Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.8 Кб
Скачать

Ағымдық емтихан сұрақтары

1. Топырақ бетінің агрегаттық құрамы мен суға төзімділігі

В.В. Квасников толық топырақты агрегаттардың жіктелуін ұсынған;

Тоң кесек- 50 мм-ден ірі агрегаттар.

Ірі кесектер- 10-50 мм-ге дейін.

Майда кесектер — 0,25-10 мм.

Шаң - 0,25 мм-ден ұсақ.

Қазіргі уақытта егіншілікте Н, В. Вершининаның (1959ж қолданылады, оның айтуы бойынша: мега құрылым (тоң кесекті құрылым) —10 мм-ден ірі макроқұрылым (кесекті — түйіршікгі) — 0,25 — 10 мм микро құрылым ірі — 0,01ден 0,10 мм-ге дейін, ұсақ - 0,01 мм ден майда.

Агрономия жағынан ең бағалысы, агрегаттардың көлемі 0,25 тен 10 мм-ге дейінгі кесекті - түйіршікті құрылымдарды саналады.

Суға төзімділік дегеніміз — топырақ агрегаттарының судың шаю әсеріне, механикалық — машина мен құралдардың, тракторлардың жүріс белігінің және басқа техниканың жұмыс органдарының әсеріне қарсы түру қасиеті.

Барлық топырақ-климат аймақтары үшін, қолайлы сулық және ауалық режимдердің қолайлы ара қатынасы қамтамасыз ететін агрегаттардың онтайлы көлемі бірдей болуы мүмкін емес. Жеткілікті және артық ылғалдылық жағдайда топырак, борпылдақ құрылысты болып келеді, сондықтан жақсы ірілеу құрылымды бөлшектер қамтамасыз етеді, құрғақшылық артқан сайын қолайлы сулық-ауалық режим құру үшін топырақ агрегаттарының майда болғаны дұрыс, өйткені артық борпылдақ болса топырақ тез құрғап, минерализацияға ұшырауы мүмкін.

2.С.И. Долгов және п.У.Бахтин бойынша топырақтың құрылымдық дәрежесі

Құрылымдылық дәрәжесінің бағасы  

0,25 мм - ден ірі суға төзімді агрегаттар мөлшері, %  

Өте жақсы  

70-тен жоғары

Қанағаттанарлы  

70-тен 55-ке дейін

Жақсы  

50-ден 40-қа дейін

Қанағаттанарсыз  

40-тан 20-ға дейін

Құрылымсыз  

20-дан төмен  

Құрылымсыз, шаңданған топырақтардың су және ауа өткізгіштігі нашар, ылғалдылығы мен ауа сиымдылығы өте төмен болады. Жаңбырдан немесе суарғаннан кейін құрлымсыз топырақтың бетін лай басып кетеді, жабысқақтығы күрт жоғарылайды, Құрғағанда бұл топырақтар қатты тығыздалады, оның бетінде өсімдіктердің өсіп дамуына, топырақ пен атмосфеознын ауа ауысуына кедергі болатын қабық пайда болады. Құрылымсыз топырақтар жел және су эрозиясына оңай.

Ал құрылымды топырақтарды керісінше, онтайлы су, ауа ресурстары мен жылу режимі қалыптасады. Ол өз кезегінде өсімдік микробиологиялық қызметінің дамуына, олардың қоректік заттарды жұмылжыруы мен оңай сініруіне септігін тигізеді. Сондай-ақ құрылымды топырақтар өзінін жақсы су еткізгіштік қасиетіне байланысты түскен жауын-шашынды тиімді сініреді. Бұл су режимнің шайылмайтың типі жағыдайында өте маңызды болып табылады.

3.Н.И. Савинов әдісі топырақтың агрегаттық құрамы мен суға төзімділігін анықтау.

Қазіргі уақытта ең кең тараған: Н.И.Савинов әдісі болып табылады.

Ол үшін зерттеген жердің қиғашымен күрекпен немесе арнайы бұрғымен үлгі алынады. Алынған сынамаларды зертханаға әкеліп фанер немесе қағаз бетіне салып ауа-құрғақтық күйіне дейін келтіреді. Сонымен қатар тастарды, өсімдік тамырларын және басқа қосылыстарды алып тастайды. Үлгіден 500 г-нан кем емес салмақпен орта сынамасын алады (әдетте 0,5-2,5 кг). Шөкімі көп болған сайын нәтиже де жоғары болады. Содан кейін диаметрі 20 см, қабырға биіктігі 3 см және тесіктерінің диаметрі 10; 7; 5; 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 мм-лі елекгер тізбегінен топырақ үлгісін елеп өткізу керек.

Топырақ үлгісінің салмағы көп болса, оны 100 граммдық өлшеммен елекке салады. Електер тізбегін елегенде 0,25 мм фракцияларды жинау үшін табандығы және топырақ шанданбау үшін қақпағы болу керек.

Елеуді 1-3 минут бойы електер тізбегін жеңіл қозғалыспен ақырын оңға және солға еңкейтіп (шамамен 10 еңкейту) жасау керек. Агрегаттардың механикалы бұзылмау үшін електі сілкімеу керек. Дұрыс және біркелкі болып еленуі үшін кейде автоматты түрдегі сілкілеуішті қолданады.

Елегеннен кейін фракцияны бөлек фарфорлы немесе алюминий кесеге немесе қағаз бетіне салады, оны таразыға тартып көлем пайызын есептейді, Табандықтағы 0.25мм < фракцияны таразыға тартпайды, оның салмағын зерттеуге алынған топырақ шекімі мен 0,25мм > францияның қосымының айырмашылығынан есептейді. Талдау алынған шөкім салмағы 100% болып алынады.