Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Ппппппппп

Палеонтологиялық әдістің сипаты қандай? Палеонтологиялық әдiс көне қазба организмдер қалдықтарын зерттеуге негiзделген. Ол таужыныстардың салыстырмалы жасын анықтаудың ең маңызды және ең көп таралған әдiстерінiң бiрi болып табылады. Ең дұрыс сақталатыны–организмдердiң қатты қаңқа бөлiктерi. Олар жартылай немесе толық минералдық жаралымдарға, көбiнесе кремнеземге немесе кальцитке алмасады. Жануарлар мен өсiмдiктердiң тасқа айналған осындай қалдықтарын таснұсқалар деп атайды. Палеонтологиялық әдiс фауна мен флораның қайталанбайтын комплекстерiнiң уақыт ағымында бiртiндеп эволюциялық ауысу теориясының басты ережелерiне негiзделген. Органикалық тiршiлiк геологиялық тарих барысында бiртiндеп дамыған. Ең қарапайым формаларының қалдықтары әдетте жер қыртысын құрайтын ең көне таужыныстар құрамында кездессе, жоғары дамыған организмдер уақыты бойынша ең жаңа түзiлiмдерде болады. Геологиялық тарихтың әр кезеңiне өзiнiң фауна мен флора формаларының комплексi тән. Сондықтан таужыныстардың әр қабатында оның өзiне ғана тән органикалық қалдықтар кездеседi. Қабаттың жасы кiшiрейген сайын оның құрамында жоғары дамыған жануарлар мен өсiмдiктер қалдығы көп кездеседi. Мұндай қорытындыны алғаш рет ХIХ ғ. басында ағылшын ғалымы В. Смидт жасап, осы ережеге қазiргi геохронология негiзделген.

Пенеплен мен педипленнің айырмашылығы қандай, олар қалай қалыптасады? Өзендердің қарқынды эрозиялық әрекеті басқа экзогендік факторлар әрекетімен, әсіресе морумен бірге жер беті бедерінің айтарлықтай өзгеруіне ықпал жасайды. Бұл өзгерістер, жоғарыда көрсетілгендей, ақырғы нәтижесінде бедердің тегістелуіне және біртіндеп жазыққа айналуына – пенепленге әкеледі. Жонылудың, яғни пенепленнің классикалық мысалы ретінде қарқынды көтерілуге ұшыраған АҚШ аумағының оңтүстік-батыс бөлігін айтуға болады. Мұнда терең тілінген Колорадо өзенінің аңғары баршаға белгілі. Каньонның ұзындығы 300 км-ге, ені 18 км-ге жетеді. Бұл каньонның аспалыға жуық тік қабырғаларының биіктігі көбінесе 2–3 км-ге жетеді, ал оны құрайтын көлбеу қабаттар қия террасалар жүйесін жасайды. Табиғаттың осындай керемет құрылысының бірі Қазақстанда да белгілі. Ол «жартас сарайларының аңғары» аталып кеткен Шарын каньоны.

РРРРРРРРРР

Риф және атолл деген не, олар қалай және қандай жағдайларда жаралады?

Салыстырмалы жасты анықтауда стратиграфиялық әдістің мәнісі неде? Стратиграфиялық әдiс шөгiндi таужыныстардың қабаттасу реттiлiгiн зерттеуге негiзделген. Ол 1669 ж. Н. Стено (Стенсен) тұжырамдаған суперпозиция принципiн пайдаланған, яғни “Бұзылмай жатқан әрбiр төменгi қабат өзiнiң үстiндегi қабаттан көнелеу болады”. Егер геологиялық қималарда оларды қиып өткен магмалық таужыныстар кездессе, мынадай ереже қолданылады: қиюшы дене өзi қиып өткендерден жас болады.

ССССССССССС

Сел қандай жағдайларда жаралады, ол адам өмірінде қандай орын алады? Сел – құрамында өте ұсақ бөлшектер, iрi тастар мен тасжақпарлар болатын уақытша тау тасқындары. Сел тасқындары шұғыл пайда болуымен, масштабтылығымен және өте қуатты қиратушы күшiмен сипатталады. Олар өте қаһарлы тау стихиясы болып табылады. Халық оларды “қара айдаһар” немесе “дүлей тажал” деп босқа айтпаған. Қазақстан селдiң қуаттылығы мен қиратқыштығы бойынша ТМД iшiнде алдыңғы орындардың бiрiнде. Республиканың негiзгi селқауiптi аудандарында Iле, Жоңғар және Талас Алатауы, Қаратау, Күнгей, Кетмен және Қазақстан Алтайы жатады.

Силикаттар класы минералдарының сипаттамасы? Силикаттар класы табиғатта белгілі минерал түрлерінің үштен бірін құрайды. Силикаттар жер қыртысының 75%-тін құрап, оның 12%-і SiO2 үлесіне тиеді. Олар магмалық, экзогендік және метаморфтық жағдайларда жаралады. Силикаттардың көпшілігі таужынысжасаушы минералдар, ал кейбіреулері асыл тастар, руда мен бейруда шикізаттар, құрылыс материалы болып табылады. Рентгенметрлік зерттеулер көрсеткендей, силикаттардың негізгі құрылымдық бірлігіне [SiO4] –4 тобы (кремнийқышқыл тетраэдрі) жатады. Силикаттар – литосфераның 90 % шамасын құрайтын кең таралған таужыныстүзуші минералдар. Олардың химиялық құрамы күрделі. Силикаттар құрылымының негізі – кремний қышқылының тетраэдрі [SiO4]4-. Бұл лабраториялық сабақта зерделенетін минералдар: оливин, пироксен, мүйізалдамыш, ортоклаз, альбит және лабрадор. Мәселен, дала шпаттары қаңқалы силикаттар тобына жатады және жер қыртысының кең таралаған минералдары болып табылады. Олар К, Nа, Са алюмосиликаттарының изоморфты қосылыстары және калийлі-натрийлі сілтілі және кальцийлі-натрийлі болып бөлінеді. Калийлі дала шпаттарынан кең таралғаны ортоклаз. Плагиоклаздар анортиттің (CaAl2Si2O8) және альбиттің (NaAlSi3O8) үздіксіз қатты ерітіндісі. Үлгітастарда жіктілік жазықтығында түсі көкшілдене құбылатын лабрадорда ғана жақсы әрі анық көрінеді.

Синклин қатпары қалай анықталады, оның қандай элементтері бар? Қатпар – пликативтiк дислокациялардың негiзгi формасы. Қатпарлар деп қабаттардың белестенген иiлiмдерiн айтады. Олардың екi түрi болады: антиклин мен синклин. Антиклиндер – дөңес пiшiндi қатпарлар, олардың қанаттары бiр-бiрiне кері бағытта еңiс орналасады, ал орталық бөлiктерiнде шеттерiндегiлермен салыстырғанда көнелеу таужыныстар жатады. Синклиндер – ойыс пiшiндi қабаттар, олардың қабаттары бiр-бiрiне қарсы еңiс орналасады, ал орталық бөлiктерiнде шеттерiндегiлермен салыстарғанда жастау таужыныстар орналасады. Антиклин және синклин қатпарлардың мынадай элементтерi болады: қанаттары, топсасы, құлпы, бұрышы, осьтiк бетi, осi, ядросы. Қатпарлар енiмен, амплитудасымен және ұзындығымен сипатталады. Қанаттары – қатпардың бүйiр бөлiктерi. Топсасы – қатқабаттарды құрайтын кез-келген қабатының максимал иiлген нүктелерi арқылы өтетiн сызық. Бойлық тiк қимада топса көбiнесе көтеріледі және төмен түседi. Түйiсi – қанаттардың түйiскен немесе иiлген бөлікшесi. Кейде антиклин қатпарының түйiсiн – дөңесi, ал синклиннiң – мульдасы деп атайды. Қатпар бұрышы – қатпарлар қанаттарының, оларды ойша жалғастырғанда қиылысқан жерiнде жаралатын бұрыш. Осьтiк бетi – қатпардың барлық қабаттарының шарнирлерi арқылы өтетiн елес бет. Қатпар осi – қатпардың осьтiк бетiнiң көлбеу жазықтықпен қиылысу сызығы. Ядро немесе қатпардың iшкi бөлiгi – антиклин және синиклин қатпарларының құлыптарын құрайтын таужыныстардың қатқабаты. Ені – қатпар қанаттарының арасындағы қашықтық. Бірнеше параллель қатпарлар болған кезде, қатпардың ені екі көрші антиклиннің немесе синклиннің остік беттері арасындағы қашықтықпен анықталады. Қатпардың амплитудасы – антиклин иілімінен онымен тоғысатын синклин иіліміне дейінгі тік бағыттағы қашықтық. Ұзындығы – пландағы бір периклин тұйықталуынан келесісіне дейінгі қашықтық. антиклин қатпарының пландағы түйiсiн периклин, ал синклиннiң – центриклин деп атайды.

Стратиграфиялық бағана деген не? Стратиграфиялық бағана белгілі бір масштабта таужыныстар қабатталуының реттілігін, олардың араларындағы жапсардың сипаты мен заттық құрамын көрсетеді. Бағананың стандарт формасы оның орталығында геологиялық бағананы, сол жағындағы графаларда бірегей шкала бойынша стратиграфиялық бөліктемелердің жүйеден жікқабатқа дейінгі жіктемесі мен индекстерін көрсетуді көздейді. Бағананың оң жағындағы жеке графада қатқабаттардың қалыңдығы, ал келесі кең графада – таужыныстардың сипаттамасы беріледі.

Сульфидтер класы класы минералдарының сипаттамасы? Сульфидтер – негізінен гидротермалық ерітінділерден жаралады. Олар руда жасаушылар санатына жатады. Бұл класс минералдары: пирит, халькопирит, борнит, галенит, сфалерит сияқты күкіртті қосылыстар. Құрамында мыс кездесетін сульфидтер ауада тотығады және кемпірқосақ тәрізді құлпырым қабықпен жабылады, мысалы, борнит. Сульфидтер мен оларға ұқсас қосылыстар класы. Бұл класқа өнеркәсіптік тұрғыдан маңызды мәнге ие минералдардың біршама саны жатады. Олар металл пайдалы қазба кенорындарының құрамында елеулі рөл атқарады. Рентгенметрлік зерттеулердің деректері бойынша сульфидтер мен оларға ұқсас қосылыстар иондық қосылыстарға жатқызылуы мүмкін. Бірақ олар нағыз иондық оттекті қосылыстардан айрықшаланады. Сульфид шоғырларының басым массасы гидротермалық жаралымды руда кенорындарында байқалады. Ауыр металдар магма ошағынан ұшпа немесе жеңіл жылыстайтын түрде бөлініп шығып, төменгі қысым мен температура жағдайларында негізінен сульфидтер түрінде тұнады.

Сынықты шөгінді таужыныстар қандай кластарға жіктеледі, олардың құрылымдық және бітімдік ерекшеліктері қандай? Сынықты таужыныстардың жіктелімі оларды құрайтын сынықтардың өлшеміне, пішініне және қопсық немесе цементтелген күйіне негізделеді.

Сырғыманың жаралуы мен салдары қандай? Таужыныстардың қия беткейлердегі жылжуы сипаты бойынша да, масштабы бойынша да әр түрлі болады. Атап айтқанда, ұсақ жылжулар немесе көшкіндер, ірі жылжулар немесе сырғымалар және таужыныстардың ірі массивтерінің кенет құлап түсуі немесе опырылымдар бөлінеді, олар әдетте таулы аудандарға тән. Ең үлкен мәнге табиғатта кең таралған сырғымалар ие болады. Сырғыма – таужыныс массивтерінің ауырлық күші ықпалынан табиғи жылжуы, ол жерасты суы әрекетінен және қимада пластикалық саз горизонттар болған кезде жүреді. Бұзылмаған күйде мұндай саздардың кәдімгілерден айырмасы шамалы. Бірақ олар механикалық әрекет ету мен ылғалданған кезде жоғары пластикалылыққа ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]