Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

40.Топырақ ылғалдылығының қозғалғыштығы мен өсімдіктерге жетімдігі неге байланысты.

Өсімдіктер үшін тіршілік әрекеті процесінде алатын ылғал бөлігі ғана сіңірімді. Сіңірімді ылғалды өнім қалыптастыруға жұмсалатындықтан өнімді ылғал деп атайды. Тамыр жүйесі топырақтан ылғал сіңіру кезінде топырақ сору күшінен жоғары сору күшін қалыптастырады, орта есеппен 1,5*103кПа (15атм). Бұдан жоғары күшпен ұсталған ылғал өсімдік үшін сіңірімсіз.

Өсімдіктің тұрақты солуы байқалатын топырақ ылғалдылығы тұрақты солу ылғалдылығы деп аталынады. Топырақтағы толық қаныққандағы жалпы ылғал сіңірілу қасиеттерінің өзгеруіне қарай топтарға бөлуге болады. Топырақ ылғалының әртүрлі категориялары пайда болуын сипаттайтын ылғалдың маңыздылық шекараларын топырақтың гидрологиялық константалар деп аталады. Агрономиялық практикада кең таралған мынандай гидрологиялық константаларды қолданады. Максималды гигроскопиялық (МГ), солу ылғалдылығы (ВЗ), капиллярлардың үзілу ылғалдылығы (ВРК), ең аз ылғал сиымдылық (НВ), толық ылғалсиымдылық (ПВ).

Құрғақ топырақ – максималды адсобциялық ылғал сиымдылық диапазонында тығыз байланысқан ылғал тамырдың сору күштерінен көп жоғары. Адсорбциялық күштермен тартылады, сондықтан сіңірімсіз. МАВ максималды адсорбциялық ылғалсиымдылық пен ВЗ солу ылғалдылығы аралығы сорбциялық күштермен тығыз байланысқан өсімдіктер үшін сіңірімсіз. ВЗ – ВРК өсімдіктер үшін аз сіңірімді.

41. Су балансы . Топырақтың су ұстау қабілеті

Су балансы(французша balanсе - таразы) – табиғаттағы не жеке шағын аймақтағы, атмосферадағы ылғалдың жалпы кірісі мен шығынын бейнелейтін сандық сипаттама, нақты бір аудан бойынша судың келуі мен ағып кетуі және жұмсалуы (шығыны) арасындағы байланыс. Су балансының құрамдас бөліктеріне: атмосфералықжауын-шашын, жер үсті сулары, булану, өсімдік транспирациясы, шаруашылықта пайдалану және су ағындары (жер үсті және жер асты) жатады.

Су балансы – табиғаттағы су айналымының сандық мәні. Құрлық су балансы белгілі аймаққа түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің литосфераныңжоғарғы қабатындағы булану, ағын және жиналған су көлеміне тең болуымен сипатталады. Су балансы негізінен атмосфера қабаттарындағы ылғал айналымына байланысты, соның әсерінен су буы бір ауданнан келесіге ауысып отырады. Құрлық бетіне түсетін ылғалдың 2/3-і булануға кетеді, мұның орнына атмосфераның жалпы суайналымы (циркуляциясы) әсерінен ауа ағыстары арқылы мұхит бетінде қалыптасқан су булары ығысып келеді.

Су балансын құраушы жауын-шашын, булану және жер бетіндегі ағын мөлшері метеорология және гидрология станцияларда анықталады

Топырақтың су тұтқыштығы – бұл топырақтың өзінің кескінінде суды сіңіру және ұстап тұру қабілеті, жердің тартылыс күшінің әсерінен ағып кетпей.

Топырақтың су тұтқыштығын санды түрде су сиымдылығы сипаттайды. Топырақтың су сиымдылығы – бұл топырақтың суды (әртүрлі түрлерін) максималды мөлшерде сіңіріп топырақтағы сәйкесті күштермен ұстай алатын қасиеті.

Ұсталған су түрлеріне қарай су сиымдылығы ажыратылады: максималды адсорбциялық (МАВ), максималды молекулалық (ММВ), капиллярлық (КВ), төменгі немесе ең аз (НВ) және толық су сиымдылығы (ПВ).