Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

53.Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер. Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/.

Атпатамырду арамшөптер сияқты өзінен және тұқым арқылы көбейеді. Бұл топтың вегетативтік көбею мүшелері жер астындағы орналасқан сабақтары — тамырсабақтар деп аталады. Осы арамшөптер тобының биологиялық ерекшеліктері бұл бүршіктерден жаңа өркендерді қалыптастыру қабілеті, сонымен қатар тамыр сабақтардың ұзақ өміршеңдігі болып табылады. Оларға жатаған бидайық, бұтақты бидайық, құмай, қарашығыр, кәдімгі мыңжапырақ т.б. жатады.

Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/. Қоңырбастылар тұқымдасына жатады. Сабағы тік өседі, сырты тегіс және қатты, биіктігі 40-130 см. Жапырағы таспа тәрізді, түсі көкшіл, асты тегіс үстіңгі жағы кедір — бұдырлы. Гүл шоғыры күрделі екі қатарлы масақ, ұзындығы 7-15 см. Жемісі - ұзарған қауызды дәнек. Дәнектің ұзындығы 7-10 мм, ені 1,3-1,7 мм. Арамшөп шілде-қыркүйек айларында гүлдейді және жеміс береді. Бір өсімдік өнгіштігін топырақта 12 жылға дейін сақтайтын 10 мыңға жуық тұқым бере алады. Тамырлары топырақтың 1 метр тереңдігін бойлайды, бірақ тамыр сабақтың көбісі 12 см тереңдікте орналасады. Барлық дақылдарды ластайды. Борпылдақ, дымқыл, қарашірікке бай топырақтарда жақсы өседі. Тығыздығы жоғары топырақтарда өсуі нашарлайды.

54.Атпатамырлы арамшөптер. Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense

Бұл арамшөптердің негізгі және бүйірлік тамырларынан қалыптасатын атпатамырлары деп аталатын вегетативтік көбею мүшелері болады. Тамыр өркендері жаңа өсімдіктердің пайда болуына мүмкіндік береді, олар дербес өсімдік болғаннан кейін, өркендерін жаңадан құрып куртиналарды қалыптастырады. Содан соң куртиналар қосылып күшті ластанған алқапқа ауысады.

Ең зиянды атпатамырлы арамшөптердің өкілдеріне егістік қалуен, татар ақсуттігені, далалық шырмауық, далалық сарықалуен, қәдімгі сурепка, кәдімгі сиякөк, талшықты сүтгіген жатады.

Далалық сарықалуен Аққекіре тұқымдасына жатады. Сабағы күшті тармақтанып тік өседі, сырты түтіктермен қапталған, биіктіті 150 см-ге дейін болады. Жапырақтары кезектесіп орнала-сады, ланцетті, сағақсыз, астыңғылардың шеттерінде тістіктері болады, үстіндігілерінің шеттері тегіс. Гүлдері қызыл күлгін түсті немесе қызғылт, жоғарғы жақта кәрзеңкелерге жинақталған. Жемісі - сары түсті, ұзындығы 3-4 мм, ені 1 мм ұзынша дәнек, оның ақшыл қылшықтары мен үлпілдегі болады. Әрбір өсімдік 100 мыңға жуық тұқым байлайды, олар 5-6 см тереңдіктен, температура 25-30 °С болған кезде өніп шыға алады. Тұқымдары енгіштігін 3-1 жыл сақтайды. Маусым айынан бастап қоңыр күзге дейін гүлдейді. Тамыр жүйесі қуатты, тік өсетін кіндік тамырынан қалыптасқан, ол топырақтың 3-5 м тереңдігіне сіңіріп өседі, одан бірінші және соның қатармен орналасатын көбею тамырлары жан жаққа тарайды. Кіндік тамырдың үстіңгі бөлігі 15-30 см топырак тереңдігіңде сабаққа ауысады. Бүйірлік тамырлар көлбей қабаттарымен орналасады да, содан кейін бүгіліп төменге қара жылжиды. Тамырларында қаптап, әсіресе бүгілген орындарында орнадасқан бүршіктерінек ұшқыр жапырақты өркіндері пайда болады, содан соң олар топырақ бетіне шығып дегелектерді жене жеміс беретін сабақтарын қалыптастырады. 5 см -ден ұзындау кескіндері 10 см тереңдіктек жаңа өркендері қалыптастыруға кабілеті бар.

Вегетация кезеңінің соңында ескірген сабақтары өліп қалады. Бұл - зиянды арамшөп, барлық жерлерде тараған, әр түрлі дақылдардың, әсіресе жаздық астық дақылдардың егістерін ластайды.