Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Ыыыыыыыыы

Ығыспа, горст және грабен деген не, олар қалай сипатталады? Ығыспа – қанаттары негізінен көлбеу бағытта, жылжытушының созылымына параллель жылжыған жарылым. Олар көбінесе лықсымалармен, қаусырмалармен және бастырмалармен бірлеседі. Жарылымдар көбінесе топтанып кездесіп, күрделі дизъюнктивтер: сатыланған ығыспалар, грабендер мен горсттар жасайды. Сатылы лықсымалар – лықсымалар жүйесі, мұнда әрбір келесі қанат алдыңғы қанатпен салыстырғанда төмен қарай сырғиды. Грабен – сатыланған лықсымалар жүйесі, оның орталық бөлігі шеткі блоктарымен салыстырғанда төмен түсіп кетеді Горст – қаусырмалар жүйесі, оның орталық бөлігі шеткі блоктарымен салыстырғанда жоғары көтеріледі.

Ээээээээээ

Экзогендік процестердің туындау себептері, олардың түрі мен энергия көзі қандай?Экзогендiк процестер магматизммен және басқа кейбiр эндогендiк процестермен салыстырғанда екiншi, яғни туынды болып табылады. Олар Жердiң геологиялық даму кезеңiнде бiлiне бастаған. Бұл процестердiң энергетикалық негiзi – Күн радиациясы мен гравитация күшiнiң энергиясы. Экзогендiк процестер қалыпты температура мен қысымның шамасына сәйкес жылуды сiңiретiн эндотермалық сұлба бойынша жүрiп, жер қыртысы затының дифференциациялануына бағытталған. Эндогендiк процестер үш құрамдас бөлiктен тұрады: 1) мору; 2) денудация; 3) аккумуляция.

Эндогендік процестер қандай түрлерге бөлінеді, олардың энергия көзі қандай? Сыртқы және iшкi геосфералардың өзара әрекеттесуiнен геологиялық процестер туындайды. Жердiң iшiнде, материяның терең қойнауларда дамуы нәтижесiнде бөлiнетiн энергияға байланысты процестер iшкi немесе эндогендiк деп аталады. Жер қыртысының планетаның сыртқы қабықтарымен әрекеттесу процестерi сыртқы немесе экзогендiк деп аталады. Эндогендiк процестердiң энергия көзi Жер қызуы, ал экзогендiк процестердiң – Күн жылуы болып табылады. Эндогендiк процестер магматизм, метаморфизм және тектоникалық қозғалыстар түрiнде бiлiнiп, Жердi құрайтын материяның қозғалысы мен қайта қалыптасуына, оның бiр күйден екiншi күйге және бiр формадан екiншi формаға өтуiне әкеледi. Бұл процестердiң сипаты мен қарқынын олардың жанартау атқылауы, жерсiлкiну, жер бетіндегі жарықшақтар және басқа деформациялар түрiндегi бiлiнiмдерiн тiкелей бақылау арқылы анықтауға болады. Эндогендiк процестер терең қойнаудан жететiн магмаға және қыраттар мен ойпаттар қалыптасуына байланысты жер қыртысының құрамын және бедерiн өзгертедi. Бедер де, тереңдiк магмалық таужыныстар да жер бетi жағдайында өте төзiмсiз келедi. Олар экзогендiк процестер әсерiнен жылдам қирайды. Осының нәтижесiнде жер бетi жағдайына төзiмдi басқа жаңа заттар жаралады. Жаңа таужыныстар пайда болады. олар бұрын болған жаралымдар – бастапқы магмалық таужыныстар есебiнен жаралғандықтан, туынды таужыныстар д.а.

Эпиплатформалық орогендер деген не, олар қашан білінген? Эпиплатформалық орогендер ұзақ уақыт бойы платформа болып келген аумақтар жерінде жаралады. Яғни олар қалыптасқанға дейін дамудың платформалық кезеңі болған, осының салдарынан олар туынды орогендер деген атауды иемденген, ал солардың нәтижесінде пайда болған осы құрылымдарды платформалардың тектоникалық белсенділенуі деп атайды. Тектоникалық немесе тектоникалық-магмалық белсенділену соңғы прекембрийден бастап, неоген-төрттік уақытына дейін бірнеше дүркін жүрген, көптеген жағдайларда қатпарлы белдеулердің ороген фазаларына сәйкес келген. Эпиплаформалық орогендер әдетте таулы бедерге ие. Бұл бедерде жоталар тауаралық ойпаңдармен кезектеседі, ал олардың биіктігі жалпы алғанда қатпарлы белдеулердің таулы құрылыстарынан кем түспейді. Жалпы айтқанда олар – мегантиклиндер мен мегасинклиндерден тұратын дөңес-құжбан құрылыстар. Олар платформа алқаптарынан тауалды ойпаңдарымен бөлінуі мүмкін, ал бұл ойпаңдар тауаралық ойпаңдар сияқты континенттік, негізінен ірі сынықты түзілімдердің қалың қатқабаттарынан тұрады. Эпиплатформалық орогендер қыртысы континенттік типке жатады ж/е оның қалыңдығы әдетте 50-60 км-ге жетеді. Сейсмикалылық әдетте жоғары, бірақ магмалық белсенділік эпиплатформалық орогендердің барлығына тән емес, кейде тек базальт төгілімдері түрінде ғана білінеді, ал кей жерлерде олар тіпті болмайды.

Эрозия базисі деген не, оның қандай түрлері бар? Су ағынының эрозиялық әрекетi тоқтайтын ағын табанының тереңдеу деңгейi эрозия базисi д.а. Бұл деңгей арна тереңдерiнiң табиғи шегi болып табылады. Эрозия базисi абсолют ж/е жергiлiктi түрлерге бөлiнедi. Эрозияның абсолют деңгейi Әлем мұхиты деңгейiне сәйкес келедi. Эрозияның жергiлiктi деңгейi су жиналатын сушараның деңгейiмен анықталады. Мыс, бұлақтар мен шағын өзендер үшiн өздері келiп құятын өзен н/е көлдiң деңгейi олар үшiн эрозияның жергiлiктi базисi б/ды. Сонымен қатар эрозияның уақытша н/е жылжымалы базистерi де болуы мүмкiн, олар су ағындары үшiн әр түрлi тосқауылдар ретiнде бiлiнедi.

Эффузиялық магматизмнің мәнісі неде, ол қалай жүреді? Жер қыртысы уатылып, магма ошағының үстiнде жарылымдар пайда болған кезде, олардың бойымен магма жылдам көтерiлiп келiп жер бетiне төгiледi. Жербеттiк магматизмнiң ең жарқын бiлiнiмi – вулканизм. Жанартаулар атқылаған кезде магма көбiнесе өзiнiң құрамындағы ерiген ұшпа компоненттердiң негiзгi массасынан арылады, оны лава д.а. Магма жер бетiне төгiлген кезде конус тәрiздi н/е күмбез тәрiздi төбелер – вулкандар жаралады. Атқылау процесi бiршама тыныш өтуi мүмкiн, бiрақ көбiнесе күштi қопарылыстарға ұласады. Жанартаулар көп дүркiн мезгiл-мезгiл атқылаулар нәтижесiнде, кейде 1 рет қана тыныш н/е қопарылысты атқылаудан кейiн жаралады. Жанартаулар жербеттiк ж/е суастылық, көне ж/е қазiргi, сөнген ж/е әрекеттегi түрлерге бөлiнедi. Қазiргi кезде құрлықта 700-ге жуық әрекеттегi жанартаулар ж/е мыңдаған сөнген, бiрақ бұрынғы геол-қ замандарда қуатты әрекет еткен жанартаулар бар. Суасты жанартауларын толық есепке алу мүмкiн емес – тек қана Тынық мұхитта 10 мыңдай жанартау болуы ықтимал.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]