Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Фффффффффф

Фация мен формация түсініктерінің мәнісі неде және олар қандай практикалық мәнге ие? Шөгіндінің немесе таужыныстың келбетін анықтайтын бұл заңдылықтарды фация деп атау қабылданған. Фация терминін 1838 ж. швейцар геологы Грессли ұсынған. Л.Б. Рухин теңіз, лагуна және континент фацияларын жіктеген. Бұлар өз кезегінде ұсақ бөліктемелерге жіктеледі. Мәселен, теңіз фациялары литорал, нерит (қайраң), батиал және абиссал фацияларына бөлінген. Лагуна фациялары арасында тұздылығы жоғары алаптар мен тұщыланған алаптардың фациялары және дельта мен эстуарийлердің фациялары бөлінген. Континенттіктерге тұщы сулы көлдер мен батпақтардың, мұздық алқаптарының, шөлдердің, тау бөктерлерінің, өзендердің және мору қыртысының фациялары жатады. Фациялардан айырмашылығы, формациялар петрографиялық құрамы әркелкі шөгінді таужыныстар комплекстерінен тұрады. Олар түрлі физикалық-географиялық жағдайларда жаралғанымен, бірақ та қалыптасуының бірдей тектоникалық режимімен біріктіріледі. Формациялардың қалыңдығы жүздеген м-ден мыңдаған м-ге жетеді. Мысал ретінде флиштік, тұзды, қызыл түсті және көмірлі сияқты кең таралған формацияларды келтіруге болады.

Физикалық мору деген не, оның түрлері мен нәтижелері қандай? Физикалық мору процестерi нәтижесiнде таужыныстар механикалық қирауға түседi. бастапқы таужыныс уатылады да құрамын өзгертпей тасшақпаға, қиыршыққа, құмға немесе тозаңға айналады. Мору белдемiнде таужынысты қирауға ұшырататын негiзгi факторлар: температураның күн белсендiлiгi өзгерiстерiне байланысты ауытқуы; таужыныстың жарықшақтары мен кеуектерiнде қатқан судың, кристалданған тұздың ықпалы; өсiмдiктердiң тамыр жүйелерi дамыған кезде сыналап жару әрекетi; iн қазатын жануарлардың тiршiлiк әрекетi.

Физикалық мору ықпал етушi фактордың табиғатына байланысты екi түрлеске бөлiнедi: температуралық және аяздық. Бiздiң планетаның органикалық тiршiлiгi таужыныстардың қирауына бiршама ықпал жасайды. Физикалық морудың барлық түрлерiне тән жалпы ерекшелiк – оның аз тереңдiкте ғана бiлiнуi. Ол температураның ауытқуы, судың сiңуi және т.б. агенттер енетiн тереңдiкке байланысты дамиды.

Фиксизм және “мобилизм” модельдерінің мәнісі неде, олардың арасында қандай айырмашылық бар? Бірінші бағыт тік бағытты тектоникалық қозғалыстардың рөлі басым деген жорамалға негізделген. Осы бағытты ұстанатын геологтар көлбеу бағытты қозғалыстарды тік бағытты қозғалыстардың салдары деп есептеп, жер қыртысы блоктарының ірі масштабты көлбеу жылжулары мүмкін дегенге жол бермейді. Тектоникалық құрылымдардың дамуы тұрақты көлбеу қозғалыстарға байланысты деген постулатқа негізделген бұл бағыт фиксизм деген атқа ие. Геотектоникадағы екінші бағыт литосфераның эволюциясын блоктардың кең ауқымды көлбеу жылжуларымен байланыстырады. Ал бұл блоктарға тұтас континенттер кіреді. Тік бағытты қозғалыстар елеулі рөл атқарғанымен, мұнда қосымша ғана деп саналады. Олар астеносфераның режимімен немесе литосфера плиталарының өзара орналасуымен байланыстырылады. Геологиялық ғылымның дамуы көлбеу қозғалыстардың басымдығына байланысты деп есептейтін бұл бағыт мобилизм деп аталады.

Флексура қалай сипатталады? Флексура деп көлбеу немесе еңіс жатқан қабаттардың керпеш тәрізді иілген бұзылысын айтады . Флексураның төменгі, жоғарғы және оларды жалғастырушы қанаттары болады. Жалғастырушы қанат күрт еңіс жатып, қалыңдығы біршама азаяды. Флиштік формациялар жер қыртысының өте қозғалғыш жағдайында қалыптасады. Олар түбі көп дүркін, бірақ көтерілуі мен төмен батуының амплитудасы біршама аз ауытқитын сушараларда жиналған түзілімдерден тұрады. Түзілімдердің құрылысында қайталанатын саз, құмайттас, құмтас және басқа кейбір шөгінді таужыныс қабаттарының ырғақты кезектесуі байқалады. Тұзды формацияларға химиялық шөгінділер мен олардың ерігіштік дәрежесі бойынша заңдылықпен орналасуы тән. Тұзды қатқабаттардың төменгі жағында доломит орналасуы мүмкін. олардан жоғары қарай гипс, ангидрит, тастұз, калий тұзы, содан кейін калий-магний тұздары жатады. Осы түзілімдердің барлығының әртүрлі тұзды қабаттар құрамында болуы міндет емес. Тұзды түзілімдердің құрылысында сондай-ақ саз, құм, құмтас қабатшалары да қатысады. Қызыл түсті таужыныстардың формациясы өзендер мен олардың атырауларының, көлдердің түзілімдерінен және жағалаулық-теңіздік шөгінділерден тұрады. Көмірлі формациялар құмтас, саз, әктас және басқа кейбір таужыныстармен қабаттасатын көмір қабаттары мен линзалары болуымен сипатталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]