Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

33.Максималды гигроскопиялық

Максималды гагроскопиялық деген - су буымен байытылған ауадан топырақ сіңіре алатын ең жоғары су көлемі. Ол мүлде құрғақ топырақтың салмағына пайызбен көрсетіледі. Оның көлемі топырақтың механикалық құрамынан және органикалық заттың көлеміне байланысты болады. Топырақтың механикалық құрамы ауыр болып, сайын және онда көп болған сайын, максималды гигроскопиялық саны да жоғары болады. Ол құмды топырақтарда 1%-дан ауыр қарашірікті топырақтарда 12-18%-ға дейін ауытқиды. Максималды гигроскопиялықтың ең көп тараған әдісі, түбіне 10%-дық күкірт қышқылын 20°С құйылған эксикаторда ауалы құрғақ топырақтың сіңуі болады (Митчерлих әдісі). Бұл жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 96% болады, ол жобалап 50 атм қысымына тең болады .

1 мм-ден ірі топырақ бөлшектері өзіндік салмағы аз болғандықтан, гигроскопиялық емес, сондықтан максималды гигроскопиялық топырақтың ұсақ бөлігі үшін ғана, яғни диаметрі 1 мм-ден ұсақ бөлшектерге ғана анықталады.

34.Өсімдіктердің тұрақты солу ылғалдылығы

Өсімдіктің тұрақты солу ылғалдылығы (ӨТСЫ-ВУЗ) - өсімдік өмір мен өлім арасында болғандағы өсімдікке сіңірілетін топырақ суы немесе топырақтың ылғалдану күйі.

35.Топырақтың ылғалдылығын анықтау

Топырақтың ылғалдылығы деп топырақтағы ылғалдылықтың пайыздық құрамының абсолютті құрғақ топырақтың салмағына немесе көлем бірлігіне қатынасын айтады. ЬІлғалдылықты анықтаудың барлық әдістері екі топқа бөлінеді.

Бірінші әдіс бойынша танаптан топырақ үлгісін алып зертханада әр түрлі әдістермсн ылғалдылықты анықтайды.

Екіншісі жанамалы, табиғи жағдайда нақтылы топырақта қойылған әр түрлі аспаптар арқылы анықтайды. Оған жататын: радиометриялы, электрометриялы, тензиометриялы, фоторефлекто-метриялық және басқа әдістер.

Ылғалдылықты анықтаудың негізгі әдісі болып термостатты-салмақты әдіс саналады. Бұл әдіс бойынша әдейі бұрғымен анық терендік аралығында (көбінесе 10 см сайын) топырақ үлгісін алады

36.Топырақ ылғалының маңызы ,оның түрлері

Топырақ суы организмдердің тіршілігінде және топырақ түзілуде үлкен маңызы бар. Топырақтағы су оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физико-химиялық құбылыстардың белсенділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалы-механикалық қасиеттеріне үлкен ықпалын тигізеді. Топырақ суы органикалық заттардың ыдырау процестерінің қарқындылығын анықтайды. Топырақ суымен жиналған заттардың шығару, жылжу және жиналу процестері, генетикалық қабаттар мен жалпы топырақ кескінің қалыптасуы байланысты. Топырақ ылғалы оның жылу балансына да ықпал етеді. Топырақтың үстіңгі қабатында су жылжу кепзінде оны эрозияға шалдықтырады. Топырақта су шамадан тыс болғанда күлгіндену, батпақтану, ал капиллярлар бойынша көтерілуі судың булануына әкеліп соғады, тұзды сулар тұздану және кебірлену процестерін болдырады.

Топырақ ылғалдылығы оның агрофизикалық қасиеттеріне (тығыздығы, жабысқақтығы, ұсақтану және агрегаттар құру қабілеті – топырақтың пісіп жетілуі) әсер етеді.

А.А. Роде топырақ ылғалының бес категорияның ажыратады:

Химиялық байланысқан су – жылжымайтын және заттарды ерітуге қатыспайтын су, топырақтың қатты фаза құрамына кіреді, конституциялық (құрылдық) және кристалдық болып бөлінеді.

Конституциялық су – бұл гидроксильдік топ (ОН), топырақта темір, алюминий, титан, марганец гидроксидтері, коллоидті-дисперсті балшық минералдары, органикалық және органикалы-минералдық қосылыстар құрамында болады.

Кристалдық су - бұлар тұтас су молекулалары, гипс (СаSО4 * 2Н2О), миробилит (NаSО4 * 10Н2О) және басқа да минералдар кристалдарына кіреді.

Химиялық байланысқан суға өсімдіктердің қолы жетпейді (пайдалануы мүмкін емес ).

Қатқан су – топырақта су қатқан кезде мұз түрінде қалыптасады.

Буланған су – топырақта бу түрінде ауа құрамында болады, өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуде қатысы жоқ, топырақ сәл салқындаған жағдайда конденсацияланы да сұйық суға айналады.

Физикалық байланысқан су (сорбцияланған) тығыз байланысқан және әлсіз байланысқан болып ажыратылады.

Еркін немесе бос су – топырақ бөлшектерімен сорбциялық күштермен байланысы жоқ және капиллярлық (қылтүтікті) және гравитациялық күштермен жылжиды, екі түрге бөлінеді: капиллярлық нем есе қылтүтіктік және гравитациялық.

37.Қосымша су пайдалану мен су пайдалану коэффициенті.Өсімдіктердің ылғалға қажеттілік көрсеткіштерінің сипаттамасы.

Ауылшаруашылық өндірісінде вегетация кезеңінде өсімдіктер жұмсаған ылғалдың әр милиметрінің өзін-өзі өтеуінін маңызы зор. 1 центнер немесе 1 тонна өкімнің қалыптасуына кеткен жалпы ылғал қоры суды қажетсіну коэффициенті деп аталады. Белгілі мөлшерде бұл берілген шаруашылықтың агротехника деңгейінің керсеткіші болып саналады. Өнімділік төмен болған сайын өнім бірлігіне кеткен ылғал көбейеді.

1 см мүлдем құрғақ топырақты ылғалдандыру үшін 2 мм сұйық жауын — шашын қажетті. 1 шаршы метр жауын -шашынның әр миллиметрі 1 литр су береді, немесе 10 тонна 1 гектарға. Егер жаздық бидайдың транспирациялы коэффициентін 500 етіп алсақ, толық жұмсалған жағдайда 1 мм жауын-шашынның 20 кг жалпы өнім, немесе 10 кг дән құруға мүмкіншілігі бар.

38.Транспирациялық коэффициент .

Транспирациялық коэфициент- бір өлшем құрғақ зат мөлшерін қалыптастыру үшін өсімдіктерге транспирацияға қажетті, яғни жапырақтардың, өсімдіктердің бетінен бүлануына шығындалған ылғал мөлшерін дәлелдейді. Өсімдіктердің жасушаларымен ылғалдың қарқынды булануы транспирация деп аталады, ол ылғалдың өсімдікке үзбей сініріліп тұруының қажеттілігімен түсіндіріледі.

39.Сумен қамсыздандыру жағдайын бағалау көрсеткіштері. Судың топырақпен байланысу формалары

Су топырақта үш күйде болуы мүмкін: қатты, сұйық, газ тәрізді. Сұйық және газ тәрізді суға топырақта әртүрлі табиғи күштер әсер етеді: сорбциялық, капиллярлық, осмостық, гравитациялық. Топырақ бөлшектері беткейі энергияға ие болуына байланысты судың дипольды молекулаларын тарта алады. Топырақтың қатты бөлшектері мен сұйық және бу тәрізді суды сіңіруі су сорбциясы процесі деп аталады. Капиллярлық күштер топырақ қатты фазасы шектеуінде капиллярлық түтіктерде пайда болады. Судың беттік керілуі мен ылғалдануы негізделген. Судың беттік керілуі – бұл беттік қабатта молекулярлық күштердің толықтырылуына байланысты. Су қатты бөлшектерді ылғалдандырып капиллярларда дөңес менискілер түзеді. Бұл беттік керілу күштерінен теріс капиллярлық қысым тудырады. Теріс капиллярлық қысымда су көтеріліп капиллярлық түтіктерде тұрып қалады. Сорбциялық және капиллярлық су ұстау күштері гравитациялық күштерге қарсы тұрады. Гравитациялық күштермен су төмен жылжиды. Осмостық күштер топырақта еріген заттар иондарының су молекулаларымен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасады.