Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГИПС КУРСОВОЙ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.53 Кб
Скачать

6.Гипс зауыттарында өндірісті автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы.

Гипс өнеркәсібінің қазіргі кәсіпорындары жоғары дәрежеде механикаландырылған.Заттарда транспортерлерді , элеватор, шпектор, майдалағыш және басқа да механизмдердің кеңінен қолданылуы, жекелеген механизмдерді іске қосу және ажыратудың белілі ретін сақтаудың қажеттілігін туындатады.

Қазіргі кезде жартылай су гипсті дайындау кезінде ұнтағыштардың жұмысы автоматты басқарылады, бункерді гипспен, шағылтаспен толтыру, қос сулы гипсті ұстауға арналған шахталық және басқа да ұнтағыштардың жұмысы қайнатқан қазанда гипсті күйдіру арқылы жүзеге асырылады.

Байланыстырғыш заттардың зауытында техникалық параметрлерді автоматты бақылау, негізгі және қосалқы механизмдерді орталықтан,қашықтан басқару және қайта қосатын және реттегіш құрылғыларды ,жекелеген технологиялық қондырғылар мен желістердің жұмысын автоматты реттеу арқылы жүзеге асырылады.Құрылыс гипсі мен басқа да байланыстырғыш заттарды шығаратын кәсіпорындарды жаңадан салу және қайта салуды жобалау, салу және пайдалану кезінде,<<өнеркәсіптік кәсіпорын санитарлық нормалары >> және << Гипс өнеркәсібінде қауіпсіздік техникасы бойынша ережесі >> негізге алу қажет.

Гипстен және одан жасалатын бұйымдардың өндірісінде , еңбекке қолайсыз жағдайлар келесі жағдайлардан туындауы мүмкін: бөлме ішіндегі ауада шаң-тозаң мен ылғал концентрациясының жоғары болуы, пештер, су қайнайтын қазандар,кептіргіш барабандардың жылуының жеткіліксіз оқшаулануы және бөлмедегі түтін газдарының шыгуы және құю және улану қаупін туындатуымүмкін. Одан басқа жекелеген аппараттар мен механизмдердің айналып тұратын бөліктерінің дұрыс қоршалмауы тағы басқа.Шаң -тозаңмен күресу үшін , шаң жиналатын барлық технологиялық және тасымалдау жабдықтарын, қарауға және жөндеуге арналған тығыз жабылатын есіктері бар, бүтін тұтас темір қаптамалармен қаптау қажет.

Шаң және газ жиналатын жерлерге жалпы желдетуден басқа , пайда болған жерінде шаң мен газды жоюға арналған аспирациялар орнату қажет.

Қайнатқыш қазандардың кептіргіш барабандар мен басқа да агрегаттардың біз шығаратын құбырларын, шаң тозаңда ұстайтын шаң ұстағыш жүйеге жалғау қажет. Түтін газдары мен ауаны шаң сорғыш құрылғылармен тазарту қажет. Еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау , барлық өндірістік процестердің технологиясын жетілдіру , толық механикаландыру және автоматтандыру арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы және жергілікті желдету жүйелері өндірістік жайлардың тиісті дәрежедегі санитарлық гигиеналық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

Қорытынды.

Қоғамдық және түрғын ғимараттардағы ішкі көрінісін әрлегіш гипс.Әрлегіш гипс (цемент) — құрамында ластағыш қоспалары жоқ табиғи гипс тасы температурасы 550—700°С жағдайда күйдіріп алынған өнім. Күйдірілген гипсті ұнтақтау процесіңде оған көмір қышқылды алюминийді қосады.Әрлегіш гипстің түсі ақ, шығылыстыру коэффициенті 90%-дан асады. Ұстасу уақытының басталуы 1 сағат, аяқталуы 12 сағатқа дейін.Ақ гипстің 100—400 маркалары шығарылады.Әрлегіш гипсті құрылыста жасанды мәрмәр плиталарды, сәулеттік бұйымдар мен бөлшектерді дайындауда қолданады.Жогаргы температурада күйдірілген гипс — табиғи гипс тасын немесе ангидридті 800—1100°С температурада күйдіріліп алынған тұтқыр. Жоғарғы температурада күйдірілген гипстің 100, 150 және 200 маркалары шығарылады. Оның нағыз тығыздығы 2,8—2,9 г/см3, төгілмелі тығыздығы 900—1100 кг/м3. Жоғарғы температурада күйдірілген гипсті баяу ұстасатын тұтқырлар тобына жатқызады. Гипстердің басқа түрлеріне қарағанда суға төзімділігі жоғары. КНАУФ-Фунгенгипсті полимер қосылған құрғақ сылақ араласпа. Негізінен ішкі бөлме қабырғасының бетін тегістеуде қолданылады. КНАУФ-Перфилкс — арнаулы қоспалы, гипсті құрғақ тұтқыр негізіңдегі құрғақ желім араласпасы.

Қолданылған әдебиеттер 1. Бауман В.А «Стройтельные машины» справочник 1-2 том М: Машино-строение 1986 г. 2. Пчеменцев В.А, Виноградов А.В, «Охрана труда в производстве стройтельных изделий и конструкций» М: Высшая школа 1986 г. 3. Кушелев В.П «Охрана природы от загрезнении промышленными выбросами» М: 1979 г. 4. Ливчаг И.Ф, Воронов Ю.В «Охрана окружающей среды» М: Стройиздат 1988 г. 5. Китайцев В.А. «Технология теплоизоляционных материалов» 6. Торчаков Т.И, Баженов Ю.М «Стройтельные материалы» М: Стройиздат 1986 г. 7. Комар А.Г «Строительные материалы и изделия» М: Высшая школа 1983г 8. Сапожников М.Я, Дроздов Н.Е Справочник по оборудованию заводов строительных материалов