Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

49. Арамшөптерді жіктеу және олардың ең кең тараған өнімдерінің сипаттамасы

Арамшөптермен күресу шараларын әзірлеу және оларды тиімді іске асыру үшін оларды жеке топтарға біріктіру қажет. Олар қоректену типі, тіршілігінің ұзақтығы, өсу-дамуының биологиялық ерешеліктері және көбею тәсілі бойынша жіктеледі. Өсетiн жерiне қарай төмендегiдей бөлiнедi: 1) танаптық немесе егiстiк арамшөптер. Олардың өкiлдерi үнемi өңделетін танаптарда өседі; 2) қоқыстық өсімдіктер. Бұл топтың өкiлдерi негiзiнен тұрғын үйлер және басқа да ғимараттардың маңында, алаңқайларда, тоғандар мен жолдардың маңайында өседі; 3) табиғи жайлымдардың, шалғындықтардың, басқа да мал азығына пайдаланылатын жерлердiң арамшөптерi. Бұл топтағы өсімдіктердi малдар нашар жейдi, сондықтан  малды ол жерлерде ретсiз көп жайғанда  осы топтағылардың саны тез артады.

Арамшөптердi қат -қабаттылығына қарай бөлу: 1) жоғарғы қат -қабаттың арамшөптерi (қалуендер, ащы жусан, кенепшөп, ақ алабұта, көкпек) – олар дәндi дақылдардан, картоптан биiк өседі; 2) ортадағы қабаттың арамшөптерi (жабайы шомыр, кәдiмгi қарамықша, далалық арпабас, көк гүлкекiре, кәдiмгi қара сұлы); 3) төменгi қабаттың арамшөптерi (кәдiмгi қазтабан, кәдiмгi жұмыршақ, егiстiк ярутка). Төменгi қабаттың арамшөптерi көлеңкеге төзімдi келедi. Кейде төменгi қабатта ортадағы қабаттың өсіп-даму жағынан мәдени дақылдардан кейiн қалған арамшөптерi (итқонақ, гүлтәжi) кездеседi. Олар көлеңкелiкке нашар төзедi, сондықтан өте  әлсiреген жағдайда болады және өздерінің тұқым өнімділігін күрт төмендетедi.

50.Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Үлкен бақажапырақ /Plantago major/.

Бұл биологиялық өкілдерінің шашақ тамыр жүйесі болады және арнау вегетативтік көбею мүшелері болмайды. Бұларға үлкен бақажапырақ, ойып түсетін сарғалдақ /күйдіргі сарғалдақ/ жатады.

Үлкен бақажапырақ /Plantago major/. Бақа жапырақ тұқымдасының өсімдігі. Тамыр жағасындағы жапырақ дегелегі және биіктігі 20-30 см жапырақсыз гүлсидамдары болады. Жапырақтарының шеттері тұтас, жалаңаш, сопақ немесе жалпақ жұмыртқа тәрізді бойлап орналаскан жүйкелері мен ұзын науқа терізді сағақтарында орналасады. Гүл шоғыры ұзын, цилиндр тәрізді масақ, гүлдерінің тостағаншалары жасыл, күлтелері қоңыр және күлгін тозаңдатқыштары болады. Жемісі - көп тұқымды қорапша, ішінде ұзындығы 1 мм, ені 0,5 мм, жасыл-қоңыр түсті 8-16 тұқымы болады. Маусымнан күзге дейін гүлдейді. Бір өсімдік 60 мыңан астам тұқым қалъштастыра алады, олар 3 см тереңціктен көктейді. Тұқымдар өнгіштігін 7 жылға дейін сақтайды. Дегелектегі жапырақ қолтықтарында баданашықтары пайда болады, олар қыстап шыққаннан кейін жаңа өсімдіктерді қалыптастырады. Бақтарды, саябақтарды, беде, жоңышқа егістерін ластайды, шабындыктар мен жайылымдарда кездеседі.

50.1.Баданалы және түйнекті арамшөптер. Домалақ бас жуа /Allium rotundum/.

Бұл агробиологиялық топтың вегетативтік көбею мүшесі болып, сабақ түбінде қалыптасқан баданашықтар, немесе топырақ астылық біржылдық мүшелеріндегі жұмыршық тәрізді түйнекшелер, сондай-ақ тамырдағы және сабақтың топырақ астындағы бөлігіндегі көптеген бүршіктері бар қабықшалы жуанданулары саналады. Өсімдіктің топырақ бетіндегі бөлігі мен топырақ астындағы сабақтары өлгеннен кейін баданашықтар мен түйнекшшелер қыстайды және көктемде жаңа өсімдіктің көзі болып табылады. Сонымен бірге олар тұқыммен де көбейеді. Баданашықты арамшөптерге домалақ бас жуа, бақшалық жуа; түйнектілерге: түйнекті әйкен, түйнекті әрем, батпақ қайызғақшөп, жұмыр сәлемшөбі жатады.

Домалақ бас жуа /Allium rotundum/. Лалагүлдер тұқымдасының арамшөбі. Сабағы цилиндр тәрізді, биіктігі 30-80 см, төменгі жағы жапырақталған. Жапырақтары жіңішке таспалы, сүйір, науа тәрізді. Гүлдері ұсақ шар төрізді, гүлденуге дейін қауызды қабықшалармен жамылған шатышаларға жинақталған. Жемісі - сопақша-домалақ қорашпа. Тұқымдары сопақ, үш бұрышты- қырлы, сырты күңгірт, қара, ұзындығы 2,25-2,75 мм, ені 1,25-1,5 мм. Маусым —шілде айларында гүлдейді. Бір өсімдікте бірнеше жүз тұқым қалыптасады, олар күзде шашылып өніп өсу мүмкін. Тұқыммен және бір өсімдікте 10-15 қалыптасқан банашықтары арқылы көбейеді. Топырақты өңдеген кезде баданашықтар танап бойы таралады да, күзде өніп, келесі жылы есейген өсімдікті құрады. Пияз борпылдақ, қарашірікке бай жапырақтарда жақсы өседі. Астық дақылдардың егістерін, әсіресе күздіктерді ластайды.