Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

42. Топырақтың су өткізгіштігі және су көтеру қабілеті

Су өткізгіштік – топырақтың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжиды фильтрация деп аталады. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақ беткейін аудан бірлігінен өтетін су көлемімен түтіктердің жалпы ауданына, мөлшеріне тәуелді. Сондықтан жеңіл механикалық топырақтарда су өткізгіштік жоғары. Н.А.Качинский су өткізгіштігіне қарай топырақ градациясын ұсынған. Егер топырақ 100С температурада 5 см ағыста бір сағатта 1000мм-ден жоғары су өткізсе, су ұстауы жоқ болып саналады. 1000-нан 500мм-ге дейін шектен тыс жоғары, 500-ден 100мм-ге дейін ең жақсы, 70-30 қанағаттанарлық, 30мм-ден төмен қанағаттанымсыз.

43. Топырақтың ылғалдылығын анықтайтын әдістері

Топырақ ылғалдылығының әртүрлі формаларын және олардың өсімдіктерге қолайлығын, сонымен қатар өсімдіктердің топырақтың ылғалдануына қатысын білу негізінде су режимін реттеу шаруашылықты тиімді жүргізудің тиісті шарты болып саналады.

Топырақтың ылғалдылығы деп абсолютты құрғақ топырақ массасына қатысты пайызбен көрсетілген ондағы су мөлшерін атайды. Топырақтың ылғалдылығын білу оның жалпы және өсімдікке пайдалы ылғал қорын анықтау үшін қажетті, сонымен қатар топырақтағы ылғал мөлшерін білу оның су режимін реттеуге де мүмкіншілік жасайды.

Орындау реті:

1. Далалық жағдайда танаптың қажетті тереңдігінен топырақ бұрғысымен 10-15 г топырақ үлгісін алып алдын ала өлшенген стаканға салады.

2. Зертханада топырағы бар стакандарды дәлділігі 0,01г дейінгі техникалық таразыда өлшейді.

3. Стаканды қақпағы ашық күйінде кептіргіш шкафқа орналастырады да 1050С температурада 6 сағат ұстайды.

4. Құрғату уақыты өткеннен кейін стаканды қақпағын жауып эксикаторға көшіреді, суығанға дейін ұстайды.

5. Сонан кейін стаканды топырағымен өлшейді де тағыда 2 сағатқа қайтадан құрғатуға қояды, содан кейіе қайтадан өлшейді.

6. Топырақтағы ылғал мөлшерін төмендегі формуламен есептейді.

Х = (b – c) : (c – a) х 100,

мұнда, Х – топырақтағы ылғал мөлшері, % құрғақ топырақтың массасынан;

a – бос стаканның массасы, г;

b – топырағы бар стаканның құрғатуға дейінгі массасы, г;

с - топырағы бар стаканның құрғатқанан кейінгі массасы, г;

44. Топырақтағы өнімді ылғал қорын қалай анықтайды?

Өсімдіктер үшін тіршілік әрекетіпроцесінде алатын ылғал бөлігі ғана сіңірімді. Сіңірімді ылғалды өнім қалыптастыруға жұмсалатындықтан өнімді ылғал деп атайды. Тамыр жүйесі топырақтан ылғал сіңіру кезінде топырақ сору күшінен жоғары сору күшін қалыптастырады, орта есеппен 1,5*103кПа (15атм). Бұдан жоғары күшпен ұсталған ылғал өсімдік үшін сіңірімсіз.

45. Даладағы жұмыс басталу алдында күткен өнімді ылғал қорын анықтау әдісі

46.Қажетті қар қалыңдығы санау

47. Ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты дақылдар өнімділігін саналау.

48. Арамшөптердің келтіретін зияны және олардың биологиялық ерекшеліктері

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.Арамшөптердің кең таралуына тұрақты күрестiң қажеттiлiгi және қиындығы олардың өміршеңдiгi мен таралуына әсерiн тигiзетiн биологиялық ерекшелiктерiне байланысты.

 Арамшөптердің дерлiк барлығына тұқым өнімділігінің жоғарылығы тән.

 Көптеген арамшөптердің тұқымдарының сол аймаққа таралуға мүмкiндiк туғызатын бөліктерi болады. Мысалы, күрделiгүлдiлер тұқымдастарына жататын арамшөптерде (қалуендер, бақ-бақ, қойжелек) ұшпаұрықтары, кәдiмгi кәрiқыздың, ошағанның iлгешектерiн айтуға болады. Желдiң әсерiмен тамырынан үзiлiп, танаптарда дөңгелеп бара жатқан қаңбақ та тұқымдарын шашып бара жатады. қара сұлының бұралған иiндi қылтанағы ылғалдан жазылады, ал кепкенде бұралып  дәндердiң орын алмастыруына себепкер болады. 

 Тұқымдарының бiрден қаулап өнбей шұбалаңқы өнуі арамшөптердің маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi. Бұл арамшөптер көгін iң (кәдiмгi қара сұлы) тұқым себу алдындағы культивациямен, тiптi сүрi танапты өңдеу кезiнде де толық жоюға мүмкiндiк бермейдi.

 Арамшөптердің тұқымдары топырақта ұзақ уақыт тiршiлiк қабiлетiн сақтай алады және олар қолайсыз ортада – көңде, сүрлемде, суда болса да жоғалтпауы мүмкiн. Кейбiр арамшөптердің тұқымдары жануарлардың iшек-қарындары арқылы өтсе де көздерінің өнгіштік қабiлетiн жоймайды.

  Арамшөптердің өміршеңдiгiнде олардың тұқымдарының бiр мезгiлде пiсiп –жетiлуiнiң   және олардың  көп бөлігінiң  мәдени дақылдарды  жинағанға дейiн жерге  шашылуының  маңызы  зор. Осының арқасында топырақта әрқашан арамшөптердің өміршең  тұқымдарының  қоры бар және олардың бiр бөлігі егiн ору кезiнде астықпен аралас жиналады.

 Көптеген арамшөптер ауа райының қолайсыз жағдайына  екпе дақылдарға қарағанда  төзімдiрек келедi .

 Кейбiр көп жылдық өсімдіктер атпатамырлары (далалық шырмауық, сары қалуен), тамырсабақтары (жатаған және бұтақты бидайық), мұртшалары (кәдiмгi қазтабан, жатаған сарғалдақ) арқылы вегетативтiк жолмен көбейе алады.

 Арамшөптердің пiсiп – жетiлу кезеңiнiң орта тұсында (бұйра қымыздық), тiптi гүлдеу кезiнде кескенде де (егiстiк қалуен) өну  қабiлетi бар  тұқым беруiнiң практикалық маңызы үлкен.

 Кейбiр арамшөптердің  тамырымен  толық жұлынбай, тамыр мойнағынан жоғары кесiлген  жағдайда регенерация  жасау, жоғалған органдарын қайта қалпына келтiру  мүмкiндiгi бар.