- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Кккккккккк
Карст және суффозия деген не? Ерiту процестерi, яғни карст процестерi немесе карст көп дүркiн қайталанады, нәтижесiнде сыйыстырушы таужыныстарда бiр-бiрiмен жалғасқан қуыстар мен каналдардың тұтас жүйесi жаралып, бiртiндеп олардың өлшемдерi үлкейе бередi. Осындай жолмен әр түрлi қуыстар – карст үңгiрлерi пайда болады. Жерасты суы таужыныстарды ерітіп қана қоймайды, оларды механикалық жолмен қиратады да қатты бөлшектерді алып шығады. Жерасты суының әр түрлі таужыныстардың қатты бөлшектерін ағызып шығару процесін механикалық суффозия деп атайды. Суффозияға көбінесе саз, құм, қопсық құмтастар ұшырайды, осының салдарынан сулы горизонттардың көлемі кішірейіп барып, отырып қалады. Осылайша, суффозия нәтижесінде жер бетінде бедердің ойылған пішіндері пайда болады.
Кентүзуші минералдар деген не? Минералдар – табиғи химиялық қосылыстар, кейде сомтума элементтер. Олар жер қыртысында немесе оның бетiнде өтетiн әр түрлi физикалық-химиялық процестердiң табиғи өнiмдерi болып табылады. Минералдардың құрамын, құрылысын, қасиеттерiн, жаралу жағдайлары мен практикалық қолдануын зерттеу – минералогияның тақырыбы. Көптеген минерал түрлерінiң арасында 70-ке жуығы ғана кең таралған. олар негізінен таужыныстар құрамына кiретiндiктен таужынысжасаушылар деп аталады. Пайдалы қазбалар құрамына кiретiн минералдарды кенжасаушылар деп атайды.
Көл деген не, ол қандай түрлерге жіктеледі және қандай геологиялық жұмыс атқарады? Көл – Әлем мұхитымен байланысы жоқ тұйық сушара. Оның геологиялық әрекетiнiң масштабы теңiздермен салыстырғанда болмашы, өйткенi көлдердiң жиынтық ауданы Әлем мұхиты ауданынан 120 есе аз. Дегенмен бiздiң планета масштабында көлдердiң әрекетi едәуiр роль атқарады. Жердегi көлдердiң жалпы ауданы 2,7 млн км2 болады, бұл Жерорта теңiзiнің ауданына парапар. Көлдерді зерттеумен лимнология айналысады. Көлдердiң Әлем мұхитынан оқшауланғандығына байланысты олар әр түрлi гипсометриялық деңгейлерде орналаса алады. Мысалы, көлдер -401 м деңгейден +5400м-ге дейiнгi биiктiктерде кездеседi. Көлдер өздерінің тереңдiгi, суының тұздылығы және т.б. бойынша бiр-бiрiнен айтарлықтай өзгешеленедi. Дегенмен олардың басты жiктемелiк белгiсi – көл қазаншұңқырларының жаралу тегi. Осы белгiсi бойынша жаралуы жербеттiк факторларға байланысты – экзогендiк және пайда болуы тереңдiк факторлардың жер бетiнде бiлiнуiне байланысты – эндогендiк көлдер бөлiнедi.
Көл мен батпақ түзілімдерінде қандай пайдалы қазбалар болады? Көл-батпақ түзілімдерінің қалыптасу процесі миллиондаған жыл бойы ұдайы жүреді.
Көне көлдердің түзілімдері баяғыда қазба күйге өткен. Жер қыртысының қимасында оларды ондаған және жүздеген метр тереңдіктерде кездестіруге болады. Бұрын болған батпақтар мен көлдердің сұйық ұйығы өзінің әуел бастағы кейпін өзгерткен. Үстінде жатқан қатқабаттардың қысымынан бұл түзілімдер нығыздалып, шөгінді таужыныстарға айналған. мысал үшін әкті ұйық – әктасқа, диатомды және доломит түзілімдер – диатомит пен доломититке, саз бен саз-әкті ұйық – саз бен мергельге өткен. Елеулі өзгеріске көмірге айналған шымтезек жатындары түседі. Көмірдің шымтезектен жаралғандығын олардың химиялық құрамы мен өсімдік қалдықтарының ұқсастығы куәландырады. Жоғары температура мен қысым жағдайында өсімдік затының толық ыдырауы мен оның көмірленуі алдымен шымтезектің қоңыр көмірге, яғни түсі күңгірт-қошқыл немесе қара, жылтырлығы күңгірт жанғыш таужынысқа айналуына әкеледі. Заттың сыртқы өзгерістері оның құрылымының қайта түзілуіне және көміртек мөлшерінің артуына байланысты. Көмірлену процесі ары қарай жер қойнауындағы жоғарылау температурада өткен кезде, қоңыр көмір тас көмірге айналады. Көмірдің барлығы жаралуы бойынша лимналық (көлдік) және паралиалық (жағалаулық-теңіздік) түрлерге бөлінеді. Көл мен батпақтың органикалық әлеміне мұнайжаралу да байланысты деген ұғым бар. Көл-батпақ түзілімдерімен жанғыш пайдалы қазбалардан басқа түрлі құм, саз, әктас, доломитит, мергель, диатомит, тастұз, темір мен марганец рудасының кенорындары байланысты. Көл-батпақ түзілімдерінің ішінде ең көп таралған пайдалы қазбаға шымтезек жатады.
Кристалл деген не, оның басты қасиеттері қандай? Кристаллография – кристалдардың жаралу процестерiн, пiшiні мен физикалық-механикалық қасиеттерiн зерттейтiн ғылым. Кристаллография өнеркәсiппен тығыз байланысты. Кристалл – табиғи немесе лабораториялық жағдайларда көпжақтар түрiнде жаралатын қатты зат. Кристалдың геометриялық элементтерi: жақ; қыр; төбе. Кристалдардың геометриялық дұрыс пiшiндерi олардың заңдылық бойынша орналасқан iшкi құрылысына байланысты. Кристалдардың iшкi құрылысы – кеңiстiктегi тор, ол түйiндерден, қатарлардан және жазық тордан тұрады. Кристалдардың ең басты қасиеттерi мыналар: 1) бiркелкiлiк. Бiркелкi деп барлық көлемiнде бiрдей қасиеттерге ие дененi айтады; 2) анизотроптылық. Анизотроп деп параллель бағыттарда бiрдей болғанымен, бейпараллель бағыттарда жалпы алғанда әркелкi қасиеттерге ие болатын бiркелкi дененi айтады; 3) өз бетiнше қырлану қабілеті, яғни қолайлы жағдайда еркiн өсу нәтижесiнде бастапқы көпжақ пiшiнiне қайта келу; 4) кристалдар симметриясы; 5) кристалдардың көпжақты пiшiнi.
Кілкіме су – ауалану белдемінде, яғни ауа еркін енетін белдемде шамалы тереңдікте орналасатын жерасты суы. Атмосфералық жауын жер қыртысына бірінші сутірек қабаттың жабынына жеткенге дейін тереңдеп кете береді. Осылайша сулы горизонттар пайда болады. Қабатаралық судың ерекшелігіне ең алдымен оның екі сутірек қабаттың арасында орналасатыны жатады, яғни ол астынан да, үстінен де шектелген.
ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
Қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстар мен неотектониканың (ең жаңа тектоникалық қозғалыстардың) мәнісі неде? Қазіргі кезде тіркелетін жер қыртысының қозғалыстары қазіргі заманғы деп аталады. Олардың тік бағыттағы құрамдастарын жер бетін қайталап нивелирлеу әдісімен зерделейді. Тектоникалық қозғалыстардың маңызды геологиялық мәліметтері қазіргі бедерді геологиялық талдауға негізделген геологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған. Бедер қалыптасуындағы экзогендік пен эндогендік факторлар рөлін зерделеу, жақын арадағы геологиялық өткен замандар тік тектоникалық қозғалыстардың үлкен категориясын анықтауға мүмкіндік береді. Оларды ең жаңа қозғалыстар дейді. Бұл қозғалыстар, мысалы, өзен террасаларының қазіргі орналасу жағдайы бойынша нық анықталады. Арнаның жекелеген бөліктерінің көтерілуі мұнда түп эрозиясының қарқындылануына әкеледі де жағалары күрт қия салынады, меандрлер жаралады. Өзен сағасының төмендеуі оның суға батуын туындатады. Нәтижесінде эстуарийлер мен көлкімелер, т.б. жаралады.
Қандай жағдайларда өзендердің бұрып әкету құбылысы орын алады? Мору мен өзен эрозиясы процестерiнде суайрықтар қирайды және жылжиды. Суайрықтың екi жағында орналасқан алаптардың өзендерi әдетте суайрықты түрлi жылдамдықпен қиратады. Бұл жағдай суайрықтың қарама-қарсы орналасқан беткейлерi еңiстiгiнiң әртүрлi болуына, суайрық бөлген өзендердiң эрозия базисi түрлi деңгейде орналасуына, ал суайрық беткейлерiнiң берiктiгi әртүрлi таужыныстардан тұруына байланысты. Өзеннің қарқынды регрессиялық эрозия жолымен суайрықты қиып түсiп, көршi су жиналу алабындағы суларды өз алабына алып кету процесiн өзендердi бұрып әкету деп атайды. Осындай процестер нәтижесiнде суайрықты жарып өтiп, көршi алаптағы өзендердiң бiрiнiң басын бұрып әкететiн өтпелi аңғар пайда болады.
Қандай метаморфтық таужыныстар бар, олар қандай жағдайларда жаралады? Метаморфтық таужыныстарға әдетте тек қана метаморфизм процестерінде жаралатын айрықша минералдар тән. Олар – хлориттер, актинолит, тремолит, эпидот, дистен, Жалпы геология 323 андалузит, силлиманит, графит, кордиерит, ставролит, диопсид және басқалар. Бастапқы магмалық және шөгінді таужыныс минералдары ішінен кездесетіндер: кварц, биотит, мусковит, дала шпаттар, мүйіз алдамышы, пироксендер, кальцит және басқалар, олар Р-Т параметрлерінің кең диапазонында орнықты.
Қарапайым заттар класы минералдарының сипаттамасы? Сомтума элементтер класын жасайтын минералдар табиғатта жеткілікті таралған. Бұл класс минералдарының өкіліне жататындар: күкірт, графит, мыс, алтын. Сомтума элементтер класы. Жер қыртысында сомтума күйде 30-дан аса химиялық элемент анықталған, олар негізінен металдар. Бұл класқа бірқатар газ пен сұйық элементтер кіреді. Олардың жер қыртысындағы жалпы салмақ мөлшері 0,1 % шамасын құрайды. Қатты күйде кездесетін сомтума элементтер әртүрлі кристалдық құрылымға ие болады. Атомдары арасындағы күштердің байланыс типі бойынша басты мәнге металдық байланысты тығыз жайласқан атомдық құрылымдар ие, кейде гетерополюстік пен вандерваальстыққа өтпелі байланыстардың белгісі кездеседі. Металдарға әдетте металдардың барлық қасиеттері тән, түсі әдетте ақ және сары болады. Меншікті салмағы өте жоғары, 22 г/см3 -ге дейін. Мысалдары – Cu, Ag, Au, Pt, S, алмас, графит.
Қаусырма деген не, ол қалай сипатталады? Қаусырма – жылжытушысы көтеріңкі қанаты бағытында еңіс орналасқан, ал аспалы қанаты жатқан қанатымен салыстырғанда құлди еңіс, жылжытушы бойынша жоғары қарай жылжыған жарылым.
Қашықтан карталаудың қандай әдістері бар? Қашықтан геологиялық түсіру жер беті мен оның тереңдік бөліктерінің құрылысын атмосферада немесе ғарыш кеңістігіндегі ұшатын аппараттардан зерделеуден тұрады. Геологиялық түсірудің аталған тәсілдері қазіргі кезде өзара тығыз байланысты, жербеттік зерттеулер кезінде әрдәйім аэро және ғарыштық фототүсіру материалдары пайдаланылады. Геологиялық түсірудің қашықтық әдістері көмегімен алынған материалдарды бажайлау жер беттік байқаулар мен бақылауларды пайдалану арқылы жүргізіледі.
