- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Ббббббббб
Балшық жанартаулары деген не? Жерасты суының геологиялық әрекетi пiшiндерiнiң арасында ерекше орын алатыны – мезгiл-мезгiл каналдардан өз бетiнше газ, су мен балшық атқылайтын балшықты вулканизм құбылысы. Балшық жанартаулары бiршама кең таралған. Олар Румыния, Италия, Мексика, Бирма, Қытай, т.б. елдерге белгiлi. ТМД аумағында балшық жанартаулары Әзiрбайжанда, Қазақстанда, Түркіменстанда, сонымен қатар Тамань және Керчь түбектерiнде орналасқан. Ең жақсы зерттелгенi Әзiрбайжандағы балшық жанартаулары, олардың саны 200-ден асады. Құрылысы бойынша балшық жанартаулары магмалық судың табиғи көздері – гейзерлерді еске түсіреді. Егер балшық вулканизмі өнімдерінің арасында газ бен су басым болса, онда жер бетінде сальза – сұйық балшыққа толған алап жаралады. Одан мезгіл-мезгіл грифон түрінде газ бен су атқылайды. Атқылама өнімдерінің арасында балшық пен таужыныстардың қатты сынықтары басым болған жағдайда, сальза болған жерде біртіндеп жайпақ төбе – балшық шоқысы өсіп шығып, ол шоқы брекчиясынан тұрады. Балшық вулканизмінің бұл айрықша өнімі саз материалмен цементтелген түбірлік таужыныстардың үшкір, жұмырланбаған және іріктелмеген сынықтары болып табылады. Канал шоқының төбесінен шығып, кратер жасайды. ал атқылаған балшық шоқының беткейлерінде баяу ағатындықтан, шоқы биіктеп өсе береді.
Барқан мен дюна деген не және олар қалай жаралады? Ең көп таралғаны – айрықша бедер формалары бар құмды жазық шөл. Мұндай формаларға орақ немесе жарты ай пiшiндi ассиметриялы құм төбелерi – барқандар жатады Олар негiзiнен бiр бағытта тұрған желдiң әрекетiнен жаралады. Құмды шөлдiң бұл бедер пішінінің өсуi әдетте бiр кедергiден басталып, бiртiндеп жел суырған және жел үйген беткейлердi қалыптастырады. Барқанның биiктiгi 30–140 м-ге жетедi. Құмды шөлдердiң өте үлкен бедер пiшiндерi теңiз немесе ірі өзендер жағалауларында жаралады. Мұнда астыңғы жағы ылғал жерге тiрелген дюна деп аталатын пiшiндер қалыптасады. Олар үстi дөңгелек ұзыншақ төбелер мен жалдар. Сахарадағы iрi дюналардың биiктiгi 500 м-ге жетедi. Құмды шөл түзiлiмдерiнің ерекшелiктерiне олардың жылыстағыштығы жатады. Барқандар мен дюналар желдiң басты бағытында жылжып отырып, жолындағы орман, тоғай, өзен мен елдi мекендердi басып қалады.
Бастырма және линеамент деген не, олар қалай сипатталады? Бастырма – аспалы қанаты жатқан қанатын жайпақ еңіс жылжытушы бойынша жылжып барып басып қалатын, қаусырма типті жарылымды дислокация. Көлбеу амплитудасы үлкен әрі жылжытушысының еңістігі шамалы жайпақ бастырмаларды шарьяж немесе тектоникалық жамылғылар деп атайды. Олардың көлбеу амплитудасы 30–40 км-ге дейін жетеді. Айырылымды тектоникалық бұзылыстардың айрықша типіне тереңдік жарылымдар жатады. Линеамент – терең салынымды ұзақ әрекет ететін жарылым. Олар жер қыртысын жарып өтеді де мантияға тереңдеп енеді, ал ұзындығы мыңдаған км-ге жетеді. Линеаменттер бойынша әдетте жер қыртысының өте ірі блоктары қозғалысқа түседі. Олардың мысалы ретінде Талас- Фергана линеаментін, Курил-Камчатка мен Кенді Алтай, т.б. жарылымдарды айтуға болады.
Батпақ деген не, ол қалай жаралады және қандай геологиялық жұмыс атқарады? Батпақ деп топырақ қабаты мен жербетi таужыныстары аса ылғалданған және батпақ өсiмдiктерi дамыған бөлiкшелердi айтады. Олар құрлық бетiнде бiршама кең таралған, 175 млн га жердi алып жатыр; бұл ауданның 72,6% шамасы ТМД аумағында. Батпақ дамуының ерекшелiгiне өсiмдiк қалдықтарының аса ылғалданған ортада жиналуы мен ыдырауы жатады. Батпақтар ойпаңдық, қалқыма және өтпелі түрлеге бөлінеді.
Баяу суыну жағдайында таужыныстарда жалпы алғанда толық кристалды құрылым қалыптасады. Бұл құрылым нақты жағдайларға байланысты минералдар түйiрiнiң кристалдылық дәрежесiнiң әркелкілiлiгiмен, өлшемдерiмен және пiшiндерiмен сипатталады. Интрузиялық таужыныстардың бiтiмi жалпы алғанда аз өзгерiстерге түседi. Таужыныстар жоғары қысым жағдайында қалыптасқандықтан, әдетте тығыз болады. Олардың арасында негiзiнен бiркелкi (шомбал), шлирлi және жолақ бiтiмi түрлестерi кездеседi. Ең көп тарағаны – тығыз шомбал бiтiм. Интрузиялық денелердiң пiшiнi мен өлшемi әр түрлi болады. Олардың ең iрiсi – батолит. Бұл денелердің ауданы жүздеген км2, пландағы пiшiнi ұзыншақ, сопақ болып келедi. Батолиттер әдетте таулы-қатпарлы құрылыстардың орталық бөлiгiнде орналасып, гранит құрамды таужыныстардан тұрады. олардың тiк бағыттағы өлшемi көбiнесе 5–10 км-ден аспайды. Шток – бұрыс пiшiндi интрузиялық денелер, қимадағы ауданы 100 км2-ге дейін. Олар көбiнесе iрi батолиттердiң тарамдары болады, ал кейде жербетi маңы денелерiн жасайды. Дайка – жалпақ тақта тәрiздi денелер. Олар жер қыртысындағы тiк және еңiс орналасқан жарықшақтарды магма толтырғанда пайда болады. Дайкалар құрамы әр түрлi таужыныстардан тұрып, топтана орналасады. Өлшемдерi бойынша дайкалар әр қилы. Олардың көпшiлiгiнiң ұзындығы жүздеген метр, ал қалыңдығы бiрнеше м-ге жетеді.
Белсенді континенттік шалғайлардың сипаттамасы? Белсенді континенттік шалғайлар Тынық мұхит жақтауларына және Атлант мұхиты мен Индия мұхитының бөліктеріне тән. Олар енжар шалғайлардан жерсілкіну ошақтарының жоғары концентрациясы бар белсенді сейсмофокустық зоналары болуымен айрықшаланады. Бір тақтаның екінші тақта астына батуы жүретін бұл зоналармен магматизм, қатпарлы-бастырмалы деформациялар және метаморфизм де байланысты. Сейсмофокустық зоналар белсенді шалғайларды мұхиттан шектейді және әртүрлі бұрышпен континент жаққа еңістеніп, 600-700 км тереңдікке дейін қадағаланады. Бұл зоналар сондай-ақ оларды зерттеген және осы феноменді табуға әрі зерделеуге еңбек сіңірген ғалымдар құрметіне Беньоф, Заварицкий-Беньоф, Беньоф-Вадати зоналары деп те аталады.
Биосфера деген не және оның таралу шекаралары қандай? Биосфера Жердiң органикалық тiршiлiк бар жоғарғы горизонттары кеңiстiгiнiң барлығын қамтиды. Қазiргi биосфераға гидросфера түгелдей, литосфераның жоғарғы бөлiгi және атмосфераның төменгі бөлігі кiредi. 1012 т планетаның, Жердiң тiрi заты массасы бойынша 2,4 басқа сыртқы қабықтарымен салыстырғанда өте аз. Бiрақ қоршаған ортаға белсендi әрекетi бойынша ол бiрiншi орын алып, басқа қабықтардан сапалық жағынан күрт ерекшеленедi. Қоректену тәсiлi бойынша және сыртқы ортаға қатынасына қарай организмдер екiге бөлiнедi: 1) автотроф – бейорганикалық минералдық заттарды тұтынады; 2) гетеротроф – басқа организмдермен және олардың қалдықтарымен қоректенедi. Организмдердiң көпшiлiгi аэролық, яғни ауасы бар ортада тiршiлiк етедi. Ал аз бөлiгi, негiзiнен микроорганизмдер анаэролық – оттексiз ортада тiршiлiк етедi. Тiрi заттың негiзiн көмiртек құрайды, ол химиялық қосылыстардың шексiз түрлестерiн бередi. Тiрi табиғатта көмiртектен басқа оттек, сутек пен азот кең таралған. Қалған элементтер бiршама аз мөлшерде кездеседi, бiрақ олар организмдер физиологиясында маңызды рөл атқарады. Органикалық заттардың Күн сәулесi энергиясының көмегiмен, табиғи жолмен түзiлу процесi фотосинтез деп аталады. Организмдер өлген кезде фотосинтезге керi процесс – тотығу жолымен органикалық заттардың ыдырауы ж/е ыдырау өнiмдерiнiң жаралуы орын алады. Бұл процесс Жер шары ауқымында фотосинтезбен динамикалық тепе-теңдiк жағдайында б/ды. Сондықтан Жердегi биомассаның жалпы мөлшерi тұрақты.
