Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

61.Ауыл шаруашылық жерлердін ластануын есептеу және картаға салу әдістері.

Танаптардың ластануын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар: 1) шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау, 2) санау арқылы анықтау, 3) санау және салмағын  өлшеу әдiсi, 4) қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдiсi. Онда ұшақтан, тiкұшақтан видеожазу немесе телерепортаж жүргiзiледi де, дайындалған жадығаттар жерде өңделедi.  

          Егiстiктiң ластануын шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау әдiсi үлкен алқаптарды тез тексеруге мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл әдiстiң дәлдiгi төмен болады. Сондықтан тек өндіріс жағдайында танаптарды гербицидпен өңдеу алдында пайдаланылады. Егiстiктердiң ластану деңгейi А.И.Мальцевтiң шәкілі бойынша анықталады

          Танаптың ластануын санау әдiсiмен анықтау үшiн оның ұзын қиғашы бойынша жүрiп отырып бiрдей қашықтықтан соң аумағы 0,25 шаршы метр (50х50 см) рамаларды салып есептеу жүргiзедi. Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 есептеу жүргiзедi. Ол үшiн раманың iшiндегi арамшөптердің әр түрiн бөлек санап есептеу қағазына жазады (1-үлгi). Анықтаушыға белгiсiз арамшөптердi “Басқа түрлер” атты жолда көрсетеді. Анықтауды аяқтағаннан кейiн 1-үлгiдегi көрсеткіштердi шаруашылық бойынша дақылдардың арамшөптермен ластану ведомосіне ауыстырады (2-үлгi). Екiншi үлгiдегi мәлiметтер негiзiнде танаптарды ластану деңгейiне қарай топтарға бөлу әр шаршы метр жердегi арамшөптердің санына қарай жүргiзiледi (5 -кесте).

          Танаптардың әр шаршы метрiнде бiр және одан көп көп жылдық арамшөп болғанда гербицидпен өңдеу ұсынылады, бiр жылдық арамшөптер – 6 және одан көп болғанда гербицид пайдаланған тиiмдi. Егiстiктерде карантиндi арамшөптер болғанда олардың санына қарамай өңдеу жүргiзедi .

          Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдiсi арқылы анықтағанда арамшөптердi тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ массасын өлшейдi.

Бұл әдiс агротехникалық зерттеулерде, танаптардың ластану деңгейiн ғана анықтап қоймай, арамшөптердің зияндылығын да анықтау керек болғанда қолданылады. Олардың зияндылығын анықтаудың негiзiне егiстiктiң әр шаршы метр жерiндегi өсімдіктердің жалпы биомассасында арамшөптердің үлесi қанша болса, алынатын өнім  сонша мөлшерге төмендейдi деген қағида алынған.

Ластану деңгейiн анықтау бес баллды шәкiл бойынша жүргiзiледi, мұнда 1 балл егiстiктiң ауданының 10% арамшөптер алғанда қойылса, 2 балл – 11-25, 3 балл – 26-35, 4 балл – 36-55, 5 балл – 56-75 % болғанда қойылады. Бұл шәкiлдің көрсеткіштерi танаптардың ластануын санау арқылы анықтау әдiсiндегi шәкiлдің көрсеткіштерiмен теңгерiлуi мүмкiн .

          Топырақтың арамшөптердің тұқымдарымен ластануын анықтау көп еңбек етудi, арнайы құралдарды және көп уақытты керек етедi. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының мөлшерін бiлу, олардың өміршеңдiгiн сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, танаптардың ластануын бiрнеше жылға алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Анықтаудың тәсiлдерi арнайы әдебиеттерде берiлген . А.В.Фисюнов . танаптардың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегi шәкiл бойынша жүргiзудi ұсынады: 1 балл – шамалы, гектарына 10 млн данадан аз; 2 балл – орташа, 10-50; 3 балл – күштi, гектарына 50 млн данадан көп. Картада әр танаптың шекарасында оң жақ шетiне тақау бiрiнiң iшiнде бiрi диаметрлерi 2 және 4 см екi шеңбер сызады.

 Кiшкене шеңбердiң ортасында әр шаршы метрдегi арамшөптердің саны, баллмен берiлген ластану деңгейi, ал сызықтың астында анықтау жүргiзiлген жыл көрсетілген. Сыртқы және iшкi шеңберлердiң арасы танапта кездескен арамшөптердің түрлерiне байланысты бөліктерге (секторларға) бүлінген. Бөліктердiң ауданы тиiстi топтағы арамшөптердің санына сәйкес келедi. Әр сектор пайдаланылған шартты белгiлерге сәйкес боялады немесе сызықшалармен белгiленедi, сонан кейiн ең зиянды және жиi кездесетiн арамшөптердің қысқартылған аты (түрлiк және тектiк аталуының бiрiншi әрпi) және саны көрсетіледі. Осы тәсiлмен бiр картаға бiрнеше жылдағы анықтаудың нәтижелерiн белгiлеу, танаптардың ластануының өзгеруiн көруге мүмкiндiк бередi.

62.Органикалық тыңайтқыштардың құрамындағы арамшөптердің тұқым қорын анықтау

63.Өсіп тұрған арамшөптерді санау