керек.

Сабанды, мекендi және жемдi малға беруге дайындау. Сабан мен мекендi, ондағы арамшөптердің тұқымдарының өміршеңдiгiн жою үшiн, малға буландырып беру керек. Жемдi малға берер алдында ұнтақтайды немесе буландырады.

Көңді сақтау және залалсыздандыру. Көңді борпылдақ-тығыздалған тәсiлмен сақтағанда арамшөптердің тұқымдарының өлуi толығырақ болады, себебi тығыздағаннан кейiн көң 70-720С дейiн қызады. Көптеген арамшөптердің тұқымдары 4-6 ай сақтағаннан соң толық өледi (67).

Карантин (тыйым салу) шаралары.  Сыртқы карантин шараларының мiндетi – елге карантинге жататын заттармен (астық, тұқым т.б.) бiрге карантиндi арамшөптердің тұқымдарының өтiп кетуiне жол бермеу. Iшкi карантиннiң мiндетi – карантиндi арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарға таралуына тосқауыл қою. Карантиндi арамшөптермен ластанған сабан, шөп, жем азықтар олар өсірілген шаруашылықтарда ғана пайдаланылады. Карантиндiк сертификаты болмаған жағдайда ол шаруашылықтардан мәдени дақылдардың тұқымдарын басқа шаруашылықтарға өткiзуге болмайды. Мемлекеттiк инспекция карантиндiк объектiнiң ошағын уақытында анықтап, таралмауына және мезгiлiнде жоюға тиiс. Осы мақсатпен ауыл шаруашылық жерлерi, өсімдік өнімдерінiң сақталатын, өңделетін жерлерi және солардың маңайы жүйелi түрде тексерiлiп тұрады