Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геология 200 сурак.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.03 Кб
Скачать

Ааааааааааа

Ағын су қандай геологиялық жұмыс атқарады? Нөсер кезiнде жер бетiн тасқын түрiнде тұтас жабатын жаңбыр сорғаламаларының массасы минимал болады. Олар бiрiгiп, кинетикалық энергиясы едәуiр шамаға жететiн жылғалар мен уақытша ағындар жасайды. Жаңбыр сорғаламаларының қиратушы әрекетi, яғни эрозиясы кейбiр минералдардың еруiне, мору ықпалынан берiктiгi нашарлаған сынықтардың шайылуы мен жуылуына әкеледi, ол аудандық шайылу деп аталады. Аудандық шайылу кезiнде уақытша су ағындары шайылған. Судың жазықтық шаю кезiндегi аккумуляциялық әрекетi беткейлердiң төменгi жағы мен етегiнде сынықты материал жиынтығын, яғни делювийді қалыптастырады. өнiмдердi бiршама жақын жерлерге дейiн ғана тасымалдайды.

Ағын судың қиратушы жұмысының мәнісі неде және ол қалай аталады? Нөсер кезiнде жер бетiн тасқын түрiнде тұтас жабатын жаңбыр сорғаламаларының массасы минимал болады. Олар бiрiгiп, кинетикалық энергиясы едәуiр шамаға жететiн жылғалар мен уақытша ағындар жасайды. Жаңбыр сорғаламаларының қиратушы әрекетi, яғни эрозиясы кейбiр минералдардың еруiне, мору ықпалынан берiктiгi нашарлаған сынықтардың шайылуы мен жуылуына әкеледi, ол аудандық шайылу деп аталады. Аудандық шайылудың жылдамдығы жер бетi еңiстiгiмен анықталатын ағыс жылдамдығына байланысты. Бұл байланыс жер бетi ағын суының әрекетiнен қирайтын кертпештiң мысалында ерекше көрнекi байқалады. Еңiстiгi шамалы жерлерде ағын судың эрозиялық әрекетi минимал. Қарқынды аудандық шайылу кертпештiң шекарасында басталады, бұл жерде су сорғаламаларының жылдамдығы күрт артады. Мұнда су энергиясы жырмалар, шұқанақтар жаралуға кетедi, олар бiртiндеп жыралар жүйесiне ауысады. Кертпештiң құлдилығы коллювий, көшкiн мен опырылымдар жаралуын жылдамдатады. Эрозия өнiмдерi кертпештiң етегiне жылжып, сынықты беткей – делювий жасайды. Судың эрозиялық әрекетi аудандық шайылуда уақытша сипатқа ие, ол жаңбыр мен қар немесе тау мұздықтары ерiген кезде ғана бiлiнедi.

Аккумуляция деген не, оның геологиялық мәні қандай? Шөгiндi жиналу процесi аккумуляция деп аталады. Бұл геологиялық процестiң нәтижесiнде таужыныстардың қопсық мору өнiмдерi бедердiң төмен жатқан бөлiктерiнде – өзен аңғарларында, көлдерде, батпақтарда, теңiздер мен мұхиттарда жиналады. Сынықты материалдың жиналуы және ерiген заттардың шөгуi седиментация деп аталады. Аккумуляция процесi сушаралар түбiнде сулы ортада да, құрлықта ауалы ортада да жүруi мүмкiн.

Актуализм әдісінің мәнісі. Геологияның дамуына актуализм деген атпен белгiлi эволюциялық әдiстi енгiзу үлкен үлес қосты. Актуализм әдісі XVI–XVII ғғ. әлемнiң жаралуы туралы дiни ұғымдарға қарсы күресте кездейсоқ туындады, бiрақ оны iрi ағылшын геологы Ч. Лайель XIX ғасырдың 30- жылдары ғана ресiмдедi. Актуализм әдiсiнiң мәнiсi геологиялық процестердi түсiну үшiн қазiргi мен өткеннiң байланысын анықтауда. Ч. Лайель “қазiргi кез – өткендi танымдаудың кiлтi” – деп жазған, яғни қазiргi геологиялық процестердi мұқият зерттеп, олардың нәтижесiн бұрынғы геологиялық процестер нәтижесiмен салыстыру ғана өткеннiң мәнiсiн толық түсiнуге тура жол ашады. Актуализм принципi қазiргi геологияның дамуына өте үлкен оң ықпал жасады.

Аллювий деген не, оның құрамы мен жатыс жағдайлары қандай? Өзен аңғарларында жиналатын түзiлiмдер өзiндiк құрылысымен сипатталады, ол теңiз және эолдық шөгiндiлерден өзгеше болады. Өзен түзiлiмдерi аллювийлiк немесе аллювий деп аталады. Олардың құрылысының ерекшелiктерi жаралу жағдайларына байланысты.

Аллювий құрамында қандай пайдалы қазбалар болады және олар қалай жаралады? Аллювийлiк түзiлiмдерде түбiрлiк таужыныстардың немесе түбiрлiк кенорындардың қирауы нәтижесiнде жаралған шашылымдық кенорындар кездеседi. Эрозия процесiнде бастапқы жатысында құрамында рудалы және бейрудалы пайдалы қазба бар таужыныстар жиi шайылады. Қирау өнiмдерiнiң бiр бөлiгi өзен сулары ағызып әкетуiнен сейiлiп Ә. Б. Байбатша 198 кетсе, ал ендi бiр бөлiгi қолайлы жағдайларда аллювийлiк терраса түзiлiмдерiнде шөгiп қалады. Аллювийде көбiнесе тығыздығы жоғары минералдар тежеледi. Кейде аллювийлiк түзiлiмдер құрамында құнды минералдар шоғырлануынан концентрациясы бiршама жоғары, өндiруге экономикалық тиiмдi кенорындар жаралады. Осындай жолмен алтын, платина, алмас, вольфрам, шеелит, күмiс, магнетит, гематит, хромит, анартас, циркон, т.б. шашылымдық кенорындар жаралады.

Антиклин қатпары қалай анықталады, оның қандай элементтері бар? Антиклин - шөгінді, эффузивті немесе өзгерген жыныстар бірлестігіне тəн қат-қабаттардың жатыс пішіні. Жымдасқан қабаттар жиынтығының бірлесе иілуі нəтижесінде антиклинальды иілімдер дөңес пішіндер түзеді. Иілімнің, өзегін, яғни оның ішкі өңірін құрайтын қабаттар сыртқы өңірдегі, яки иілім қанаттарындағы жыныстардан көнелеу болуы шарт. Нақтылы иілімнің иілу нүктесі иілім құлпы деп аталады, ал осы иілім жүйесінің құлыптары орналасқан нүктелерді жазық бағытта ойша қосқан жағдайда пайда болатын шартты сызық иілім айдары деген атауға ие. Атолл – планда сақина пiшiндi болып келетiн риф.

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әлем мұхиты суының қозғалысы (ағысы) неге байланысты және оның мәні қандай? Теңiздер мен мұхиттар суына жел, Ай мен Күннiң тартылысы ықпал етедi. Осы факторлармен қатар температура және тұздылық теңiз суының қозғалысын – ағысты, толқынды, шалқу мен қайтуды туындатады. Осының нәтижесiнде ерiтiндi, жүзгiн және iрi сынықтар түрiндегi биогендiк пен минералдық заттардың зор массалары қозғалысқа келедi. Осы теңіз суы қозғалысының әр түрінің себептері мен сипатын қарастырайық. Ағыс – судың зор массаларының қозғалуы. Ағыстарды түрлі факторлар туындатады. Олардың ішінде ең бастыларына теңіз суының температурасы мен тұздылығының және тұрақты әрі мезгіл-мезгіл тұратын күшінің әртүрлі болуы жатады. Ағыстың бірнеше түрі болады – тұрақты және мерзімдік, беткі және тереңдік, салқын және жылы ағыстар, т.б. Бұл ағыстардың табиғаты әр түрлі. Мысалы, тұрақты соғатын беткі жел теңіз суының әркелкі қызуы салдарынан пайда болады. Экваторлық алқаптарда Әлем мұхитының суы полюстерге қарай жылынып, ағады да тұрақты беткі ағыстарды жасайды. Бұл ағыстар полюстерге қарай қозғалған кезде, солтүстік жарты шарда солтүстік-шығысқа, ал оңтүстік шарты шарда оңтүстік- шығысқа ауытқиды. Бұл ауытқулар Жердің өзінің осі бойынша айналуына байланысты туындайды. Түп маңы (тереңдік) ағыстар полюс алқаптарында, яғни мұхит суы салқындап, тереңге батуына байланысты пайда болады. Салқындаған су тереңдеп батады да экваторға қарай қозғалып, түп маңы ағыстарын жасайды. Бұл ағыстар да Жердің айналуы салдарынан солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды. Теңіздер мен мұхиттар суының мұндай қозғалыстары ұдайы орын алып, тұйық айналыс жасайды. Мерзімдік ағыстарға күші мен бағыты әртүрлі жел ықпал етеді. Айта кету керек, теңіздер мен мұхиттарда пайда болатын мерзімдік ағыстардың бағыты көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде ең бастыларына желдің бағыты мен күші, жаға сызығының пішіні, теңіз түбінің сипаты мен еңістігі, т.б. жатады. Әлем мұхитының негізгі ағыстар бағыты Шалқулар мен қайтулар – Ай мен Күн тартылысы туындататын теңiздер мен мұхиттардағы су деңгейiнiң мезгiл- мезгiл көтерiлуi мен төмен түсуi. Тәулiгiне екi рет, шамамен 12 сағ. 26 мин. сайын теңiздер мен мұхиттардағы су деңгейi көтерiледi – бұл шалқу, және тәулiгiне екi рет төмен түседi – бұл қайту.

Әлем мұхитының органикалық тіршілігі қандай? Теңiздiң геологиялық әрекетiне суда тiршiлiк ететiн көптеген жануарлар мен өсiмдiк организмдерi қатысады. Организмдер өлген соң олардың қаңқа қалдықтары бiртiндеп органогендiк таужыныстарға айналады. Теңiздерде тiршiлiк ететiн өсiмдiк пен жануар организмдерiнiң құрамы мен құрылысы олар өмiр сүрген ортаға, яғни мына факторларға – теңiздiң тереңдiгiне, температураға, қысымға, жарық өтетiн тереңдiкке, теңiз суының динамикасына, т.б. байланысты. Осы факторлардың біреуі ғана өте аз өзгеріске түскеннің өзінде, бұл теңіз алабының бөлікшесін мекендейтін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай қырылуына жиі әкеліп соғады. Теңіздің белгілі бір алқаптарында бұл ортаға бейімделген жануарлар мен өсімдіктер жиынтығы ғана тіршілік етуі осы фактімен түсіндіріледі. Теңiз алаптарындағы барлық органикалық әлем негiзiнен үш топқа бөлiнедi, олар: бентос, планктон және нектон. Бентос тобына теңiздер мен мұхиттар түбiнде тiршiлiк ететiн жануарлар мен өсiмдiктердiң үлкен тобы кiредi. Олардың бiр бөлiгi су түбiнде өссе, екiншiсi – су түбінде шағын қашықтықтарға жылжи алады. Бiрiншi жағдайдағы бентосты бекiтiлген десе, екiншiлерiн – қозғалатын деп атайды. Бекiтiлген бентосқа теңiз лалагүлi, маржан, губка, мшанкiлер, т.б., ал қозғалатындарға – гастропод, теңiз кiрпiлерi, теңiз жұлдыздары, т.б. жатады. Теңіз түбінің үлкен тереңдіктерінде мекендейтін бентостың саяз сулы жағалау бөліктеріндегі бентостан айырмашылығы, тереңдегілер абиссалдық бентос деп аталады. Мұхиттың профилі және оның тұрғындары Планктон тобына енжар жүзетiн, яғни толқындар мен теңiз ағыстары тасымалдайтын организмдердiң барлығы кiредi. Планктондық түрлерге ұсақ бір клеткалы жәндіктер, сондай-ақ кейбір өсімдіктер жатады. Фораминиферлер мен радиолярийлер негізінен тропиктер мен ортаңғы ендіктердегі мұхит суында тіршілік етсе, ал диатомейлер – полюс маңындағы салқын теңіздерде болады. Планктон тiршiлiк ететiн орта – барлық теңiз суының қатқабаты. Әлем мұхитында тiршiлiк ететiн органикалық массаның негiзгi бөлiгiн планктон құрайды. Нектон тобын белсендi жүзетiн жануарлар құрайды. Бұл топқа түрлi балықтар мен көптеген теңiз омыртқасыздарының өкiлдерi кiредi. Аталған теңiз организмдері топтарының iшiнде негiзгi геологиялық мәнге бентос пен планктон ие. Массалық таралуына байланысты бұл топтардың көптеген өкiлдерi шөгiндiжиналу процестерiнде жетекшi рөл атқарып, таужыныс жасаушы организмдерге жатады.

Әріп және цифр белгілер таужыныстардың жасы мен жаралуын көрсету үшін пайдаланылады. Грек әліппесінің әріптерімен интрузиялық, кейбір вулканогендік таужыныстардың құрамы белгіленеді (мысалы, қышқылды – γ, орташа – δ, сілтілі – ξ, негізді – ν, ультранегізді – σ). Индекс шөгінді, вулканогендік және метаморфогендік таужыныстарды белгілеу үшін латын әліппесінің бас және кіші әріптері мен цифрлардан құралады. Алдымен жүйені белгілейтін латынның бас әрпі қойылып, оның төменгі оң жағына араб цифрымен бөлім көрсетіледі. Ары қарай кіші латын әріптерімен жікқабат белгіленеді, ал содан кейін төменгі оң жағында цифрмен жікқабатша көрсетіледі. Қажеттілігіне қарай әріптік белгілер комплекстерді, серияларды, свиталарды белгілеу үшін, сондай-ақ кейбір шөгінді, вулканогендік және басқа жаралымдардың генезисін көрсету үшін пайдаланылады. Тысмасштабты белгілермен картада белгілік горизонттар, силлдер, дайкалар, желілер, геологиялық шекаралар, айырылымдық бұзылыстар, таужыныстың жатыс жағдайлары, қатпарлар топсасының бағдарлануы, ең басты палеонтологиялық табылымдар, геологиялық-барлау үңгімелері көрсетіледі. Шартты белгілер төртбұрыштың ішінде көрсетіліп, оның оң жағында сөзбен берілген хатталуы орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]