- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Ллллллллл
Лёсс деген не, ол қалай жаралады және ерекшеліктері қандай? Лёсстi шөл жел әкелген өте ұсақ тозаң бөлшектердiң аккумуляцияланған бөлiкшелерінде жаралады. Мұндай ұсақ бөлшектердiң жиналуы сарғыш түстi қопсық және кеуек таужыныс – лёсс қалыптасуына әкеледi. Лёсс жер шарының байтақ кеңiстiктерiн жауып жатады. Мәселен, Алатау бөктерi бойымен созылған лёсс белдеуi шығыстан батысқа қарай 1500 км-ге созылған. Бұл түзiлiмдер Алматының оңтүстiк жағында текшеленген бедер пiшiнi түрiнде өзiне тән сарғыш түсiмен жақсы байқалады. Көктөбедегi лёсс түзiлiмдерiнен тұратын биiкте телемұнара тұрғызылған. Бұл түзiлiмдердiң қалыңдығы 20–50 м. Ал Қытайда лёсс түзiлiмдерiнiң қалыңдығы 170 м-ге жетедi. Лёсстi шөлде бедер көбiнесе тiлiмденiп кетедi – оның бетiнде атмосфералық жауын әрекетiнен шұқанақтар мен жыралардың жиi торабы дамиды. Лёсстiң жарықшақтары мен кеуектерi әдетте карбонат тұздарға толып, осыған байланысты бұл түзiлiмдер биiктiгі ондаған м-ге жететiн, тұтастығын сақтауға қабiлеттi тiк жарқабақ жасайды. Бұл лёсстi жазықтарда ең құнарлы топырақ – қара топырақ дамиды. Олар үшiн лёсс түпнұсқа таужыныс болып табылады.
Литогенез деген не, ол қандай кезеңдерге бөлінеді? Шөгінді таужыныстардың қалыптасуы күрделі әрі ұзақ процеске жатады, ол экзогендік процестермен байланысты. Шөгінді таужыныстардың жаралуында келесі стадияларды бөлуге болады: 1) бастапқы шөгінді материалдың жаралуы; 2) шөгінді материалдың тасымалдануы; 3) шөгіндінің алапта жиналуы (седиментогенез); 4) шөгіндінің шөгінді таужынысқа айналуы (диагенез); 5) шөгінді таужыныстың метаморфизм басталғанға дейінгі өзгерісі (катагенез бен метагенез). Шөгінді таужыныстар қалыптасуының бастапқы материалы жаралуынан бастап, шөгіндінің таужынысқа айналуымен аяқталатын процесі литогенез деп аталады.
Лықсыма деген не, ол қалай сипатталады? Лықсыма – жылжытушысы түсіңкі қанаты бағытында еңіс орналасқан, ал аспалы қанаты жатқан қанатымен салыстырғанда төмен жылжыған жарылым. Лықсыма жылжытушысының көлбеу жазықтыққа қатысты бұрышы 40–60Ә болады. Жылжытушысы тік бағытта орналасқан лықсыманы тік лықсыма дейді.
Магмалық таужыныстар жіктелімінің негізінде сонымен қатар олардың химиялық құрамы жатады. Магмалық таужыныстар құрамындағы кремний қышқылының (немесе кремнийтотық SiO2) мөлшеріне қарай төрт топқа бөлінеді: аса негізді (SiO2 <45 %), негізді (SiO2 45-52 %), орташа (SiO2 52-65 %), таужыныстарға бөлінеді.
Ммммммммм
Магмалық таужыныстар қандай көрсеткіштері бойынша жіктеледі, олардың құрылымы мен бітімі қалай сипатталады? Интрузиялық таужыныстар үшін өлшемі әдетте 0,5 мм-ден асатын, кристалдары жақсы көрінетін толықкристалды құрылым тән. Эффузиялық таужыныстар үшін шыны – таужыныстар аморфты заттардан тұратын, афанит – кристалдары көзге көрінбейін, порфир – жасырын кристалды немесе шыны массада ірі кристалдардан (порфир бөліктерден) тұратын құрылымдар тән. Интрузиялық таужыныстарға біркелкі немесе шомбал бітім тән – мұнда минералдар біркелкі тығыз әрі ретсіз орналасады; бағдарлы бітім – түсті минералдар әр түрлі минералдар жолағында кездесіп, бағыттала орналасады. Эффузиялық таужыныстардың бағдарланған бітімі флюид деп аталады – ол минералдар мен жанартаулық шынының сұйық лава ағысында бағдарлануынан байқалады. Сондай-ақ эффузиялық таужыныстар үшін лавадан газдың бөлінуінен пайда болатын кеуек бітім тән. Кейде өзгеріске ұшыраған эффузиялық таужыныстардың бітімі біркелкі шомбал болып келеді.
Магматизм деген не, оның қандай түрлері бар? Магматизм деп магманың жаралуына, дамуына және оның жер қойнауы мен бетiнде қалыптасуына байланысты процестi атайды. Магма – жоғары температуралы табиғи силикат балқыма. ол газ тәрiздi заттарға қаныққан және литосферада жекелеген ошақтар түрiнде жаралады. Жердiң iшiнде әр тереңдiкте өзiне тән термодинамикалық тепе-теңдiк қалыптасып, заттың қатты болуын қамтамасыз етедi. Осы тепе-теңдiк бұзылған жағдайда қатты зат сұйыққа айналуы мүмкiн. Температураның көтерiлуi радиобелсендi құбылыстарға, ал қысымның азаюы тектоникалық процестерге байланысты. Сонымен, магматизм – тереңдiк процесс, ол Жердiң жылу және гравитация өрiстерiне байланысты туындайды. Эксперименттiк деректер мен магмалық таужыныстардың минералдық құрамын зерттеу нәтижелерi бойынша, магмалық балқыманың температурасы 700–1100оС ауқымында болатыны анықталған. Магма қозғалысының сипатына байланысты магматизм екi түрге бөлiнедi: интрузиялық және эффузиялық. Осы екi жағдайда да магмалық балқыма қатайған кезде магмалық таужыныстар жаралады.
Магниттiк
ауытқу деп
магнит стрелкасының осi мен географиялық
меридиан арасындағы бұрышты айтады.
Магниттік ауытқу Қазақтан аумағында
шығысқа қарай және оның мәні әр жерде
әр түрлі болады. Мысалы
Алматыда 4о30
шамасында
болса, ал Астанада 9о-қа
жуық. Магниттiк
еңiстену
деп магнит стрелкасының
горизонтқа
еңiс орналасу бұрышын айтады. Еңiстену
солтүстiк және оңтүстiк түрлерге бөлiнедi.
Оның мәнi 0 мен 90о
аралығында өзгередi. Жердiң магнит
өрiсiнiң күшi векторлық шамамен – магниттiк
кернеумен
өрнектеледi. Магниттiк кернеулiк өлшемiнiң
бiрлiгi ретінде эрстедтiң мыңнан бiр
бөлiгi қабылданған, ол гамма
(
)
деп аталады.
Мантияның химиялық құрамы қалай сипатталады? Жер мантиясы көлемi мен массасы бойынша ең үлкен геосфера және құрамы өте күрделi, ол туралы геосфералардың жаралуы туралы қазiргi түсiнiктер негiзiнде тұжырым жасауға болады. Осы түсiнiк бойынша геосфералар Жердiң бастапқы заты оның қойнауы қатты қызған кезде дифференциациялануға ұшырауынан қалыптасқан. Жіктелудің бiрiншi кезеңiнде бастапқы заттан ауыр металдар – темiр мен никель балқып шығып төменге батып, Жердiң қазiргi ядросын қалыптастырған. Балқыған ауыр металдар бөлiніп кеткеннен кейiн қалған зат – пиролит қазiргi мантияны құраған. Мантия затының дифференциациялану процесi қазiр де жалғасуда. Дифференциация Гутенберг қабаты мен оның астындағы Голицын қабатын да қамтитыны байқалады. Төменгi қабатта балқудың жекелеген ошақтарының пайда болуы, олармен ең терең фокусты жерсiлкiнулер байланысты болуы мүмкiн.
Метаморфизмді қандай факторлар туындатады? Метаморфизм – күрделі химиялық құбылыс, ол температураның, қысымның және химиялық белсенді заттың комплексті ықпалына байланысты. Олар метаморфизм факторлары деп аталады. Температура – метаморфизмнің ең маңызды факторы. Ол минерал жаралу процестеріне ықпал етеді және белгілі бір минералдық ассоциациялардың қалыптасуын анықтайды. Типтік метаморфтық түрленулер жүретін температуралық интервалдың ауқымы В.С. Соболевтің деректері бойынша, 300–1000оС аралығында болады. Қысым – метаморфизмнің екінші факторы. Ол екі түрге бөлінеді: 1) геостатикалық қысым, үстінде жатқан таужыныстар қатқабатының массасынан туындайды; 2) бағытталған қысым немесе стресс, оны тектоникалық қозғалыстар туындатады. Геостатикалық қысым қатты фазаның көлемін кішірейту арқылы жүретін реакцияларға ықпал етіп, тығыз жайласқан әрі тығыздығы үлкен минералдар жаралуына әкеледі. Сонымен қатар, геостатикалық қысым минералдардың балқу температурасының жоғарылауына әкеліп, осының салдарынан қатты фазадағы температуралық түрленулердің интервалы кеңейеді. Жан-жақты қысым жағдайларында бітімі біркелкі шомбал таужыныс қалыптасады. Бағытталған қысым таужыныстардың деформациясында білініп, олардың құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерінің өзгеруіне әкеледі. Химиялық белсенді заттар– үшінші әрі метаморфизмнің ең басты факторы болуы ықтимал. Оларға ең алдымен су мен көмір қышқылы жатады, соңғы кезде сутекке, яғни жоғары жылуөткізгіштік пен диффузиялық қабілетке ие газға да үлкен мән беріледі. Айтарлықтай ролді сонымен қатар N, Cl, F, B, S мен басқа элементтердің қосылыстары да атқарады.
Метаморфизмнің қандай типтері бар? Кеңiстiктегi орналасу ерекшелiктерi мен процестiң құлаш жаюы бойынша метаморфизмнiң екi типi бөлiнедi: локальдық және аймақтық. Олар метаморфизм факторларының басым ықпалына байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi: термалық, динамометаморфизм және метасоматоздық. Термалық және динамометаморфизм шектеулi алқапта бiлiнсе, ал метасоматоздық метаморфизм шектеулi де, аймақтық та жағдайларда дамиды. Жергілікті метаморфизм нақты құрылымдық элементтерде – жарылымдарда, интрузиялық таужыныстардың жапсарында, қатпарлы дислокацияларда байқалады. Аймақтық метаморфизм жер қыртысының байтақ бөлiкшелерiнде бiлiнiп, таужыныстардың үлкен көлемдерiн қамтиды, олардың ауқымында метаморфталмаған жаралымдарға өту болмайды. Осындай жағдайда қалыптасатын таужыныстардың түрi өте көп, олардың ең көп таралғандары – әр түрлi тақтатас, гнейс, кварцит, мәрмәр, амфиболит, гранулит, эклогит.
Метаморфизмнің қандай түрлері бар? Метаморфизм өнімдерін процестің түрі бойынша өңірлік, жапсарлық және катаклаздық метаморфизм таужыныстарына ажыратуға болады. Өңірлік метаморфизм үлкен тереңдіктерде таужыныстарға жоғары температура, қысым мен постмагмалық ерітінділер бірге ықпал етуі нәтижесінде туындап, жер қыртысының түрлі таужыныстардан тұратын өте үлкен бөлікшелерін қамтиды. Жапсарлық метаморфизм интрузияны сыйыстырушы таужыныстардың химиялық және термалық өзгеру ореолдары ауқымында бiлiнедi. Бұл метаморфизм негiзгi факторлар – температура мен химиялық белсендi заттар ықпалынан жүретiндiктен, тиiсiнше жапсарлық-термалық және метасоматоздық түрлерге бөлiнедi. Жапсарлық-термалық метаморфизм таужыныстарының мысалдары: мүйiзтас, мәрмәр, кварцит, графит . Катаклаздық метаморфизм немесе динамометаморфизм бағытталған қысым әрекетiнен болады, ол таужыныстардың механикалық қирауына (уатылу мен ұнтақталу) – катаклазға әкеледi.
Минерал деген не, ол қалай жаралады, минералогия немен айналысады? Минералдар – табиғи химиялық қосылыстар, кейде сомтума элементтер. Олар жер қыртысында немесе оның бетiнде өтетiн әр түрлi физикалық-химиялық процестердiң табиғи өнiмдерi болып табылады. Минералдардың құрамын, құрылысын, қасиеттерiн, жаралу жағдайлары мен практикалық қолдануын зерттеу – минералогияның тақырыбы. Көптеген минерал түрлерінiң арасында 70-ке жуығы ғана кең таралған. олар негізінен таужыныстар құрамына кiретiндiктен таужынысжасаушылар деп аталады. Пайдалы қазбалар құрамына кiретiн минералдарды кенжасаушылар деп атайды.
Минералдарды жіктеу қандай принциптерге негізделеді? Қазіргі кезде жер қыртысында 5000-дай минерал түрлері анықталған. Минералдар кристалдық тордан тұратындықтан, олар заңдылық бойынша орналасқан iшкi құрылысымен сипатталады. Минералдардың химиялық құрамы немесе формуласы екi тәсiл арқылы бейнеленуi мүмкiн: эмпирикалық формула, мысалы СаСО3 және құрылымдық формула түрiнде – Са[СО3]. Қазіргі кезде минералдар кристаллохимиялық принцип, яғни кристалдық құрылымы мен химиялық құрамы ерекшеліктерінің негізінде типтер мен кластарға жіктеледі.
Минералдың физикалық (диагностикалық) қасиеттері деген не? Барлық минерал түрлерi бiр-бiрiнен өздерiнiң физикалық (диагностикалық) қасиеттерi бойынша ажыратылады. Бұл қасиеттерге жататындар: түсi, түссызығы, жылтырлығы, мөлдiрлiгi, қаттылығы, жiктiлiгi, омырылымы, меншiктi салмағы, магниттiлiгi, ерiгiштiгi, қышқылмен реакциясы, дәмi, радиобелсендiлiгi, созылғыштығы, морттығы, т.б
Мору деген не, оның жүру қарқынына қандай факторлар ықпал етеді? Мору ‑ минералдар мен таужыныстардың жер бетiнде және оның жақын маңында қирау және ыдырау процестерiнiң жиынтығы. Таужыныстардың күйi мен құрамы өздерінің жатқан жерiнде судың, оттегiнiң, көмiрқышқыл газының, түрлi қышқылдардың, тiрi организмдер мен температура ауытқуының физикалық, химиялық және билогиялық әрекетi нәтижесiнде өзгерiске ұшырайды. Бiрегей әрi күрделi мору процесi екi түрге бөлiнедi: физикалық және химиялық. Олар өзара тығыз байланысты және бiр мезгiлде өте алады.
Мұзбасу құбылысын түсіндіретін қандай гипотезалар бар? Мұздықтар болу үшін қолайлы жағдайлар бірінші кезекте жердің полюс өңірлеріне – Арктика мен Антарктида, әсіресе ылғал әкелетін циклондар ықпалындағы полюс аудандарына тән. Мұздықтың еру шығымы мұнда шамалы, өсуі біршама жоғары, ал мұздықтардың қоректену шекарасы өте төмен түсіп, кейде теңіз деңгейіне жетеді. Сондықтан қазіргі мұздықтардың ең ірі центрлері полюс аудандарында орналасқан – дәл осы жерлерде мұздықтардың негізгі массасы шоғырланған, ал мұздықтардың өзінің өлшемі өте үлкен болады және жамылғы сипатына ие. Қоңыржай және төменгі ендіктерде мұздықтар тек тауларда ғана, әсіресе көп жауын-шашын болатын жерлерде бола алады. Мұздық жаралу үшiн орташа жылдық температура нөлден төмен, жауын-шашынның мөлшерi көп, күн мен жел тимейтiн жайпақ беткейлер мен ойпаңдар болу қажет. Жыл бойы тұрақты қар жамылғысы сақталатын жағдайлар климаты салқын өңiрлерде және әр түрлi климат белдемдi биiк таулы алқаптарда ғана болады.
Мұздық түзілімдері қалай аталып, қандай түрлерге бөлінеді? Мұздықтар әрекетi нәтижесiнде жаралған сынықты материалды морена деп атайды. Мореналар жылжитын және жылжымайтын түрлерге бөлiнедi. Жылжитындары мұзбен бiрге қозғалысқа келсе, ал жылжымайтындары мұздық ерiп кеткенде, қозғалмай орнында қалады. Жылжымайтын мореналар аяққы және негiзгi түрлерге бөлiнедi. Аяққы немесе шептiк морена мұздық тiлiнiң төменгi шекарасында жаралады. Мұздықтар глетчер мұзы деп аталатын заттан тұрады. Судың қатуынан пайда болатын мұздың басқа түрлестерінен айырмашылығы – глетчер мұзы қардан жаралады. Мұздық жаралу үшiн орташа жылдық температура нөлден төмен, жауын-шашынның мөлшерi көп, күн мен жел тимейтiн жайпақ беткейлер мен ойпаңдар болу қажет. Жыл бойы тұрақты қар жамылғысы сақталатын жағдайлар климаты салқын өңiрлерде және әр түрлi климат белдемдi биiк таулы алқаптарда ғана болады. Бедердiң ойпаңдарында немесе тау шыңдарында жиналған қар жазда ерiп үлгермесе, оның массасы жыл өткен сайын арта бередi, тығыздалып және температураның тәулiктiк ауытқуы нәтижесiнде түйiрлi массаға айналады. Осындай тығыздалған түйiрлi қар фирн деп аталады, ал оның жиналған алқабы фирн алаңын құрайды. Фирннiң бетiне қар түскен сайын, ол үстiндегi массаның салмағынан тығыздала бередi, уақыт өте келе глетчер мұзына айналады. Егер жаңа жауған қардың 1м3 массасы 85 кг болса, ал 1 м3 фирннiң массасы 600 кг. 1 м3 глетчер мұзы жаралу үшiн 11 м3 қар қажет. Глетчер мұзының орташа тығыздығы 0,909 г/см3, яғни өзен мұзынан төмендеу. Бұл глетчер мұзының құрамы өлшемдері бұршақ дәнінен тауық жұмырқасына дейінгі шамада өзгеретін түйірлердің ретсіз орналасуына байланысты.
Мұздықтар жаралуына қандай табиғи жағдайлар қажет? Мұздықтар Жерде айтарлықтай орын алады. Олар құрлық бетiнiң 16 млн км3 бөлiгiн, ал полюс алқаптарында мұздық жамылғы теңiздiң саяз сулы алқабына да таралады. Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемi 30 млн км3 шамасында деп бағаланады.
Мұздықтар қандай геологиялық жұмыстар атқарады? Мұздықтардың геологиялық әрекетi, басқа да экзогендiк факторлар сияқты таужыныстарды қирату, сынықтарды тасымалдау және оларды қайта түзу жұмыстарын қамтиды. Мұздықтардың құрылысын, дамуын және әрекетiн зерттеумен гляциология ғылымы айналысады. Мұздықтардың геологиялық жұмысына мұз ғана емес, және де мұздықтар абляциясы кезінде жаралатын еріген су да қатысады. Еріген суға мұздықтарға қоршаған аудандардан келетін жербеті суының барлығы да қосылады.
Мұздықтың қандай типтері бар? Мұздықтарда мынадай аудандар бөлiнедi: қоректену алқабы – мұнда жиналған қар фирнге, ал фирн глетчерге айналады; ағу алқабы – глетчер мұзы жылжып ағады. Қоректену мен ағу алқаптарының арақатынасына, өлшемдерi мен пiшiндерiне байланысты мұздықтар үш типке бөлiнедi: тау мұздығы, жамылғы мұздық және аралық. Тау мұздықтары деп биік таулардың түрлi депрессияларына, яғни ойпаңдар, өзен аңғарлары, шатқалдар, т.б. орналасқан қалыңдығы шамалы мұздықтарды айтады. Тау мұздықтары арасында бiрнеше түрлестерi бөлiнедi: аңғарлық – бұл типтi мұздықтарға тәні, олардың өте үлкендiгі; каррлық – таулардың қар сызығы деңгейiндегi шұңқырларында жаралады, оларда ағын болмайды; аспалы – олардың мұздық табандарын қия кертпештер бұзып, ілініп қалған мұз ағыны мезгiл-мезгiл көшкiн түрiнде төменге жұлынып түсiп жатады. Жамылғы мұздықтар полюс аудандарында жаралып, теңiз деңгейiне жақын биiктiкте орналасады. Аралық типтi мұздықтарға жайпақ таулардың мұздықтары жатады.
