- •Ааааааааааа
- •Ббббббббб
- •Гггггггггг
- •Дддддддддд
- •Дислокация деген қандай құбылыс, оның қандай түрлері бар?
- •Еееееееее
- •Жжжжжжжжж
- •Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары қандай түрлерге бөлінеді?
- •Жерсілкіну, оның гипоцентрі, эпицентрі және антиэпицентрі деген не?
- •Ииииииииии
- •Кккккккккк
- •Ллллллллл
- •Ммммммммм
- •Мұнай мен газ кенорындарындағы жерасты суын зерттеудің мәні қандай?
- •Ппппппппп
- •Тттттттттттт
- •Фффффффффф
- •Ххххххххххх
- •Ыыыыыыыыы
- •Ээээээээээ
- •Яяяяяяяяя
Тттттттттттт
Табиғаттағы үлкен, кіші және жергілікті суайналым деген не және олардың мәнісі қандай? Планетада ұдайы су айналымы болады, ол мынадай сұлба құрлық бетiнебойынша жүредi: Әлем мұхиты бетiнен булану жербетi және жерасты ағындары . Планетаныжауу қамтитын бұл айналым табиғаттағы үлкен суайналым, Әлем мұхитынан буланған судың оның бетiне қайта жаууы кiшi суайналым, ал континенттер ауқымындағы құрлықтарда орын алатындар жергілікті суайналым деп аталады.
Таужынысжасаушы минералдар деген не? Көптеген таужыныстың басты құрамдас бөлiгi – минералдар. Сонымен қатар әртүрлi генетикалық типтi таужыныстардың заттық құрамына түрлi мөлшерде мыналар кiредi: 1) минералдар түйiрi; 2) жанартау шынысы; 3) бұрынғы минералдар мен таужыныстардың сынығы; 4) органикалық қалдықтар; 5) ғарыш тозаңы. Таужыныстарды құрайтын минералдар (таужынысжасаушы минералдар) олардың құрамындағы өздерiнiң рөлi бойынша басты және қосымша түрлерге бөлiнедi.
Таужыныстар қандай белгілері бойынша жіктеледі? Минералдар таужыныстарды, яғни жер қыртысы деп аталатын материялық ортаны жасайды. Таужыныстар деп минералдардың белгiлi бiр құрамды және құрылымды тұрақты табиғи парагенезистiк ассоциациясын атайды. Олар белгiлi бiр геологиялық процестер нәтижесiнде пайда болады, әрi жер қыртысында жеке геологиялық денелер жасайды. Таужыныстарды жан-жақты зерттеумен өзiндiк геологиялық ғылым – петрография айналысады. Таужыныстар жаралуға әкелетiн геологиялық процестердi петрогенез процестерi деп те атайды. Бұл процестерге негiзiнен мына үшеуi жатады: 1) Жер қойнауынан келетiн табиғи силикат балқыманың кристалдануы – бұл процесс магматизм деп аталады; 2) бұрын пайда болған таужыныстардың жер бетi жағдайында қирауы, қираған өнiмнiң түрлi сушаралар мен құрлық бетiнде түзiлуi; 3) кез келген тектi таужыныстардың физикалық-химиялық жағдайлардың өзгеруі нәтижесiнде, яғни температура мен қысымның көтерiлуiнен қайта кристалдануы. Осы негiзгi үш таужынысжаралу процестерiне сәйкес жер қыртысын құрайтын таужын-р-ң барлығы тиiсiнше үш – магмалық, шөгiндi және метаморфтық генетикалық типтерге бөлiнедi. Олардың iшiнде магмалық таужыныстар өзiнiң жаралуы бойынша бастапқысы болса, ал олардың басқа генетикалық топтарын осы бастапқы тауж-р-ң әртүрлi өзгерiстерге түсуiнiң нәтижесi деп қарастыруға б/ды.
Таужыныстар метаморфизмі деген не және ол қалай туындайды? Метаморфизм – таужыныстардың жер қыртысында физикалық-химиялық жағдайлардың өзгеруіне әкелетін эндогендік процестер ықпалынан түрленуі. Түрленуге кез-келген таужыныс, яғни шөгінді, магмалық және бұрын жаралған метаморфтық таужыныстар ұшырауы мүмкін. Таужыныстар өздері жаралған жағдайлардан өзгеше физикалық-химиялық жағдайларға түскенде, олардың минералдық құрамы, құрылымы мен бітімі өзгереді.
Таужыныстарда су қандай фазаларда болады? Таужыныстардың әртүрлі қуыстарын толтыратын су қысым мен температураға байланысты үш түрлі – бу тәрізді, сұйық немесе қатты фазада болуы мүмкін.
Таужыныстардың абсолют жасы қандай әдістермен анықталады? Қазiр абсолют жасты анықтаудың бiрқатар радиологиялық әдiстерi әзiрленген. Олардың негiзгiлерi мыналар: 1) уран-торий-қорғасын әдiсi; 2) калий-аргон әдiсi; 3) рубидий-стронций әдiсi; 4) радиокөмiртек әдiсi. Радиологиялық әдiстердi қолдану жер қыртысы осыдан шамамен 4,0 млрд жылдай бұрын қалыптаса бастаған деген қорытынды жасауға жол ашты. Айдағы көне таужыныстардың жасы 4,5 млрд жылдай екен. Егер Жер тобындағы планеталардың жаралу жолы бiрдей дейтiн болсақ, онда Жерде жасы 4,0–4,5 млрд жыл болатын таужыныстар әлi анықталған жоқ деп айтуға болады. Радиологиялық әдiстер жер қыртысы тарихындағы ең iрi уақыт аралықтарын жылмен өлшеуге мүмкiндiк бердi.
Таужыныстардың жарықшақтылығы деген не? Дизъюнктивтік дислокациялар. Бұл дислокациялар таужыныс қабаттары тұтастығының бұзылуына, яғни айырылуына әкеледі. Олар жарықшақтар мен айырылымды жарылымдар және уатылу белдемдері түрінде білінеді. Жарықшақтар қабаттарды ұсақ блоктарға бөліп, бір- бірінен ажыратқанымен, жарықтары бойынша қозғалыстар болмайды. Жарылымдар айырылым жазықтығы арқылы бөлінген қабаттарды әртүрлі бағытта және әртүрлі қашықтыққа жылжытады. Қабаттар айырылып, қозғалысқа келетін жазықтықты жылжытушы деп атайды. Жылжытушыға келіп түйіскен қабаттар бөлікшелерін қанаттары дейді. Жылжытушысы еңіс орналасқан кезде аспалы және жатқан қанаттар бөлінеді.
Таужыныстардың жасы деген не, салыстырмалы жас пен абсолют жастың айырмашылығы қандай? Геологиялық процестердiң жалпы жүрiсiн қалпына келтiру үшiн, яғни жер қыртысының тарихын анықтау үшiн оны құрайтын таужыныстардың жаралу ретiн бiлу керек. Басқаша айтқанда, таужыныстардың қайсысы көне, ал қайсысы жас екенiн, яғни олар жаралған уақытты анықтау қажет. Таужыныс қатқабаттары жаралуының ретiн бiлу арқылы олардың салыстырмалы жасын анықтауға, яғни олардың қайсысы бұрын, қайсысы кейiн; қайсысы жастау, қайсысы көнелеу екенiн айтуға болады. Таужыныстардың жасын осылай анықтау салыстырмалы геохронология деп аталады. Таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтау әдiстерi оларды салыстыра талдап, көне және жас қабаттарды анықтауға негiзделген. Бұл әдiстер геологиялық уақыттың ұзақтығын абсолют уақыт бiрлiгiнде анықтауға мүмкiндiк бермейдi, бiрақ бiрлесе жатқан таужыныстардың салыстырмалы жасын жоғары дәлдiкпен анықтайды. Қазiр бiрнеше әдiс әзiрленiп, сәттi қолданылуда. Олардың негiзгiлерi стратиграфиялық, петрографиялық және палеонтологиялық әдiстер болып табылады. Радиологиялық әдiстердi геологиялық жаралымдардың абсолют жасын анықтау мақсатында қолдану туралы ойды алғаш 1903 жылы Пьер Кюри айтқан.
Таужыныстардың жатыс элементтері деген не, олар нені сипаттайды және қалай анықталады? Қабаттың кеңiстiкте орналасуы жатыс элементтерiмен: созылымымен және еңiстiгiмен сипатталады. Созылымы – қабат жабыны бетiнiң көлбеу жазықтықпен қиылысу сызығы, оның әлем бағыттарындағы орналасуын созылым азимуты анықтайды. Еңiстiгi – қабаттың көлбеу жазықтыққа еңiс орналасуы, ол құлау бағытымен және құлау бұрышымен сипатталады. Еңістік бұрышы – қабат жазықтығы мен көлбеу жазықтық арасындағы бұрыш. Еңістік азимуты мен еңiстiк бұрышы кен компасымен анықталып, градуспен өлшенедi. Еңістік азимуты әрдәйім қабаттың созылымына перпендикуляр болады. Таужыныстардың жатыс элементтерін кен компасымен өлшейді.
Таужыныстардың туынды жатыс пішіндері деген не, олар қалай сипатталады? Қабаттың көлбеу жайғасқан кез келген өзгерулерінің барлығы оның туынды жайғасу пішіндері деп аталады. Қабаттардың өзара орналасуы үйлесімді немесе үйлесімсіз болуы мүмкін. Таужыныстар үйлесімді жатқанда қабаттардың шекаралары іс жүзінде параллель орналасады . Шекараларының осылай орналасуы қабаттар еңіс жатқан кезде де , қатпарланып жатқан кезде де сақталады. Сонымен қатар үйлесімді жатыстың өзіндік ерекшелігіне жастау қабаттардың көнелеу қабаттар үстіне ретімен орналасуы жатады. Таужыныстардың қалыптасуы шөгінділердің біртіндеп төмен батуымен ұдайы түзілуі жағдайларында жүреді.
Тектоникалық қозғалыстарды зерделеудің қандай әдістері бар? Айтылып өткендей, тектоникалық қозғалыстардың бағыты, ұзақтығы мен жылдамдығы туралы ең толық және анық мәліметтерді геологиялық деректерді талдау негізінде, бірінші кезекте литология мәліметтерінен, яғни шөгіндіжиналу жағдайлары арқылы анықталатын таужыныстардың құрамы туралы ғылымнан алуға болады. Сонымен, таужыныстардың литологиялық құрамы шөгінді жиналған ортаның физикалық-географиялық жағдайлары туралы ақпарат береді. Таужыныстардың құрамы бойынша олардың жиналу жағдайлары туралы континенттік немесе теңіздік екенін, шөгіндіжиналу алабының тереңдігі туралы білуге болады. Шөгінді жиналу жағдайларының сипаты туралы маңызды ақпаратты органикалық қалдықтар береді. Олар судың температурасы, климат, т.б. туралы пайымдауға жол ашады. Актуализм принципіне негізделіп, белгілі бір физикалық- географиялық жағдайларда қалыптасатын таужыныс типтерін жеткілікті ақиқаттылықпен бөлуге болады.
Теңіз (мұхит) алаптарының жағалаулары мен қайраңдарында қандай түзілімдер жаралады?Литорал және саязсулық белдемдер ауқымында терригендiк, хемогендiк және органогендiк шөгiндiлер қалыптасады. Осыған байланысты, бұл белдемдер қирау және ысырылу көздерiне тiкелей жақын орналасып, бұл жерлерде терригендiк шөгiндiлер басым кездеседі. Литорал шөгінділері жиналудың сипаты төтенше өзгермелі және жағаның морфологиясымен тығыз байланысты. Жайпақ жағалар маңында карбонат құрамды органогендiк шөгiндiлер мен жағажай түзiлiмдерi қалыптасады. Органогендiк шөгiндiлер тегiс жағалаулардағы литоралда тiршiлiк ететiн фауна мен флора қалдықтары жиналуынан жаралады. Олардың құрамында негiзiнен өсiмдiктер мен бекітiлген жануарлар басты рөл атқарады. Жағажай шөгiндiлерi құрлықтан әкелiнген және толқындар өңдеген материалдан немесе теңiз шығарып тастаған материалдан (мысалы, бақалшақтар сынығы) немесе олардың қоспаларынан тұрады. Олардың құрамында көбiнесе сынықты және құм материал басым. Бұл түзілімдерге жаға сызығына перпендикуляр бағытта да, оның созылымы бойынша да елеулі өзгергіштік тән. Жағажай жолағының бедері де өзінше болады. Шептік белдемге келіп соғылатын толқындар өзі әкелген материалды жағаға лақтырып тастап, бұл жерде жағалық үймек жаралады. Үймектің биіктігі әдетте толқынның орташа биіктігінен біршама асады. Толқындар кері лықсығанда шептік белдемде тұйық жағалаулық су айналысы қалыптасады. Мұнда сынықтардың түзілуі мен домалануы бойынша негізгі жұмыс атқарылады. Толқындардың ең көп лықситын белдемінде жағаға параллель созылатын суасты үймегі жаралады. Сынықтарды, яғни абразия өнімдерін көп дүркін тасымалдауда олар массасы бойынша дифференциацияланып түзілуін қамтамасыз етеді. Ең ірі сынықтар (тасдөңбек, тасмалта) минимал қашықтыққа тасымалданып, жаға үймегін жасайды. Одан ары қарай теңізге өлшемі әртүрлі құм бөлшектері әкетіледі. Одан кейін құмайт, ал ең соңына дейін саз бөлшектер ғана жетеді. Әрине, нақты геологиялық жағдайларда жаға таужыныстарының беріктігі мен абразия процесінің қарқындылығына байланысты сынықтар дисперсиялылығының заңдылық бойынша келтірілген белдемділігі жаға бағытына қарай да, теңізге қарай да жылжуы мүмкін. Бірақ сынықтар дисперсиялылығының заңдылық бойынша артуы жалпы алғанда жағадан алыстаған сайын көбінесе сақталады. Ең майда дисперсиялы шөгінділер қазаншұңқырдың ең терең батқан бөліктерін толтырса, ал жағалау белдемінде, әдетте, ірі түйірлі шөгінділер таралады. Теңіздер мен мұхиттардың қайраң алқаптарына шығанақтар мен қолтықтардың тыныш саяз бөлікшелері де жатады, оларда әр түрлі типті ұйық жиналады. Тропиктердегі жайпақ жағалауларда өзiндiк өсiмдiктер қаулап өскен батпақ ойпаңдар орналасады. Бұл өсiмдiктер солған кезде, кең масштабты органикалық зат жиналу орын алады. Осыдан кейiн олар көмiлiп қалса және бұл бөлiкше төмен бата берсе, шымтезек көмiрге айналуы мүмкiн.
Теңіз (мұхит) алаптарының терең бөліктеріндегі түзілімдердің ерекшеліктерін немен түсіндіруге болады? Пелигиал шөгiндiлері. Батиал және абиссал белдемдері ауқымында шөгiндiлер қалыптасу сипатын анықтайтын айрықша жағдайлар орнайды. Бiрiншiден, жағадан алыс жатқан бұл белдемдерге терригендiк материал өте аз мөлшерде келедi. Материалды негiзiнен майда дисперсиялық жүзгiн бөлшектер түрiнде су ағыстары әкеледi. Екiншiден, жарықтың түспеуі мен температураның төмендiгi бұл белдемдi бентос организмдердiң тiршiлiк етуiне жарамсыз етедi. Үшiншiден, мұнда шөгiндi материалдың лайлана көтерiлуiне және қайта таралуына әкелетiн толқындану болмайды. Осыған қарамай, батиал және абиссал белдем шөгiндiлерi арасында терригендiк майда түйiрлi материал түрлестерi, планктон организмдерi қалдықтарынан тұратын органогендiк, хемогендiк және вулканогендiк материал болады. Терригендiк түзiлiмдерге Әлем мұхиты түбiнiң осы бөлiгiндегі жасыл, көк, қара, және қызыл ұйықтар кiредi. Жасыл ұйық Испания, Оңтүстік Африка мен Солтүстік Америка жағаларында кездеседі. Оның түсі құрамында глауконит минералының болуына байланысты. Жасыл глауконитті ұйық континенттік беткейдің жоғарғы шекарасының маңында орналасады, кейде 1–2 км-ге дейінгі тереңдікке төмендейді. Олар басқа типті ұйықтармен салыстырғанда ірі түйірлілеу келеді және көбінесе майда түйірлі құм түрлестеріне өтеді. Глауконитті шөгінділер белдемінде фосфорит тасберіштері орналасады. Көк және қара ұйықтар пелит өлшемділікті бөлшектерден тұрады. Олар органикалық затқа көп байығандықтан, күкіртсутектің исі шығып тұрады. Шөгінділердің күңгірт түсі құрамында майда дисперсиялық түрдегі пирит пен марказиттің болуына байланысты. Көк және қара ұйықтың жаралуы тотықсызданатын ортада жүреді. Ал олардың негізгі таралу алқабы континенттік беткей мен Әлем мұхиты табанының оған бірігетін бөлігінде орналасады. Қызыл ұйық та пелит өлшемді бөлшектерден тұрады. Олардың түсі құрамында темірдің оксид минералдары (лимонит, гематит) болуына байланысты. Мұндай ұйық қызыл түсті мору қыртысы дамыған континенттерге жалғасып жатқан теңіздерде жаралады. Атап айтқанда, Бразилия жағаларында, Жапон теңізінде, Қара теңіздің оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Сонымен, қызыл ұйықтың таралуы жергілікті сипатқа да ие. Тереңсулық қызыл ұйықпен мұхиттар түбінде құрамында мыс, Жалпы геология 291 никель, кобальт, молибден және басқалар бар темірмарганец конкрецияларының таралуы байланысты.
Теңізсілкіну, цунами деген не және оның салдары қандай? Жерсілкінулердің айрықша түрлесіне суасты жерсілкінулері, яғни теңізсілкінулер жатады. Теңізсілкінулер туындатқан толқындар цунами деп аталаып, бұл айрықша толқындар апатты салдарларға әкеледі. Цунами теңіз түбі блоктарының қозғалысқа келуінен туындаған жылдам опырылулар кезінде пайда болады. Осындай жағдайда теңізсілкінудің эпицентрінде теңіз түбіне соғылып, қайта жоғары бағытталған және су деңгейінің көтерілуіне әкелетін толқын жаралады.
Техногенез немесе антропогенез деген не? Адамның геологиялық ортаға тигізетін ықпалының барлық түрлерінің жиынтығы техногенез немесе антропогенез деп аталады. Бұл ықпалдар адамның инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидротехникалық, кен-техникалық және басқа әрекет түрлеріне байланысты. Техногенездің барлық типтерінің ішінде кен-техникалық жұмыстар ең үлкен мәнге ие болады. Өйткені олар жердің бетін ғана емес, сонымен қатар жер қыртысының терең қойнауларын да қамтиды.
Төрттік дәуірінде қанша және қандай мұзбасулар болған; олар Қазақ даласын қамти ма? Төрттік дәуірі ағымында Батыс Еуропада басты төрт мұзбасу заманы – гюнц, миндаль, рисс және вюрм бөлінген. Олардың ішінде ең үлкен аудандарды қамтығаны – рисс мұзбасуы. ТМД-ның Еуропа бөлігіндегі төрттік түзілімдері қимасын зерттеу, мұнда соңғы үш мұзбасу заманын бөлуге мүмкіндік берді. Олар – валдай, днепр және лихвинск мұзбасулары. Ақырғы мореналарының таралуын зерттеу нәтижесінде әрбір мұзбасудың шекаралары анықталған. Олардың ішінде ең кең дамығаны днепр мұзбасуы екен. Дегенмен мынаны ескеру керек, геологиялық уақыт масштабында мұзбасулар динамикалық процесс болып табылады. Мәселен, Шығыс Еуропада мұзбасудың басты замандарымен қатар құрлық мұздығының басуы мен шегінуінің қысқалау мерзімдік интервалдары да бөлінеді. Жалпы алғанда, геологиялық деректерді пайдаланып, соңғы мұзбасу кезеңінде мұздық жабыны құрлықтың үштен бірін қамтығаны анықталған, яғни бұл қазіргі кездегі мұздықтар басқан жерден үш есе көп. Осы кезеңде Солтүстік Американың 60 %, ал Еуразияның 25 % аумағы қалың мұздық жабынымен жабылған.
