Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Ххххххххххх

Химиялық мору деген не, оның түрлері мен нәтижелері қандай? Химиялық моруда таужыныс атмосфералық факторлар ықпалынан химиялық ыдырауға ұшырап, түбірлі өзгерістерге түседі. осының нәтижесінде бастапқы таужыныстардың химиялық құрамы өзгереді. Химиялық морудың қарқындылығы мен бағыттылығы негiзiнен бастапқы таужыныстардың химиялық құрамына, құрылымына, сонымен қатар аумақтың климаттық жағдайына, бедерiне және сулылығына байланысты. Органикалық тiршiлiктiң әрекетi де химиялық моруда аз роль атқармайды. Мору белдемiнде химиялық реакциялардың барлығы экзотермикалық сұлба бойынша жүредi, яғни жылу бөледi. Реакциялар төрт топқа бөлiнедi: тотығу, гидратталу, еру және гидролиз. Табиғи жағдайда химиялық реакциялардың бұл топтары көбiнесе бiр мезгiлде жүредi. Тотығу химиялық қосылыстардың оттегiмен қосылуы түрiнде бiлiнедi. Гидратталу – құрамында гидрат немесе кристалдану суы бар жаңа минералдар жаралу. Еру немесе минералдық заттың ерітіндіге өтуі түпнұсқа таужынысқа су мен көмір қышқылының комплексті, бірақ әр түрлі дәрежеде ықпал етуіне байланысты. Гидролиз – судың әрекетінен минералдардың кристалдық торының қирауы және қайта құрылуы арқылы ыдырау реакциясы. Ол күшті негіздер мен нашар қышқылдар қосылыстарына тән. Мору процесiнде өнiмдердiң екi тобы пайда болады: 1) жылжитын – олар бастапқы қирау орнынан жылыстап кетедi; 2) қалдық, яғни түбiрлiк таужыныстардың бастапқы жатқан орнында қалады.

ШШШШШШШШШ

Шартты белгілер (легенда) деген не, олар қандай түрлерге бөлінеді және қалай қолданылады? Штрих белгілермен нүктелер, сызықшалар, жуандығы мен бағдарлануы түрлі штрихтер, дөңгелекшелер, крестшелер және т.б. түрінде жаралу тегі әртүрлі таужыныстардың заттық құрамы бейнеленеді. Таужыныстардың басты литологиялық және петрографиялық типтері қарапайым белгілермен, аралық құрамды таужыныстар – осы белгілердің әртүрлі бірлестіктерімен немесе олардың күрделенген түрлерімен беріледі. Бір түсті карталарда штрих белгілермен сондай-ақ таужыныстардың жасы белгіленеді

Шөгінді таужыныстар жіктелімі қандай көрсеткіштерге негізделген?

Шөгінді таужыныстар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып табылады. Олар жер қыртысының беті мен беткі бөлігінде өте көп таралған. Олардың даму тереңдігі кейде 15–20 км-ге жетеді. Шөгінді таужыныстардың қалыптасуы экзогендік агенттердің геологиялық әрекетіне байланысты жоғарыдағы тиісті тарауларда жеткілікті толық қарастырылған. Шөгінді таужыныстар химиялық және түйірөлшемдік құрамының ерекшеліктері, құрылымы мен бітімі бойынша төртке – сынықты, саз, органогендік және хемогендік кластарға бөлінеді. Шөгінді таужыныстардың бастапқы бұзылмаған жатысы олардың жайғасуының бастапқы пішіні деп аталады. Шөгінді қабаттардың бастапқы жатыс пішіні көлбеу жайғасу болып табылады. Шөгiндi жаралымдардың бастапқы элементі – қабат. Қабат деп бiркелкi шөгiндi таужыныстардан тұратын, екi жағынан параллель қабаттылық беттерiмен шектелген, қалыңдығы шамамен тұрақты болатын және үлкен ауданды алып жататын геологиялық дененi айтады. Қабаттың атын көбiнесе оны құрайтын таужыныстар анықтайды. Мысалы, әктас қабаты, құмтас қабаты және т.б. Қабатты астынан шектейтін беттi оның табаны, ал үстiңгiсiн – жабыны дейдi. Қабаттар сериясындағы немесе будасындағы төменгi жатқан қабаттың жабыны бiр мезгiлде үстiңгi қабаттың табаны болады. Қабаттың қалыңдығы оның қуаты деп те аталады. Әдетте қабаттың нақты, тiк және көлбеу қуатын анықтайды.

Шөл қалай жаралады және адам өмірінде қандай рөл атқарады? Климаты мейлiнше құрғақ, ашық бетiнен булану атмосфералық жауын мөлшерiнен асып кететiн осындай аумақтар шөл деп аталады. Бедеріне байланысты таулы және құмды шөл түрлері бөлiнедi. Басты процестер мен эолдық материал сипатына қарай тасты, құмды және лёсстi шөлдер бөлiнедi. Ең көп таралғаны – айрықша бедер формалары бар құмды жазық шөл. Мұндай формаларға орақ немесе жарты ай пiшiндi ассиметриялы құм төбелерi – барқандар жатады. Сазды шөл бедерiнiң өзiндiк пiшiндерiне сазды қабыршақпен жабылған саяз қазаншұңқыр – тақыр жатады. Лёсстi шөл жел әкелген өте ұсақ тозаң бөлшектердiң аккумуляцияланған бөлiкшелерінде жаралады. Мұндай ұсақ бөлшектердiң жиналуы сарғыш түстi қопсық және кеуек таужыныс – лёсс қалыптасуына әкеледi. Лёсс жер шарының байтақ кеңiстiктерiн жауып жатады. Мәселен, Алатау бөктерi бойымен созылған лёсс белдеуi шығыстан батысқа қарай 1500 км-ге созылған. Бұл түзiлiмдер Алматының оңтүстiк жағында текшеленген бедер пiшiнi түрiнде өзiне тән сарғыш түсiмен жақсы байқалады. Көктөбедегi лёсс түзiлiмдерiнен тұратын биiкте телемұнара тұрғызылған. Бұл түзiлiмдердiң қалыңдығы 20–50 м. Шынайы қалыңдық – қабаттың жабыны мен табаны аралығындағы ең қысқа қашықтық. Тік қалыңдық – вертикаль бойынша қабаттың жабынындағы кез келген нүктесінен жабынына дейінгі қашықтық. Көлбеу қалыңдық – горизонталь бойынша қабаттың жабынындағы кез келген нүктеден табанына дейінгі қашықтық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]