- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Жжжжжжжжж
Жанартаулар қандай түрлер мен типтерге бөлінеді, олардың географиялық таралу сипаты қандай? төгiлген магма алып жатқан кеңiстiктiң сипаты бойынша жанартаулар аудандық, жарықшақтық және орталық типтерге бөлiнедi. Аудандық жанартаулар Жер тарихының өте ерте замандарында болған. Ол кезде жер қыртысы жұқа болып, жекелеген бөлiкшелерде толық балқып кеткен немесе атқыламалар үлкен алаңдарға төгiлiп, жайылған. Аудандық жанартауларды балқыған лава теңiзi десе де болғандай. Жарықшақтық жанартаулар лаваның ұзын жарықшақтар бойымен төгiлуiнен пайда болады. Мысалы, девон дәуірінде Орталық Қазақстанның барлық аумағында дерлiк жарықшақтардан төгiлген лава тасыған. Орталық типтi жанартаулар – конус тәрiздi таулар түрiндегi геологиялық құрылыстар. Олардың магма шығаратын орталық тесiктерiнен атқыламалар шығады. Әр жанартаудың таскөмейi, яғни магма ошағынан атқылама өнiмдерi көтерiлетiн шығарушы каналы мен кратерi – конус пішінді таудың төбесiнде орналасып, таскөмейдiң жоғарғы жағын аяқтайтын табақ тәрiздi ойығы болады. Көптеген iрi жанартаулардың негiзгi таскөмейiнен қосымша шығарушы тесiктер тарамдалады. оларды масыл жанартаулар деп атайды. Әрекет етушi жанартауларды зерттеу, олар Жер шарының тектоникалық белсендi бөлiкшелерiне – қазiргi таужаралу мен тереңдiк жарылымдар дамыған алқаптарда орналасқандығын көрсетедi. Қазiргi жанартаулардың көпшiлiгi Тынық мұхит жағалауларындағы Тынық мұхит “отты” шеңберi атты белдемде орналасқанын көреміз. жанартаулар әрекетi қарқынды дамыған келесi алқап – Жерорта теңiзi–Гималай белдеуi. Ол ендiк бағытта созылған. Жанартаулардың дамуы бiршама төмен бiлiнетiн алқап – субмеридиан бағыты бойынша созылған Атлант белдемi. Ол Исландиядан бастап, Азор және Канар аралдары арқылы Жасыл мүйiс аралдарына дейiн созылады. Жанартаулардың шағын тобы Шығыс Африка жарылымдары белдемiнде орналасқан. Бұл белдемде Кения мен Килиманджаро жанартаулары орналасқан.
Жанартаулардың газ тәрізді өнімдерінің сипаттамасы? Газ тәрiздi өнiмдер жанартау әрекетiнiң әр түрлi сатысында оның таскөмейiнен, қосымша кратерлерiнен және көптеген жарықшақтарынан бөлiнiп шығады. Олардың 60–90 %-ке жуығы су буынан тұрады, сондай-ақ әр түрлi мөлшерде H2S, SO2, CO, CO2, HCl, HF, NH4Cl, NH3, H2BO3 және т.б. газдар болады. Бөлiнiп шыққан газдардың құрамы температураға байланысты өзгередi. Температура 180оС-тан жоғары болғанда фумарола газдары бөлiнедi, олардың құрамы күрделi хлорлы-күкiрттi-көмiрқышқылды. Температурасына қарай құрғақ, қышқыл және сiлтiлi фумарола бөлiнедi. Құрғақ фумароланың температурасы 500оС шамасында болады. Әдетте оның құрамында су буы болмайды, бiрақ хлорлы қосылыстарға қаныққан. Қышқыл фумароланың температурасы 300–400оС, құрамында су буы, хлорлы сутек және күкiрттi ангидрид болады. Сiлтiлi фумарола 180оС-тан асатын орташа температурмен сипатталады және хлорлы аммонийден тұрады, ол ыдыраған кезде таза аммиак бөлiнiп шығады. Температурасы 100–180оС газды бөлiнiмдер сольфатара деп аталады. Олар негiзiнен су буы мен күкiрттi сутектен тұрады. Температурасы 100оС-тан төмен газ қоспалары мофета деп аталады, олар негiзiнен көмiрқышқыл газдары мен су буынан тұрады.
Жанартаулардың қатты өнімдері қандай түрлерге бөлінеді? Жанартау атқылаған қатты өнiмдердi пирокласт немесе пирокластикалық материал деп атайды. Пирокласт құрамы жанартаулар қопарғанда пайда болған сынықты материалдардан тұрады. қопарылыс кезiнде шашыраған лава мен кратердiң қопарылған бөлiгiн құрайтын таужыныс сынықтарының өте үлкен массасы атмосфераға ұшады. Пирокластикалық материал сынықтардың өлшемiне байланысты былай аталады: жанартау бомбасы – кесектердiң өлшемi 5–10 см-ден бiрнеше м-ге дейiн, лапилли – 1–5 см, жанартау құмы – 1–10 мм және жанартау күлi – 1 мм-ге дейiн.
Жанартаулардың сұйық өнімдері деген не? Лава – жанартау атқыламаларының сұйық өнiмi. Ол химиялық құрамы бойынша қышқылды, орташа, негiздi және ультранегiздi болуы мүмкiн. Лаваның химиялық құрамы оның ең маңызды физикалық қасиеттерiн – тұтқырлығы мен аққыштығын анықтайды. Атқыламалардың сипаты негiзiнен лаваның осы қасиеттерiне байланысты. Лава жер бетiнде қатып, эффузиялық немесе төгiлген магмалық таужыныстарға – эффузивтерге айналады. Олар жылдам суыну мен қалыпты қысым жағдайында қалыптасқандықтан, өздерiне тән құрылым мен бiтiмге ие болады.
Жаралуы бойынша жерасты суы қандай түрлерге бөлінеді? Жерасты суы жаралуы бойынша мынадай типтерге бөлiнедi: инфильтрациялық, конденсациялық, седиментациялық, магматогендiк және аралас. Инфильтрациялық су атмосфералық жауынның немесе өзен және көл суының таужыныс кеуектері мен жарықшақтары бойынша сіңуі нәтижесінде жаралады. Оның жаралуы атмосфералық ылғалдың таужыныстар кеуектері мен жарықшақтарында шөл дала температурасының тәуліктік күрт ауытқулары жағдайында конденсациялануымен түсіндіріледі. Седиментациялық су көне алаптарда жиналған шөгінділер құрамындағы судың осы шөгінділермен бірге көмілуінен жаралады. Магматогендік жерасты суы. Тұмса су жер қыртысының терең қойнауларынан келеді. Оның пайда болуы балқыған магманың суынуына байланысты.
Жел әрекететінен қандай оң және теріс бедер пішіндері қалыптасады? Жел өзiндiк түзiлiмдер мен әртүрлi оң және терiс бедер пiшiндерiн қалыптастыру арқылы үлкен жасампаздық жұмыс атқарады. Ауданның бедерiне, оны жапқан өсiмдiктiң сипатына және негiзгi жел режимiне байланысты тасымалданған материалдардың аккумуляциялануы басталады. Жаралатын құм-саз таужыныстар эолдық түзiлiмдер деп аталады. Эолдық түзiлiмдер климаты құрғақ, тәулiктiк және маусымдық температурасы күрт өзгергiш аудандарда айрықша қарқынды жаралады. Климаты мейлiнше құрғақ, ашық бетiнен булану атмосфералық жауын мөлшерiнен асып кететiн осындай аумақтар шөл деп аталады.
Жел қандай тасымалдау жұмыстарын атқарады? Желдiң тасымалдаушы жұмысы. Желдiң жұмысы сынықты материалды тасымалдау кезiнде айрықша бiлiнедi. Тасымалдаудың алыстығы, материалдың тасымалдану мөлшерi мен тәсiлi бөлшектердiң iрiлiгi мен желдiң күшiне байланысты. Мәселен, жылдамдығы 6,5 м/с-ге жететiн жел диаметрi 0,25 мм- ге дейiнгi тозаңды жеңiл ұшырып әкетедi. Жылдамдығы 10 м/с болатын күштi жел диаметрi 1 мм құм бөлшектерiн тасымалдай алады. Ал дауыл жел жылдамдығы 20 м/с-ке дейiн жетіп, диаметрi 4 мм-ге дейiнгi ұсақ тастарды ұшырып әкете алады. Өлшемi 0,05 мм-ге дейiнгi тозаң тәрiздi бөлшектердi жел мыңдаған км қашықтықтарға жеңiл тасымалдайды, ал диаметрi 0,5–2 мм болатын сынықтар өздерiнiң бастапқы жатқан жерлерiнен жүздеген км жерлерге дейiн ұшырып әкетiледi. Пассаттар Сахара тозаңын Атлант мұхиты арқылы 2–2,5 мың км қашықтықтарға тасымалдайтынын куәландыратын мысалдар бар. Ал, Арал маңынан көтерiлген тұзды тозаң Батыс Еуропа мен Африкаға дейiн жеткен. Жел тасымалдайтын материалдың мөлшерi жүздеген мың, тiптi миллиондаған т-ға жетедi.
Желдің қиратушы жұмысы қалай аталады және оның қандай түрлері бар? Желдiң қиратушы жұмысы. Желдiң геологиялық жұмысы айтарлықтай дәрежеде оның жылдамдығымен анықталады. Дүлей құйын ауаға құмды, тасмалтаны, кейде iрi тастарды да көтерiп кетiп бiршама жерлерге дейiн апарады. Айрықша үлкен жұмысты тропик тайфундары атқаруға қабiлеттi. Олар тас үйлердi аударып тастайды, мұхит кемелерiн жеп-жеңiл көтерiп апарып құрлыққа лақтыра салады. Жер бетiне шығып жатқан таужыныстар желдiң күшiнен де, ол тасымалдаған құм мен тозаңның көмегiмен де қирайды. Жел тасымалдаған бөлшектер жерде ашылған таужыныстар бетiне соқтығысып, көп дүркiн қайталанатын осындай соғулар нәтижесiнде олардың бетiнде сызықтар, айғыздар, қуыстар, атыздар, жырымдаулар, т.б. пайда болады. Таужыныстарда желдiң жонуынан пайда болған түрлi қуыстар, айғыздар мен жартастардың жылтырлануы корразия деп аталады. Корразияның бiлiну формалары әртүрлi. Түбiрлiк таужыныстарда мору нәтижесiнде пайда болған жарықшақтардың кеңеюi өзiндiк бедер пiшiндерiнiң жаралуына әкеледiАуа сорғаламалары қопсық немесе нашар цементтелген таужыныстарға тiкелей жанасқанда материалды үрлеп, ұшырып әкетедi. Түбiрлiк таужыныстардың қатты бөлшектерiн желдiң үрлеп, ұшырып және суыруы дефляция деп аталады. Дефляцияның жылдамдығы желдiң күшiне, таужыныстардың жатыс ерекшелiктерiне, берiктiгiне, т.б. байланысты. Дефляция әсiресе мору процестерi жақсы дамыған аудандарда қарқынды жүредi.
Жер беттік су қандай түрлерге бөлінеді, олардың ерекшеліктері қандай? Құрлық бетiне түсетiн атмосфералық жауын-шашынның бiр бөлiгi қайта атмосфераға буланып кетедi. Келесi бөлiгi жер бетiнде жаңбыр және ерiген қар суы түрiнде ағып кетсе, қалғаны топыраққа сiңедi. Құрлық бетiнде жаңбыр және қар суы түрiнде ағатын жауын жербетi ағынын құрайды. Топыраққа, грунтқа сiңiп кететiн жауын жерасты суының қорын толықтырып, жерасты ағынын қоректендiредi. Құрлықтарды сорғытатын өзендер жербетi және жерасты ағындарының суын жинап апарып көлдерге, теңiздер мен мұхиттарға құяды. Өзендер суының көлдер мен теңiздерге қарай қозғалысы өзен ағыны деп аталады. Өзен ағыны көл бетiнен, жалпы алғанда Әлем мұхитынан буланатын суды қайта толықтырады. Құрлық бетiндегi суға толған ойпаңдар көл деп аталады. Көлдер жербетi, өзен және жерасты ағындарының суымен қоректенедi. Олар Әлем мұхитымен тiкелей байланыспайды. Континенттердiң барлық жер беттiк суы үш түрге бөлiнедi: 1) жер бетi ағыны; 2) өзен ағыны; 3) көлдер мен батпақтар. Жербеттiк судың әрекетi, жалпы басқа экзогендiк агенттер әрекетi сияқты, үш сатыдан: түбiрлiк таужыныстардың қирауынан, қираған өнiмдердiң тасымалдануынан және жинақталуынан тұрады.
Жер гравитация өрісінің ғылыми және практикалық мәні қандай, оны қалай зерттейді? Жердiң тартылыс күшi бiлiнетiн ауқымдағы кеңiстiк ауырлық күшi немесе гравитация өрiсi деп аталады. Ол бiздiң планета қойнауындағы массалардың таралу сипатын көрсетедi және Жер пiшiнiмен тығыз байланысты. Жер бетiндегi әр нүктеге ауырлық күшiнiң белгiлi бiр шамасы тән. Жердiң орталығында ауырлық күшi нөлге тең. Ауырлық күшiнiң жердегi өрiсiн зерттейтiн ғылым гравиметрия деп аталады. Еркiн құлау үдеуiн арнайы құрал – гравиметр көмегiмен өлшейдi. Жер бетiндегi немесе оған жақын ауырлық күшi өрiсiн зерттеуге негiзделген әдiсті гравиметриялық әдiс немесе гравибарлау деп атайды. Ауырлық күшi Жердiң массасына және тығыздығына байланысты. Жердiң тығыздығын алғаш рет И. Ньютон 1736 ж. 5–6 г/см3 шамасында деп анықтаған. Осыдан кейiнгi дәлдiгi жоғары әдiстер, яғни жер қыртысын құрайтын таужыныстар тығыздығына жүргiзiлген нақты өлшеулер 2,40–2,90 г/см3 шамасындағы мәндi бередi. Заттың тығыздығы тереңге қарай артады. Жердiң центрiнде заттың тығыздығы 12,5 г/см3 -тен асуы ықтимал. Ауырлық күшiнiң шамасы галмен өлшенедi. Жер бетiнде ауырлық күшiнiң орташа мәнi 979,7 галға тең. Ауырлық күшiнің фактiлiк мәндерi есептеп шығарылатын теориялықтан, яғни массалар таралуының әркелкiлiгiне және басқа себептерге байланысты ауытқулары гравитациялық аномалиялар деп аталады. Олар гравибарлауда кен iздеудiң негiзгi нысандары болып табылады. Гравитация өрiсiнде өңірлік және жергілікті аномалиялар бөлiнедi. Аймақтық аномалиялар ондаған және жүздеген мың км2 аудандарды алып жатады және жоғары қарқындылығымен ерекшеленедi. Олардың ауқымында жергілікті ауытқулар бiлiнедi. Гравитациялық өлшеулер немесе гравитациялық түсiру нәтижелерi бойынша гравитациялық карталар жасалады.
Жер дамуындағы геологиялық кезеңнің мәнісі неде? Жер планета ретiнде шамамен осыдан 4,6 млрд жылдай бұрын қалыптасқан. Жердiң қалыптасу және даму тарихында екi iрi әрі өздерiнiң ұзақтығы бойынша әркелкi – геологияға дейiнгi және геологиялық кезеңдерге бөлiнедi. Геологиялық кезең жер қыртысы қалыптасқан кезден басталып, қазiргi кезге дейiнгi уақытты қамтиды. Бiрқатар зерттеушiлердiң пiкiрiнше, атмосфера мен гидросфера планета аккрециясының аяққы сатысымен – қатты Жер жаралумен бiр уақытта, оның қойнауының қарқынды, тiптi апатты немесе қопарылысты газсыздану нәтижесiнде қалыптасқан көрiнедi. Осы кезеңнен бастап Жердiң iшкi жылуынан Күннен келетiн жылудың басымдығы артқан. Ал жер бетiнде негiзгi екi процестер тобы – эндогендiк және экзогендiк процестер орын алады.
Жер жаралуының глобулалық гипотезаларының мәнісі неде? Жердің жаралуы туралы алғашқы ғылыми түсініктер XVII–XVIII ғғ. жатады. Алғашқы гипотезалардың бірін 1745 ж. француз жаратылыстанушысы Ж. Бюффон ұсынған. Бұл гипотеза бойынша, біздің планета Күннен оның ірі кометамен апатты соқтығысқан кезде жұлынып кеткен зат жиынтығының суынуы нәтижесінде жаралған. Ж.Бюффонның Жерді Күн плазмасынан жаралған деген ойы, біздің планетаның «ыстық» жаралғаны туралы бірқатар кейінгі және біршама жетілген гипотезаларда пайдаланылған болатын. Олардың ішінде ең жетекші орын алатыны – неміс философы И. Кант (1755 ж.) пен француз математигі П. Лаплас (1797 ж.) бір-біріне байланыссыз әзірлеген небулалық гипотеза. И. Кант ғалам кеңістікте біркелкі таралған салқын ұсақ бөлшектерден тұратын бастапқы материядан жаралған деген идея айтқан. Оның пiкiрiнше, жұлдыздар, Күн және оның төңірегіндегі планеталар, басқа ғарыш денелерi бөлшектердiң хаостық қозғалыс жағдайында тартылыс пен тебiлiс күштерi әрекетiнен жаралған болып шығады. П. Лаплас Күн жүйесiнiң жаралуын сирек және қызған газ тәрiздi тұмандықтың айналыс қозғалысымен байланыстырады. Бұл қозғалыс материя ұйындылары – планеталар ұрығы пайда болуына әкелген. Принциптік тұрғыдан жаңа идеяға Жердің «салқын» жаралу глобулалық гипотезасы негізделген. Ең терең нақтыланғаны – академик О.Ю. Шмидт 1944 жылы ұсынған метеориттік гипотеза. «Салқын» жаралу гипотезаларының ішіндегі басқалардан К. Вейцзекер (1944 ж.) мен Дж. Койпер (1951 ж.) ұсынған гипотезалар көп жағдайда О.Ю. Шмидттің гипотезасына жақын екенін айтуға болады.
Жер құрамында химиялық элементтердің таралу мөлшері қандай? Жер қыртысының заттық құрамы оның химиялық және минералдық құрамымен анықталады. А.П.Виноградов бойынша, жер қыртысында ең көп таралғаны мына химиялық элементтер, %: О – 47,2; Si – 27,6; Al – 8,3; Fe – 5,1; Ca – 3,6; Na – 2,64; K – 2,6; Mg – 2,1; Ti – 0,6; H – 0,15; C – 0,1. Сонымен, жер қыртысында анықталған 93 химиялық элементтiң 11-нің үлесiне олардың жалпы массасының 99,99%-i келсе, ал қалған 82 элемент тек 0,01%-ті ғана құрайды.
Жер қыртысы геологиялық тарих ағымында кеңістікте күрделі қозғалыстар жасайды. Оны құрайтын таужыныстар қатпарларға мыжылады, бірінің үстін бірі басып қалады, айырылады және т.б. жағдайларға түседі. Нәтижесінде жер бетінің бедері өзгереді, таулар мен терең ойпаңдар пайда болады. Жерде барлық геологиялық тарих ағымында тік бағытты тектоникалық қозғалыстар барлық жерде белсенді білінген және білінуі қазір де жалғасуда. Тектоникалық қозғалыстарды жіктеу өте күрделі. Қазіргі кезде тектоникалық қозғалыстардың бағытын, олардың біліну алқаптарын, білінім нәтижелерін, т.б. көрсететін бірқатар жіктемелер бар. Ғалымдар соңғы жылдары ұсынған жіктемелердің ішінде ең үлкен қызығушылық туындататыны В.Е. Хаин және В.В. Белоусовтың жіктемелері. В.Е. Хаин қозғалу бағыты бойынша – басым тік бағытты және басым көлбеу бағытты; біліну алқаптары бойынша – беткі, яғни шөгінді тыстағы процестермен байланысты және қыртыстық, яғни іс жүзінде нығайған жер қыртысының барлық көлемін қамтитын және тереңдік, яғни жоғарғы мантиядағы процестермен байланысты тектоникалық қозғалыстарды бөледі. Қозғалыстың бұл типтері өз кезегінде қатпарлы, блоктік, құжбан және басқаларға бөлінеді. Тектоникалық қозғалыстардың қарапайымдау жіктемесін В.В. Белоусов ұсынған. Ол тектоникалық қозғалыстарды білінім масштабы, яғни олар қамтитын таужыныстар ауқымының шамасы бойынша бөлуге негізделген. В.В. Белоусов бойынша тектоникалық қозғалыстар қыртысіштік, яғни жер қыртысының жекелеген жаралымдарында таралатын және жалпы қыртыстық, яғни жер қыртысының тұтас қозғалыстары түрінде білінетіндерге бөлінеді. Өз кезегінде, қыртысіштік қозғалыстар қатпарлы мен айырылымды, ал жалпы қыртыстықтар – тербелмелі мен айырылымды түрлерге бөлінген. Қатпарлы мен тербелмелі қозғалыстар рангі түрлі пликативтік, ал айырылымдықтар – дизъюнктивтік дислокацияларға әкеледі. Тектоникалық қозғалыстар жер қыртысында негізінен механикалық жылыстаулар түрінде білінеді.
Жер қыртысы, астеносфера, литосфера және тектоносфера деген не? Жер қыртысы – Жердiң қатты қабығы. Оның қалыңдығы мұхиттардың астында 5–10 км болса, континенттерде – 70–80 км-ге жетедi, ал орташа мәнi – 33 км. Жер қыртысының шекаралары жоғарғы жағында жер бетiмен; төменгi жағында Мохоровичич бетiмен немесе Мохо шекарасымен шектеседi. Жер қыртысының құрамында Si және Al басым болғандықтан, оны “сиал” деп те атайды. Гутенберг қабаты iшiнде 50–150 км тереңдiк аралығында сейсмикалық толқындар таралу жылдамдығының бiршама азаюы байқалады. Бұл құбылыс, мысалы, осы аралықта мантия затының жұмсарып, балқу ошақтары орналасуына байланысты болуы мүмкiн. Белдемдi құрайтын заттың жұмсарған, пластикалылығы артқан күйiне байланысты оны сейсмикалық толқын тұтқыш немесе астеносфера қабаты деп атайды. Астеносфера мұхиттар астында 30–50 км тереңдiкке дейiн таралса, ал континенттер астында 100–150 км тереңдікте. Жер қыртысы Гутенберг қабатының қатты бөлiгiмен бiрге астеносфера үстiндегi тұтас қатаң қабатты құрап, литосфера деп аталады . Астеносферада аралық магма ошақтары пайда болады деген пiкiр бар. Осыған байланысты, литосфераны астеносферамен қоса тектоносфера деп бiрiктiредi.
Жер қыртысының құрылысы деген не, ол қандай белгілері бойынша және қандай түрлерге бөлінеді?Жер қыртысы құрылысының ең маңызды ерекшелiгi – тiк және көлбеу бағыттарда байқалып, анық бiлiнетiн әркелкiлiгi. Тiк бағыттағы әркелкiлiк. Жүйелi зерттеулер негiзiнде жер қыртысының құрамында үш қабық бөлiнген. Олар құрамы, қасиеттерi және жаралуы бойынша әртүрлi таужыныстардан тұратын стратисфера, гранитті және базальтты қабаттар. Стратисфера шөгiндi және жанартаулық-шөгiндi, яғни саз бен сазды тақтатастардан (42%), құм (20%) мен жанартаулық (19%) таужыныстардан тұрады. Бұл қабық Жер бетiн толығымен дерлiк жауып жатады әрi терең ойпаңдарда оның қалыңдығы 20–25 км шамасына жетедi. Граниттi қойнауқат деп шартты түрде оны құрайтын таужыныстардың граниттерге ұқсастығына байланысты атаған. Ол гнейс (37,6%), гранодиорит (19,9%), гранит (18,1%), амфиболит (9,8%), кристалды тақтатас (9,0%), сонымен қатар габбро, мәрмәр, сиенит, т.б. таужыныстардан тұрады. Граниттi қойнауқаттың төменгi шекарасы Конрад сейсмикалық беті деп аталады. Базальтті қабық – жер қыртысының үшiншi қойнауқаты. ол кристалды ауырлау таужыныстардан тұрады. Платформа – байтақ тектоникалық тұрақты алқаптар. Геосинклин деп сызықтай созылған қозғалмалы тектоникалық белдемдердi айтады. Олар қалыңдығы 70–80 км-дей жер қыртысынан тұрады және оның күрт ауытқуларымен, таужыныстардың қатпарлы - жарылымды бұзылысты жатысымен, таулы бедерiмен сипатталады.
