- •Ағымдық емтихан сұрақтары
- •1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі
- •2.С.И. Долгов және п.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі
- •3.Н.И. Савинов әдісі топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.
- •4.П.И.Андрианов ұсынған, тұрған суда топырақтың суға төзімділігін анықтау
- •5.Топырақтың жел эрозиясына қарсы тұрақтылығын анықтау
- •6.Топырақтың құрылымы мен құрылымдылығы
- •9.Топырақтың қасиетгерін, режимдерін және құнарлылығын құрудағы құрылымның маңызы
- •12.Топырақтың құрылымын қайта құру шаралары
- •13.Дефляциялы процестердегі құрылымның рөлі
- •14.Топырақтың эрозияға шалдығуын анықтау әдістері
- •15.Топырақ тығыздығы және оны анықтау
- •16. Топырақ тығыздығы және сипатталатын көрсеткіштігі
- •17. Топырақ тығыздығының өсімдіктің өсіп дамуына манызы
- •18.Өте борпылдақ және тығыз топырақтың дұрыс және теріс қасиеттері
- •19.Топырақтың оңтайлы және тепе-тендікті тығыздығы
- •20.Топырақтың көлемдік салмағы неге байланысты өзгереді және оны анықтау
- •21.Жалпы қуыстылық деген не және оны анықтау
- •22.Топырақтың тығыздығын реттеу агрономиялық шаралар
- •23.Топырақтың жыртылатын қабаттың құрылысын анықтау
- •28. Топырақтың жыртылатын қабатының құрылысының өсімдіктің тіршілігіне тиетін пайдасы
- •29.Топырақтың жалпы, капиллярлы және капиллярсыз қуыстылығы анықтау
- •33.Максималды гигроскопиялық
- •36.Топырақ ылғалының маңызы ,оның түрлері
- •40.Топырақ ылғалдылығының қозғалғыштығы мен өсімдіктерге жетімдігі неге байланысты.
- •41. Су балансы . Топырақтың су ұстау қабілеті
- •42. Топырақтың су өткізгіштігі және су көтеру қабілеті
- •Орындау реті:
- •49. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы
- •50.Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Үлкен бақажапырақ /Plantago major/.
- •50.1.Баданалы және түйнекті арамшөптер. Домалақ бас жуа /Allium rotundum/.
- •51.Жатаған арамшөптер. Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/.
- •Жатаған арамшөптер
- •52.Кіндік тамырлы арамшоптер. Ащы жусан /Artemisia absinthium/.
- •53.Тамыр сабақты /көген тамырлы/ арамшөптер. Жатаган бидайык, /Agropyrum repens/.
- •54.Атпатамырлы арамшөптер. Далалық сарықалуен /Сіrsium arvense
- •55.Копжылдық арамшөптер. Көпжылдық арамшөптердің кандай өзгешіліктері болады
- •56.Екі жылдық арамшептер. Сарыбас немесе дәрілік туйе жоңышқа /Melilotus oficinalis/.
- •57.Күздік арамшөптер. Қара бидай арпабасы(Bromus secalinus)
- •58.Кыстайтын арамшөптер. Егістік ярутка (Tlaspi arvense)
- •59.Кеш пісетін арамшөптер. Жасыл итқонақ (Setaria virides).
- •60.Жаздық ерте арамшөптер. Қара сүлы. (Аvena fatua)
- •61.Ауыл шаруашылық жерлердін ластануын есептеу және картаға салу әдістері.
- •64.Танаптардың ластануын өлшеудің сандық бақылау әдісі
- •65.Танаптардың арамшөптермен ластану картасын жасау әдістемесі
- •66.Алдын ала күресу шаралары.
- •67.Аз жылдық арамшөптермен күресу
- •68.Көп жылдық арамшөптермен күрес
- •69.Арамшептерді егістіктерде жою
- •70.Арамшөптермен химиялық күресу шаралары.
- •71.Кең тараған гербицидтердің сипаттамасы
- •72Арамшөптермен биологаялық күресу шаралары
- •73.Арамшөптердің зияндылығы
- •74. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- •78. Күздік және кыстайтын арамшөптердің айырмашылықтары
- •III. Биологиялық шаралар
- •81.Гербицидтерді жіктеу негізі.
- •90. А.В. Николаев әдісі бойынша топырақтың Максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау
- •91. Топырақтың далалық ылғал сиымдылық шегін су құйылған алаң тәсілімен анықтау .
- •92. Топырақтыңқұрылым түзу ылғалын анықтау
- •93. Топырақтың су көтергіштік қабілетін анықтау
- •94. Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті көбею мүшелерін анықтау
- •98. Әр түрлі аудандарға ұсынылған ауыспалы егістер Солтүстік және Орталық Қазақстанның дәнді ауыспалы егістері
- •Ықтырмалы сүр танапты өңдеу технологиясы
- •107. Жырту тереңдігін өлшеу және отамалы дақылардың қатараралық өндеулері
- •108. Топырақ қорғау техникасы мен өндеудің сапасын бақылау.
- •109 Топырақтың құнарлығы және мәдени түрлері
- •111 Топырақтың жылу режимі
- •115 Егіншіліктің аймақтық жүйелері
- •122.Топырақты минималды өңдеу принциптері.
- •123.Топырақты күзде және көктемде өндеу
51.Жатаған арамшөптер. Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/.
Жатаған арамшөптер
Бұл топтың арамшөптерінде тұқымдық көбею азырақ, өзінен көбею басымырақ болады. Тұқымдары өнгеннен және өскіндері топырақ бетіне шыққаннан кейін жапырақ дегелегі пайда болады да, олардан жан-жаққа мұртшалар желілер қалыптасады. Олардың ұшы топыраққа еніп, тамырланады да, жаңа өркен береді. Олар бір жылдан кейін қалыптастырады. Соңғылар жеміс салғаннан кейін солады. Бұл топтың өкілдеріне жатаған сарғалдақ, кәдімгі қазтабан, мамық барқытжапырақ ж. т. б. жатады.
Жатаған сарғалдақ /Ranunculus/. Арамшөп сарғалдақ тұқымдасына жатады. Сабағы жатып немесе шамалы көтеріліп өседі, ұзындығы 15-20 см.абағы цилиндр тәрізді, буындарында тамырланып жаңа өсшмдіктерді қалыптастырады. Жапырақтары сағақты, кезектеміп орналасады, үш қалақты, тамыр жағасында орналасқандары үстіңгілерге карағанда біраз ірілеу болады. Астыңғы жапырақтарының шеттері тістіктерімен үшке кесілген, үстіңгілері сопақша, тегіс. Гүлдері жекелеп орналасады, гүл жапырақшылары сары. Жемісі - сопақша жалпақ, қатты қабысқан жаңғақ. Сырты бұдырлы, қоңыр түсті, ұзындығы 2,5-3,5 мм, ені 2,0-2,5 мм. Мамырдан -тамызға дейін гүлдейді. Күзде бір жемістенетін өркен 140-қа жуық тұқым береді, содаң соң гүлсидамы өледі. Тұқыммен көбеюмен қатар, жерде төселіп өсетін желілері арқылы өзінен де көбейеді. Бірінші жылы тұқымнаң өніп өскен көктеулері жапырақ дегелегін және шашақты тамыр жүйесін қалыптастырады. Екінші жылы дегелектері гүл сидамдарын және жатаған өркендерін /желілерін/ құрады. Бір өсімдік сабақ буындарынан 25 -ке жуық жаңа дегелектерін қалыптастыруы мүмкін. Арамшөп дымқыл, механикалық құрамы ауыр топырақтарды ұнатады. Көп жылдық шөптердің егістерін және жайылымдарды ластайды.
52.Кіндік тамырлы арамшоптер. Ащы жусан /Artemisia absinthium/.
Бұл биологиялық арамшөп тобы өкілдерінің өте терең өсетін, өте көп жанама және бүйірлік тамырлары мен кіндік тамыры болады. Көбінесе тұқымдармен көбейеді, бірақ тамыр мойнында және сабақтың темеңгі жағындағы бүршіктерден өркендерді қалыптастыра алады. Кейбір арамшөптердің негізгі тамыры бөлініп, жаңа өсімдіктерді қурады. Бұл топтың арамшөптеріне ащы жусан, қаңдауыр бақажапырақ кәдімгі бақбақ, бұйра қымыздық және т.б. жатады.
Ащы жусан /Artemisia absinthium/. Ақкекірелер тұқымдасына жатады. Сабағы тармақты, тік өседі, биіктігі 60-100 см. Жапырақтары қауырсынды ланцетті бөліктерге кесілген, сабақтың төменгі жағындағылары сағақты, басқалары сағақсыз. Гүлдері ұсақ, гүлдері диаметрі 2,5-3,5 мм шар тәрізді кәрзеңкелеріңдегі шашақ гүл шоғырларға жинақталған. Жемісі - сұр ақшыл коңыр ұзындығы 0,8 мм клин тәрізді ұсақ дәнектер. Бір өсімдік топырақ бетінен жақсы өніп өсетін 100 мыңға жуық тұқым байлайды. Шілде- тамыз айларында гүлдейді. Негізгі тамыры күшті бұтақтанады, ағаштанған, топырақты өңдеген кезде қиын кесіледі. Кесілген кезде тамыр мойнындағы және сабақтың тамырға жақын бөлігіндегі бүршіктерінен жаңа өркендері пайда болады. Тамыр кескіңдерінің жерсінуге қабілеті бар, олардың бүршіктерінен жаңа өркендері құрылады. Жайылым жерлерде, күздік дақылдардын және көпжылдық шөптердің, кейде жаздық астық дақылдардың егістерінде кездеседі.
