Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

56.Екі жылдық арамшептер. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.

Бұл топтағы арамшөптер өздерінің даму айналымын аяқтау үшiн екi вегетациялық маусымды керек етедi. Басқаша айтқанда, олардың қыстайтын бiржылдықтар мен күздiктерден айырмашылығы оларға толық екi жаз керек. Тұқымдары күзде көктесе олар екi рет қыстайды. Бұл топтың өкiлдерiнiң қатарына қара меңдуана, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, кәдiмгi кәрiқыз, бұйра түйетiкен т. б. жатады. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.Бұршақ тұқымдасының өсімдігі. Сабағы тармақты, тік өседі, биіктігі 90-200 см. Жапырақтары үш бөлікті, астыңғылары жұмыртқа тәрізді, үстіңгілері ұзынша болады. Гүлдері сары, жоғарғы жақта ұзын шашақ гүл шоғырларға жинақталған! Бұршақ қаптарына бір тұқымы болады, тұқымдары қабықтан қиын ажыратылады. Тұқьмдары ұзынша жұмыртқа тәрізді, сырты тегіс, реңі сары жасыл. Бір өсімдік 17-18 мыңға жуық су өткізбейтін қабығы өте қатты тұқым байлайды. Тұқымдары 5 см терендіктен жақсы өніп шығады. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Әр түрлі дақылдарды, өсіресе жоңышка мен беденің егістерін ластайды, шалғын жерлерде, жол іргелерінде, бос жерлерде кездеседі. Дәрілік өсімдік ретівде қолданылады, құрамында кумарин алкалоиды бар.

57.Күздік арамшөптер. Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus)

Бұлар жаздық және қыстайтын арамшөптерге қарағаңда толық дамуы үшін қысқы кезеңнің төменгі температураларын қажет етеді. Өскіндерінің көктеу мерзіміне қарамастан өсімдіктері қыстап шығады да, келесі жылдың жазында ғана жеміс береді. Бұлардың тұқымдары күздік дақылдардың тұқымдарымен бір мезгілде пісіп жетіледі. Осы топтың өсімдіктеріне танаптық және қара бидай арпабасы, танаптық сіпсебас жатады. Қазақстанның күздік дақылдары өсіріле оңтүстік аудандарында бұл арамшөптер кеңінен тараған.

Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus). Қоңырбастылар тұқымдасының өкілі. Сабағы тік өседі, биіктігі 30-100 см, жапырақтары линейлі, жіңішке. Тамыр жүйесі шашақ, көптеген ұсақ тамыршалардан қалыптасқан. Тұқымы өнген жылы жақсы дамыған түпті қалыптастырады. Қыстап шыққаннан кейін, маусым-шілде айларында гүлдейді де, шілденің соңында тамыздың бас кезінде әр өсімдік 5 мыңға жуық тұқым береді. Гүл шоғыры борпылдақ сіпсебас, масақтарында 8-10 гүл болады. Дәндерінің пішіні мен мөлшері қара бидайдың дәніне ұқсас, сондықтан қарапайым тұқым тазалағыш машиналарда қиын ажыратылады. Арамшөптің тұқымы топырақтың 10-12 см терендігінен өніп шыға алады. Өнбеген түқымдары өміршеңдігін 2 жылға дейін сақтайды. Қара бидайдың арпабасы күздік қара бидайдың егістігін ластайтын арнаулы арамшөбі болып табылады, сондай-ақ күздік бидайдың, басқа да күздік дақылдардың егістерін ластайды.

58.Кыстайтын арамшөптер. Егістік ярутка (Tlaspi arvense)

Бұлардың дамуы жаздық, сондай-ақ күздік типте өте алады. Көктемде пайда болган өскіңдері жаздық сияқты дамиды, яғни күзде жеміс береді де, сосын солады. Кеш шыққан ескіндері кез-келген кезеңінде /фазасында/ қыстап шығады да, келесі жылы дамуы аяқтайды. Күздіктерге қарағанда қыстап шығу бұларға қажет емес, тек өзін сақтау үшін керек. Қыстайтын арамшөптердің ішіңде кәдімгі қарамықша, қоқым-соқымдық шытырмақ, иіссіз түймедақ, көк гүлкекіре, төгілмелі сарыбасқурай, егістік зәлел, канадалық майдажелек ж. т. б.

Егістік ярутка (Tlaspi arvense 20-1 сурет). Қырыққабат тұқымдасының өкілі. Сабағы бұтақтанып тік өседі; биіктік 20-60 см. Төмеңгі жапырақтары сағақты, сопақша-элипс тәрізді, сабақтағы жапырақтарының қалемшелері жоқ, олар сопақша тәрізді, кішкектай тістіктері бар. Гүлдері ұсақ, күлтежапырақшаларының реңі ақ, сабақтың үстіңгі бөліктерінде шашақ гүл шоғырларға жинақталған. Жемісі - екі ұялы, көп тұқымды қын, ұзындығы 12-18 мм. Әрбір ұяда 5-8 қоңыр немесе қара қоңыр тұқымдары бар. Олардың ұзындығы 1,2-2,0 мм, еңі 1,5 мм, сарымсақтың дәмі болады. Бір өсімдік өнгіштігін 10 жылға дейін сақтайтын 12 мыңға жуық тұқымдарын байлайды. Тұқымдары топыраққа шашылып түскеннен кейін тез өніп өседі көктеулері дөңгелек түріңде қыстап шығады да, көктемде гүлдейді. Бүкіл жерлерде кездеседі, жаздық және күздік дақылдардың егістерін ластайды.