Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?

Жерсілкінудің табиғаты қандай және оның қандай түрлері бар? Жерсілкінудің пайда болуы мен жаралуының геологиялық жағдайлары туралы мәселе біршама күрделі және соңына дейін шешілмеген. Дегенмен, қазіргі түсініктер бойынша жерсілкінулерді басты үш себеппен байланыстырып, солар арқылы олардың үш генетикалық – денудациялық, жанартаулық, тектоникалық пен антропогендік типтері бөлінеді. Денудациялық жерсілкіну жер қыртысының денудациялық процесімен – таулардағы опырылымдармен, ірі жылжымалармен, табиғи қуыстар күмбездерінің опырылып түсуімен, т.б. байланысты. Жанартаулық жерсілкінулер ошағының тереңдігі бойынша қалыптыларға жатады. . Бұл типті жерсілкінулер жанартау атқылауларын жиі сүйемелдейді және олардың алдында байқалады. Тектоникалық жерсілкіну біздің планетада тіркелетін барлық жерсілкінулердің 95 %-ке жуығын құрайды. Қазіргі түсініктер бойынша олар литосфераның жекелеген блоктарының өзара қозғалыстарға келуі кезінде пайда болатын механикалық кернеудің қысқа мерзімде арылуымен байланысты.

Жетекші қазба таснұсқалар қандай талаптарға сай келу керек? Палеонтологиялық әдiс көне қазба организмдер қалдықтарын зерттеуге негiзделген. Ол таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтаудың ең маңызды және ең көп таралған әдiстерінiң бiрi болып табылады. Ең дұрыс сақталатыны – организмдердiң қатты қаңқа бөлiктерi. Олар жартылай немесе толық минералдық жаралымдарға, көбiнесе кремнеземге немесе кальцитке алмасады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң тасқа айналған осындай қалдықтарын таснұсқалар деп атайды. Бiрақ таужыныстар жасын анықтауға қазба организмдердiң барлығы бiрдей жарай бермейдi. Олардың iшiнде негiзгi рөлдi жетекшi қазба таснұсқалар ғана атқара алады. Оларға мынадай көрсеткiштер тән болу керек: 1) уақыт ағымында жылдам эволюцияланып, соның ықпалынан геологиялық қималардың тiк бағытында шектеулi таралуы; егер фаунаның кейбiр түрлерi геологиялық тарихта миллиондаған жыл бойы айтарлықтай өзгерiссiз дамудан өтiп, қалдықтары жасы бойынша әртүрлi таужыныс қабаттарында жаппай кездессе, олар әрине жетекшi қазба таснұсқалар рөлiн атқара алмайды; 2) аудан бойынша кең таралуы, сондай-ақ түрлердiң көп болуы және олардың жақсы сақталуы.

Жірсілкінуді болжау тулары пікіріңіз қандай? Жерсілкінулерді болжаудың мақсаты – мынадай басты үш мәселені шешу: 1) жерсілкіну қайда, қай ауданда, жер бетінің қандай нүктесінде болады? 2) болашақ жерсілкінудің жорамал қарқындылығы қандай?; 3) жерсілкіну қашан болады? – деген сұрақтарға жауап беру. Бірінші және екінші сұрақтарға жауапты сейсмикалық аудандау береді. Оның мәселесі – сейсмикалық белсенді аудандарды бөлу және оларды жорамал жерсілкінулерінің күші бойынша дифференциациялап бағалау. Бұл күрделі мәселе бұрынғы жерсілкінулердің жиілігін және олардың эпицентрі мен гипоцентрінің орналасуын мұқият талдауды, бөлінген сейсмикалық бөлікшелердің геологиялық құрылысы ерекшеліктерін түбегейлі зерделеуді және т.б. қамтиды.

Ииииииииии

Интрузиялық және эффузиялық денелердің өлшемдері мен жатыс пішіндері қандай? Интрузиялық денелердiң өлшемi әртүрлi болады. Олардың ең iрiсi – батолиттер. Бұл денелердің ауданы жүздеген км2 , пландағы пiшiнi ұзыншақ, сопақ болып келедi. Батолиттер әдетте таулы-қатпарлы құрылыстардың орталық бөлiгiнде орналасып, гранит құрамды таужыныстардан тұрады. Олардың тiк бағыттағы өлшемi көбiнесе 5–10 км-ден аспайды. Штоктар – бұрыс пiшiндi интрузиялық денелер, қимадағы ауданы 100 км2 -ге дейін. Олар көбiнесе iрi батолиттердiң тарамдары болады, ал кейде жербетi маңы денелерiн жасайды. Дайкалар – жалпақ тақта тәрiздi денелер. Олар жер қыртысындағы тiк және еңiс орналасқан жарықшақтарды магма толтырғанда пайда болады. Дайкалар құрамы әр түрлi таужыныстардан тұрып, топтана орналасады. Өлшемдерi бойынша дайкалар әр қилы. Олардың көпшiлiгiнiң ұзындығы жүздеген метр, ал қалыңдығы бiрнеше м-ге жетеді.

Интрузиялық магматизмнің мәнісі неде,оның нәтижелері қандай? Тереңдiк магматизмде магманың қозғалысы граниттi немесе шөгiндi қабат iшiнде тоқтайды. Магмалық балқыманың жер қыртысы таужыныстарының қатқабатына ену процесiн интрузия деп атайды. Магманың қатуынан пайда болған магмалық дененi де интрузия немесе интрузив дейдi. Магманың кристалдануы нәтижесiнде интрузиялық магмалық таужыныстар жаралады. Олар өзiндiк химиялық және минералдық құрамымен, құрылымымен және бiтiмiмен, денелерінің пiшiнiмен сипатталады. Интрузиялық таужыныстар жер қыртысының әр түрлi тереңдiктерiнде жоғары қысым мен баяу суыну жағдайында қалыптасады. Магма қатқан ортаның тереңдiгiне байланысты тереңдiк және жартылай тереңдiк таужыныстар бөлiнедi. Осылай әр түрлi тереңдiктегі жаралу жағдайлары интрузиялық таужыныстардың құрылымы мен бiтiмiнде көрiнiс табады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]