- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Гггггггггг
Галоидтер класы минералдарының сипаттамасы? Галоидттар (галогенидтер) – галоген сутек қышқылдардың НF, НСl, т.б. тұздары. Табиғатта Nа, К, Мg хлоридтері кең таралған. Олардың мысалы ретінде галит минералын айтуға болады. Галоид қосылыстар – нағыз иондық байланысты қосылыстар – фторидтер, хлоридтер, бромидтер мен иодидтер. Галоидтар экзогендік жағдайларда шынайы ерітінділерден жаралады. Гидротермалық жаралымдарда кең таралғаны флюорит – CaF2.
Геологиялық қима деген не? Геологиялық қима – бөлікшенің геологиялық құрылысының тік бағытты жазықтықтағы графикалық бейнесі. Оны геологиялық карталар бойынша немесе геологиялық- барлау үңгімелерінің деректері бойынша жасайды. Қима көрнекі түрде қабаттардың реттілігі мен қалыңдығын, олардың жатыс пішіндерін, интрузиялық таужыныс массивтері мен пайдалы қазба денелерінің тік жазықтықтағы жатыс пішіндерін, орналасуын көрсетеді. Қималарды салу, бояу, индекстеу геологиялық карта мен шартты белгілерге толық сәйкес жүргізіледі. Геологиялық қималарды тұрғызу үшін геологиялық картадағы берілген бағыт бойынша алдымен топографиялық профиль сызылады.
Геологиялық орта деген не? Адамның геологиялық әрекет ететін алқабы геологиялық орта болып табылады. Геологиялық орта деп нақты физикалық кеңістікті түсінеді. Оған жер қыртысының жоғарғы бөлігі және онымен де, өзара да әрекеттесетін Жердің сыртқы қабықтары кіреді. Геологиялық орта Жердің сыртқы қабықтары мен жер бетінің күрделі өзара әрекеттесуі нәтижесінде әрі геологиялық процестерге көптеген эндогендік және экзогендік агенттердің ықпал етуінен қалыптасады. Табиғи тепе-теңдікті миллиондаған жылдар бойы тек қана табиғи факторлар анықтап келген. Бірақ қоғамның дамуы барысында, әсіресе қазіргі жағдайларда адамның табиғатқа әрекеті күшейе түсті. Қазіргі ғылыми- техникалық төңкеріс жағдайларында адамның қоршаған ортаға жасанды түрде қарқынды енуі табиғи тепе-теңдіктің елеулі бұзылуына әкеледі, ал бірқатар жағдайларда планеталық сипатқа ие болатын салдарларды туындатуы мүмкін.
Геологиялық ортаны ұтымды пайдаланудың қандай жолдары бар? Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану Біздің елімізде жер қойнауын пайдалану Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен анықталады. Заңнамаларда қарастырылғандар: жер қойнауын толық әрі комплексті геологиялық зерделеу; жер қойнауынан негізгі пайдалы қазбалар қорын, олармен бірге жатқан пайдалы қазбаларды мүмкіндігінше толық айырып алу; атмосфера ауасын, жер бетін, орман, су мен басқа табиғи нысандарды кен үңгімелерінің зиянды әсерінен қорғау, т.б. Табиғат қорғау шараларының комплексі сондай-ақ аршылым таужыныстарын немесе сыйыстырушы таужыныстарды пайдалануды, өндіріс қалдықтарын кәдеге асыруды, жағымсыз деформациялар мен пайдалы қазбалардың және үйінділердің өз бетінше тұтанып кетуін болдырмауды қарастырады. Бүлінген жер бөлікшелерін оларды ары қарай ұтымды пайдалану мақсатында қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралардың комплексі жерді рекультивациялау деп аталады. Рекультивация кен-технологиялық, мелиорациялық, ауыл шаруашылық, орман шаруашылық және басқа жұмыстарды қамтиды. Оны жүргізу нәтижесінде бүлінген алаңдарды жартылай түрлендіруге немесе қалпына келтіруге ғана қол жетіп қоймайды, сонымен қатар табиғи ортаны жақсартатын өнімді антропогендік ландшафт жасалады. Жерді қорғау бойынша маңызды шараларға жататындар: су және жел эрозиясынан қорғау, сырғымаларды, опырылымдарды және селді болдырмау, батпақталған топырақты құрғату, жыраларды толтыру, тасты грунтты тазарту, т.б. Оларды жүргізу жерпайдалануды сақтауды және кеңейтуді, оның өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Атмосфераны өндіріс әрекетінің зиянды әсерінен қорғау үшін мыналар қарастырылады: өнеркәсіп мекемелері мен елді мекендер арасында тазалық белдемдерін жасау; металлургия, химия, цемент, т.б. заводтарынан шығатын газдарды тазалау бойынша сүзгілер орнату; қалдықсыз технологияға көшу, қалалар мен елді мекендерді жасылдандыру.
Геологиялық процестер қалай туындап, қалай жіктеледі, олардың өзара байланысы мен ықпалының мәнісі неде? Сыртқы және iшкi геосфералардың өзара әрекеттесуiнен геологиялық процестер туындайды. Жердiң iшiнде, материяның терең қойнауларында дамуы нәтижесiнде бөлiнетiн энергияға байланысты процестер iшкi немесе эндогендiк деп аталады. Жер қыртысының планетаның сыртқы қабықтарымен әрекеттесу процестерi сыртқы немесе экзогендiк деп аталады. Эндогендiк процестердiң энергия көзi Жер қызуы, ал экзогендiк процестердiң – Күн жылуы болып табылады.
Геологияның ғылыми мәні. Геологияның үлкен мәндiлiгiн екi жақтама қарастыруға болады – жалпы ғылыми және экономикалық тұрғыдан. Геологияның жалпы ғылыми мәнi оның табиғат туралы материалдық түсiнiк қалыптастыруда айрықша құндылығына байланысты. Геологиялық деректер әлемнiң материалдық бiрлiгi мен оның дамуын көрсететiн философиялық принциптi диалектикалық негiздеуде өте маңызды рөл атқарады. Экономикалық мәнi геологияны шаруашылықтың түрлi салаларын минералдық-шикiзат ресурстарымен қамтамасыз етуге, әртүрлi азаматтық және өнеркәсiптiк нысандар құрылысын инженерлiк-геологиялық негiздеуге, ауызсумен және техникалық сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге байланысты.
Геологияның зерттейтін тақырыбы мен нысандары. Геологияның зерттейтiн тақырыбы – Жер планетасы мен геологиялық процестер. Жер – өте күрделi материалдық дене, оның үлкен тарихы, қазiргiсi мен болашағы бар. Аспан денесi ретiнде ол ғарыш бөлшегi әрі Күн жүйесiнiң планетасы болып табылады. Оған ғарыш заңдары мен құбылыстары да қатысты. Мәселен, олар әлемдiк тартылыс күші, Күн радиациясы және басқа құбылыстар түрiнде көпшiлiк жағдайда климатты анықтайды, тіршiлiкке ықпал етедi және Жердегi әртүрлi процестерге тiкелей қатысты. Сонымен қатар Жерде тек қана өзiне қатысты, белгiлi бiр уақыт ағымында өзiне ғана тән, басқа планеталарда белгiсiз құбылыстар орын алып, оның жеке дара екендiгiн бiлдiредi. Геологияның тiкелей зерттейтiн нысандары – минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, қазба органикалық қалдықтар, геологиялық процестер. Қазiргi геология Жердiң құрамын, құрылысын және тарихын, жер қыртысының қалыптасу заңдылықтары мен процестерiн, оны құрайтын минералдарды, таужыныстарды, пайдалы қазбаларды және олардың арақатынасын, сондай-ақ Жерде тiршiлiктің пайда болуы мен даму тарихын зерттейдi. Геологияның практикалық мәнi өте үлкен және әртүрлi. Экономиканың барлық саласы мен қазiргi қуатты техника жер қойнауының минерал шикiзат деп аталатын өнiмдерiн – мұнай, көмiр, металл, түрлi құрылыс материалдары, жерасты суы, т.б. пайдалануға негiзделген. Әртүрлi минерал шикiзатты iздеу мен өндiрудің қажеттiлiгi геологиялық зерттеулердi дамытуға ықпал жасап, геологияның алдына жаңа теориялық және практикалық мәселелер қояды, оларды жед ел шешудi қажет етедi.
Геологияның негізгі зерттеу әдістері. Геология XVII–XVIII ғғ. шөгiндi жиналу процесiнiң жалпы заңдылықтары анықталғаннан кейiн сәттi дами бастады. Ал XVIII–XIX ғғ. тоғысында әзiрленген шөгiндi таужыныстардың салыстырмалы жасын олардың құрамында сақталған организмдер қалдығын зерттеу негiзiнде анықтау әдiстемесi де бұған оң ықпал жасады. Бұл организмдердi зерттеу Жер дамуының әр заманына тек осы заманға сай органикалық әлемнiң – Жерде осы кезде тiршiлiк еткен жануарлар мен өсiмдiктердiң белгiлi бiр түрлерi ғана сәйкес келетiнiн көрсеттi. Осылай таужыныстардың салыстырмалы жасын олардың құрамындағы қазба организм қалдықтары бойынша анықтауға негiзделген палеонтологиялық әдiс пайда болды. Геологияның дамуына актуализм деген атпен белгiлi эволюциялық әдiстi енгiзу үлкен үлес қосты. Актуализм әдісі XVI–XVII ғғ. әлемнiң жаралуы туралы дiни ұғымдарға қарсы күресте кездейсоқ туындады, бiрақ оны iрi ағылшын геологы Ч. Лайель XIX ғасырдың 30- жылдары ғана ресiмдедi. Геологияның негiзгi әдiсi – геологиялық түсiру (карталау), ол белгiлi бiр аумақтың геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларын жан-жақты зерттеуге қажет геологиялық жұмыстардың жиынтығы болып табылады. Геологиялық түсiрудi сондай-ақ геологиялық карталау деп те атайды. Өйткенi бұл жұмыс әдетте геологиялық карта жасаумен жалғасады немесе геологиялық картаға негiзделедi. Эксперименттiк әдiстер әртүрлi геологиялық процестердi модельдеуге және әртүрлi жасанды минералдар мен таужыныстарды алуға бағытталған. Геологияда математикалық әдiстер мен ЭЕМ (компьютер) қолдану – перспективалы сала. Бұл саланың дамуы геологиялық ақпараттың жеделдiгiн, анықтығын және құндылығын арттырудың жалпы үрдісіне сай келедi.
Геологияның практикалық мәні. Экономикалық мәнi геологияны шаруашылықтың түрлi салаларын минерал-шикiзат ресурстарымен қамтамасыз етуге, әртүрлi азаматтық және өнеркәсiптiк нысандар құрылысын инженерлiк-геологиялық негiздеуге, ауызсумен және техникалық сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге байланысты.
Геологияның цикліне кіретін пәндер. Геологияның салалары арасында ғылыми пәндер жер қыртысының заттық құрамын, оның құрылысын, геологиялық процестер мен олардың тарихи реттiлiгiн зерттейтiн, сондай-ақ қолданбалы ғылымдар түрiне бөлiнедi. Жер қыртысының заттық құрамын зерттеу: геохимия, кристаллография, минералогия, петрография, петрология, литология. Динамикалық геология: геотектоника, геодинамика, құрылымдық геология, вулканология, сейсмология, геоморфлогия. Жердің тарихы мен органикалық тіршілігін зерттеу: палеонтология, стратиграфия, тарихи геология, палеогеография, аймақтық геология, планеталық геология, қолданбалы геология: пайдалы қазбалар туралы ілім, гидрогеология, инженерлік геология, мұнай кәсіптік геология, кен өнеркәсіптік геология, экологиялық гелогия. Геохимия – химиялық элементтердiң жер қыртысында және тұтастай алғанда Жерде таралуы мен жылыстау процестерi туралы ғылым. Кристаллография – кристалдардың iшкi құрылысын, сыртқы пiшiнi мен физикалық қасиеттерiн зерттейдi. Ол геологиямен және физикамен шектеседi. Минералогия – минералдар туралы ғылым ретінде олардың құрамын, қасиеттерiн, жаралу жағдайлары мен өзгерiстерiн зерттейдi. Петрография, петрология және литология – таужыныстар туралы ғылым болғандықтан олардың құрылымын, бітімін, құрамын, жаралу заңдылықтарын, жатыс пiшiндерi мен таралуын жан-жақты әрi әртүрлi тұрғыдан қарастырады. Литология – шөгiндi таужыныстар туралы iлiм. Геотектоника – жер қыртысы және Жердің құрылысы мен эволюциясы туралы ғылым. Ол Жердiң жаһандық құрылымдарын зерттейдi. Геодинамика – Жердiң жоғарғы қабықтарын тектоникалық қозғалыстар мен өзгерiстерге түсiретiн процестердi зерттеумен айналысады. Құрылымдық геология – геотектониканың бөлiмi ретiнде таужыныстардың жатыс пiшiндерiн, жер қыртысындағы оның құрылымын анықтайтын әртүрлi таужыныстардың сипатын, орналасу және өзара қатынас заңдылықтарын зерттейдi. Вулканология – жанартаулардың атқылау процестерiн, құрылысын, дамуын және жаралу себептерiн, шығарған өнiмдерiнiң құрамын зерттейтiн ғылым. Сейсмология – жерсiлкiну пайда болуы мен бiлiнуiнiң геологиялық жағдайлары туралы ғылым. Геоморфология – жер бетi бедер пiшiндерiнiң жаралуы мен дамуы туралы ғылым. Палеонтология – өлген жануарлар мен өсiмдiктер қалдықтарын зерттеу негiзiнде таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтайды және бiр уақытта пайда болған әркелкi шөгiндi жаралымдар қатқабаттарын салыстыруға мүмкiндiк бередi. Стратиграфия – шөгiндi таужыныс қатқабаттары мен қабаттарының орналасу реттiлiгiн қарастырады және палеонтология деректерi бойынша олардың жасын анықтайды, соңғы кезде геофизика деректерiн пайдалануда. Тарихи геология геологиялық процестердiң тарихи реттiлiгiн зерттейдi, яғни таужаралу, вулканизм, теңiз тасулары мен қайтулары, физикалық-географиялық жағдайлар, т.б. құбылыстарды қалпына келтiретiн геологиялық жылнама. Палеогеография өткен замандардың физикалық-географиялық жағдайларын анықтайды және әртүрлi геологиялық кезеңдердегi жер бетi сипатын қалпына келтiредi. Аймақтық геология жекелеген аймақтардың геологиялық құрылысы мен даму мәселелерiн зерттеумен айналысады. Планеталық геология – планета денелерінің геологиясымен айналысатын планетологияның саласы. Геологияның бұл бағыты Жердің қатты қойнауқаттары дамуының, қозғалысының және Жер пішіні өзгерісінің планеталық заңдылықтары мен астрономиялық факторларын зерттейді. Пайдалы қазбалар туралы iлiм – геологиялық бiлiмнiң өте көне саласы, ол экономикаға қажет барлық табиғи минерал жаралымдарды зерттейдi. Пайдалы қазбалардың әртүрлiлiгi мен олардың өте маңыздылығы бұл ғылымның көптеген жеке бөлiмдерiнiң жiктелуiне әкелдi. Мәселен: руда кенорындары туралы iлiм, бейруда кенорындары туралы iлiм, мұнай геологиясы, көмiр геологиясы, радиобелсендi элементтер геологиясы, т.б. Гидрогеология – жерасты суының жаралуы, физикалық пен химиялық қасиеттерi, қозғалысы мен жату жағдайлары және жер бетiнде бiлiнуi туралы ғылым. Инженерлiк геология – инженерлiк құрылыстарды тұрғызу мен пайдаланудың геологиялық жағдайлары туралы ғылым, яғни геологияны инженерлiк iске қолдану жақтары мен мәселелерiн зерттейдi. Мұнай кәсіптік және кен-өнеркәсiптiк геология – мұнай мен кен кәсiпорындарын жобалау, салу, пайдалану және жою кезiнде геологиялық сүйемелдеу мен қамсыздандыруды зерттейдi. Экологиялық геология – литосфераның биота мекендеп, тіршілік ететін горизонттарын жоғары деңгейде ұйымдасқан экожүйелер компоненті ретінде қарастырып, зерттейді. Бұл сала литосфераны бірінші кезекте адамның кең ауқымды игеруі нәтижесінде туындаған.
Геотермиканың (Жердің жылу өрісінің) маңызы қандай? Жылу өрісі. Жердiң жылу өрiсi немесе жылуы (геотермика немесе геотермия) сыртқы және iшкi энергия көздерiнен жаралады. Сыртқы энергияның басты көзi – күн. Жер бетiне түсетiн Күн сәулесiнiң энергиясы орташа алғанда 8,4 Дж (см2мин) құрайды. жер шарына 5,441024 Дж шамасында сәуле энергиясы түседi. Оның 55%-ке жуығын атмосфера, өсiмдiк пен топырақ қабаттары жұтады, ал осыдан кейiн бiрқатар өзгерiстерден соң ол өсiмдiктерге сiңедi. Энергияның қалған мөлшерi әлем кеңiстiгiне шағылады. Жылу өрісінің көрсеткіші – геотермикалық градиент немесе геотермикалық саты. Геотермикалық градиент деп таужыныстар температурасын тереңдiкке қарай өсуiн сипаттап, оС/м түрiнде өрнектелетiн шаманы айтады. Жердiң әр түрлi алқаптарындағы геотермикалық градиент бiр-бiрiнен едәуiр өзгешеленіп, 0,1–0,01оС/м ауқымында өзгередi. Геотермикалық градиентке керi шама – геотермикалық саты, ол температура 1оС-қа арту үшiн қандай тереңдiкке төмендеу керек қашықтықты көрсетедi.
Геохронологиялық және стратиграфиялық шкала деген не, олар қандай бөліктемелерге жіктеледі? Жер қыртысын зерттеу барысында геологтар оның тарихын кезеңдерге бөлудi әзiрлеп, осының негізінде барлық Жер шарына бiрдей стратиграфиялық шкала мен оған сәйкес келетiн геохронологиялық шкала жасалған. Стратиграфиялық пен геохронологиялық бiрлiктер халықаралық атауларға ие. ТМД аумағында 1992 жылғы Ведомствоаралық стратиграфиялық комитеттiң Стратиграфиялық кодексi мен оның кейін нақтыланған толықтырулары пайдаланылды. Геохронологиялық шкалада архей мен протерозой айрықша бiрлiк – акротема деп бөлiнген. Бізде осы шкала 2004 жылға дейін қолданылып келген. Стратиграфиялық: Эонотема, Эратема, Жүйе, Бөлiм, Жiкқабат. Геохронологиялық: Эон, Эра, Дәуір, Заман, Ғасыр. Стратиграфиялық бөлiктемелер таужыныс қабаттары комплекстерiн белгiлеу үшiн қолданылса, ал оларға сәйкес келетiн геохронологиялық бөлiктемелер – осы қабаттар комплекстерi түзiлген уақытты сипаттау үшiн пайдаланылады.
Гидросфераның сипаттамасы қандай? Гидросфераның жоғарғы шекарасы ашық сушаралар бетiнiң деңгейiмен анықталады. Төменгi шекарасы анық емес, ол 374оС температуралық деңгейге сәйкес келуi мүмкiн. Бұл деңгейде, яғни судың сындарлық температурасында барлық су бу тәрiздi күйге өтедi. Гидросфераның құрамында табиғи судың құрамы мен физикалық қасиеттерiнің негiзгi үш типi бөлiнедi: 1) мұхит қабаты (океаносфера – теңiздер мен мұхиттар суы); 2) құрлық суы; 3) мұздықтар. Жер қыртысында шоғырланған жерасты суы аралық жағдайда, ол гидросферамен тығыз байланысты. 1018 т, бұл Жердiң жалпыГидросфераның жалпы массасы 1,64 массасының 0,025 % мөлшерiнен аспайды. Мұхит суының мөлшерi гидросфераның 86,5% шамасын құрайды. Күн радиациясы ықпалынан Жер гидросферасының суы ұдайы қозғалыста, яғни үздiксiз айналымда болады. Гидросфераның ылғалы оның құрамындағы ерiген заттармен бiрге химиялық реакцияларға белсендi қатысады әрі атмосферамен, жер қыртысымен және биосферамен әрекеттеседi. Сонымен гидросфера, атмосфера сияқты, экзогендiк геологиялық процестер өтетiн орта және олардың қозғаушы күшi болып табылады.
Грунт суының артезиан суынан айырмашылығы неде? Атмосфералық жауын жер қыртысына бірінші сутірек қабаттың жабынына жеткенге дейін тереңдеп кете береді. Осылайша сулы горизонттар пайда болады. Сулы горизонт деп барлық қуыстары, кеуектері мен жарықшақтары суға толған таужыныс қабатын айтады. Мұндай қабаттың әрқайсысының жабыны мен табаны болады. Егер қабат суға толық толмаса, онда сулы қабат деп суға қаныққан бөлігін ғана түсінеді. Жер бетінен төмен қарай бірінші жатқан тұрақты сулы горизонтты грунт сулы горизонт деп айтады. Грунт суының беті еркін жатады, оны планда грунт суының айнасы десе, ал қимада – грунт суының деңгейі дейді. Бұл деңгей тұрақсыз болады. Әдетте ол жаңбырлы кездерде көтерілсе, құрғақшылық кездерінде төмендейді. Егер грунт суының деңгейі бір бөлікшеде жер бетіне дейін көтерілсе, ол жерде көл немесе батпақ пайда болады.Грунт суы таралған байтақ алқаптар грунт суының алаптары деп аталады; қабат суы – қабат немесе артезиан суының алабын қалыптастырады.
ҒҒҒҒҒҒҒҒҒ
Ғаламда қандай аспан денелері бар, олардың арақашықтығы қандай бірліктермен өлшенеді? Ең заманауи аспаптар көмегімен байқалатын ең алыс нысандар – квазарлар. Бiздiң Галактикаға немесе Құс жолының құрамына Күн жүйесi кiредi. Біздің Галактика спираль типтi галактикаларға жатады және 150 миллиардтан астам жұлдыздардан тұрады. Ғаламдағы аспан денелерінің арақашықтығы парсек (пс) және жарық жылы (ж.ж.) деген өлшемдермен, ал Күн жүйесіндегі денелердің арақашықтығы астрономиялық бірлікпен (а.б.) өлшенеді. 1 а.б. – Жер мен Күннің орташа арақашықтығы, 149500000 км-ге тең. Парсек – жылдық параллакске (ол 0,1"-ке 1012тең) кері шама. 1 пс = 3,26 ж.ж. = 206265 а.б. = 30,857 км. Құс жолының диаметрi 120 мың ж.ж. шамасында (1 ж.ж. = 1013 км), ал дискiнің қалыңдығы 1600 ж.ж.-на тең. Планеталар. Өзара орналасуы, массасы, тығыздығы және басқа параметрлерi бойынша Күн ж Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер және Марс – өлшемдерi бойынша шағын, тас және металл заттардан тұрады, тығыздығы жоғары, атмосферасының массасы өте аз, осi бойынша бiршама аз жылдамдықпен айналады. Үйесiндегi планеталар iшкi (Жерге ұқсас) және сыртқы топтарға бөлiнедi. Сыртқы планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон – үлкен өлшемдерiмен, затының төмен тығыздығымен, тығыз атмосферасымен, ал оның құрамында сутек, гелий мен метанның басымдығымен, осi бойынша айналу жылдамдығының біршама жоғарылығымен сипатталады. Жер планетасы атмосфера, гидросфера, биосфера және iшкi қабықтары болуымен сипатталады. Ғарыштан байқау жүргiзгенде Жер көгiлдiр мұхиттардың арасында жасылтым- сары континенттер орналасқан дене екендiгiмен ерекшеленедi. Оның серiгi – Ай. Астероидтар. Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында iшкi және сыртқы планеталары бөлiп тұрған астероидтар белдеуi немесе шағын планеталар орналасқан. 2000-ға жуық астероидтар ашылған, олардың жалпы саны 100 мыңнан асады, ал жалпы массасы Жер массасының 0,001 бөлiгiн құрайды деген пiкiр бар. Кометалар – ұзыншақ пiшiндi ғарыш денелерi, құрамы алып планеталар атмосферасының құрамына жақын. Кометалар ыстық денелер емес, олардың жарығы Күн сәулесiнiң түсуiне байланысты. 1000-ға жуық кометалар анықталған. Метеориттер – Жер атмосферасына әлем кеңiстiгiнен келiп кiретiн ғарыштық тектi минералдық агрегаттар. Олар Жерге құлағанда соқтығысудан жарылып, воронка пiшiндi қопарылыс кратерлерін жасайды.
