Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГИПС КУРСОВОЙ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.53 Кб
Скачать

3.2 Гипсті байланыстырғыштардың қатаюы мен байланысуы

Гипстін катаюы. Гипстің қатаю процесі оның гидратациясымен байланысты, яғни жарты сулы жагдайынан екігидратты кристалды гипске айналады:

СаS04 • 0,5Н2О +1,5Н20= СаS04 • 2Н20.

Гипсті тұтқырлы бұйымдарды кептіруде олардың беріктігі артады. Ол үшін гипсті бұйымдарды температурасы 70°С-ға дейінгі арнайы кептіру камераларында кептіреді. Құрылыс гипсінен бөлме аралық қалқалағьпп қабырғалық плиталарды, гипскартоңды табақтарды, қабырғалық блоктарды, қақпалы бұйымдарды өндіреді. Құрылыс гипсін, сондай-ақ ғимараттагы қабырғалардың ішкі бөлігін сылау мен өрлеуге, безендіретін заттар дайындауға қолданады. Гипстің отқа жоғары төзімділігін ескере отырып, одан желдеткіш қондырғыларының бөлшектерін, лифт кабиналарьш қаптайтьш табақтарды дайындайды.

Гипсті тасымалдау мен сақтау. Гипсті тұтқырлар мен бұйымдарды тасымалдау мен сақтау кездерінде оларды ылғал әсерінен сақтайтын шараларды қолданған жөн. Ашық ауада гипсті тұтқырды бір айдан көп емес уақытқа сақтауға болады, әйтпесе тұтқыр 20%-ға дейін және одан да көп беріктігін жоғалтады.

Гипстің қатаюына қоспалардың әсері. Ұстасу уақыты бойынша, гипсті тұтқырларды ұстасудың басталуы 2,6 минуттан ерте емес, ал ұстасудың аяқталуы 15 минуттан кеш емес тез қатаятын (А), қалыпты қатаятын (Б) ұстасудың басталуы 20 минуттан ерте болмайтын, ал аяқталуы 30 минуттан кем болмайтын және ұстасу уақыттары нормаланбайтын баяу қатаятын (В) түрлерге бөлінеді.

Тез қатаятын гипсті тұтқырларға құрылыстық, жоғарғы беріктік, қалыптайтын және медициналық гипстерді жатқызуға болады; кәдімгі қалыпты және баяу қатаятын гипсті тұтқырлар — ангидридті цементті және гипсті, жоғарғы температурада күйдірліген эстрих гипсті қамтиды.

Қату мерзіміне қарай гипсті тұтқыр заттарды мына түрлерге бөлуге болады

Гипсті тұтқыр заттың қатуын баяулату үшін қосылатын суға желім немесе ЛСТ (лигносульфат техникалық) қосуға болады (гипс салмағынан 0,1...0,3 мөлшерде). Осы қосымша заттар гипс бөлшектерінің бетін қаптап, олардың суда еруін баяулатады, соның есебінен гипстің қатуы да баяулайды.

α-гипсті тұтқыр заттардың қатуын тездетету үшін ас тұзын, натрий сульфатын қосуға болады (гипс салмағынан 0,2...3 мөлшерде).

3-кесте. Гипсті тұтқыр заттардың түрлері

Тұтқыр заттың қатуына қарай

Қату мерзіміне карай индексі

Қату уакыты, минут

Тұтқырлануы

Аякталуы

Тез қататын

А

2

15

Орташа қататын

Б

6

20

Баяу қататын

В

20

Тұтқыр-

ланбаған

4-кесте. Ұсақтық дәрежесіне қарай гипсті тұтқыр заттардың тұрлері

Ұсақтық дәрежесіне қарай гипсті тұтқыр заттардың түрлері

Ұсақтық дәрежесінің индексі

02 електе қалып қойған қалдық

Нашар ұсақталған

I

23

Орташа ұсақталған

II

14

Әбден жаншылған

III

2

Гипсті тұтқырлардың ұстасу уақыттары мен қатаюы шикізат қасиеттеріне, дайындау шартына, сақтау уақыты мен шартына, қоспа мен судың мөлшеріне (су мен гипс қатынасы — С/Г), судың температурасына, араластыру шартына байланысты. Жартысулы гипстің ерігіштігін өсіретін заттарды жылдамдатқыштар (катализаторлар), ал ерігіштігін кемітетіндерді баяулатқыштар деп атайды. Бұдан басқа, гипсті тұтқырдың гидратациялану жылдамдығы ерігіш заттың кон- центрациясы мен табиғатына байланысты. Мысалға, хлорлы натрий (NaС1) жарты гидратты гипстің қатаюын жылдамдатады, сонымен қатар ангидридті цементтің қасиеттеріне әсер етеді. Хлорлы кальций (СаС12) жарты гидратты гипстің қасиеттеріне әсер етпейді, бірақ эстрих гипс пен ангидридтің гидратациялану процесін баяулатады. Хлорлы магний (МgС12), жарты гидратты гипстің гидратациялануын жылдамдатады және керісінше эстрих гипс пен ангидридтің гидратациясын бәсендетеді.

Ұстасу процесін баяулату үшін гипсті тұтқырларға арнайы қоспалар — баяулатқыштарды қосады. Баяулатқыштар ретінде сүйек желімін, казеинді, глицеринді, желатинді, магний мен кальций тұздары ж.б. пайдаланады. Осы мақсатқа 60°С-қа дейін қыздырылған суды да қолдануға болады.

Беріктігі жоғарғы гипс. Екі сулы табиғи гипс тасын температура 550—700°С жагдайында қысқа уақытты күйдірген соң, оған натрий мен алюминийдің сульфаттарын және басқа да тұздарды қосып, майда ұнтақтау арқылы жоғарғы берікті гипсті өндіреді. Гипстің бұл түрі баяу қатаяды, бірақ оның қысқандығы беріктігі 30 МПа-ға жетеді. Кәдімгі жағдайда оның түсі ақ.

Жоғарғы берікті гипс қамырының қалыпты қоюлыгы 40—50%, кәдімгі құрылыс гипісіндегідей 60—70% емес, жеті тәуліктен кейінгі беріктігі 15—40 МПа-ға жетеді.

Құрылыста жорғарғы берікті гипсті еденнің құйылмалы жабы- лымдарын төсеу үшін, сондай-ақ металлургия өндірісінде қалыптарды дайындауда қолданады.

Ангидридті цемент — табиғи гипс тасын температура 600—700°С күйдіріп алынған сусыз гипсті ұнтақтау арқылы алынған өнім. Ангидридті цементтің беріктігін арттыру үшін оған катализатор есебінде әкті, күйдірілген доломитті, домналы шлакты, қатпар тасты, натрий мен кальцийдің сульфаты мен сулы сульфаттарын қосады. Ангидридті цемент баяу қатаятын тұтқыр зат: ұстасудың басталуы 1—1,5 сағат, ұстасудың аяқталуы 24 сағатқа дейін болады.

Ангидридті цементтің суға шьщамдылығы құрылыс гипсіне қараганда жоғары. Қысқандағы беріктігі жағынан ангидридті цемент 50, 100, 150, 200 деген маркаларға бөлінеді. Нағыз тығыздығы 2,8—2,9 г/см3, тығыздалғаннан кейінгі төгілмелі тығыздығы — 1200—1500 кг/м3.

Ангидридті цементке домналы шлак қосатын болсақ, оның суға шьщамдылығы артады. Ангидридті цементтен өңдірілген бұйымдар алма-кезек мұздану мен ерудің 15 циклі әсер еткен жағдайдың өзінде бұзылмайды.

Ангидридті цементтерді тұрғын үйлердің едендерін жіксіз жабу, әр түрлі мәнерлі сылақты ерітінділерді өндіру, органикалық және анорганикалық толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондарды алу, ауыр бетондарды қолдану, сонымен қатар жасанды гранитті өндіру жұмыс-тарында қолданады.

Ангидридті цементтен алынған құрылыс бұйымдар пайдалану кезіндегі ауа ылғалдығы 60—70%-дан көп емес жерлерде қолдануға тағайындалған.