- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Дддддддддд
Делювий, шығарынды конустар деген не, олар қалай және қандай жағдайларда жаралады? Судың жазықтық шаю кезiндегi аккумуляциялық әрекетi беткейлердiң төменгi жағы мен етегiнде сынықты материал жиынтығын, яғни делювийді қалыптастырады. Делювий түзiлiмдерi нашар iрiктелген ұсақ сынықты, майда қабаттылықты болады. Оларға желек тәрiздi жатыс пiшiнi тән. Делювийдiң құрамында құмдақ пен саздақ басым. Олар әртүрлi дәрежеде iрiлеу сынықтарға бай болады. Уақытша арна ағындары өздерi әкелген сынықты материалды саға маңында түзiп, шығарынды конус түрiндегi үйiндiлер жасайды. Шығарынды конустардың өлшемi тау алдындағы ойпаттарында айрықша үлкен болады. Шығарынды конус түзiлiмдерi пролювий деп аталады.
Денудация деген не, оның агенттері мен геологиялық мәні қандай? Денудация – сыртқы геологиялық агенттердiң мору өнiмдерiн олар жаралған жерден сыдырып әкетiп, түбiрлiк таужыныстардың аршылуына әкелетiн процесс. Бұл геологиялық агенттердi денудация агенттерi деп атайды. Оларға мыналар жатады: жел, жербетi және жерасты суы, мұздықтар мен теңiздер. Денудация агенттерi мору өнiмдерiн қыраттардан ойпаң бөлiкшелерге жылжытып, жер бетiнiң қирауына, қираған материалды тасымалдау мен қайта түзуге және бедердiң тегiстелген пiшiндерiн жасау мен шөгiндi жиналуға әкеледi.
Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
Таужыныстардың бастапқы көлбеу жатысынан ауытқуларының барлық түрi дислокация деп аталады. Дислокациялар пликативтiк және дизъюнктивтiк түрлерге бөленедi. Шөгінді жаралымдардың бастапқы элементі – қабат. Қабат деп біркелкі шөгінді таужыныстан тұратын, екі жағынан параллель қабаттылық беттерімен шектелген, қалыңдығы шамамен тұрақты болатын және үлкен ауданды алып жататын геологиялық денені айтады. Қабаттың атын көбінесе оны құрайтын таужыныстар анықтайды. Мысалы, әктас қабаты, құмтас қабаты және т.б. Қабатты астынан шектейтін бетті оның табаны, ал үстіңгісін – жабыны дейді. Қабаттар сериясындағы немесе будасындағы төменгі жатқан қабаттың жабыны бір мезгілде үстіңгі қабаттың табаны болады. Қабаттың қалыңдығы оның қуаты деп те аталады. Әдетте қабаттың нақты, тік және көлбеу қуатын анықтайды.
Еееееееее
Енжер континенттік шалғайлардың сипаттамасы? Енжар континенттік шалғайлар Атлант және Индия мұхиттарының көп бөлігіне тән, бірақ олардың кейбір бөлікшелерін қоспағанда (Атлантикадағы Кариб және Скотия теңіздері, Индия мұхитындағы Андаман теңізі). Мұндай шалғайлар Солтүстік Мұзды Мұхитқа және Тынық мұхиттың арктикалық бөлігіне де тән. Енжар шалғайлардың айрықша ерекшелігіне сейсмикалық және жанартаулық белсенділігінің төмендеуі жатады. Енжар шалғайлар құрылысында басты үш құрылымдық элемент: қайраң, континенттік беткей және континенттік табан бөлінеді. Жалпы жағдайда геологиялық карта деп топографиялық немесе географиялық негіздегі жер қыртысының белгілі бір бөлікшесінің, континенттер немесе тұтас жер шары геологиялық Ә. Б. құрылысының шартты белгілер көмегімен жасалған графикалық бейнесін айтады. Геологиялық картада жасы, жаралуы, құрамы мен жатыс жағдайлары бойынша ажыратылатын таужыныстар ашылымдарының жер бетінде таралуы көрсетіледі. Геологиялық карта түсіндірме жазбасымен бірге жер қыртысының қалыптасуы мен пайдалы қазбалар таралуының заңдылықтары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау үшін және кен- өндіруші өнеркәсіптің перспективалық жоспарларын әзірлеуге ғылыми негіз болады. Түбегейлі геологиялық карталар барланған кенорындарды жобалауға, аршуға және игеруге, сондай-ақ кен жұмыстарын пайдалану кезінде жоспарлау үшін үлкен мәнге ие. Геологиялық карталар жүргізілген геологиялық-түсіру жұмыстарының, геологиялық ғылымдар мен практикалық тәжірибенің жетістіктерін теориялық жалпылау негізінде тұрғызылады. Геологиялық карталар мазмұны мен пайдаланылуы бойынша мынадай типтерге бөлінеді: дербес геологиялық, төрттік түзілімдері, геоморфологиялық, литологиялық, тектоникалық, гидрогеологиялық, пайдалы қазбалар, металлогениялық карталар. Дербес геологиялық карта өзінің мазмұны бойынша төрттікке дейінгі түбірлік таужыныстардың стратиграфиялық картасы болып табылады. Төрттік түзілімдері картасында бұл түзілімдер генезисі, жасы және құрамы бойынша ажыратылып көрсетіледі. Тектоникалық картада жер қыртысының әртүрлі реттік құрылымдық элементтерінің жатыс пішіндері, жаралу уақыты мен жағдайлары көрсетіледі. Өңірлік картада белгілі бір аудандардың құрылымдық ерекшеліктері бейнеленеді.
